Р. М. Таштемханова Мұстафа Шоқайдың тарихи бейнесі



бет9/28
Дата12.07.2016
өлшемі2.81 Mb.
#194577
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28

Бақылау сұрақтары
Құрылтай жиналысы: үміт пен елес

1 Түркістан Мұхтариатының құлағанынан кейін М. Шоқайдың тағдыры не болды?

2 Эсерлер, большевиктер секілді дүниежүзілік социалистік революция туралы қияли платформада тұрғанын, түптің-түбінде ұлттардың жойылуы теориясын ұстанғанына қарамастан, М. Шоқайға олардың қандай қарарлары тартымды көрінді?

3 Уфа мемлекеттік кеңесінде М. Шоқай қандай ұсыныстар енгізеді, қандай мәлімдемелер жасайды?

4 Уфа мемлекеттік съезінде М. Шоқай мен Ә. Бөкейханов арасында қандай мәселелер бойынша ортақ пікірде болады?

5 1921 жылдың 8 – 21 қаңтарында Париж қаласында өткен «Құрылтай жиналысы мүшелері кеңесінің» елу бір беттік хаттамасы көшірмесіндегі Ф. Тоқтаровтың пікірлері М. Шоқайға неліктен ұнады?


Ұлттық қозғалысқа басшылығы

6 М. Шоқай басмашылар қозғалысының ұлт-азаттық сипатында болғанына қалайша көз жеткізеді?

7 М. Шоқай неліктен Нури Пашаның Түркістанда жүргізілуге тиіс соғыс қимылдары жоспарынан бас тартты?

8 М. Шоқай өзінің Түркменияға сапары нәтижесінде ондағы большевиктерге қарсы күрес жүргізу мүмкіндігі бойынша қандай шешімге келеді?

9 Колчак үкіметі Бас штабының өкілі полковник Караулов Алашорда үкіметін қалайша сипаттайды?

10 Түркістан аумағындағы тәуелсіз мемлекет орнатылу үміті үзілгеннен кейін, көптеген басшылар Шығыс елдеріне қашады. М. Шоқай неге ондай әрекеттерге барған жоқ?

11 М. Шоқай Грузиядағы болған кезінде қандай іс-әрекеттер атқарды?
Мұғажырлық өмірдің басталуы

12 Мұстафаның Түркістанға оралуына оның достары мен таныстары неліктен қарсылық білдіреді?

13 1918-1920 жылдардағы Батыс Еуропа елдерінің Түркістан мен Кавказдағы дипломатиялық және әскери әрекеттері қандай болды?

14 М. Шоқай Францияда тұрып жатқан кезде кандай адамдармен жақын қарым-қатынаста болды?


4 Ұлттық қозғалыстың ұйымдық негіздерін қалау
Алғысөз
Тарауда М. Шоқайдың Париждегі мұғажырлық өмірі сипатталады. Оның қиындықтарға тап болғанымен, елінің жағдайын Түркістандағы астыртын ұйымдары мен жора-жолдастарының көмегімен біліп отырған барысы көрсетіледі. Тарау 3 бөлімнен тұрады:

1) Елмен байланыс орнату;

2) «Түркістан Ұлттық Бірлігі» ұйымының құрылуы;

3) Баспасөз органдары.

Тараудың бірінші бөлімін меңгеру үшін мынандай мәселелерге аса көңіл бөлу керек: ОГПУ-дың М. Шоқайға қандай да қатысы бар адамдарды тергеуге, қуғынға салғанына қарамастан, қандай да бір бөгет жасаса да, Шоқайдың құламай, алға қарай жылжуын ерекше атап ету керек. Елмен байланыстарының жолға қойылуы М. Шоқай жұмыстарының басты бағыттарының бірін құрағаны және тәуелсіздік үшін саяси күрес тұжырымдамасының негізін қалағаны сөзсіз.

Екінші бөлімде М. Шоқайдың Кеңес Одағы құрамындағы түрік халықтарының азаттық күресіне ұйымдастырушылық негізін қалауы, Ұлыбритания, Франция, Польша, Швейцария, Голландия т.б.мемлекеттердің өкілдерімен кездесулері, Ұлттар Лигасы және басқа да халықаралық ұйымдарға өз ұстанымдарын жеткізуі, большевиктер саясатының теориясы мен практикасының жеке ұлттар бостандығы үшін ғана емес, жалпыадамзаттық құндылықтарға қауіпті екендігіне әлем жұртшылығын иландыру секілді сан алуан бағыттары, «Түркістан Ұлттық Бірлігі» ұйымының қызметі жөнінде жазылады.

Үшінші бөлімде «Түркістан Ұлттық Бірлігі» ұйымының баспасөз органдары «Йени Түркістан» мен «Яш Түркістан» атты журналдары қызметі жайлы айтылады. Мұстафа Шоқайдың осы журналдар арқылы әлем жұртшылығы алдында орыс емес халықтарды большевиктер «бостандық» пен «теңдікке» жеткізді дейтін саясатты әшкерелеуді мақсат еткені байқалады. «Яш Түркістан» журналының алдына қойған басты мақсаты «түрлі елдерде шашылған Түркістан эмиграциясын Түркістанның ұлттық азаттығы идеясы төңірегінде топтастыру, мүмкін болса, қозғалысқа идеялық тұрғыдан басшылық жасау» екендігін ескерсек, бұл журналдың М. Шоқайдың бағыт беруімен қаншалықты ауыр да күрделі жұмысты атқарғанын аңғаруға болады.

Жалпы осы тарауда берілген деректер М. Шоқайдың көптеген батыс және шығыс елдерінде барлық түркістандық эмигранттардың рухани көсемі ретінде танылғанын айқындай түседі.


4.1 Ел­мен­ бай­ла­ныс­ орнату

Па­риж­дегі мұға­жыр­лық өмірі­нің­ ал­ғаш­қы күн­дері­нен­
М. Шо­қай­дың­ ал­дын­да тұр­ған күр­делі жұ­мыс­тың бірі Түр­кі­с­тандағы ас­тыр­тын ұйым­дар­мен және жора-жол­дастары­мен­ бай­ла­ныс­ орнату еді. Түр­кі­стандағы “Шуро-и-Исламия”, “Шуро-и-Улема” және тағы бас­қа ұлт­тық­ ұйым­дар­дың боль­ше­вик­тер тарапы­нан­ қу­ғын­дауға ұшы­рап­ тара­тыл­ғаны­мен­, Ке­ңес­ өкіметіне қар­сы қоз­ға­лыс­ бір­ден тұн­шықты­рыл­майды, жер­гі­лік­ті ха­лық­тың ке­ңес­ баспасө­зін­де “бас­машы­лық­” деп­ а­тал­ған а­шық­ көтерілісіне о­рай­ла­сып­ астыртын ұйым­дар­ да құрылады. О­лар­, бір­ жағы­нан,­ ха­лық­ қоз­ғалысына ұйымдас­тырушы­лық­ си­пат­ беруді, е­кін­ші­ден­, ке­ңес­ аппа­рат­тарына ену арқылы ұлт­тық­ мүд­де­лер­ді қор­ғауды мақ­сат тұтады. О­сын­дай ұйым­дар­дың бірі – М. Шо­қай­мен­ бір­ге Түр­кі­стан автономиясы­ның­ іргета­сын­ қа­лас­қан Мүнәуар қари Абдура­шид­ха­нов­тың бас­шылығы­мен­ 1919 жылы құ­рыл­ған “Итти­хад­ ва та­рак­ки” пар­тиясы еді. О­ның­ бас­шы органы­ның­ құрамына У. Қожаев, А­бид­жан Мах­муд­ енеді. 20-жыл­дар­дың­ бас­ кезі­нен­ бұ­лар­дың екеуі де М. Шо­қай­мен­ байла­ныс­тағы а­дам­дар ре­тін­де ке­ңес­ қауіп­сіз­дік ор­ган­дары­ның­ бақылауына алынады.

Әдебиетте “Итти­хад­ ва та­рак­ки” ұйымы­ның­ 1916 жылы Фер­ғанада құрыл­ғаны жө­нін­де де мағ­лұ­мат­тар ұшырасады. Сол­ кез­де “та­рак­ки­пар­ва­лар­” о­ның­ сол­ қана­тын­ құра­ған­ға ұқ­сай­ды.

1920 жылы ұйым­ның­ аты “Мил­ли итти­хад­” (“Ұлт­тық­ би­лік­”) бо­лып­ өзгер­тіледі де, ол өз жұмы­сын­ Түр­кі­стан­мен­ шек­те­мей­, Ә­зір­бай­жан­ мен­ Грузиядағы ұлт­тық­ ұйым­дар­мен бай­ла­ныс­ орнатады.

М. Шо­қай­мен­ бай­ла­ныс­тың бір­ бағыты Ис­кан­дер Көп­жаса­ров­ арқылы жүзеге асырылады. ОГПУ-дың­ Шы­ғыс­ бөлімі­нің­ тың­шысы “ала­шор­дашы” Искан­дер Көп­жаса­ров­тың (де­рек­те “Кун­десе­ров­” деп­ қате көр­сетіледі) “жа­қын­ арада Грузия­дан­ о­рал­ға­нын­, Мұс­тафа Шоқаев­тың­ ше­тел­дік бас­па­сөз­де Алашор­да үкіметі­нің­ қыз­меті жай­лы материал жариялаға­нын­” ха­бар­лайды. Бұ­л – Мұс­тафа­ның­ Грузияда жүр­ген кезі бол­са ке­рек­.

ОГПУ-ға түс­кен келесі ас­тыр­тын мағ­лұ­мат­та М. Шо­қай­дың­ Түр­кі­стан Әлеу­мет­тік қам­сыз­дан­дыру ха­лық­ ко­мис­сариаты­ның­ қызметкері И. Көпжасаров­пен, Фер­ғанада тұра­тын­ Абид­жан­ Мах­му­дов­пен ха­бар­ла­сып­ тұра­тын­дығы айт­ылады.

ГПУ тың­шысы­ның­ И. Көп­жаса­ров­ты “ала­шор­дашы” деуіне қара­ған­да, М. Шо­қай­дың­ кө­мек­шісі Түр­кі­стан Мұх­тарияты құла­ған­нан кейін негізі­нен­ Таш­кент­те қа­зақ­ зиялылары­мен­ арала­сып­ тұрады. Бұ­л жағ­дайды ГПУ қызметкер­лері­нің­ 1922 жыл­дың 23 қыр­күйе­гін­де РК (б)П Қа­зақ­ об­лыс­тық бақылау ко­мис­сиясына “аса құпия” де­ген­ г­риф­пен “О г­руп­по­вой­ и персональной ха­рак­те­рис­тике, сущ­ности и дея­тель­нос­ти А­лаш­-Орды и национа­лис­тов кир­гиз, а так­же и вообще кир­ра­бот­ни­ков­” де­ген­ баяндамасы­нан­ да бай­қауға болады. Онда Таш­кент­те жұ­мыс­ іс­тейт­ін­ Х. Дос­мұхаме­дов­, Ж. Досмұхаме­дов­, Ғ. Бі­рім­жа­нов­ се­кіл­ді “ала­шор­дашы” қай­рат­кер­лер­мен бір­ге И. Көп­жаса­ров­ та аталады [1].

1922 жыл­дың 22 науры­зын­да В. А. Чай­кин­ Па­риж­дегі М. Шо­қай­ға жолдаған­ ха­тын­да Ис­кан­дер Таш­кент­те Ж. Дос­мұхаме­дов­, Ә. Оразаев т. б. түркі­стан­дық жол­дастары­мен­ бір­ге жұ­мыс­ іс­теп­ жат­қа­нын­ жет­кізеді.

М. Шо­қай­дың­ ше­тел­ге қо­ныс­ аударуы “Мил­ли итти­хад­” ұйымы­ның­ басшылары Мүнәуар Қари, У­бай­дол­ла Қожаев­пен­ уағда­лас­тық нәтиже­сін­де әбден­ ой­лас­ты­рыл­ған шараға ұқ­сай­ды. Мұс­тафа­мен­ бай­ла­ныс­ енді В. А. Чайкин­ арқылы жүр­гізіледі. Өз тара­пынан ол елдегі жағ­дай туралы М. Шо­қай­ға то­лық­ мағ­лұ­мат­ бе­ріп­ тұрады. 1922 жыл­дың 22 нау­рыздағы хатында Ва­дим­ Афа­нась­е­вич­ бас­машы­лар­ қоз­ғалысына қар­сы Ке­ңес­ өкіметі­нің­ іс-шараларына тоқ­та­лып­, үкі­мет­ әс­кер­лері­нің­ елу алты қыш­лақты қи­рат­қа­нын­, кез­ кел­ген уа­қыт­та бей­біт­ ха­лық­қа оқ жаудыраты­нын­, қоз­ға­лыс­ же­тек­шілеріне қар­сы жал­дамалы кісі өлтіруші­лер­дің көмегіне сүйе­ніп­ о­тыр­ға­нын­, сот­ шешімін­сіз а­дам­дарды ата салаты­нын­ үл­кен­ өкі­ніш­пен ха­бар­лайды.

Жал­пы ал­ған­да мұн­дай сая­сат­тың ха­лық­ты зор­ қасі­рет­ке ұшы­рат­қаны, Орта Азия мен­ Қазақ­стан­дағы әлеу­мет­тік а­пат­ жө­нін­де, Қазақ­стан­ның кей­бір­ жер­ле­рін­де а­шар­шы­лық­тан “ха­лық­тың сек­сен пай­ызы­ның­ қыры­лып­ жат­қа­нын­” жазады. В. Чай­кин­ дағ­да­ры­стан шығу­дың­ бір­ден-бір­ жолы “сая­сат­ты түбірі­мен­ өз­гер­туде” де­ген­ тұжы­рым­ жа­сай­ды.

В. А. Чай­кин­нің ха­тын­да баян­дал­ған қа­зақ­тар­дың­ жап­пай қыр­ғынға ұшырауы жө­нін­дегі ха­бар­ Мұс­тафа ү­шін­ жаңа­лық­ е­мес­ еді. Де­ген­мен өзіне қайсыбір­ жол­дар­мен­ жет­кен “П­рав­да” газеті­нен­ 1922 жыл­дың 20 мамы­рын­да жария­лан­ған Г. Сафа­ров­тың мақала­сын­ қиып а­лып­, өз мұраға­тын­да сақ­тап қояды. Кейін ол: “1917, 1918, 1919 жыл­дары жер­ле­рін­ тар­тып алу ү­шін­ о­рыс­ қоны­станушылары қыр­ғыз­дар­ды (қа­зақ­тарды. – К. Е.) тірі­дей­ өртеді” де­ген­ автор­ сөз­деріне та­лай­ рет­ сіл­теме жа­сай­ды.

В. А. Чай­кин­ боль­ше­вик­тер­дің­ шы­ғыс­ ха­лық­та­рын­ мәде­ни, шаруашы­лық­ тұр­ғы­дан­ бөл­шектеуге ба­ғыт­тал­ған­ сая­сат­ты ұста­нып­ о­тыр­ға­нын­, мұ­ның­ да Мұс­тафа­ның­ көз­қа­рас­тарына қай­шы е­кен­ді­гін­ айт­ып­, “көп­ жазу ың­ғай­сыз­ да, ха­тың­мен қоса ө­зің­ді әуре-сар­саңға са­лып­ қоюы да мүм­кін” [2] де­ген­ қау­пін­ біл­діреді.

В. А. Чай­кин­нің жа­зып­ о­тыр­ғаны таза шын­дық еді. Аза­мат­ соғысы­нан­ тотали­тар­лық билеу жүйесіне ба­ғыт­ а­лып­ шық­қан Ке­ңес­ өкіметі өзіне қарсылас­тар­дың­ кө­зін­ жою шарала­рын­ әрі қа­рай­ жал­ғастырады. Бір­те-бір­те ол адами құн­ды­лық­тарды, заң­ды­лық­ты пролетариат революциясы мүд­делері тұрғысы­нан­ ғана түсіне­тін­ мем­ле­кет­ке айналады. 1923 жыл­дың ақ­пан­ айында В. Ле­нин­ құпия ө­кім­ге қол­ қой­ып, тез­ арада ату жазасына кесіле­тін­дер­дің­ тізімі жасалады. Осы құ­жат­тың ал­тын­шы тармағында: “бар­лық реңк­тегі ұлт­шыл­дар” деп­ көр­сетіледі. “Ке­ңес­ өкіметі­нің­ ас­тыр­тын жауларына” кеші­рім­ жа­сал­ған­дар­, бұ­рын­ғы мек­теп­тің­ тү­лек­тері мен­ ға­лым­дары, “әсіресе, әлі күн­ге дейін саяси бағыт­-бағ­дары а­нық­талма­ған­дар” жат­қызылады [3].

“Пролетариат көсемі­нің­” бұ­л өсиеті М. Шо­қай­ мен­ В. Чай­кин­ге де тіке­лей­ қа­тыс­ты бола­тын­.

О­сын­дай қа­тер­лі жағ­дайға қара­ма­стан түр­кі­стан­дық қай­рат­кер­лер­дің Париж­бен бай­ланысы ү­зіл­мейді.

Се­нім­ді жол­дастары­ның­ бірі Ә. Оразаев М. Шо­қай­мен­ Грузия­да жүр­ген кезі­нен­ бері ха­бар­ла­сып­ тұрады. В. Чай­кин­нің “о­сын­да (Мәс­кеуге. – К. Е.) Орын­бор­дан­ Оразаев ке­ліп­ кет­ті. Бі­раз­ әңгімеле­сіп­, өт­кен­ді еске ал­дық­. Сіз­бен­ кө­ріс­ке­ннен­ кейін не бол­ға­нын­ ұ­зақ­ әңгімеледі. Ол Сіз­ге және Саидке көп­ сәлем­ жол­дайды” [4] деп­ жазуы осы ке­зең­ді мең­зейді.

Бұ­лар­дың бай­ла­ныс­тары Мұс­тафа Па­риж­ге ба­рып­ ор­нық­қан­нан­ кейін де жал­ғасады. 1923 жыл­дың 4 науры­зын­да Нұр­таза Шо­қай­ Ә. Оразаевқа “қып­шақ баласына” (яғ­ни ағасы Мұс­тафаға. – К. Е.) жібе­рер­сіз деп­ хат­ жол­дайды. Әбдірах­ман хат­ты В. Чай­кин­ге жет­кізеді де, өз тара­пын­да ол өзіне ғана бел­гілі жол­дар­мен­ Па­риж­ге ат­тан­дырады [5].

М. Шо­қай­ досы Ва­дим­ Афа­нась­е­вич­ пен­ інісі Нұр­таза­дан­ кел­ген хаттардан­ бас­қала­рын­ мұраға­тын­да жой­ып жібе­ріп­ отырады. Осы се­беп­ті С. Қожа­нов­, Ә. Оразаев, У. Қожаев және бас­қа да жол­дастары­нан­ жет­кен хат­-ха­бар­лар жө­нін­де В. Чай­кин­нің жаз­балары­нан­ ғана тұс­палдауға болады. Бір­де В. А. Чай­кин­ М. Шо­қай­ға: “Сіз­дің­ досы­ңыз­дың қо­сым­ша ре­тін­де ұсы­нып­ отырған қыр­ғызша жол­дауында, ме­нің­ ойымша, сіз­ге не бо­лып­ жат­қаны, нені көк­сейт­іні­міз­ және қан­дай әре­кет­тер жа­сайт­ыны­мыз­ жай­ында а­нық­ әрі то­лық­ су­рет­теледі” [6] деп­ жазады. 20-жыл­дар­дың­ бі­рін­ші жар­ты­сын­да құрылтайшылары В. А. Чай­кин­, А. А. Чай­кин­ және У. Қожаев бо­лып­ табылатын­ “Түр­кі­стан Бас­па Се­рік­тестігі” а­шық­ ө­мір­ сүр­гені­мен­, бір­те-бір­те Ке­ңес­ өкіметіне қар­сы іс-әре­кет­терді рет­теп отыра­тын­ ас­тыр­тын ұйымға айнала бас­тайды.

“Се­рік­тес­тік­” Түр­кі­стан Юстиция ха­лық­ ко­мис­сариа­тын­да тір­кеу­ден­ өтеді. Ва­дим­ Чай­кин­ ағасы А­нас­та­сий­дің­ “қар­таюына және көз­қа­рас­тарына” бай­ла­ныс­ты “Се­рік­тес­тік­тен” шығаты­нын­, о­ның­ орнына Мұс­тафа­ның­ кіруі керек­тігі жө­нін­де ұсы­ныс­ жа­сай­ды. “Па­риж­де, бас­қа жер­де, бар­лық рес­ми е­мес­ жағ­дай­лар­да Сіз­ өзі­ңіз­ді со­лай­ ұста­ңыз­, со­лай­ ойла­ңыз­” деп­ ес­кер­теді.

В. Чай­кин­нің хат­тарына қара­ған­да, “Се­рік­тес­тік­” бас­па де­ген­ бүр­кеме атпен­ кең­ кө­лем­де, тіп­ті, халықара­лық­ дең­гейде қи­мыл­дайт­ын­ ұйым ре­тін­де көрінеді. О­ның­ жобасы бой­ынша Түр­кі­стан Бас­па Се­рік­тестігі­нің­ бөлімшелерін­, Түр­кі­стан­ның­ бар­лық об­лыс­тары­мен­ шек­тел­мей­, Мәс­кеуде, Харь­ко­в­те, Тиф­лис­те, Па­риж­де құру бел­гіленеді. Па­риж­дегі бө­лім­нің қыз­меті мен­ мін­деттері М. Шо­қай­ға жүк­теледі. “Бі­рақ­ Па­риж­де болу­дан­ да қо­мақ­ты қыз­меті мен­ мін­деттері болуы ке­рек­” дей­ді В. Чай­кин­. Әрине, бұ­л жұм­бақ­тың­ аста­рын­да алда тұр­ған саяси жұ­мыс­тарды мең­зеп о­тыр­ғаны а­нық­. О­ған­ В. Чайкин­нің мына сөз­дері де дә­лел­: “Мұ­нан­ бы­лай­ бар­лық мәлі­мет­терді және қар­жыны Сіз­ осы жер­ден, сірә, У­бай­дол­ла арқылы ала­тын­ шы­ғар­сыз, онда да ме­нің­ се­нім­ха­тым­ бар­. Мүм­кін­, ол уа­қыт­ша бас­паға бай­ла­ныс­ты тауар­лар­ды ше­тел­ге шығару­мен­, Таш­кент­тен­ Бұхараға, о­дан­ Мәс­кеуге әкелу­мен­ шұғылданар­. Мұ­нан­ У. Қожаев, мүм­кін бол­са, Па­риж­ге ба­рып­, ө­зің­мен хабарла­сар­ да” де­ген­ жұм­бақтауды оқуға болады.

1922 жыл­дың 6 сәуі­рін­де М. Шо­қай­ға жол­да­ған­ келесі ха­тын­да В. А. Чайкин­: “Сіз­ді ше­тел­де қала береді деп­ е­сеп­теп, У­бай­дол­ла екеуі­міз­дің ал­дын­ ала құр­ған жос­пары­мыз­ бой­ынша Сіз­ ТБС-нің­ ше­тел­дік бө­лім­шесі­нің­ бас­шысы болуы­ңыз­ ке­рек­; е­гер­ мүл­тік­сіз­ кө­рін­ген біз­дің есебі­міз­ түк­ке ас­пай­ қал­маса, көп­ ұза­май­ о­сын­дай бас­па-ақпа­рат­тық жұ­мыс­ ү­шін­ қа­жет­ті бар­лық мәлі­мет­ пен­ қар­жыны ала­тын­ бола­сыз­” дей­ді.

Түр­кі­стан Бас­па Се­рік­тестігіне бай­ла­ныс­ты В. Чай­кин­ мен­
У. Қожаев­тың­ жос­пары­ның­ бұдан кейінгі тағ­дыры біз­ге бел­гі­сіз­. Бі­рақ­ о­ған­ М. Шо­қай­ үл­кен­ мән­ бе­ріп­, өз мұраға­тын­да “Се­рік­тес­тік­тің” келі­сім­-шар­ты­ның­ куә­лан­дыр­ылған­ кө­шір­ме­сін­ өмірі­нің­ соң­ғы күн­деріне дейін сақ­тап келеді. Нұртаза ағасы­ның­ а­ман­-саулы­ғын­ осы бас­па үйіне ке­ліп­ бі­ліп­ отырады. Бір­ ғажабы, Қазақ­стан­ның ОГПУ-і М. Шо­қай­дың­ бай­ла­ныс­ жасауы мүм­кін деп­ есеп­тел­ген­ ұйым­дар­ мен­ а­дам­дар­дың­ тізі­мін­ жаса­ған­ кез­де, о­ған­ У. Қожаев енгізіледі де, “Түр­кі­стан Бас­па Се­рік­тестігі” мен­ В. А. Чай­кин­ тыс­ қалады. О­лар­ жө­нін­де тер­геу бары­сын­да Нұр­таза­дан­ да сұра­май­ды.

Зерт­теуші­лер­ Орта Азия мен­ Қазақ­стан­дағы ұлт зиялылары­ның­ М. Шоқай­мен­ қа­рым­-қаты­нас­та бол­ғандығы туралы ОГПУ материалдары­ның­ негізі жоқ­ деп­ е­сеп­тейді. Әрине, ондағы 20–30-жыл­дардағы тер­геу құжаттарының­ а­дам­дарды “қаралауға”, қан­дай кінәні де мой­нына ал­дыр­туға бағыт­тала­тын­дығы сөз­сіз. Де­ген­мен осы не­гіз­де о­лар­дың бар­лығына бір­дей үстір­тін қарауға бол­майды. Тер­геу құ­жат­тары­ның­ і­шін­де де шы­най­ы мағ­лұ­мат­ бере­тін­дері бар­. 1937 жыл­дың 10 тамы­зын­да Нұр­таза Шо­қай­ды жауаптау барысын­да Қызы­лор­да ау­дан­дық ішкі іс­тер­ бөлімі­нің­ бас­тығы кіші лейт­е­нан­т Свина­рен­ко: “Сіз­ шетелде тұра­тын­ Мұс­тафа Шоқаев­пен­ қа­лай­ бай­ланы­сып­ тұрды­ңыз­?” деп­ сұ­рай­ды. О­ған­ Нұр­таза: “Мен­ Мұс­тафа Шоқаев­пен­ 1922 жылы Қожа­нов­ Сұл­тан­бек арқылы бай­ла­ныс­тым” деп­ жауап береді. Мұ­нан­ әрі тер­геу бы­лай­ өрбиді: – Қан­дай жағ­дайда Қожа­нов­ сіз­ді шет­елде тұра­тын­ аға­ңыз­ Мұстафа Шо­қаевпен­ бай­ла­ныс­тырды? – 1922 жылы қыр­күйек айы­ның­ бі­рін­де 14-ауылға ша­бар­ман ке­ліп­, құпия түр­де Таш­кент­ке мені Қожа­нов­ Сұл­тан­бек шақы­рып­ жа­тыр­ деді. Кел­ген­ кісі­нің­ аты-жөні Ю­суп­наза­ров­ Аб­дул­ла е­кен­. Ол Мұс­тафа­дан­ ме­нің­ атыма хат­ кел­ге­нін­, о­ны­ Қожанов­тан­ алуға бола­тын­ды­ғын­ айт­ты. Мен­ ке­шік­пей Таш­кент­ке жү­ріп­ кет­тім. Сон­дағы Қожанов Сұл­тан­бек­тің­ үйін тауып оны­мен­ жо­лық­тым. Ол ма­ған­ Мұс­тафа­ның­ “Дула­тов­ арқылы ке­ліп­ түс­кен” ха­тын­ бер­ді. Со­дан­ бас­тап мен­ оны­мен­ бай­ланы­сып­ тұр­дым” [7].

Мұ­нан­ әрі қа­рай­ғы жол­дарда сол­ бар­ға­нын­да Нұр­таза­ның­
С. Қожа­нов­ бас­қара­тын­ конт­рреволюция­лық­ ұйымға тар­тылғаны, о­ған­ М. Шоқаев­тың­, Ға­лым­жан Мұсабаев, Т. Рыс­құ­лов­, Сейітжа­пар­ Мұр­залиев, О. Жан­до­сов­ және т. б. а­дам­дар­дың­ кіре­тін­дігі туралы айт­ылады.

Жауап­тың­ бас­тапқы бөлі­мін­дегі С. Қожа­нов­тың М. Шо­қай­мен­ байланысы туралы мой­ындауы шын­дыққа сәй­кес­ келеді де, ал ас­тыр­тын ұйым жө­нін­дегі әңгіме­нің­ Нұр­таза­ның­ айы­бын­ ауырлата түсуді көз­де­ген­ тер­геуші қиялы­ның­ “жемісі” е­кен­дігі көрінеді. О­лай­ дейт­ін­ себебі­міз­, Нұр­таза 1923 жылдың 19 сәуі­рін­де ағасына (Мұс­тафаға) жаз­ған ха­тын­да: “Таш­кент­тегі Сұлтан­бек, Сан­жар­ларға ба­рып­, сіз­дің хат­тары­ңыз­ды а­лып­ қ­айт­тым” [8] деп­ көр­сетеді.

Ал, М. Шо­қай­ 1938 жылы ақ­пан­ айында “Яш Түр­кі­стан” жур­на­лын­да жария­лан­ған мақала­сын­да Сан­жар­ Ас­фен­дия­ров­пен еш­бір­ бай­ланысы­м­ жоқ, оны­мен­ соң­ғы рет­ 1918 жыл­дың қаң­тар айында өт­кен­ Түр­кі­стан шаруалары мен­ жұ­мыс­шылары­ның­ кон­фе­рен­ция­сын­да кез­дес­кен­ бола­тын­мын дей­ді. Мұс­тафа Сан­жар­дың Қа­зан­ төң­кері­сін­ жан­-тәні­мен­ қа­был­даға­нын­ айт­а оты­рып­, о­ның­ адам­герші­лік­ қасиетте­рін­, ғылыми жұмы­сын­ жоғары баға­лай­ды. “Түр­кі­стан ұлт­тық­ қоз­ғалысына мұ­рын­дық бол­ған­дар­ жап­пай қарала­нып­ жат­қан кез­де, Сан­жар­ мен­ туралы ештеңе айт­па­ған­” деп­ жазады Мұс­тафа. Бі­рақ­ Сан­жар­ды жауаптауда о­ның­ “Мұс­тафа Шо­қай­дың­ сы­бай­ласы бол­ды” де­ген­ айыптау­дың­ да бол­ғаны бар­.

1934 жыл­дың 15 жел­тоқса­нын­да Т. Рыс­құ­лов­тың И. В. Ста­лин­ мен­ Л. М. Кагано­вич­ке жаз­ған құпия ха­тын­да 1918 жыл­дың орта ке­зін­де Асфендияров­тың үйінде Түр­кі­стандағы Ала­шор­да­ның­ (“А­лаш­” болуы ке­рек­. – К. Е.) бөлімі бо­лып­ табыла­тын­ “Бір­лік­ туындағы” қа­зақ­ ин­тел­ли­ген­циясы­ның­ 30–40 шақ­ты бас­шылары жи­нал­ды, о­ған­ мені және тағы бас­қа 6–7 боль­ше­вик­ті ша­қыр­ды” [9] деп­ көр­сетеді.

Бұ­л кез­де М. Шо­қай­ Таш­кент­тен кет­кен бола­тын­, бі­рақ­ осы жиынға Санжар­дың қа­тыс­қанды­ғын­да кү­мән­ жоқ­. Қа­лай­ бол­ғанда да Сан­жар­дың өзі­нің­ де, әкесі Сеиіджа­пар­дың да ұлт­тық­ тәуел­сіз­дік мәселесіне бүйре­к­тері­нің­ бұрғанын­ жоқ­қа шығара ал­май­мыз­. Де­ген­мен Сан­жар­дың М. Шо­қай­мен­ қан­дай да бір­ бай­ланысы бол­ғандығы әлі де зерт­тей­, тия­нақ­тай түсуді қа­жет­ етеді. Мұн­дайда Мұс­тафа­ның­ ұлт­тық­ ин­тел­ли­ген­цияға зияны ти­мес­ ү­шін­ С. Ақаевты да, бас­қала­рын­ да “біл­мей­мін­, таны­май­мын­” деп­ жа­зып­ кел­генді­гін­ де есте ұстауы­мыз­ ке­рек­.

1937 жыл­дың 30 шіл­де­сін­де Қазақ­стан­ Ком­пар­тиясы ОК бірінші хатшысы Л. И. Мир­зоян­ның­ Ста­лин­ге жол­да­ған­ құпия ха­тын­да С. Қожа­нов­ пен­ Т. Рысқұлов­тың 1925–1926 жыл­дары М. Шо­қай­мен­ бай­ланы­сып­ тұр­ғаны хабарланады. Соны­мен­ осы және бас­қа да мәлі­мет­терге қара­ған­да, У. Қожаев, Ә. Оразаев және С. Қожа­нов­тың М. Шо­қай­мен­ хат­ жазы­сып­, ха­бар­ла­сып­ тұрғаны басы а­шық­ се­кіл­ді. М. Шо­қай­дың­ ел­мен­ бай­ланы­сын­ а­нық­тауды мақсат тұт­қан нау­қан­ РК(б)П Орта­лық­ Комитеті­нен­ бас­тап Қазақ­стан­ның партия ұйымда­рын­, бар­лау, жазалау ор­ган­да­рын­ тү­гел­ қам­тиды.

М. Шо­қай­дың­ а­ғыл­шын, ф­ран­цуз, и­тальян басы­лым­да­рын­да, эмигранттық­ “Д­ни”, “Пос­лед­ние но­вос­ти” га­зет­те­рін­де Ке­ңес­ өкіметі­нің­ саясаты туралы жаз­ған мақалалары­нан­ шо­шын­ған РК (б)П ОК нау­қан­ға басшылық­ жасауды өз қолына алады. 1925 жыл­дың 29 мамы­рын­да РК(б)П ОК Бас­па­сөз­ бөлімі­нің­ мең­герушісі Н. Ва­рей­кис­тің Қа­зақ­ Өлке­лік­ пар­тия комитетіне жаз­ған ха­тын­да: “Ақ жол­” қа­зір­гі ке­зең­ге дейінгі бү­кіл­ Киргизиядағы ең ұс­там­сыз га­зет­ бо­лып­ қалуда”, “о­ның­ саяси бағыты мүл­де төзуге бол­майт­ын­дай жағ­дайға жет­ті” деп­ сын­ға алса, сол­ жыл­дың 29 қазанында И. Ста­лин­ бұ­л басы­лым­ның “саяси ұс­там­сыздығы­ның­” себе­бін­ М. Шо­қай­дан­ із­дей­ді. “Жуырда ме­нің­ “Ақ жол­” жур­налы­мен­ танысуға мүмкінді­гім­ бол­ды. Мен­ осы­ған­ бай­ла­ныс­ты аты шулы Шоқаев­тың­ ақгвардияшыл­ бас­па­сөз­дегі кей­бір­ мақалала­рын­ еске тү­сір­дім және ө­зім­ді шошыт­қан осы мақала­лар­ мен­ “Ақ жол­” жур­налы­ның­ руха­ни “ынтымағы” деуге бола­тын­ кей­бір­ жаңа­лық­ты аш­тым­. А­қыл­ға сыймаса да бұ­л фак­т. “Ақ жол­”, әрине, өзі де аң­ғар­ма­стан­ Шоқаевқа кө­лем­ді материал бер­ді. Мұн­дайды қал­т жі­бер­мейт­ін­ Шоқаев бол­са бұ­л материал­дар­ды қорытады да, ха­лық­қа ұсынады” дей­ді Сталин. Ол сө­зін­ “е­гер­ жас­тарға саяси және идеология­лық­ тәрбие беру­мен­” ком­му­нис­тер айна­лыс­пайт­ын­ бол­са, “Кир­гизияда (Қазақстанда. – К. Е.) Шоқаев­тар­дың жеңісі сөз­сіз жүзеге асады. Ал, бұ­л Киргизиядағы ком­му­низм­нің­ идеология­лық­ және саяси күйреуі­мен­ тең­” [10] деп­ аяқ­тай­ды. Т. Рыс­құ­лов­тың 1924 жыл­дың сәуір айында И. Ста­лин­ге “Бір­лік­ туы” мен­ “Ақ жол­” га­зет­тері жө­нін­де жаз­ған ха­тын­да “Ақ жол­” газеті – М. Дула­тов­тың пер­зенті, ала­шор­дашы­лар­дың органы “Қа­зақ­тың” жал­ғасы” [11] дей­ді. Э­миг­рант­тық­ басы­лым­дардағы мақалаларына қара­ған­да Мұс­тафа “Ақ жол­” газе­тін­ жүйелі түр­де а­лып­ тұр­ған. Ол қа­зақ­тар­дың­ мал­шаруашылығы­ның­ дағ­да­рыс­қа ұшырауы, қа­зақ­ ауылда­рын­дағы ке­ңес­ өкіметі­нің­ заң­сыз­дық­тары жө­нін­де осы басы­лым­ның 1923 жыл­дың 24 жел­тоқса­нын­дағы, 1925 жыл­дың 16, 25 науры­зын­дағы сан­дарына сіл­теме жа­сай­ды [12].

“Қы­зыл­ Түр­кі­станда: мем­ле­кет­тік аппа­рат­ және ха­лық­ мүд­десі” атты “Пос­лед­ние но­вос­ти” (1924, 30 мау­сым­) газе­тін­де жария­лан­ған мақала­сын­да “Ақ жол­” газеті­нің­ 390, 395, 405-сан­да­рын­да жария­лан­ған материал­дар­дан үзінді­лер­ кел­тіреді.

Ста­лин­нің Қа­зақ­ өлке­лік­ пар­тия комитеті­нің­ бюросына жол­да­ған­ хаты­нан­ кейін РК(б)П Қа­зақ­ өлке­лік­ комитеті­нің­ 1925 жыл­дың 10 маусы­мын­да өт­кен­ бюро мәжілі­сін­де га­зет­ ре­дак­ция­сын­ Таш­кент­тен­ Шым­кент­ке көшіру туралы ше­шім­ қа­был­данады.

М. Шо­қай­дың­ ел­мен­ бай­ланысы 20-жыл­дар­дың­ бас­ ке­зін­де Гер­ма­нияға оқуға жі­беріл­ген өз­бек­, қа­зақ­ жас­тары арқылы нығая түседі. 1930 жыл­дың 1 жел­тоқса­нын­да М. Ты­ныш­паев Алматыда ОГПУ саяси ө­кіл­дігі шы­ғыс­ бөлімінің­ тер­геушілеріне бер­ген жауа­бын­да 1922 жыл­дың жа­зын­да о­ған­ М. Дула­тов­ пен­ Д. Әді­лов­тің кел­ге­нін­, со­дан­ соң­ о­лар­дың Ғ. Бі­рім­жа­нов­тың Гер­ма­нияға оқуға бара жат­қанын айтқанын­, о­ған­ М. Шо­қай­ды қа­зақ­ хал­қы­ның­ жағ­дайы­мен­ та­ныс­тыруды, Мұс­тафаға қа­зақ­ хал­қына тө­ніп­ тұр­ған а­пат­ жө­нін­де ә­лем­ жұрт­шылы­ғын­ ха­бар­дар етуді тап­сыру ке­рек­ дегенін­ [13] айт­ады.

Өз тара­пын­да өз­бек­тер де студент­теріне осы тақы­лет­тес тап­сырма береді. Арада екі жыл­ өт­кен­нен соң­ Ғ. Бі­рім­жа­нов­тан қа­зақ­ зиялылары М. Шо­қай­дың­ Па­риж­ден Бер­лин­ге ке­ліп­ сту­ден­т-жас­тар­мен­ кез­де­сіп­ тұратыны және шет­ елдер­де бір­сыпыра жұ­мыс­ атқа­рып­ жүр­гені туралы мағ­лұ­мат­ алады. Бас­қаша сөз­бен айт­қанда 1923 жылы М. Шо­қай­дан­ інісіне кел­ген бір­ хат­ты М. Дулатовтан ал­дым­ де­ген­ сө­зін­ М. Ты­ныш­паев жаңа мағ­лұ­мат­тар­мен­ толықтырады да, өзі­нің­ Мұс­тафа­мен­ тіке­лей­ ха­бар­ласуы жө­нін­де ештеңе демей­ді.

Бі­рақ­ бұ­л әңгіме­нің­ жаны бар­ға ұқ­сай­ды. М. Дула­тов­ М. Шо­­қай­мен­ дос-жа­ран­дары арқылы Ақ­пан­ төң­керісі­нен­ көп­ бұ­рын­ таны­сып­, Ә. Бө­кей­ха­нов­, А. Б­айт­ұрсы­нов­пен бір­ге о­ның­ саяси ұ­станым­дары­ның­ қа­лып­тасуына ық­пал­ етеді. Мір­жа­қып­ 1912 жылы Се­мей­ түр­ме­сін­де оты­рып­ шық­қан­нан­ соң­ пат­ша охранкасы­нан­ бой­ таса­лап­ Түр­кі­стан қала­сын­ пана­лай­ды. Осы кез­де елге жазған хат­тары­ның­ бі­рін­де Түр­кі­станда “Таш­кен­т оқытушы­лар­ семинария­сын­ бі­тір­ген мұға­лім­, на­ғыз­ мол­ла, өте мәде­ниетті қа­зақ­ зиялысы, қаламы тө­сел­ген, га­зет­терде басы­лып­ жүре­тін­” Са­дық­ Өтегенұлы­ның­ үйінде тұр­ға­нын­, “Қарнақта тұра­тын­ ақме­шіт­тік Қо­ңыр­қожа Қожы­қов­, о­ның­ жұ­бай­ы Ләтипа Лапина де­ген­ оқы­ған­, мәде­ниетті кісі­лер­мен та­ныс­қанды­ғын­” [14] айт­ады.

Са­дық­ Өтеге­нов­пен С. Қожа­нов­ та арала­сып­ тұрады. Р. Бер­ді­бай­ “дәл­ осы кез­де о­рыс­-қа­зақ­ мек­те­бін­де о­қып­ жүр­ген Сұл­тан­бек­тің­ Мір­жа­қып­қа жолы­ғып­, о­дан­ аса құн­ды пі­кір­ ес­тіп­, өміріне а­зық­ бо­лар­лық нәр­, бағ­дар тап­қа­нын­” [15] атап­ өтеді.

Кейін бұ­л үшеуі­нің­ жолы 1920 жылы Таш­кент­те түйіседі. Сол­ жыл­дың қараша­сын­да М. Дула­тов­ “Ақ жол­” газетіне жұ­мыс­қа шақырылады. Ғ. Бірімжанов­ та о­сын­да жұ­мыс­ іс­тей­ді. 20-жыл­дар­дың­ бас­ ке­зін­де М. Әуе­зов­, Х. Дос­мұхаме­дов­, Дін­ше (Дін­мұха­мед­) Әді­лов­тер де осы ортада жүреді. Олардың қай­-қай­сысы да М. Шо­қай­ды шет­ тұт­па­ған­, ар­най­ы бол­маса да, реті кел­генде о­ған­ иық тосуға дай­ын бола­тын­. Сол­ се­беп­ті руха­ни­лас­, е­жел­ден таныс­, ой-пі­кір­лері ор­тақ­ М. Шо­қай­ мен­ М. Дула­тов­тың ха­бар­ла­сып­ тұр­ға­нын­ жоқ­қа шығаруға бол­майды.

Тіп­ті Ке­ңес­ өкіметі жа­ғын­да жүр­ген Сан­жар­ Ас­фен­дия­ров­тың өзіне де Мұс­тафа­ның­ хат­ жол­дауында қи­сын­сыз­дық­ жоқ­. Себебі Қо­ңыр­қожа Қожы­қов­ Мұң­айт­пас Ла­пин­нің қызы Ләтипаға үй­лен­се, кіші қызы Кү­лән­дам Сұл­тан­бек Қожа­нов­қа тұр­мысқа шығады. Серәлі Ла­пин­нің С­моль­ный қыз­дар инс­титу­тын­ бі­тір­ген қызы Рабиға­мен­ Сан­жар­ Ас­фен­дия­ров­ неке қиысады. Жег­жат­ты­ғын­ бы­лай­ қой­ған­ның ө­зін­де Сан­жар­ мен­ Қо­ңыр­қожа дос­тық қа­рым­-қаты­нас­та жүреді [16]. Ал, Қо­ңыр­қожа Мұс­тафаны е­рек­ше қа­дір­ тұта­тын­. Қа­зақ­ интеллиген­циясы­ның­ мен­талите­тін­де, о­рыс­тар се­кіл­ді, “ө­ліс­пей бе­ріс­пейт­ін­” көз­қа­рас­ ал­шақ­тығы бол­ған е­мес­. Сон­дық­тан ұлт­жан­ды Сан­жар­ М. Шо­қай­дың­ өзі­мен­ жол­дас, дос­-жа­ран­дары­мен­ туыс­тас­ бола жү­ріп­, ұлт­тық­ қоз­ға­лыс­тың жетек­шілері­нен­ де сыр­т айна­лып­ кете қой­ма­ған­. Қо­ңыр­қожа Қожы­қов­ ке­зін­де Түр­кі­стан автономиясы Уа­қыт­ша үкіметі­нің­ жауапты хат­шысы бо­лып­ жұ­мыс­ іс­тей­ді. О­ның­ есімі бі­раз­ құ­жат­тарда Ә. Бө­кей­ха­нов­, А. Б­айт­ұрсы­нов­, М. Тыныш­паев, М. Шо­қай­мен­ қа­тар­ аталады. Ф­ран­цуз та­рих­шысы және этнограф, дип­ло­мат­ Ж. Ка­стань­еге жаз­ған ха­тын­да Мұс­тафа Қо­ңыр­қожаны “ме­нің­ до­сым­” деп­ еске алады [17].

Мемлекеттік­ Қауіп­сіз­дік комитеті­нің­ материалда­рын­да Қ. Қо­жы­қов­ 1923–1924 жыл­дары Мұс­тафа­мен­ хат­ жазы­сып­, о­ған­ материал­дық­ кө­мек­ бе­ріп­ тұр­ды деп­ көр­сетіледі [18].

М. Шо­қай­дың­ өзі­мен­ де, о­ның­ жол­дас-жоралары­мен­ де ара­лас­-құра­лас­ бол­ған қай­рат­кер­лер­дің бірі Ха­лел­ Дос­мұхаме­дов­ бола­тын­. Ол 1920 жыл­дың аяғына қа­рай­ Таш­кент­ке ке­ліп,­ Қа­зақ­ Ха­лық­ а­ғар­ту инс­титутына оқытушы болып­ жұ­мыс­қа орналасады, соны­мен­ бір­ге 1922 жылы құ­рыл­ған “Та­лап­тың жолы” деп­ атала­тын­ “қа­зақ­-қыр­ғыз мәде­ние­тін­ көр­кейт­уші­лер­ қауы­мын­” басқарады. О­ның­ “түзуші­лері­” қата­рын­да, Ха­лел­ден бас­қа, М. Жұмабаев, профес­сор А. Ш­мид­т, Ә. Диваев, Кә­рім­ Жәле­нов­, Нико­лай­ Ар­хан­гельс­кий­дің,­ о­лар­ға қоса бас­қарма мүшелері ре­тін­де Иса Тоқ­ты­бай­ұлы, Мыр­зағазы Есболұлы, М. Ты­ныш­паев, М. Әуе­зов­тің е­сім­дері аталады [19]. А­лай­да көп­ ұзамай­ “Та­лап­” ұйымы ұлт­шыл­дық си­пат­та де­ген­ айып­пен­ жабы­лып­ қалады.

1921 жыл­дың бас­ ке­зін­де Таш­кент­те Түр­кі­стан АКСР-і Ха­лық­ а­ғар­ту комис­сариаты жаны­нан­ Қа­зақ­-қыр­ғыз бі­лім­ ко­мис­сиясы құры­лып­, 1922 жылдың күзі­нен­ о­ның­ төрағасы бо­лып­ Х. Дос­мұхаме­дов­ та­ғай­ындалады. Осы ке­зең­де Ко­мис­сия Ха­лық­ а­ғар­ту ко­мис­сариаты жа­нын­дағы Ғылыми ке­ңес­тің құзырына өтеді, онда Н. П. Ар­хан­гельс­кий­ жұ­мыс­ іс­тей­ді. Бі­лім­ комиссиясындағы а­дам­дар да, Мағ­жан­ Жұмабаев, Ә. Диваев, М. Ты­ныш­паев, Ж. Дос­мұхаме­дов­, Қ. Қожы­қов­, Нә­зір­ Төреқұ­лов­, Сұл­тан­бек Қожа­нов­, Ғазымбек Бі­рім­жа­нов­, Дін­ше Әді­лов­тер де М. Шо­қай­ды жақ­сы біле­тін­ [20]. Соны­мен­ бір­ ведомс­тводағы қыз­мет­тес­ бұ­л а­дам­дар­дың­, о­лар­дың і­шін­де Х. Дос­мұхамедов­тің­ Н. П. Ар­хан­гельс­кий­мен­ та­ныс­тығы заң­ды нәр­се. О­ның­ үстіне Ха­лел­ Н. П. Ар­хан­гельс­кий­ді М. Шо­қай­мен­ Пе­тер­бург­те бір­ге о­қып­ жүрген кезі­нен­ білуі де мүм­кін. Сол­ се­беп­ті Х. Дос­мұхаме­дов­тің Н. П. Архангельс­кий­мен­ кез­десуле­рін­де сөз­ ара­сын­да М. Шо­қай­ды еске а­лып­ қалуы ға­жап­ е­мес­. Мұны айт­ып­ о­тыр­ғаны­мыз­, тіке­лей­ осы екі а­дам­ның аралығын­дағы қа­рым­-қаты­нас­тар бас­таула­рын­ із­дес­тіруге емес­, Өзбек­стан­ Респуб­ликасы­ның­ Орта­лық­ Мем­ле­кет­тік мұрағаты қо­рын­да сақ­тал­ған­, 1922 жыл­дың 12 мамы­рын­да М. Шо­қай­дың­ бел­гі­сіз­ бір­ а­дам­ға жолда­ған­ жауап хатына бай­ла­ныс­ты. Онда: “Қым­бат­ты NN! Осы жыл­дың 23 қаң­та­рын­дағы сіздің қыс­қа жа­зыл­ған хаты­ңыз­ мен­ ү­шін­ сюрп­риз­ бол­ды. Ма­ған­ жет­кенше онда­ған­ мем­ле­кет­терді ба­сып­ өт­кен­ хаты­ңыз­ды (сон­дық­тан­ да о­ның­ бағасы арта түседі) 2 ма­мыр­да ал­дым­” делінеді. Біз­ге хат­тың кө­шір­месі мен­ Н. П. Архан­гельс­кий­дің­ хат­қа аннотациясы же­тіп­ о­тыр­. Хат­тың­ кім­ге арналғаны туралы ол бы­лай­ша түсі­нік­теме береді: “1920–1922 жыл­дары Түркістан Автономиясы Рес­пуб­лика­сын­да ке­ңес­ мек­тептері мен­ мәде­ни-а­ғар­ту мекемеле­рін­де жұ­мыс­ іс­теп­ жүр­ген Авс­трия армиясы­нан­ тұт­қынға түс­кен славян­дар мен­ венгр­лер­ді кез­дес­тір­ген­мін­ (о­лар­дың бәрі бір­дей еліне оралмады, мысалы: Таш­кент­те Го­лян­т Сте­пан­ Семено­вич­ не­міс­ тілі­нің­, Па­вел­ Семено­вич­ Гу­зар­ география пәні­нің­ мұғалімі бол­ды).

Түр­кі­стан Ха­лық­ а­ғар­ту ко­мис­сариаты­ның­ Ғылыми кеңе­сін­де іс­теп­ жүрге­нім­де, есі­мін­ жа­зып­ ал­мап­пын, ма­ған­ бір­ музыкатанушы чех­ ке­ліп­ тұратын­” [21]. Мұ­нан­ әрі қа­рай­ Ар­хан­гельс­кий­ осы чех­қа Мұс­тафа­дан­ ал­ғаш­ рет­ бір­ хат­ кел­ге­нін­, өзі сол­ хат­тың кө­шір­ме­сін­ түсі­ріп­ алға­нын­, бі­рақ­ кім­ге жібе­ріл­ге­нін­, яғ­ни чех­тың аты-жөні­нің­ е­сін­де қал­маға­нын­ баян­дай­ды. “Ө­зім­ М. Шо­қай­ды 1911–1916 жыл­дары Пе­тер­бург­те бол­ған ке­зім­нен біле­тін­мін, 1911 ж. Түр­кі­стан [студент­тері] жер­лестігі­нің­ мен­ төрағасы да, ол хат­шысы бол­ды, оны жұр­т Таш­кен­т гим­назия­сын­ 1910 жылы ал­тын­ ме­даль­ме­н бі­тір­ді дей­ді”. Соны­мен­ бір­ге Ар­хан­гельс­кий­ Пе­тер­бург­те Мұс­тафа­мен­, бас­қа да мұсыл­ман студент­тері­мен­ жақ­сы қа­рым­-қаты­нас­та бол­ға­нын­, о­ның­ көмегі­мен­ 1916 жылы Жетісудағы көтері­ліс­ жө­нін­де құ­рыл­ған ко­мис­сия баяндамасы­ның­ тың­далуына бай­ла­ныс­ты Мем­ле­кет­тік дума­ның­ Мұ­сыл­ман ф­рак­циясы отырысына қаты­нас­қа­нын­ [22] еске алады. Ар­хан­гельс­кий­ “ке­ңес­ елі­нің­ ұстамды азаматы” ре­тін­де көрінуге және М. Шо­қай­мен­ еш­бір­ қар­ым-қатынасының­ жоқ­ты­ғын­ біл­діруге тыры­сып­, хат­ авторына қа­рай­ “тас­ лақтыруды” да ұ­мыт­пайды. Сон­да Мұс­тафа­ның­ жауап хаты кім­ге жібе­ріл­ген? М. Шо­қай­ Таш­кент­тен­ 1918 жыл­дың 12 қаң­та­рын­да кет­ке­нін­, Па­риж­дегі эмигрант­тар­дың ты­ныс­-тір­шілі­гін­, П. Милю­ков­тың “Е­кін­ші О­рыс­ революциясы­ның­ тарихы”, А. Де­ни­кин­нің “О­рыс­ бүлігі­нің­ очерк­тері” де­ген­ зерт­теу­лер­дің, А­лек­сей Толс­той­дың­, Григо­рий­ Гре­бенщи­ков­тің т. б. жазушылар­дың ро­ман­, по­вес­тері­нің­ жа­рық­ көр­ге­нін­, “Пос­лед­ние но­вос­ти”, “Сов­ре­мен­ные записи”, “Русс­кая мыс­ль” се­кіл­ді басы­лым­дар­дың­ бар­лы­ғын­ хабар­лайды.

Е­гер­ хат­, Ар­хан­гельс­кий­дің­ айт­уынша, музы­кан­т чех­қа жол­дан­ған­ бол­са, М. Шо­қай­ Па­риж­ бен­ Бер­лин­нің музыка­лық­ өмірі­нен­ бір­ауыз сөз­ жаз­бауы мүмкін е­мес­.

Бұ­л қала­лар­дағы саяси ө­мір­ мен­ бас­па жұ­мыс­тары жө­нін­дегі мағ­лұ­мат­тар “музы­кан­т чех­ты” онша қы­зық­тыра қой­майт­ыны да бел­гілі. Жал­пы ал­ған­да Мұс­тафа өзі мен­ хат­ты алушыға ор­тақ­, та­ныс­ тақы­рып­тарды қоз­ғайды. О­ған­ М. Шо­қай­дың­ “Нар­бутабе­ков­ қай­да, бұ­рын­ғыша Бакуде ме, әр­бір­ шы­ғып­ сөйле­ген­ сө­зін­де өзіне-өзі қар­сы шы­ғып­ жүр­ген бо­лар­”, немесе “жан­-жақ­тан хат­ а­лып­ тұра­мын­, айт­пақшы, Ис­лам­ бай­ғұ­с қат­ты ауы­рып­ қал­ды” деуі дә­лел­ бола алады. Бұ­л жер­де Мұс­тафа өзі­нің­ се­рік­тес жол­дастары Таш­пу­лат­ Нарбутабе­ков­ пен­ Шах­ис­лам­ Шагиахме­дов­ туралы айт­ып­ о­тыр­. Мұс­тафа­ның­ “NN, ма­ған­ Түр­кі­стандағы бас­па ісі туралы жаз­са­ңыз­... [қыр­ғыз­дар­ туралы мәселе]. Таш­кент­тегі қыр­ғыз газе­тін­ кім­ бас­қарады” [23] де­ген­ сауалдары да “музы­кан­т чех­қа” е­мес­, өзі­мен­ қа­тар­лас, мұ­рат­тас а­дам­дар­дың­ біріне арналғанды­ғын­ біл­діреді. Чех­тың­ Түр­кі­стандағы бас­па ісі, қа­зақ­тар­дың­ жағдайы, “Ақ жол­” газеті жө­нін­де қан­дай тұ­щым­ды мағ­лұ­мат­ бере алуы мүмкін?!

Е­гер­ хат­ Ә. Оразаевқа, не У. Қожаев пен­ В. А. Чай­кин­ге жол­данса, онда М. Шо­қай­ “сіз­дің қыс­қа жа­зыл­ған хаты­ңыз­ мен­ ү­шін­ то­лық­ сюрп­риз­ бол­ды” деп­ жаз­бас еді.

Мәм­бет­ Құл­жа­бай­ұлы әңгіме өзегі бо­лып­ о­тыр­ған құпия хат­
Н. П. Ар­хан­гельс­кий­дің­ өзіне ар­нал­ған [24] дей­ді. О­лай­ деп­ е­сеп­теуге не­гіз­ жоқ­ сияқты. Бі­рін­ші­ден­, мұра­ғат­тағы хат – түп­нұсқа е­мес­, о­ның­ кө­шір­месі. Екіншіден­, Н. П. Ар­хан­гельс­кий­ Бі­лім­ ко­мис­сариаты­ның­ Ғылыми кеңе­сін­де жұ­мыс­ істе­ген­, кейін ұ­зақ­ жыл­дар мұға­лім­ бол­ған. Яғ­ни оны Мұс­тафа­мен­ идеялас­ бол­ды, не боль­ше­вик­терге қар­сы қоз­ға­лыс­тарға қа­тыс­ты де­ген­ тұжырым­ жасауға кел­мейді.

“Сов­ре­мен­ные записи”, “Русс­кая мыс­ль” жур­налдары, о­лар­дың төңірегіне топ­тас­қан­ бұ­рын­ғы Ди­рек­тория төрағасы Н. Д. Авк­сен­тьев, немесе о­рыс­ философы, ка­дет­ пар­тиясы же­тек­шілері­нің­ бірі П. Б. Ст­ру­ве, о­рыс­ жазушысы Д. С. Ме­реж­ковс­кий­, ішкі Ре­сей­ден­ Түр­кі­станға қо­ныс­ аударушы­лық­ жө­нін­де де Мұс­тафа Н. П. Ар­хан­гельс­кий­мен­ пі­кір­ бөлі­сіп­ жат­пас еді. Сол­ се­беп­ті М. Шо­қай­ға хат­ жа­зып­ және о­дан­ өз есі­мін­ құпия­лап­ жауап а­лып­ о­тыр­ған адамның Ха­лел­ Дос­мұхаме­дов­ е­кен­дігі на­ным­ды­рақ­ көрінеді. Ал, о­ның­ жан­-жақ­ты бі­лім­ді бол­ғаны бар­шаға мә­лім.­ Мұс­тафа­ның­ “қа­зақ­ газеті” деп­ отырғаны да “Ақ жол­” газеті е­кен­дігі аян. Ол Па­риж­дегі ө­мір­дің қымбатшылығы, әйелі­мен­ бір­ге жұ­мыс­ істе­ген­нің ө­зін­де күн­кө­ріс­ тап­шылы­ғын­ тар­тып о­тыр­ғандары, 1922 жыл­дың сәуір айында Бер­лин­де бол­ғаны, достарының­ сон­да тұруға шақы­рып­ жүр­гені, бі­рақ­ Па­риж­ден бас­қа жақ­қа кетпейт­іні жө­нін­де сыр­ шер­теді.

Осы­дан­ кейін Х. Дос­мұхаме­дов­ қан­дай әре­кет­ жасауы мүм­кін? Өз­бек­ ғалымы М. Абдура­шид­ха­нов­ “Танг­лан­ган а­сар­лар” кіта­бын­да осы­ған­ байланыс­ты бір­ қы­зық­ты мағ­лұ­мат­ кел­тіреді. Ол – Мүнәуар Қари­дің­ ОГПУ тергеушілеріне бер­ген жауабы: “1924 жыл­ бол­са ке­рек­. У­бай­дол­ла Қожа, мен­, И. Қаш­қын­баев, Х. Дос­мұхаме­дов­ рес­то­ран­да о­тыр­дық. Түс­кі ас іш­тік­. Бұ­л есім­де. Бі­рақ­ қай­ рес­то­ран­да екені дәл­ е­сім­де жоқ­. Алды­мыз­да і­шім­дік те бар­ еді. Әңгіме ара­сын­да қа­зақ­ және өз­бек­ (Шоқаев, Сад­ред­дин-хан­) э­миг­рант­тары туралы сөз­ қыл­дық. Осы күн­ге шейін о­лар­ға жәр­дем бер­мегені­міз­ді еске а­лып­, өзі­міз­ді, яғ­ни қа­зақ­ және өз­бек­ зиялыла­рын­ кінәла­дық­. Қа­зақ­ зиялылары Шоқаевқа, өз­бек­ зиялылары Сад­ред­дин-хан­ға жәр­дем беруі ке­рек­ де­ген­ пі­кір­ге кел­гені­міз­ де е­сім­де. Бас­қа нәр­се­лер­ е­сім­де жоқ­” [25].

Мұ­нан­ Х. Дос­мұхаме­дов­тің М. Шо­қай­дың­ ше­тел­дегі тұр­мыс жағ­дайын жақ­сы біле­тін­дігі және қа­зақ­ зиялылары­ның­ о­ған­ материал­дық­ кө­мек­ беру і­сін­ ұйым­дас­тыруды өз қолына ал­ған­дығы жай­ында түйін жасауға болады.

О­лай­ бол­са Н. П. Ар­хан­гельс­кий­дің­ 1922 жылы Ха­лел­ге кел­ген хат­тың кө­шір­ме­сін­ ке­зін­де бір­ се­беп­тер­мен­ а­лып­ қа­лып­, оны 1972 жылы (сек­сенге шық­қан жа­сын­да) түсі­нік­темесі­мен­ қоса мұра­ғат­қа тап­сыруы қи­сын­ға соғады. Ха­лел­дің ол ке­зең­де әлі ақ­тал­мауы се­беп­ті Ар­хан­гельс­кий­ “музы­кан­т чех­” туралы ертегіге жү­гін­ген.

Бұ­л пі­кір­ді Х. Дос­мұхаме­дов­тің 1919 жылы М. Шо­қай­ мен­ о­ның­ әйе­лін­ Кав­каз­ бағы­тын­да шыға­рып­ салуы­мен­, В. Чай­кин­нің хат­тарына қара­ған­да, 1921–1922 жыл­дары Мұс­тафа тағ­дырына қа­тыс­ты мәселе­лер­мен айналысуымен­, ме­кенжай­ы жө­нін­дегі мағ­лұ­мат­ты да В. Чай­кин­, не У­бай­дол­ла Қожаев пен­ Әбді­рах­ман Ора­заев­тан алуы мүм­кіндігі­мен­ тия­нақ­тауға болады.

ОГПУ ор­ган­да­рын­да Х. Дос­мұхаме­дов­тің М. Шо­қай­мен­ Гер­ма­нияда оқып­ жүр­ген түр­кі­стан­дық студент­тер­ арқылы ха­бар­ла­сып­ тұр­ғандығы жай­лы материал­дар­ жи­нас­тырылады [26].

Мағ­жан­ның Таш­кент­тегі ғылыми-педагогика­лық­ қыз­метіне, о­нан­ кейін Мәс­кеудегі Жоғары көр­кем әдебиет инс­титутына оқуға түсуіне тіке­лей­ жәр­дем беруі, мек­теп оқу­лық­та­рын­ жазу ү­шін­ Бі­лім­ ко­мис­сариа­тын­да А. Б­айт­ұрсы­нов­, М. Дула­тов­, С. Қожа­нов­, М. Әуе­зов­ және бас­қа да қа­зақ­ зиялыла­рын­ шоғырландыруы Х. Дос­мұхаме­дов­тің М. Шо­қай­мен­ ынты­мақ­тас­тық­ қозғалысы­нан­ тыс­ тұр­маға­нын­ көр­сетеді. Ал, о­ның­ Қазақ­стан­ бой­ынша ОГПУ бас­тығы­ның­ о­рын­басары Альшан­ский­ге М. Шо­қай­мен­ еш­бір­ бай­ланысы­ның­ жоқ­ты­ғын­ айт­уы түсі­нік­ті нәр­се. Де­ген­мен NN мен­ Мұс­тафа ара­сын­дағы байланыс­тың мұ­нан­ әрі қа­рай­ қа­лай­ өрбі­ген­дігі жө­нін­дегі де­рек­тің жоқ­тығы бұл сұраққа түп­кі­лік­ті жауап беруге мүм­кін­дік­ бер­мейді. Қа­лай­ бол­ғанда да Мұс­тафа бұ­рын­ та­ныс­, ниет­тес­ а­дам­нан хат­ а­лып­, о­ған­ жауап ха­тын­да өз ойлары­мен­ бөліседі. Бі­рақ­ Таш­кент­тен­ 23 қаң­тарда жібе­ріл­ген хат­тың Париждегі Мұс­тафаға 2 ма­мыр­да ғана кеші­гіп­ жетуі жұм­бақ көрінеді. Асылы, хат­ Түр­кияға, не ба­тыс­ елдері­нің­ біріне бара жат­қан “се­нім­ді а­дам­” арқылы жібе­ріл­се ке­рек­.

М. Шо­қай­дың­ елдегі та­ныс­тары­мен­, ұлт­тық­ қай­рат­кер­лер­мен байланыстар орнату жұ­мыс­тарына Түр­кі­стан­нан­ Гер­ма­нияға оқуға бар­ған жастар үл­кен­ кө­мек­ береді. Бұ­лар­дың іші­нен­ Ға­зым­бек Бі­рім­жа­нов­ пен­ Мұстафа Бө­кей­ха­нов­ты е­рек­ше атауы­мыз­ ке­рек­. Жоғары бі­лім­ді о­лар­ға Германияға бара жат­қан та­лап­кер­лер­ құрамына ар­най­ы енгізі­ліп­, Ке­ңес­ өкіметіне қар­сы ішкі және сырт­қы күш­тер ара­сын­да бай­ла­ныс­ орнату жө­нін­де қауіпті де жауапты мін­дет­тер­ жүк­теледі. О­лар­ М. Шоқай­ды елдегі жағ­дай­мен­, Ә. Бө­кей­ха­нов­, А. Б­айт­ұрсы­нов­, М. Дула­тов­, Х. Дос­мұхаме­дов­, Ж. Досмұхамедов­, Мүнәуар Қари, У. Қожаев, С. Қожа­нов­ты “Түр­кі­стан Ұлт­тық­ Бір­лігі” ұйымы­ның­ қыз­меті­мен­ та­ныс­тырады.

Ғ. Бі­рім­жа­нов­ Гер­ма­нияға бар­ған бой­да С. Қожа­нов­қа хат­ жол­дап, “Мұстафа өте на­шар­ тұрады, сту­ден­т-п­рак­тикант­тар­ о­ған­ кө­мек­тескісі келеді, бі­рақ­ ол о­дан­ бас­ тарт­ты және “бұ­л ақша өздеріңе ке­рек­ болады, өйт­кені алда көп­ іс­тер­ кү­тіп­ тұ­р” де­ген­ді айт­ты” [27] деп­ ха­бар­лайды. Ға­зым­бек­тің­ А­лаш­ қоз­ғалысы­ның­ таны­мал­ қай­рат­кер е­кен­дігі бұ­рын­нан-ақ бел­гілі бола­тын­. С. Сей­фул­лин­нің­ 1937 жылы өзі­нің­ Н. Төреқұ­лов­пен қа­рым­-қатынасы жө­нін­де Л. Мир­зоянға жаз­ған ха­тын­да “Ә­зім­бек Бі­рім­жа­нов­ Бө­кей­ха­нов­пен бір­ге аты шулы Ала­шор­да үндеуіне қол­ қой­ған­ А­лаш­ пар­тиясы Орта­лық­ комитеті­нің­ белгілі мүшесі бол­ған” [28] дей­ді.

Ғ. Бі­рім­жа­нов­ А­лаш­ бас­шылары­ның­ бір­неше жауапты тап­сырмала­рын­ орын­дайды. 1929 жыл­дың 1 шіл­де­сін­де Алматыда Ә. Бай­диль­ди­н ОГПУ өкілдігі шы­ғыс­ бөлімі­нің­ бас­тығына бер­ген жауа­бын­да 1922 жылы Ә. Бөкейханов­тың Ғ. Бі­рім­жа­нов­қа ол арқылы жа­бық­ хат­ жі­бер­ге­нін­, о­ның­ ойынша, хат­та Ке­ңес­ өкіметіне қар­сы­лық­ әре­кет­терді ұйым­дас­тыру туралы айтыл­ға­нын­ [29] көр­сетеді. Мұс­тафа студент­тер­ жет­кіз­ген­ бас­па­сөз­ден Орынборда 1924 жыл­дың 12–18 маусы­мын­да қа­зақ­ және қыр­ғыз интеллигенциясы­ның­ бі­рін­ші съезі өт­кен­ді­гін­ естиді, ол жө­нін­де А. Байтұрсынов­тың Ға­зым­бек Бі­рім­жа­нов­ арқылы жі­бер­ген хаты­нан­ да хабардар болады. Съезге Ә. Бө­кей­ха­нов­, Н. Төреқұ­лов­, Х. Дос­мұхаме­дов­, М. Әуе­зов­, М. Дула­тов­, С. Сей­фул­лин, қыр­ғыз қай­рат­кері К. Арабаев қатысады. А. Б­айт­ұрсы­нов­тың қыс­қа қайы­рыл­ған ха­тын­да: “Бар­лық­тары­ңа бәрі­міз­ден сәлем­” [30] делінеді.

Валиди “бұ­л біз­ге жет­кен бі­рін­ші сә­лем­ хат­ еді” дей­ді, бі­рақ­ ол М. Шоқай­дың­ о­ған­ дейін де Түр­кі­стан­мен­ ас­тыр­тын түр­де ха­бар­ла­сып­ тұратынын­ біл­мейт­ін­. Гер­ма­ниядағы түр­кі­стан­дық студент­тер­ді бақылауға алған­ ке­ңес­ елшілігі­нің­ ха­бар­ла­рын­да Ғ. Бі­рім­жа­нов­пен бір­ге Ла­пин-Мұңайтпасов­тың есімі де аталады және ол С. Қожа­нов­тың “қай­нысы” деп­ көрсетіледі. Әңгіме Ла­пин­ Мұң­айт­пас­тың­ баласы Әбді­рах­ман (Ла­пин­нің немересі) туралы е­кен­дігі, ал о­ның­ С. Қожановқа “бал­дыз” бо­лып­ келе­тін­дігі, Сұл­тан­бек­тің­ ол арқылы М. Шо­қай­дың­ а­ман­дық-саулы­ғын­ бі­ліп­ тұр­ғандығы мә­лім­. Әбді­рах­ман 1920 жылы Түр­кі­станда сыр­бой­лық­ жа­лай­ыр Са­дық­ Өтегенов­тің қызы Сараға үйленеді. Айна­лып­ кел­генде, бұ­лар­дың бар­лығы да (Қ. Қожы­қов­, С. Өтеге­нов­, С. Ас­фен­дия­ров­, Ла­пин­дер) М. Шо­қай­мен­ көп­тен бері та­ныс­ а­дам­дар бола­тын­. Әбді­рах­ман – Орта Азия мем­ле­кет­тік университеті­нің­ тұң­ғыш түлегі, ол бұ­л оқу ор­нын­ Ғ. Бі­рім­жа­нов­, Ес­кен­дір Мангел­дин, Мұс­тафа Бө­кей­ха­нов­, Сү­лей­мен­ Есқараев­тар­мен бір­ге бітіреді [31]. Қа­зақ­ зиялылары М. Шо­қай­мен­ шет­ ел­дер­ге ісса­пар­лар­мен­ бар­ған се­нім­ді адам­дар арқылы да ха­бар­ла­сып­ отырады. Әміре Қашаубаев­тың­ 1925 жылы Париж­де бол­ған ке­зін­де М. Шо­қай­мен­ кез­десуі және осы­ған­ бай­ла­ныс­ты о­ның­ ОГПУ-де жауапқа алынуы о­қыр­ман­дар­ға жақ­сы мә­лім­. Бі­рақ­ со­ның­ ал­дын­да Әміре­нің­ Мәс­кеуде Ә. Бө­кей­ха­нов­пен кез­десуі жө­нін­де айт­ыла бер­мейді. 1925 жыл­дың 23 маусы­мын­да Ә. Бө­кей­ха­нов­ А. Б­айт­ұрсы­нов­қа хат­ жол­дап, онда Париж­ге жү­рер­ ал­дын­да Әміре­нің­ ән мәтініне, ұлт­тық­ киім киюіне мән­ беру жө­нін­де пікі­рін­ айт­ады, дауысына қош­тау біл­діреді [32].

Ә. Қашаубаев 1927 жыл­дың мамы­рын­да Гер­ма­ния­ның­ Май­н­дағы Франкфур­т қала­сын­да өт­кен­ Халықара­лық­ музыка­лық­ көр­меде ұйымдастырылған эт­ног­рафия­лық­ кон­церт­ке де қатысады.

А­тақ­ты әнші­нің­ осы са­пар­ла­рын­да Ә. Бө­кей­ха­нов­ пен­ А. Б­ай­т­ұрсы­нов­тың М. Шо­қай­ға хат­-ха­бар­ жол­дамауы мүм­кін е­мес­, Па­риж­ден о­рал­ған бой­да Ә. Қашаубаев Қызы­лор­дада бо­лып­, А. Б­айт­ұрсы­нов­ пен­ М. Дула­тов­қа М. Шоқайдың­ сәле­мін­ жет­кізеді.

Қа­зақ­ зиялылары­ның­ Па­риж­дегі жол­дастары­ның­ тағ­дыр-та­ла­й­ына үл­кен­ а­лаң­даушы­лық­ біл­діргеніне 2007 жыл­дың ма­мыр­ айында Нар­шоқы мен­ “1 мамыр­” ауы­лын­да Мұс­тафа­ның­ туыстары­мен­ сөй­лес­кен кезі­міз­де де көзі­міз­ жет­ті. Мұс­тафа­ның­ не­мере­ ағасы Ә­ліш­тің (Әлмұха­мед­) қыс­тауы Нар­шоқыда бол­ғаны­мен­, күз­деуді қа­зір­гі “1 ма­мыр­” ауы­лын­дағы Ға­ни ақса­қал­дың қа­зір­гі үйі ма­ңай­ында өткізеді. Ол жер­ден жар­ты шақы­рым­дай жер­де Ә­ліш­тің кірпіштен­ сал­ған үйі болады. Онда Мұс­тафа­ның­ інісі Нұр­таза, кейін Палымбеттің­ ұлы Кен­же­ғұ­л тұрады. Мұны Қа­лым­бе­тов­ Ой­дан­ рас­тайды. Ға­ни мен­ Ой­дан­ ақса­қал­дар­дың­ айт­уынша 1927 жыл­ғы кү­з айлары­ның­ бі­рін­де марқұм Ә­ліш­тің үйіне Мұс­тафа­ның­ хаба­рын­ біл­гелі М. Дула­тов,­ А. Байтұрсынов­, М. Жұмабаев, Ж. Аймауы­тов­ келеді, шай­ іші­ліп­ бол­ған­нан­ кейін Па­лым­бетұлы Кен­же­ғұл­ды, Нұр­таза Шо­қай­ды ер­тіп­ о­лар­ көл­ге құ­с атуға барады.

Сұх­бат­кер­лер­ қа­зақ­ зиялылары­ның­ мұ­нан­ бұ­рын­ Нар­шоқыдағы Ә­ліш­ тамын­да бол­ғанда­рын­, онда да Мұс­тафа­ның­ а­ман­-саулы­ғын­ сұ­рас­тырға­нын­ айт­ады. Қызы­лор­даға бар­ған ке­зін­де Нұр­тазаға Ұ. Құ­лым­бе­тов­тің за­ман­ ағымынан­ ха­бар­ бер­ген­дей­ бо­лып­, “Мен­ бар­да сен­дерге көп­ зә­бір­лік көр­сетіле қой­мас­, ал біз­ден соң­ қай­дан­ бі­лейін” де­ген­ ес­кер­туі де ел ау­зын­да. Бұ­л жағдайлар­дан қа­зақ­ зиялылары­ның­ қиын-қыс­тау ке­зең­дерде бір­-біріне іш­тар­та, сый­лас­тық­пен­ қарағаны, “өкпеге қиса да, ө­лім­ге қимағаны”, о­лар­дың Ке­ңес­ өкіметі жа­ғын­да жүр­гендері де Мұс­тафаға ілти­пат­ көр­сеткені бай­қалады. А. Байт­ұрсы­нов­, Ә. Бө­кей­ха­нов­, М. Дула­тов­ пен­ М. Жұмабаев­тың­ Мұс­тафа­ның­ туыстарына із­деп­ баруы көз­сіз ер­лік­тің бел­гісі еді.

Бі­раз­ үзі­ліс­тер­ден­ кейін Мұс­тафамен Ис­кан­дер Көп­жаса­ров­ бай­ла­ныс­қа шығады. 1930 жыл­дың 26 ақпа­нын­да Мұс­тафаға жол­да­ған­ құпия ха­тын­да Искан­дер ха­бар­ласа алмауы­ның­ се­беп­тері­н біл­діреді. Хат­та о­ның­ бұрыны­рақ­ кез­де Түр­кі­стандағы ұлт­тық­ ұйым­дар­дың бі­рін­де жұ­мыс­ істегені а­нық­ көрінеді. Кейін бі­раз­ жыл­дар Гер­ман­-Ау­ған­ сауда ком­па­ния­сын­да жұ­мыс­ іс­тей­ді. Ол жақ­қа бой­ таса­лап­ кет­кені, әлде Ке­ңес­ өкіметі­нің­ қу­ғын­дауына ұшы­рап­, Түркістан­нан­ қол­ үзуге мәж­бүр бол­ғаны бел­гі­сіз­деу. Тек­ ав­тор­ бы­лай­ деп­ хабар­лайды: “Көп­те­ген­ ас­тыр­тын ұйым­дар­ мен­ “үйірме­лер­дің” тарихы­нан­ барлық жағ­дайда да жұ­мыс­ты дұ­рыс­ ба­ғыт­тауға қа­жет­ті а­мал­-айла табылатынын­ жақ­сы біле­міз­. Қа­зір­гі кез­де мұн­да (КСРО-да) он­дай­ мүмкіндіктерді біл­мей­сің­, тіп­ті, ол жө­нін­де ойла­май­сың­ да. Тек­ осы жолы ғана сіз­ге Ауған­стан­ арқылы ке­тіп­ бара жат­қан Гер­ман­-Ау­ған­ сауда компаниясындағы қыз­меттесі­ммен­ хат­ жол­дауға жағ­дай туды.

Бір­-екі ауыз сөз­ ө­зім­ жө­нін­де. Көп­ жыл­дар бой­ы Отаны­мыз­дың игілі­гін­ бәрі­нен­ қым­бат көре­тін­ үйірме­ден­ қол­ ү­зіп­ қал­дым, енді қа­лай­, кім­мен байланысуды біл­мей­мін­. Сіз­дің­ Түр­кі­станға шек­сіз сүйіс­пен­шілігі­ңіз­ және ол үшін­ қан­ша құр­бан­дық­қа бар­ғаны­ңыз­ды жақ­сы біле­тін­ мені де есі­ңіз­ге алы­ңыз­” [33].

Ис­кан­дер­дің­ “үйірме” деп­ о­тыр­ғаны “Шуро-и-Исламия” ұйымы, не болмаса Түр­кі­стан өлкесі мұ­сыл­мандары­ның­ орта­лық­ кеңесі болуы тиіс. Хат­ мәтіні­нен­ о­ның­ рухы­ның­ жасыма­ған­дығы, кү­рес­ті жал­ғастыруға ә­зір­лігі аңғарылады. Ол саяси сауаты мол­, қа­зақ­ зиялылары­мен­ қа­рым­-қаты­нас­та болған, елдегі оқиға­лар­ға өз көз­қарасы бар­ тұл­ға ре­тін­де бай­қалады. “Аса құрметті Мұс­тафа аға! Қа­зір­гі уа­қыт­тағы жағ­дай тұ­ран­дыққа лай­ықты жұ­мыс­ жасау түгілі, біреу­мен­ өз ойың­мен­ бөлі­сіп­ кеңесуге де мүм­кін­дік­ бер­мейді” деп­, елдегі ахуалға дәл­ме-дәл­ баға береді.

Ис­кан­дер мұ­сыл­ман зиялылары­ның­ тағ­дыр-та­лайы­нан­ да жақ­сы хабардар. О­ның­ мағ­лұ­мат­тары бой­ынша: М. Ты­ныш­паев Қазақ­стан­ға кө­шіп­ кет­кен, е­гер­ “те­мір­жол инженері” де­ген­ ма­ман­дығы бол­ма­ған­да ол да шеттетіліп­ қала­тын­ еді; Дү­сей­ Ибраги­мов­ та Қазақ­стан­да, “ұ­зын­құ­лақ­” хабарларда адвокатура­мен­ ас­тыр­тын айналыса­тын­ көрінеді; Таш­пұ­лат­ Нарбутабе­ков­ Фай­зол­лада (Қожаев. – К. Е.) ке­ңес­ші-заң­гер бо­лып­ қыз­мет істейді; ол 1925 жылы БК (б)П қатарына өт­пек­ші бол­ған, бі­рақ­ Фай­зол­ла­ның­ ке­піл­дігіне қара­ма­стан, о­дан­ ештеңе шық­па­ған­. Ис­кан­дер “соң­ғы кез­де Орта Азия бой­ынша мұ­сыл­ман зиялыла­рын­ың жап­пай қамауға алы­нып­ жа­тқа­нын­”, о­ның­ ұ­зын­ саны алты жүз­ге жет­ке­нін­, Таш­кент­тің­ өзі­нен­ бір­ мың­ға та­ман­ адамның ұс­тал­ға­нын­ ха­бар­лайды. Яғ­ни Ис­кан­дер “Түр­кі­стан – на­ғыз­ ө­лім­ дәлізі” де­ген­ В. Чай­кин­нің се­гіз­ жыл­ бұ­рын­ғы ха­тын­да айт­ыл­ған метафораға жаңа нақ­тылы дә­лел­дер кел­тіреді.

Ис­кан­дер осы­ған­ қара­ма­стан мұ­сыл­ман зиялылары­ның­ бей­сая­сат­тық ұстанымына ре­ніш­ біл­діреді; “қо­ғам­дық жауыз­дық­ жа­й­ында о­лар­дың еш түсінігі жоқ­, жай­ бой­күйез­дер­ ре­тін­де ө­мір­ сүреді”, ме­нің­ ме­кен­жай­ымды Лейп­циг­тегі сауда өкілі­нен­ бі­лер­сіз деп­ ха­тын­ аяқ­тай­ды.

Жал­пы ал­ған­да 20-жыл­дар­дың­ аяқ кезіне қа­рай­ М. Шо­қай­дың­ ел­мен­ байланысы си­рей­ді, о­ған­ Түр­кияға, Ф­ран­ция немесе Гер­ма­нияға бара жат­қан адам­дар арқылы жібе­ріл­ген хат­-ха­бар­лар ғана жетеді. Осы жағ­дайды сез­ген Мұс­тафа туыстары­ның­ а­ман­дық-саулы­ғын­ білу ү­шін­ ара а­ғайын­дар­дың таныстары­ның­ көмегіне жүгінеді. Со­лар­дың бірі Қызы­лор­да қала­сын­да (Мұратбаев көшесі, 2-үй) тұра­тын­ Мұхамедәлі Ғази­зов­ де­ген­ аза­мат болғанға ұқ­сай­ды. Ол а­дам­мен қа­лай­ бай­ла­ныс­қа түсуді 1927 жылы 3 ма­мыр­да Ташкентте ФЗУ-да о­қып­ жүр­ген туыс­тас­ інісі Дабы­лов­ Бай­дау­лет­ке жаз­ған хатын­да тү­сін­діре оты­рып­, “се­нің­ Таш­кен­т пен­ Мәс­кеу­ден­ жаз­ған хат­та­рың­ды ал­дым­. Жа­қын­ арада Ле­нинг­рад­тан се­нің­ атыңа 40 сом­ ақша аударылады, осы ақшаны жаңағы аза­мат­тың ме­кенжай­ына Нұр­тазаға беруін сұ­рап­ са­лып­ жіберер­сің” [34] де­ген­ өті­ніш­ біл­діреді. Мұ­ның­ өзі М. Шо­қай­дың­ Мәс­кеу мен­ Ле­нинг­рад­ қалала­рын­да да бай­ланы­сып­ тұр­ған а­дам­дары­ның­ бол­ға­нын­ меңзейді. Бай­дау­лет­ оқуын 1928 жыл­дың мамы­рын­да бітіреді, бі­рақ­ М. Шоқаймен­ жа­зыс­қан хат­тары ОГПУ-ге бел­гілі бо­лып­ қалады да, кейін бұ­л ор­ган­ тарапы­нан­ қу­ғын­дауға түседі. Осы­ған­ бай­ла­ныс­ты Мұс­тафа­ның­ Байдаулет­пен де, Нұр­таза­мен­ де бай­ла­ныс­тары үзіледі.

20-жыл­дар­дың­ аяғы мен­ 30-жыл­дар­дың­ ба­сын­да “М. Шо­қай­мен­ байланыс­тылығы” де­ген­ айып тағушы­лық­ нау­қан­ Қазақ­стан­ мен­ Өзбек­стан­ды тү­гел­ қам­тиды. Өзбек­стан­ жоғарғы соты­ның­ төрағасы Сағи­дол­ла Қасы­мов­қа сот­ бары­сын­да ше­тел­ге бар­ған сапары­нан­ Түр­кі­стан­ның­ жер­гі­лік­ті ұлт­шыл­ ұйымдарына М. Шо­қай­дан­ нұс­қау ә­кел­ді [35] де­ген­ кінә тағылады.

Бара-бара бұ­л нау­қан­ трагикомедия­лық­, тағы­лық­ си­пат­ алады. Тіп­ті мал­ із­деп­ Нар­шоқы жақ­тан келе жат­қан а­дам­дарға дейін тұт­қынға алынады. 1930 жылы Бә­кір­дің (Мұс­тафа­ның­ немерелес туысы) әйелі о­сын­дай жағ­дай­мен­ қырқына тол­ма­ған­ Сей­дуәлі де­ген­ ұлы­мен­ он кү­н түр­меде отырады. Бә­кір­дің ұлы Ға­ни­дың­ ай­т­уынша, бұ­л іске де қа­зақ­ зиялылары арала­сып­, құты­лып­ шығуына қол­ ұ­шын­ береді.

Бұ­рын­ғы кез­де бақуатты ө­мір­ сү­ріп­, ел-жұрт­тың­ бір­лігіне ұйытқы бол­ған Шо­қай­ әулеті­нің­ берекеті кетеді. Ше­тел­де жү­ріп­, Мұс­тафа ағасы Ә­ліш­тің, інісі Нұр­таза­ның­ қаза­сын­ естиді.

А­ғай­ындары Ә­ліш­тің Мұс­тафаны өз қам­қорлы­ғын­да өсі­ріп­, о­ған­ үл­кен­ үміт­ арт­қа­нын­ айт­ады. Ол 1918 жыл­дың нау­рыз­ айын­да Таш­кент­те жасыры­нып­ жүр­ген Мұс­тафаны із­деп­ кел­ген де бола­тын­.

Сол­ жылы сәуір айында Самарада бола­тын­ Құ­рыл­тай жиналысы мүшелері­нің­ жиналысына пой­ыз­бен­ ке­тіп­ бара жат­қан Мұс­тафаны Сұлутөбе беке­тін­де Ә­ліш­ қар­сы а­лып­, оны Қазалыға дейін шыға­рып­ салады. Ға­ни ақсақал­дың айт­уынша (әкесі Бә­кір­ден естігені) аяулы інісі­нің­ тағ­ды­рын­ ой­лап­ құса бол­ған Ә­ліш­ қайт­ып­ о­рал­ған­нан­ кейін бі­рер­ жыл­дан кейін ө­мір­ден озады.

Мұс­тафа туыстары мен жерлестерінің ауызекі әңгімеле­рін­дегі бұ­л жайттар­ Мария Шо­қай­дың­ есте­лік­те­рін­де кел­тіріле­тін­ мағ­лұ­мат­тар­мен­ расталады. О­лар­дың бі­рін­де “1918 жыл­дың 1 сәуі­рін­де Мұс­тафаға бауыры келіп­, жолығы­сып­ кетеді” де­лін­се, е­кін­ші­сін­де “Ол 45 жа­сын­да дү­ние­ден­ қайтты. Өзі­мен­ бір­ге 16 жа­сар­ жі­гіт­ бала­сын­ да ала кет­ті. Баласы өте қабі­лет­ті, о­рыс­ ті­лін­ же­тік­ біле­тін­ еді” [36] дей­ді. 1931 жыл­дың қаң­та­рын­да, 1932 жылдың 17 тамы­зын­да ОГПУ-дің­ өкі­лет­ті ө­кіл­дігі е­рек­ше бө­лім­нің бас­тығы Се­вер­гинге бе­ріл­ген нұс­қаула­рын­да Таш­кен­т, Қызы­лор­да және Алматы қалаларын­дағы қа­зақ­ зиялылары­ның ­ғана е­мес­, М. Шо­қай­дың­ туыстары­­ және дос­тары Есе­нов­ Жора­бек­, 1918–1920 жыл­дары Т. Рыс­құ­лов­ және С. Қожановтар­мен­ бір­ге қыз­мет істе­ген­ Құл­та­сов­ Фа­зыл­бек­пен­ бай­ла­ныс­та­рын­ а­нық­тау тап­сырылады. М. Шо­қай­мен­ бай­ланысы бар­-ау де­ген­ ұлт зиялылары да, інісі Нұр­таза және бас­қа да туыстары мен­ жа­қын­ жұра­ғат­тары да тү­гел­ге жуық тұт­қында­лып­, 30-жыл­дар­дың­ құр­баны болады.

Ел­ден­ ке­ліп­ тұр­ған хат­-ха­бар­лар Мұс­тафаға бой­ына қуат, ойына ша­быт­ береді, де­ген­мен о­ның­ шы­ғар­машы­лық­ жұмысы­ның­ бас­ты де­рек­көзі Ке­ңес­ Одағы­ның­ рес­ми басы­лым­дары мен­ әдебиеттері бол­ды. Оны қа­жет­ті ақпаратпен жүйелі түр­де ІІ дү­ниежүзі­лік­ со­ғыс­қа дейін кім­дер­дің­ және қан­дай жол­дар­мен­ қам­тама­сыз­ е­тіп­ тұр­ғаны жө­нін­дегі құпия­ның­ беті әлі а­шыл­ған жоқ­. Жал­пы ал­ған­да КСРО-дағы саяси ахуал­мен­ жете та­ныс­тығы, о­ның­ құрамындағы тү­рік­ ха­лық­тары­ның­ тарихы мен­ мәде­ниеті­нен­ жан­-жақ­ты құлағдар болуы ел­мен­ бай­ла­ныс­тыр­ған­ тін­дер­дің­ мүл­дем үзі­ліп­ қал­ма­ған­ды­ғын­ көр­сетеді. 30-жыл­дары ста­лин­дік қу­ғын­-сүр­гін­нің­ кү­шей­ген­ кезе­ңін­де Мұстафа­ның­ ел­мен­ бай­ланысы Қы­тай­дағы, Үн­ді­стан мен­ Ауған­стан­дағы астыр­тын жол­дар арқылы жүр­гізіледі [37].

М. Шо­қай­дың­ Орта Азия рес­публикалары мен Қазақ­стан­дағы ұлт қайраткерлері­мен­, ұлт­тық­ ұйым­дар­мен бай­ла­ныс­та­рын­ то­лық­ а­нық­тау қиынға соғады. Себебі о­ның­ бұ­л ба­ғыт­тағы әре­кет­тері, “Түр­кі­стан Ұлт­тық­ Бір­лігі” ұйымы­ның­ қыз­меті құпия жағ­дайда жүр­гізіледі. Ол да, Мұс­тафа­ның­ Шы­ғыс­ Түр­кі­стандағы, Ауған­стан­, И­ран­ елде­рін­де тұ­рып­ жат­қан өз­бек­, қа­зақ­, түрікмен, тә­жік­, қыр­ғыз мұға­жыр­лары ара­сын­дағы ұйым­дас­тырушы­лық­ жұмыс­тары да қа­ғаз­ бетіне түсіріле бер­мейді. Орта Азия рес­публикала­рын­дағы бел­гі­сіз­ а­дам­дарға бүр­кемеле­ніп­ жа­зыл­ған хат­тар­дан­ Мұс­тафа­ның­ бас­қа да адам­дар­мен­ ха­бар­ла­сып­ тұр­ғаны ғана бай­қалады. 1931 жыл­дың 20 ақпа­нын­да Мұс­тафа өзі­мен­ пі­кір­лес бір­ а­дам­ға жол­да­ған­ ха­тын­да “өзі­міз­дің Теве туралы жа­зып­ о­тыр­мын” [38] дей­ді. Хат­та Теве­нің­ жер­гі­лік­ті жер­де өте се­нім­ді адамдар­мен­ бай­ла­ныс­ ор­нат­қаны, о­лар­дың өз та­рап­та­рын­да Мұс­тафа­ның­ сондағы а­дам­дарына Түр­кі­стан Ұлт­тық­ Бір­лігі­нің­ ше­шім­де­рін­ жет­кізу ке­рек­тігі жө­нін­де айт­ылады. “Осын­дағы жұмысы­мыз­ бас­тал­ған­нан бері бұ­л біз­дің алғаш­қы се­нім­ді де тірі бай­ланысы­мыз­ бол­ды. Біз­дер­ ондағы а­дам­дар­дың­ көңіл­-күйін, жағ­дайлары мен­ мүм­кін­дік­те­рін­ та­нып­-біле бас­та­дық­” дей­ді М. Шо­қай­.

Ел­мен­ бай­ла­ныс­тары­ның­ жол­ға қой­ылуы М. Шо­қай­ жұ­мыс­тары­ның­ басты ба­ғыт­тары­ның­ бі­рін­ құ­рай­ды және тәуел­сіз­дік үшін­ саяси кү­рес­ тұжырымдамасы­ның­ негі­зін­ қа­лай­ды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет