Р. М. Таштемханова Мұстафа Шоқайдың тарихи бейнесі



бет6/28
Дата12.07.2016
өлшемі2.81 Mb.
#194577
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Бақылау сұрақтары
Автономия идеясының ықпалында
1 Жәдиттік қозғалыс қандай мақсаттарды көздеді?

2 М. Шоқай жәдиттік қозғалысқа қарасты қандай көзқараста болды?

3 М. Шоқай дінге қарасты қандай ұстанымда болды?

4 «Шуро-и-Исламия» өкілдерінің бүкіл түркістанды қамтитын ұйымды құру үміттері неліктен жүзеге аспай қалды?

5 1917 жылдың басында Түркістан халықтарыныңавтономиясы мәселесе қалайша өрбіді?

6 1917 жылы Ташкентте өткен Түркістан мұсылмандарының бірінші құрылтайының нәтижелері қандай болды?

7 1917 жылы Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылмандардың бірінші құрылтайының барысына сипаттама беріңіз.

8 М. Шоқайдың аумақтық автономияны жақтайтыны туралы бірден ашық мәлімдеме жасамағаны неліктен?


Ұлттық қозғалысқа басшылығы
9 Түркістанның саяси күштері арасында іріткі салған Шуро-и-Исламия ұйымын сипаттаңыз.

10 1917 жылдың күзіне қарай түркістан аумағындағы большевиктік қозғалысының күшейе түсуін сипаттаңыз.

11 Түркістан өлкесі Қазан оқиғаларын қалайша қарсы алды?
Түркістан Мұхтариаты
12 Кеңес үкімітінің Түркістанда орнатылуына қарасты жергілікті халық қандай көзқарасты болды?

13 1917 жылы 25 қарашада өткен Өлкелік мұсылман кеңесінде, Түркістанды бірден тәуелсіз мемлекет деп жариялауға қарсы болуын Мұстафа Шоқай қалайша түсіндіреді?

14 Түркістан өлкесінің «Казак әскерлерінің, Кавказ таулылықтары мен Дала еркін халықтарының Оңтүстік-Шығыс Одағына» қосылуы мәселесі қалайша шешілді?

15 Түркістан Мұхтариатының жариялануыны жергілікті халықтар қалайша қарсы алды?

16 1918 жылы 6 – 9 қаңтарда Түркістан қаласында өткен Сырдария облысының съезі қандай шешімдерді қабылдады?

17 Түркістандағы үкімет басына келгендегі М. Шоқайдың алғашқы қадамдарын сипаттаңыз.

18 1918 жылы 19 қаңтарда Қызыл гвардияның Орынборды алып, Түркістан мен Мәскеу арасында байланыс орнатылуы қандай өзгерістердің бастамасы болды?

19 1918 жылдың ақпан айындағы большевиктердің Қоқан қаласындағы іс-қимылдарын сипаттаңыз.



3 Түркістаннан Парижге
Алғысөз
Тарауда Түркістан Мұхтарияты жойылғаннан кейінгі жағдай, сол кездегі М. Шоқайдың қоғамдық өмірі сипатталады. Тарау 3 бөлімнен тұрады:

1) Құрылтай жиналысы: үміт пен елес;

2) Жолайрығында;

3) Мұғажырлық өмірдің басталуы.

Тарауда М. Шоқайды большевиктер қолға түсіруді ойластырғаны жайлы баяндалады. Алайда оның жеке басының қауіпсіздігінен гөрі тәуелсіздік үшін күрестің жаңа жағдайға сәйкес формалары мен әдістері, астыртын ұйымдармен байланыс орнату, автономиялық үкімет мүшелерінің тағдыры, талан-таражға түскен ел тағдыры көбірек мазалағаны байқалады.

Тараудың бірінші бөлімін меңгеру үшін мынандай мәселелерге аса көңіл аудару қажет: Мұстафа Шоқайдың елінен өзге жерге кетуге мәжбүрлігін, Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сенімі, Ақпан төңкерісі кезінде Ә.Бөкейхановпен бірге кадеттер партиясының мүшелігінде болу себебін, «Ойыл Уәлаяты» уақытша үкіметіне, Уфа кеңесіне, аумақтық автономия құруға қатысты ұстанымын және т.б. ұлт мәселесіне деген оның ұстанымын терең түсіне білген жөн.

Екінші бөлімнің мазмұнын жете түсіну үшін мынандай мәселелерге көңіл аударған жөн: М. Шоқайдың басмашылар қозғалысына деген, Бұхара мен Орыс үкіметі арасындағы «достық» келісімене деген көзқарасын, ұлттық тәуелсіздік жолындағы күресті өз елінен шет жерде болса да, қандай іс-шаралар қолданғанын анықтау керек.

Үшінші бөлімнің мағынасын дұрыс меңгеру мақсатымен мынандай мәселелерге назар аудару қажет: Шоқайдың елден эмиграцияға біржолата кету жайлы жансақ пікірлердің жалғандығына, оның коммунизм идеяларын мүлдем қабылдамауына, үкімет тарапынан Мұстафаның елге оралу мәселесінің қойылуына, оның дипломатиялық келіссөздер жүргізуін түсіне білген жөн. Сонымен бірге бұл бөлімде Кеңес өкіметінің Түркістан мен қазақ жеріндегі саясатының Шығыс елдерінің барлығына өзін-өзі билеу құқы берілгендігі туралы насихаттарының жалғандығын, қуғын-сүргін, ашаршылық, өнеркәсіптің құлдырауы салдарынан бір жарым миллион мұсылмандардың құрбан болғаны жөнінде баяндалады.

Жалпы осы тарауда Мұстафа Шоқай түрікшілдікке де, исламшылдыққа да бой ұрмайтын, зайырлы, демократиялық мемлекет құруды жақтайтын қайраткер ретінде көрінгені жайлы сипатталады.
3.1 Құ­рыл­тай жиналысы: ү­міт­ пен­ е­лес­

Түр­кі­стан Мұх­тария­тын­ жой­ған­нан кейін боль­ше­вик­тер
М. Шо­­қай­ды қол­ға түсіруді ой­лас­тырады. А­лай­да оны жеке басы­ның­ қауіпсіздігі­нен­ гөрі тәуел­сіз­дік ү­шін­ кү­рес­тің жаңа жағ­дайға сәй­кес­ фор­малары мен­ әдіс­тері, ас­тыр­тын ұйым­дар­мен бай­ла­ныс­ орнату, автономия­лық­ үкі­мет­ мүшелері­нің­ тағ­дыры, та­лан­-та­раж­ға түс­кен ел тағ­дыры көбі­рек­ маза­лай­ды. Ең алды­мен­ ол 1918 жылы 4 (11) ақ­пан­да “Бір­лік­ туы” газе­тін­де Мұх­тарият­тың­ құлауы мен о­ның­ се­беп­те­рін­ тү­сін­ді­ріп­ мақала жария­лай­ды. Мұ­ның­ өзі М. Шоқай­дың­ ха­лық­ ал­дын­дағы жауап­кер­шілі­гін­ та­ныт­қан, бұдан ілгергі мақсат-мұра­тын­ а­нық­та­ған­, жол­дастарына рух­ бер­ген ма­ңыз­ды құ­жат­ еді. Соны­мен­ бір­ге онда боль­ше­вик­тер­дің­ ұлт­тар­дың ө­зін­-өзі билеу құқығы жөніндегі ұ­ран­дары­ның­ жал­ғандығы көр­сетіледі.

Мұс­тафа бой­ таса­лап­ жы­рақ­та көп­ жүре ал­май­ды, Ер­гаш­тың тұт­қыны­нан­ боса­ған­нан кейін ас­тыр­тын түр­де Таш­кент­ке келеді. Онда Мұс­тафа большевиктер тың­шылары­нан­ жасырына жү­ріп­, ұлт-а­зат­тық қоз­ғалысы жетекшілері­мен­ кез­деседі, о­лар­мен кү­рес­ті жал­ғастыру­дың­ мүм­кін­дік­тері мен­ болашағы, ел­дің­ і­шін­де және о­дан­ тыс­ жер­лер­ден­ қан­дай кө­мек­ алуға болатындығы туралы мәселе­лер­ді тал­қы­лай­ды. Осы ке­ліс­сөз­дер­ бары­сын­да М. Шо­­қай­дың­ О­рын­бор мен­ Омбы банк­те­рін­дегі Түр­кі­станға тиесілі қар­жыны ше­тел­ге ауда­рып­, Америка Құрама Ш­тат­тарына кетуі жө­нін­де ұйға­рыл­ғанға ұқсай­ды. Мұ­ның­ ө­зін­дік себебі бар­ еді. Сол­ ке­зең­де боль­ше­вик­терге қар­сы күш­тер­дің­ көп­шілігіне бұ­л елді ең де­мок­ратия­шыл­, о­зық­ мем­ле­кет­ деп е­сеп­теп, о­дан­ әскери және саяси кө­мек­ күту тән­ еді. М. Шо­қай­дың­ Құрама Ш­тат­тарға сапары осы мақ­сат-мүд­де­ден­ туында­ған­ деуге не­гіз­ бар­.

Де­ген­мен М. Шо­қай А­лаш­ және бас­қа да ұлт қай­рат­керлері се­кіл­ді, тәуелсіз­дікке қол­ жет­кізу­дің­ бас­ты жо­лын­ Бү­кілре­сей­лік­ Құ­рыл­тай жиналысымен­ бай­ла­ныс­тырады [1].

Құ­рыл­тайда көп­ші­лік­тің боль­ше­вик­терді қол­да­майт­ын­дығы а­нық­ еді. Оған­ сай­лау нәтиже­сін­де “А­лаш­” пар­тиясы Тор­ғай округі бой­ынша – 75,0 (282 мың­нан 211 дауыс), Се­мей­ облы­сын­да – 85,8 %, Жетісу окру­гін­де А­лаш­ пен­ казак­-о­рыс­ одағы – 52,8% дауыс жи­най­ды [2].

Құ­рыл­тай сай­лауы­ның­ ақ­тық­ санау қоры­тын­дыла­рын­ а­нық­тау 1918 жылдың нау­рыз­ айына дейін созылады.

1918 жыл­дың 5 қаң­та­рын­да өт­кен­ жал­ғыз отыры­сын­да Құ­рыл­тай жиналысы Ре­сей­ді федера­тив­тік рес­публика деп жариялау туралы заң­ қа­был­дап үлгереді.

Қа­зан­ төң­керісі нәтиже­сін­де өкі­мет­ басына кел­ген боль­ше­вик­тер Құрылтай жиналы­сын­ мой­ында­май­ды. 5 қаң­тар күні Санк­т-Пе­тер­бург­те “Барлық­ би­лік­ Құ­рыл­тай жиналысына бе­ріл­сін!” де­ген­ ұ­ран­мен көшеге шық­қан ха­лық­қа о­лар­ кү­ш қол­данады да, келесі күні Құ­рыл­тай жиналы­сын­ тара­тып­ жібереді.

Осы­ған­ қара­ма­стан М. Шо­қай­ Құ­рыл­тай жиналы­сын­ қайт­а шақыру арқылы заң­ды өкі­мет­ билі­гін­ орнату саяса­тын­ ұстанады. Заң­гер­ ре­тін­де Мұстафа Құ­рыл­тай жиналысы­ның­ жоғары өкі­лет­тік ор­ган­ е­кен­дігіне, тек­ со­ның­ төңіре­гін­де ғана боль­ше­вик­терге қар­сы күш­терді топ­тастыруға мүм­кін болатын­дығына е­рек­ше ма­ңыз­ береді. Бас­ты-басты мәселе­лер­дің бәрінің шешілуі Құ­рыл­тай жиналысы­ның­ ша­қыр­ылуына дейін қал­дырылады, о­лар­дың і­шін­де о­тар­лық бұғауда бо­лып­ кел­ген ха­лық­тар­дың­ автономия алу туралы талап­-ті­лек­тері де бар­-ды.

А­лай­да Құ­рыл­тай жиналысы­ның­ ша­қыр­ылуы елдегі саяси ахуалға тіке­лей­ тәуелді болады. 1918 жылы ма­мыр­да бұ­рын­ғы чех­ тұт­қындары­нан­ тұра­тын­ чехос­ло­вак­ кор­пусы Ба­тыс­ Сі­бір­ боль­ше­вик­теріне қар­сы шы­ғып­, Е­діл­ге ілгерілей­ді. Сол­ жыл­дың 8 маусы­мын­да чех­тар Самараны алады.

1918 жыл­дың сәуір айында М. Шо­қай­ о­сын­да (Самара қала­сын­да) өте­тін­ Құ­рыл­тай жиналысы мүшелері­нің­ бас­қосуына шақырылады. Кейбір зерттеушілер 1 ма­мыр­да Таш­кент­тен­ әйелі Мария Я­ков­левна­мен­ бір­ге шық­қан Мұс­тафа жо­лай­ Х. Дос­мұхаме­дов­тің ауы­лын­да бо­лып­, 18 ма­мыр­да Жым­питы кентінде а­шыл­ған Ала­шор­да­ның­ ба­тыс­ қанаты­ның­ ІІ съезіне қатысты деп көрсетеді [3].

Съез­дің­ шешімі­мен­ “Ойыл Уәлаяты” де­ген­ ат­пен­ уа­қыт­ша үкі­мет­ құрылады. О­ның­ құрамына Ж. Дос­мұхаме­дов­, Х. Дос­мұхаме­дов­, Дәу­лет­ше Күсепғалиев, Са­дық­ Омарұлы (Сы­рым­ ба­тыр­дың немересі), Қал­ды­бай­ Аса­нов­ (эконо­мис­т, Сара­тов­ у­ни­вер­ситеті­нің­ түлегі), гене­рал­ Са­быр­ Сар­ғо­жин­, и­мам­ Ғ. Қос­дәуле­тов­ (Бағ­дад­ ді­ни оқу орны­ның­ түлегі) енеді.

М. Шо­қай­, Ала­шор­да үкіметі­нің­ мүшесі ре­тін­де, бақылаушы­лық­ рөл­мен ғана шек­теледі.

Съезд жұмысы аяқ­тал­ған­нан­ кейін М. Шо­қай­ О­рал­ қаласы арқылы Самараға бет­ алады.

8 мау­сым­ күні, яғ­ни чех­тар­дың­ Самараны оккупацияла­ған­ күні, Құ­рыл­тай жиналысы мүшелері­нің­, бар­лығы дер­лік э­сер­лер мен­ бір­неше мень­ше­вик­тен­ тұра­тын­ бір­ тобы Уа­қыт­ша үкі­мет­ құрады. Ол Құ­рыл­тай жиналысы мүшелерінің­ комитеті (Ко­муч­) деп­ аталады. О­ның­ бас­шылығына В. К. Вольский­ (төраға), И. М. Б­руш­вит, П. Д. Кли­муш­кин, И. Н. Нес­те­ров­, Б. К. Фор­туна­тов­ сай­ланады. Коми­тет­ Құ­рыл­тай жиналысы шақы­рыл­ғанға дейін заң­ шығарушы және атқарушы би­лік­ функ­цияла­рын­ өз қол­дарына алады. Жү­з а­дам­нан тұра­тын­ үкі­мет­ құрамына А. Б­айт­ұрсы­нов, М. Ты­ныш­паев, С. Досжа­нов­, А. Бі­рім­жа­нов­, Ғ. Әлібе­ков­, Ж. Дос­мұхаме­дов­, У. Тана­шев­, Х. Дос­мұхаме­дов­ және М. Шо­қай­ енеді [4].

Ко­муч­ бір­неше мил­лион қа­зақ­ хал­қы ө­зін­-өзі билеуге то­лық­ құқылы, бірақ­ автономия жө­нін­дегі мәселе Бү­кіл­ре­сей­лік­ Құ­рыл­тай жиналы­сын­да түпкілік­ті шешіледі де­ген­ пі­кір­ біл­діреді. Соны­мен­ бір­ге Ко­муч­ Ала­шор­даны Құ­рыл­тай жиналысына дейін заң­ды үкі­мет­ ре­тін­де та­ниды [5].

Самара үкіметі тү­рік­-та­тар­ қауымдарына мына­дай­ үндеу жол­дайды: “Түрік­-та­тар­ қауымдары­ның­ мәде­ни-ұлт­тық­ автономия алуға хақы бар­лығына та­лас­ жоқ­ты­ғын­ үкі­мет­ тіз­гі­нін­ қолына а­лып­ тұр­ған Құ­рыл­тай мүшелері­нің­ комитеті жұрт­қа жариялауды тиіс тап­ты. Бұ­л күн­нен бас­тап тү­рік­-та­тар­ қауымдары жер­гі­лік­ті мекемеле­рін­де, сот­та­рын­да ана ті­лін­ қол­дануға, түр­лі мек­теп­тер­ ашуға, ді­ни жұ­мыс­та­рын­ деге­нін­ше бас­қаруға е­рік­ті болуы­ның­ үстіне, мәде­ни-ұлт істе­рін­ бас­қара­тын­ ұйым­дар­, мекеме­лер­ ашуға, өз дегендерін­ше ха­кім­ жүр­гізуге, хал­қын өз үкіметі­нің­ күші­мен­ билеуге, жұрт­тан­ а­лым­-шы­ғын­ өндіруге, ха­лық­ты а­ғар­ту, шаруа­сын­ түзеу жо­лын­да бар­лық би­лік­ өзде­рін­де. Тү­рік­-та­тар­ қауымдары­ның­ мәде­ни-ұлт мәселесі Рос­сиядағы мұсылманы көп­ об­лыс­тар­дың­, мысалы, Түр­кі­стан, А­лаш­, Баш­құр­т жері – саяси автономия болуына қай­шы е­мес­” [6].

1918 жыл­дың жазына қа­рай­ Тө­мен­гі және Орта Е­діл­ бойы аумағы, Оңтүстік О­рал­ және Сі­бір­ бір­неше э­сер­ үкі­мет­тері­нің­ қарауына көшеді. Олардың і­шін­дегі ма­ңыз­дылары орталығы Самарадағы Ко­муч­ пен­ Омбыда орна­лас­қан Сі­бір­ үкіметі еді. Сол­ жылы 15–16 шіл­деде Челябинс­кіде Чехословак­ легио­нер­лері­нің­ бақылауы­мен­ осы екі үкі­мет­ ө­кіл­дері­нің­ жиналысы өтеді. Ке­ліс­сөз­дер­ Челябинс­к Мем­ле­кет­тік кеңесі а­тан­ған, 20–25 та­мыз­дағы съезде жал­ғастырылады.

Ке­ліс­сөз­дер­ барысына А­лаш­ зиялылары үл­кен­ мүд­делі­лік­ танытады. 19 та­мыз­да Самараға Ко­муч­ пен­ Сі­бір­ үкіметі­нің­ Қа­зақ­ автономиясы жө­нін­дегі ұстаны­мын­ білу мақ­са­тын­да А. Б­айт­ұрсы­нов,­ Х. Дос­мұхаме­дов­ және Ж. Досмұхаме­дов­ келеді. Осы жер­ден о­лар­ Сі­бір­ үкіметі­мен­ ке­ліс­сөз­дер­ жүргізіп­ жүр­ген Се­мей­дегі Ә. Бө­кей­ха­нов­пен сөй­леседі [7].

22 та­мыз­да Челябинс­кідегі съезге М. Шо­қай­ ке­ліп­ қатынасады. Съезде Бү­кіл­ре­сей­лік­ өкі­мет­ті сай­лау мақ­са­тын­да Уфа қала­сын­да жаңа­дан­ Мемлекеттік Ке­ңес­ өткізу жө­нін­де ше­шім­ қа­был­данады. Ке­ңес­ке қатысу құқығы “жал­пымем­ле­кет­тік мақ­сат­тар­ды көз­дей­-т­ін­” ұйым­дар­ға, ұлт­тық­ үкімет­тер мен­ саяси пар­тия­лар­дың орта­лық­ коми­тет­теріне беріледі.

М. Шо­қай­ бұ­л жина­лыс­тарға Құ­рыл­тай жиналысы­ның­ мүшесі, Түр­кі­стан Мұх­тарияты­ның­ төрағасы және социал-революцио­нер­лер пар­тиясы­ның­ белсенді қай­рат­кері ре­тін­де қатысады. С. М. Иска­ков­ “Құ­рыл­тай жиналысы­ның­ мүшесі ре­тін­де М. Шо­қай­ жал­пыре­сей­лік­ шара­лар­да көр­некті рөл­ атқарады” [8] деп­ жазады.

М. Шо­қай­дың­ әуелі Ә. Бө­кей­ха­нов­пен бір­ге ка­дет­ пар­тиясы қата­рын­да болуы, кейін Социал-революцио­нер­лер пар­тиясы­ның­ мүшелігіне өтуі, негізінен­, бұ­л саяси ұйым­дар­дың Ақ­пан­ төң­керісі­нен­ кейінгі уа­қыт­тағы ұлт­тық­ мәселе бой­ынша ұстанымына бай­ла­ныс­ты еді.

М. Шо­қай­ Ақ­пан­ төң­керісі ке­зін­де “Ю. Ақшора мен­ Ә. Топ­чибашы­дан­ және біз­дің Әли­хан­ Бө­кей­ха­нов­тан бас­тап тү­рік­ саяси қай­рат­керлері­нің­ көпшілігі әйгілі Милю­ков­ бас­қара­тын­ ка­дет­тер пар­тиясы­ның­ мүшесі бола­тын­” деп­ көр­сетеді. А.-З. Валиди Мұс­тафа­ның­ өзі де ка­дет­ бол­ды дей­ді. “Сад­ри Мақсуди Ар­сал­” де­ген­ кі­тап­тың түсі­ндірмеле­рін­де де осы пі­кір­ айт­ылады [9].

А­лай­да бұ­л ав­тор­лар М. Шо­қай­ көз­қа­рас­та­рын­дағы өзге­ріс­терді анықтама­ған­. Әуел бас­та Мұс­тафа­ның­ ка­дет­ пар­тиясы­ның­ мүшелігіне енуін Ә. Бө­кей­ха­нов­тың ықпалы­мен­, түп­теп кел­генде Конс­титуция­лық­ де­мок­рат­тар­ пар­тиясы­ның­ бағ­дарлама­сын­дағы кей­бір­ ұлт­тық­ мәселе­лер­мен тү­сін­діруге бола­тын­ сияқты.

Ә. Бө­кей­ха­нов­ бұ­л пар­тия­дан­ ая­ғын­ ау­лақ­ сал­ған­нан­ кейін,


М. Шо­қай­ э­сер­лерге ба­рып­ қосылады.

Өздері­нің­ ІІІ және ІV съезде­рін­де э­сер­лер пар­тиясы п­рин­цип­тік­ тұр­ғы­дан­ Ре­сей­дің­ федера­тив­тік рес­публика болуын жақ­тайды де­ген­ қа­рар­ қа­был­данады.

Автономия мен­ орта­лық­ би­лік­ функ­циялары­ның­ арақатынасы жө­нін­де ІV съезд ше­шім­де­рін­де бы­лай­ делінеді: а) бү­кіл­ре­сей­лік­ заң­ шығарушы орта­лық­қа бас­ты саяси және аза­мат­тық бо­стан­дық­тарды (әсіресе, жеке бас­ бо­стандығы, дін­, сөз­, ұлт­тық­ азшы­лық­тар) қор­ғау және Ре­сей­ рес­публикасы­ның­ бар­лық аумағы бой­ынша ма­ңыз­ды әлеу­мет­тік заң­нама­лар­ды бақылауға алу; б) “қа­зір­гі тарихи ке­зең­де” Ре­сей­ді­ тұ­тас­ шаруашы­лық­ орга­низ­м (жал­пы қар­жы және темір­жол шаруашылы­ғын­, пош­та, ке­ден­дік сая­сат­ және т. б.) ре­тін­де сақ­тау, “себебі социа­лис­тік құры­лыс­қа өту жол­дары шаруашы­лық­ іс­тер­ді бөл­шектеу арқылы е­мес­, топ­тық, ау­мақ­тық, ұлт­тық­ және мем­ле­кет­тік шаруашы­лық­тарды бі­рың­ғай, ә­лем­дік шаруашы­лық­қа ай­нал­дыру арқылы жүзеге асырылады” [10].

Мұ­нан­ э­сер­лер пар­тиясы­ның­ да, боль­ше­вик­тер се­кіл­ді, дү­ниежүзі­лік­ социа­лис­тік революция туралы қияли п­лат­формада тұр­ға­нын­, түп­тің-тү­бін­де ұлт­тар­дың жой­ылуы теориясын ұ­стан­ға­нын­ көре­міз­. Бі­рақ­ М. Шо­қай­ және эсер­лер пар­тиясына қо­сыл­ған ұлт-а­зат­тық қоз­ғалысы­ның­ бас­қа да жетекшілеріне о­ның­: а) көр­се­тіл­ген не­гіз­гі ке­піл­дік­тер­ден бас­қа жағ­дай­лар­да Ре­сей­ Конс­титуциясы Ре­сей­ді ме­кен­дейт­ін­ бар­лық ха­лық­тар­дың­ саяси және ұлт­тық­ мүд­деле­рін­ қам­тама­сыз­ етуі, ол ү­шін­ Құ­рыл­тай жиналысы Ре­сей­дің­ жеке об­лыс­тары мен­ ха­лық­тары ө­зін­-өзі бас­қаруда және өз та­лап­-ті­лек­теріне, мәде­ни, шаруашы­лық­ дамуы е­рек­ше­лік­теріне сәй­кес­ заң­ шығару құзыреті беріл­ген и­кем­ді мем­ле­кет­ құрылысы фор­ма­сын­ орнатуы тиіс;

ә) бұ­л мін­дет­тер­ді жүзеге асыру мақ­са­тын­да Бү­кіл­ре­сей­лік­ Құ­рыл­тай жиналысы нәтиже­сін­де ескі екатерина­лық­ гу­бер­ния­лар­да мүм­кінді­гін­ше тұ­тас­ ха­лық­тар­дың­ (Украина, Лат­вия, Эст­лян­дия, Қа­зақ­ өлкесі және т. б.) этнография­лық­ орналасуы­мен­ шек­тел­ген­... об­лыс­тар­мен­ ауыстыруға әкеле­тін­ кең­ кө­лем­дегі ре­фор­ма жоба­сын­ дай­ындау ке­рек­ [11] де­ген­ қа­рар­лары тартымды көрінеді.

М. Шо­қай­дың­ 1918 жыл­дың жаз­ айла­рын­дағы қыз­меті э­сер­лер мен­ кадеттер­дің­ жиындарына қатысу­мен­ шек­тел­мей­ді.

Осы ке­зең­де ол Тор­ғай дала­сын­да қа­зақ­тар­дың­ тұр­мысы­мен­, елдегі саяси ахуал­мен­ кеңі­нен­ танысады. О­рын­борда, Самара мен­ Челябинс­кіде, қа­зақ­ ауылда­рын­да а­лаш­ зиялылары­мен­, А.-З. Валиди, У. Қожаев­пен­ кез­де­сіп­, бірлесе кү­рес­ жүр­гізу мәселесі төңіре­гін­де әңгімелеседі.

1918 жыл­дың қыр­күйе­гін­де Ала­шор­да бас­шылығы Сі­бір­ үкіметіне бі­рін­-бірі тану жө­нін­де келі­сім­нің жоба­сын­ ұсынады. Онда Ала­шор­да­ның­ ең бас­ты мін­деті ре­тін­де А­лаш­ аумағын боль­ше­вик­тер­ден­ а­зат­ ету және Түр­кі­стан мен­ Жетісуға кө­мек­ көр­сету, бола­шақ­та А­лаш­, Сі­бір­, Баш­құрт­стан­ мен­ Түр­кі­стан федерация­сын­ құру [12] деп­ көр­сетіледі.

Заң­ды күшіне енбегені­мен­, бұ­л жоба­ның­ федера­тив­тік құры­лым­ жөніндегі тармағының­ М. Шо­қай­дың­ қаламы­нан­ шыққаны кү­мән­ ту­дыр­майды.

М. Шо­қай­ Уфада өте­тін­ мәжі­ліс­ке ор­тақ­ п­лат­форма негі­зін­де қатысу жөнін­де а­лаш­, баш­құрт және бас­қа да тү­рік­-мұ­сыл­ман зиялылары­мен­ сөйлеседі.

Үл­кен­ Сі­бір­ мей­ман­хана­сын­да 8 (жаңа с­тиль­) қыр­күйекте а­шыл­ған Уфа мем­ле­кет­тік кеңесіне Құ­рыл­тай жиналысы мүше­лері­нің­ Самара комитеті­нен­, Омбыдағы Сі­бір­ Уа­қыт­ша үкіметі­нен­, О­рал­ мен­ Екате­рин­бург­тің­ об­лыс­тық уақыт­ша үкіметі­нен­, ка­зак­ әс­кер­лері­нен­, Түр­кі­стан автономия­лық­ үкіметі­нен­, Ішкі Ре­сей­ мен­ Сі­бір­дің тү­рік­-та­тар­ ұлт­тық­ үкіметі­нен­, баш­құрт­тар­ үкіметі­нен­, Ала­шор­да үкіметі­нен­, эс­тон­ үкіметі­нен­, социал-революцио­нер­лер пар­тиясы­нан­, социал-де­мок­рат­тар­ (мень­ше­вик­тер) пар­тиясы­нан­, “Единс­тво” социал-демократия­лық­ тобы­нан­, конс­титуция­лық­-де­мок­ратия­лық­ (ка­дет­тер) партиясынан­, ха­лық­ социа­лис­тері пар­тиясы­нан­, “Рос­сияны а­зат­ ету одағы­нан­”, “Земс­тво­лар­ мен­ қала­лар­ одағы­нан­”, Сі­бір­ об­лыс­тық думасы­нан­ депутация­лар­ (бар­лығы 200 а­дам­) келеді.

Ке­ңейт­іл­ген бұ­л мәжі­ліс­те М. Шо­қай­ Ке­ңес­ өкіметіне оппозиция­лық­ ұстаным­дағы тұл­ға­лар­мен жолығы­сып­, о­лар­дың саяси көз­қа­рас­тары­мен­ танысуға мүм­кін­дік­ алады.

Уфа мем­ле­кет­тік кеңесіне Құ­рыл­тай жиналысы­ның­ мүшелері ре­тін­де Ж. Дос­мұхаме­дов­ (О­рал­ облысы­нан­), Уә­лит­хан Тана­шев­ (Аст­ра­хан­ облысы­ның­ Орда округі­нен­), Са­ғын­дық Досжа­нов­ (Тор­ғай облысы, А­лаш­ пар­тиясы­нан­), А. Б­айт­ұрсы­нов­ (Тор­ғай облысы­нан­), С. Жан­тө­рин­ (Ішкі Ре­сей­ мен­ Сі­бір­дің ұлт­тық­ Тү­рік­-та­тар­ үкіметі­нен­), Ә. Бө­кей­ха­нов­, Х.Дос­мұхаме­дов­. И. Ә­лім­бе­ков­, Б. Жан­қада­мов­ (Ала­шор­да үкіметі­нен­) [13], М. Шо­қай­, Ә. Оразаев, С. Мустизаде (Түр­кі­стан Мұх­тарияты Уа­қыт­ша үкіметі­нен­) [14] қатысады. Алашор­да үкіметі­нен­ сай­лан­ған Ах­мет­ Бі­рім­жа­нов­ Ке­ңес­ жұмысына 18 қыркүйекте кеші­гіп­ келеді [15].

Бұ­л а­дам­дар­дың­ бар­лығы да Мем­ле­кет­тік Ке­ңес­ мүшелері ре­тін­де танылады [16].

1929 жылы Прагада жа­рық­ көр­ген “О­рыс­ тарихы мұрағаты” де­ген­ жинақта осы Ке­ңес­ке қа­тыс­қан а­дам­дар мен­ ұйым­дар­ға, о­лар­дың і­шін­де Алашор­да және Түр­кі­стан Уа­қыт­ша үкі­мет­теріне қыс­қаша си­пат­тама беріледі. Онда қа­зақ­тар бас­қа­лар­дың бәрі­нен­ де ар­тық­ ұйым­шыл­дық көр­се­тіп­, Қа­зақ­ автономия­сын­ жариялады және орталығы Се­мей­де Ала­шор­да Уа­қыт­ша комитетін­ құр­ды, Ә. Бө­кей­ха­нов­ Самара Ко­муч­ құрамына енді, е­кін­ші Челябинс­к Кеңесі­нің­ жұмысына қа­тыс­ты [17] деп­ көр­сетіледі.

Түр­кі­стан Уа­қыт­ша үкіметіне бе­ріл­ген түсіндірмеде М. Шо­­қай­ э­сер­лер ара­сын­да көр­некті рөл­ атқарады, Құ­рыл­тай жиналысы мүшелері съезі төрағасының­ о­рын­басары, е­кін­ші Челябинс­к кеңесіне қа­тыс­ты, Уфа мемлекеттік кеңесі съезі бюросы­ның­ мүшесі делінеді [18].

Боль­ше­вик­тер Түр­кі­стан Мұх­тария­тын­ күш­пен та­рат­қаны­мен­ автономиялық­ үкі­мет­ ө­мір­ сүруін жал­ғастыра түседі. Самара, Челябинс­к кеңестеріне о­ның­ аты­нан­ делегация­ның­ ша­қыр­тылуы о­рыс­ де­мок­ратия­лық­ күш­тері­нің­ Мұх­тариятты де-юре тануы­мен­ тең­ еді.

Уфа кеңесіне ең көбі­рек­ қа­тыс­қан­дар­ э­сер­лер (жүз­ден ас­там­ а­дам­) бол­ды. Ке­ңес­ті құт­тықтау сөз­бен де осы пар­тия­ның­ өкілі Н. Д. Авк­сен­тьев ашады.

Ке­ңес­ а­ғыл­шын, амери­кан­, ф­ран­цуз және жа­пон­ үкі­мет­теріне о­дақ­тас дер­жава­лар­ әс­кер­лері­нің­ Гер­ма­нияға және о­ның­ жақ­тастарына қар­сы кү­рес­те ор­тақ­ мақ­сатты о­рын­дауды көз­деп Ре­сей­ аумағына енуіне бай­ла­ныс­ты Бүкілресей­лік­ Құ­рыл­тай жиналысы мүшелері­нің­ съезі, Бү­кіл­ре­сей­лік­ Құ­рыл­тай жиналысы Комитеті, Сі­бір­ Уа­қыт­ша үкіметі, Баш­кирия, Ала­шор­да, Түр­кі­стан, бас­қа да түр­лі саяси пар­тия­лар­ мен­ ұйым­дар­ аты­нан­ құт­тықтау жол­дайды. Онда о­дақ­тас дер­жава­лар­ әс­кер­лері­нің­ Ре­сей­ жеріне ішкі істеріне ара­лас­пай, одақтастық­ туралы шар­т негі­зін­де Шы­ғыс­ май­да­нын­ қал­пына кел­тіру ү­шін­ келгеніне, боль­ше­вик­тер­дің­ о­дақ­тас­тық­ туралы шарт­тан­ бас­ тар­туына байланыс­ты ішкі және сырт­қы май­дан­дар­дың­ өзара ты­ғыз­ бай­ла­ныс­ты­лық­ сипат­ ал­ған­дығына на­зар­ аударылады.

О­дан­ әрі В. К. Вольс­кий­ Социал-революцио­нерлер­ пар­тиясы­ның­ бағдарлама­сын­ жария етеді. Онда “қа­зір­гі уа­қыт­тағы бас­ты мақ­сат – Ре­сей­ мемлекеті­нің­ тұ­тас­тығы мен­ бір­лі­гін­ қал­пына кел­тіру, Ақ­пан­ революциясы­ның­ саяси және әлеу­мет­тік же­тіс­тікте­рін­ қор­ғау” делінеді.

Мә­лім­деме­нің­ со­ңын­да э­сер­лер пар­тиясы Бү­кіл­ре­сей­лік­ өкі­мет­ билі­гін­ құру жө­нін­де өз ұ­станым­дары бой­ынша ұсы­ныс­ жа­сай­ды.

Э­сер­лер пар­тиясы­ның­ мүшесі ре­тін­де М. Шо­қай­ жал­пы осы саяси бағдарламаны бас­шы­лық­қа алғаны­мен­, ұлт­тық­ мәселе жө­нін­де Самарада В. К. Вольс­кий­дің­ өзі жария ет­кен­ мә­лім­демесі [19] шең­бе­рін­де әре­кет­ етеді.

Уфа кеңесі­нің­ кү­н тәр­ті­бін­де бас­ты үш мәселе тұрады: 1) бола­шақ­ үкі­мет­ және о­ның­ жауап­кер­шілігі туралы; 2) өкі­мет­ құрылымы. Ол бір­ ғана а­дам­ның немесе бір­неше а­дам­ның дик­татурасы (ди­рек­тория) болу ке­рек­ пе, пар­тия­лық­ не­гіз­де ме, әлде коалиция­лық­ си­пат­та құрыла ма де­ген­ мәселе­лер­; 3) үкі­мет­ құра­мын­ а­нық­тау [20].

Ке­ңесте Бү­кіл­ре­сей­лік­ өкі­мет­ билі­гін­ ұйым­дас­тыру жө­нін­дегі ко­мис­сия құры­лып­, о­ның­ құрамына М. Шо­қай­ мен­ Ә. Бө­кей­ха­нов­ та енеді. О­лар­ Ке­ңес­ төралқасы­нан­ о­рын­ алады. Мұн­да Мұс­тафа Ре­сей­ мем­лекеті дең­гейіндегі қайрат­кер ре­тін­де танылады. О­ған­ М. Шо­қай­дың­ Ке­ңес­ төрағасы­ның­ е­кін­ші орын­басары болуына қоса ман­дат және қар­жы ко­мис­сиялары­ның­ құрамына сай­лануы [21] дә­лел­ бола алады.

13 қыр­күйектегі Ке­ңес­ отыры­сын­да үкі­мет­ жауап­кер­шілігі, яғ­ни о­ның­ қыз­метіне бақылау қою мәселесі көтеріледі. Осы­ған­ бай­ла­ныс­ты Құ­рыл­тай жиналы­сын­ ұйым­дас­тыру ке­рек­тігі, не бол­маса үкі­мет­тің Мем­ле­кет­тік Ке­ңес­ ал­дын­да жауапты болуы, жауап­кер­ші­лік­ те­тік­тері т. б. тақы­рып­тар төңіре­гін­де пі­кір­та­лас­тар ө­ріс­тейді. О­ның­ бары­сын­да Бү­кіл­ре­сей­лік­ үкі­мет­ қыз­меті бағдарламасы­ның­ жобасы дай­ында­лып­, о­ның­ аза­мат­тық іс сала­сын­дағы міндеттері бы­лай­ша а­нық­талады:

1) Сі­бір­дің саяси автономия­сын­, соны­мен­ бір­ге ө­зін­-өзі бас­қара­тын­ облыс­тар­дың­ автономия­сын­ мой­ындау жолы­мен­ федера­тив­тік-де­мок­ратия­лық­ құры­лыс­ты ны­ғайт­у;

2) қыс­қа уа­қыт­тың і­шін­де осы құ­рам­ негі­зін­де Бү­кіл­ре­сей­лік­ Құ­рыл­тай жиналы­сын­ шақыру;

3) Ре­сей­ді ме­кен­дейт­ін­ ха­лық­тар­дың­ ау­мақ­тық автономиясына негізделген­ ұлт­тық­ сая­сат­ жүр­гізу [22].

М. Шо­қай­ бі­рін­ші пунк­ттегі “Сі­бір­” сө­зін­ а­лып­ тас­тау керек, себебі барлық автономия­лық­ үкі­мет­тер­дің­, о­лар­дың і­шін­де Сі­бір­ Уа­қыт­ша үкіметі­нің­ де, функ­циялары мен­ құқықтары бір­дей [23] деп­ көр­се­тіп­, Сі­бір­ үкіметіне артық­шы­лық­тар беруге ың­ғай­лан­ған тұжы­рым­ға өзге­ріс­ енгізеді.

15 қыр­күйекте э­сер­лер пар­тиясы же­тек­шілері­нің­ бірі В. М. Зен­зи­нов­ боль­ше­вик­тер­дің­ Құ­рыл­тай жиналы­сын­ тара­тып­ жі­бер­ге­нін­, бі­рақ­ о­ның­ мүшелері­нің­ өз өкі­лет­тікте­рін­ тап­сырма­ған­ды­ғын­, сол­ се­беп­ті Құ­рыл­тай жиналысы­ның­ заң­ жү­зін­де бар­ екені­н, ха­лық­тың Құ­рыл­тай жиналысы ұраны төңіре­гін­де топ­таса­тын­ды­ғын­ айт­ып­ сөз­ сөй­лей­ді.

М. Шо­қай­ төр­т мұ­сыл­ман делегациясы аты­нан­ Құ­рыл­тай жиналысы­ның­ ескі құра­мын­ жан­дандыруға қар­сы шы­ғып­, бар­лық өкі­мет­ билі­гін­ жаңа құрамдағы Құ­рыл­тай жиналысына беру­дің­, соны­мен­ бір­ге бұ­рын­ғы құ­рам­ның ман­да­тын­ тану­дың­ дұ­рыс­ты­ғын­ айт­ады [24].

Осы­дан­ кейін үкі­мет­ті құру п­рин­циптері жө­нін­де өрбі­ген­ жа­рыс­сөзге де М. Шо­қай­ бел­сенді қатысады. Бұ­л мәселені а­нық­та­мас­ бұ­рын­ ол үкі­мет­ қызметі­нің­ п­лат­форма­сын­ түп­кі­лік­ті бел­гілеу­ ке­рек­ті­гін­, өзі­нің­ социал-революцио­нер­лер­дің­ мә­лім­демесіне қосылаты­нын­ [25] біл­діреді.

Ке­ңес­те Ре­сей­дің­ мем­ле­кет­тік құрылысы жө­нін­де бұ­рын­нан а­лын­ған шешім­дер­ден­ бас­ тар­тушы­лық­ сы­ңай­ы да білі­ніп­ қалады. Осы­ған­ бай­ла­ныс­ты М. Шо­қай­ 1918 жыл­дың 5 қаң­та­рын­да Құ­рыл­тай жиналысы қа­был­да­ған­ қаулыны еске са­лып­, Мемле­кет­тік ке­ңес­тің о­ның­ жер­ мәселесі туралы қара­рын­ өз жобасы негізіне алуы мен­ Ре­сей­дің­ федера­тив­тік де­мок­ратия­лық­ рес­публика болуы туралы келесі қара­рын­ ес­кер­мей кетуі – қи­сын­сыз­дық­ [26] е­кен­дігін айтады. М. Шо­қай­ды Л. А. К­роль­, И. И. Войт­ов­, А.-З. Вали­дов­ т. б. қол­дайды.

Он шақ­ты а­дам­ның­ сөз­дері­нен­ кейін М. Шо­қай­ үкі­мет­ қыз­меті жө­нін­дегі бағ­дарламада ау­мақ­тық автономия де­ген­ тармақтың­ қал­дырылуын, бі­рақ­ Мемле­кет­тік ке­ңес­ жұмысы­ның­ алға жыл­жуына ке­дер­гі кел­тірмеу мақ­са­тын­да 1918 жыл­дың 5 қаң­та­рын­дағы Құ­рыл­тай жиналысы­ның­ за­ңын­ не­гіз­ге ала­тын­ ре­дак­ция құруды [27] ұсынады.

Бұ­л пі­кір­ге Ә. Бө­кей­ха­нов­ та қол­дау біл­діреді. Ол Ке­ңес­те “қаты­сып­ отыр­ған Құ­рыл­тай жиналысы­ның­ мүшелері, Түр­кі­стан, Баш­құрт­стан­, Алашорда автономия­лық­ об­лыс­тары үкі­мет­тері­ және ішкі Ре­сей­ мен­ Сі­бір­ түрік­-та­тар­лары­ның­ Ұлт­тық­ бас­қармасы” аты­нан­ сөз­ сөй­леп­, Ақ­пан­ революциясы­ның­ ха­лық­ билі­гін­ орна­тып­, о­рыс­ интелли­ген­циясы­ның­ жүз­де­ген­ жыл­дар бой­ғы ой-арма­нын­ о­рын­дайт­ын­дығына уәде бер­гендігі; ескі самодержавие­лік­ Ре­сей­дің­ “жат­жұрт­тық­тары­ның­” о­рыс­ де­мок­раттарына қосылып­, ха­лық­ билі­гін­ жал­пыға бір­дей сай­лау негі­зін­де Бү­кіл­ре­сей­лік­ Құрылтай жиналысы­ жүзеге асыра­ды деп бар­ ынта-­ниеті­мен­ күт­кенді­гін­, бі­рақ­ өкі­мет­ті Ре­сей­ рес­публика­сын­да пролетариат дик­татура­сын­ орнатуды көз­де­ген­, сол­ арқылы Ре­сей­ рес­публика­сын­ а­нар­хия мен­ дағ­да­рыс­ жай­ла­ған­ елге айналдыр­ған­ дау­рық­па­лар­дың ба­сып­ ал­ған­ды­ғын­, о­сын­дай жағ­дайда Ре­сей­де аса қа­жет­ті об­лыс­тық үкі­мет­тер­дің­ құ­рыл­ғанды­ғын­, Ре­сей­дің­ боль­ше­вик­тер­ден­ а­зат­ е­тіл­ген ау­дан­да­рын­да об­лыс­тық үкі­мет­тер­сіз­ еш­бір­ бас­қару­дың­ мүм­кін емес­ті­гін­ айт­ады. Соны­мен­ қа­тар­ Ә. Бө­кей­ха­нов­ “кей­біреу­лер­дің” об­лыс­тық үкі­мет­тер­дің­ құрылуын жік­шіл­дік­ке саятынына, о­ған­ еш­бір­ не­гіз­дің жоқтығына, өзі ө­кіл­дік а­лып­ сөй­леп­ тұр­ған құры­лым­дар­дың­ (Түр­кі­стан автономиясы, Ала­шор­да, Баш­құрт­стан­ т. б.) өздерін бір­тұ­тас­ Ре­сей­дің­ бөлігі ­деп е­сеп­тейт­ін­дігіне на­зар­ аударады. “Біз­ де­мок­ратия­лық­ федера­тив­тік Ре­сей­ рес­публикасы­мен­ бір­ге­міз­, біз­ өзі­міз­ді бір­тұ­тас­ Ре­сей­дің­ бөлігі сезіне­міз­. Жікшіл­дікке жол­ бері­ліп­ жа­тыр­ деуші­лер­ само­дер­жавие­лік­ Ре­сей­де жатжұрттық­тар – құл­дар, ал велико­рос­тар – бұ­лар­ құ­л иеленуші­лер­ деп­ ойлауға дағ­ды­лан­ған ескі психология­ға­ табынушылар бо­лып­ табылады, мұн­дай психология­дан­ құтылу лазым­. Бұ­л жағ­дайды түсіне­міз­, бі­рақ­ қа­зір­гі ке­зең­де Ресей­дің­ федера­тив­тік, де­мок­ратия­лық­ ел болуы және біз­дің о­рыс­ хал­қы­мен­ бір­ге ұлы да ба­қыт­ты Ре­сей­ құрамына енуі­міз­ ү­шін­ он­дай­ кө­ңіл­-күйде­н а­рыл­ған жөн­” [28] деп­ тұжы­рым­дайды.

Мұ­нан­ кейін Ә. Бө­кей­ха­нов­ елде өкі­мет­ билі­гін­ орнату мәселесіне тоқталады. Ре­сей­дегі би­лік­ жал­пыға бір­дей сай­лау құқығы негі­зін­де бү­кіл­ халық­ таң­да­ған­ өкі­лет­ті органға берілуі, Ре­сей­дегі жо­ғар­ғы би­лік­тің жаңа шақы­рыл­ған Құ­рыл­тай жиналысына тиесілі е­кен­дігі жө­нін­де өз пікі­рін­ білдіреді. Құ­рыл­тай жиналысына дейін жо­ғар­ғы би­лік­ осы Ке­ңес­те сай­лана­тын­ алқа­мен­ бір­ге Құ­рыл­тай жиналысы мүшелері съезі­нің­ қа­зір­гі құрамына берілуі, бұ­л алқа­ның­ тек­ қана келі­сім­ негі­зін­де құрылуы, “мұн­да еш­қан­дай көп­ші­лік­ тарапы­нан­ қы­сым­ның бол­мауы” жө­нін­де ұсы­ныс­ жа­сай­ды.

Ә. Бө­кей­ха­нов­ бір­ жыл­ бұ­рын­ өт­кен­ Мем­ле­кет­тік ке­ңес­те келі­сім­ге қол­ жет­кі­зіл­ме­ген­дігі­нің­ себебі бір­ та­рап­тың ба­сым­ды­лық­ та­ныт­қаны­нан­ о­рын­ алған­ды­ғын­ еске салады, “Мен­і о­сын­да жі­бер­ген бар­лық ұйым­дар­, е­гер­ мұн­да пат­риот­тар­ о­тыр­ған бол­са, е­гер­ о­лар­ Ре­сей­ді құт­қару ү­шін­ шын­ мә­нін­дегі пәрменді өкі­мет­ құруға кел­ген бол­са, о­лар­дың келі­сім­ге келуін та­лап­ етеді, біз­ келі­сім­ге қол­ жет­кізілуін және коалиция­лық­ би­лік­тің келі­сім­ негі­зін­де құрылуын қол­дай­мыз­” [29] дей­ді. Бө­кей­ха­нов­ а­тал­мыш алқа­ның­ жеті а­дам­нан тұруын, о­ның­ өз тара­пын­да Құ­рыл­тай жиналысы ал­дын­да жауапты Министрлер­ кабине­тін­ құруын жөн деп­ е­сеп­тейді. Ал коалиция­лық­ үкі­мет­тің Ке­ңес­ке қаты­сып­ о­тыр­ған ұйым­дар­дың ө­кіл­дері­нен­ тұруы ке­рек­ті­гін­ айт­ып­, оған­ Бү­кіл­ре­сей­лік­ Құ­рыл­тай жиналысы­ның­ аты­нан­ төр­т ө­кіл­дің, Сі­бір­ үкіметінен­ – бір­, ка­зак­ әс­кер­лері­нен­ – бір­, Ала­шор­да, Түр­кі­стан, Башқұртстаннан – бір­ ө­кіл­дің енуі жө­нін­де ұсы­ныс­ жа­сай­ды.

М. Шо­қай­ Ә. Бө­кей­ха­нов­тың пі­кір­леріне то­лық­ қосыла оты­рып­, орта­лық­ би­лік­ті құру те­тік­тері, орта­лық­ би­лік­ пен­ об­лыс­тық үкі­мет­тер­дің­ өкі­лет­тіктері, бас­қару функ­циялары, жер­, ұлтара­лық­ қаты­нас­тар мәселелері бой­ынша бір­неше рет­ нақ­тылы ұсы­ныс­тар жа­сай­ды [30].

Орта­лық­ би­лік­ пен­ об­лыс­тық үкі­мет­тер ара­сын­дағы өкі­лет­тік­тер­ді бөлісу мәселесі жө­нін­де баяндама жаса­ған­ Ха­лық­ бо­стандығы пар­тиясы­ның­ мүшесі Л. А. К­роль­ дай­ында­ған­ қа­рар­ жобасы­нан­ “ке­ңейт­іл­ген автономия” сөзі­нің­ алынып­ тас­талуына Ә. Бө­кей­ха­нов­ мұ­ның­ жай­ ре­дак­ция­лық­ түзету е­мес­, автономия маз­мұнына нұқ­сан кел­тіреті­нін­, сол­ се­беп­ті “ке­ңейт­іл­ген автономиялық” сөзі­нің­ пі­кір­та­лас­тар бары­сын­да қол­ жет­кі­зіл­ген концепциялық тұжы­рым­ е­кен­ді­гін­ айт­ады.

Ә. Бө­кей­ха­нов­ пікі­рін­ М. Шо­қай­ да қол­дап, қа­рар­да “ке­ңейт­іл­ген автономия” п­рин­цип­тік­ ұ­станым­ды біл­діреді [31] де­ген­ түсі­нік­ береді.

Л. А. К­роль­ орта­лық­ өкі­мет­ке тиесілі функ­ция­лар­ қата­рын­да со­ғыс­, бейбіт­ші­лік­ мәселелеріне қоса, әскери ведомст­во, жол­ қатынасы, пош­та және те­лег­раф, сырт­қы іс­тер­, бақылау және қар­жы жүйесі салала­рын­ а­тай­ды.

М. Шо­қай­ Л. А. К­роль­ді­ң қара­рын­ осы күйінде қа­был­дауды сұ­рай­ды.

Автономия жө­нін­дегі қа­рар­ жоба­сын­да об­лыс­тық үкі­мет­тер өз функцияла­рын­ та­лап­ ет­кен­ жағ­дайда орта­лық­ үкі­мет­ке қайт­а­рып­ береді де­ген­ ес­кер­ту қал­дырылады және ол тармақ, бола­шақ­ п­рак­тика көр­сетке­нін­дей, унита­рис­тер­дің­ жы­мыс­қы әрекеті­нен­ туында­ған­ еді.

Ақы­рын­да “ымыра­лық­ ко­мис­сия” Ре­сей­де орта­лық­ өкі­мет­ билі­гін­ құру жө­нін­дегі не­гіз­гі п­рин­цип­тер­ жө­нін­де келі­сім­ге ке­ліп­, ақ­тық­ қа­рар­ мына күйінде қа­был­данады:

1. Бү­кіл­ре­сей­лік­ Уа­қыт­ша үкі­мет­ Құ­рыл­тай жиналысы­ның­ шақырылуына дейін бір­ден-бір­ жо­ғар­ғы еге­мен­ді өкі­мет­ билігі деп танылады;

2. Орта­лық­ би­лік­ қарама­ғын­дағы мәселе­лер­дің бар­лы­ғын­да об­лыс­тық үкімет­терге беріле­тін­ ке­ңейт­іл­ген автономия құзыреті­нің­ ше­гін­ а­нық­тау Бүкілре­сей­лік­ Уа­қыт­ша үкі­мет­ қарауында қалады [32].

Орта­лық­ үкі­мет­ құрамына кан­дидатура­лар­ ұсы­ныл­ған кез­де М. Шо­қай­ Ала­шор­да, Баш­кирия және Түр­кі­стан үкі­мет­тері тү­рік-та­тар­ ұлт­тық­ бас­қармасы аты­нан­ дер­бес ті­зім­ ұсы­ныл­майт­ы­нын­, бі­рақ­ кан­дидатура­лар­ға о­лар­дың ұлт­тық­ мәселе бой­ынша көз­қа­рас­тары негі­зін­де қол­дау көр­сетілеті­нін­ мә­лім­дейді. “Дирек­тория” а­тал­ған үкі­мет­ құрамына бес­ а­дам­: Н. Д. Авк­сен­тьев (төраға, эсер­), Н. И. Аст­ров­ [ка­дет­), гене­рал­ В. Г. Бол­ды­рев­ (пар­тияда жоқ­), Г. В. Вологодс­кий­ (пар­тияда жоқ­), Н. В. Чай­ковс­кий­ (ха­лық­-социа­лис­тік партиясы­ның­ мүшесі) сай­ланады.

Мем­ле­кет­тік ке­ңес­тің соң­ғы, бе­сін­ші отырысы 23 қыр­күйекте өтеді. Дирек­тория мау­сым­ – қыр­күйек айла­рын­да ө­мір­ сүр­ген Ко­муч­тің ор­нын­ басады. О­ның­ рези­ден­циясы­ның­ Уфада, Омбыда, не Екате­рин­бург­те орналасуы жө­нін­де де ке­ңес­ мүшелері­нің­ ара­сын­да келі­сім­ бол­майды. Ақы­рын­да Директория­ның­ Омбыға көшуіне рұқ­сат беріледі. О­ның­ мұн­дағы ал­ғаш­қы қадам­дары­ның­ бірі – об­лыс­тық үкі­мет­терді бұ­рын­ғы өкі­лет­тіктері­нен­ айыру жө­нін­де заң­ қа­был­дауы бол­ды [33].

Бұ­л жағ­дай М. Шо­қай­дың­ о­рыс­ де­мок­ратиясына сені­мін­ мүл­дем әлсіретеді. О­ның­ үстіне көп­ ұза­май­ Ди­рек­тория тұт­қынға алы­нып­, 18 қарашада Кол­чак­ ө­зін­ “жо­ғар­ғы билеуші” жария­лай­ды.

Деле­гат­тар­дың­ бір­ бөлігі В. Чер­нов­тың бас­шылығы­мен­ Ко­м­уч­ті тарату үшін­ Самараға, келесі бөлігі В. Вольс­кий­дің­ бас­шылығы­мен­ Екате­рин­бург­ке келеді [34]. Соң­ғы топ­тың құра­мын­да М. Шо­қай­ да болады.

Қараша айы­ның­ 18-і­нен­ 19-ына қара­ған­ түні М. Шо­қай­ Екате­рин­бург­те төң­ке­ріс­ ұйым­дас­тыр­ған­ кол­ча­к­шы­лар­дың қолына түседі. О­дан­ соң­ бұ­л операцияға чех­тар араласады да, о­лар­ түр­меде о­тыр­ған жиырма шақ­ты эсерлердің­ бас­қа жақ­қа әкетілуін та­лап­ етеді. 20 қарашада М. Шо­қай­, әйелі Мария Шо­қай­, В. Чай­кин­ және Ильяс Ал­кин­ жү­к вагоны­мен­ Челябинс­к арқылы Уфаға жіберіледі. Жо­лай­ Челябинс­кіде о­лар­ қа­шып­ шығады.

Жал­пы ал­ған­да Уфа мем­ле­кет­тік кеңесінің жұмысы э­сер­ пар­тиясы мен­ олар­ды қол­даған мұ­сыл­ман­дық­ б­лок­тың жеңісі­мен­ аяқталады.

Уфа мем­ле­кет­тік кеңесі жү­ріп­ жат­қан кез­де (11 қыр­күйекте)
Ә. Бө­­кей­ха­нов­тың төрағалығы­мен­ Х. Дос­мұхаме­дов­, Ж. Дос­мұхаме­дов­, Ә. Ерме­ков­, А. Б­айт­ұрсы­нов­, М. Ты­ныш­паев, У. Тана­шев­, М. Шо­қай­ қа­тыс­қан Ала­шор­да­ның­ тө­тен­ше мәжілісі өтеді. Онда Ойыл Уәлаяты тараты­лып­, о­ның­ орнына, жол­ қатынасы­ның­ на­шар­лығы мен­ со­ғыс­ жағ­дайын еске­ріп­, А­лаш­ автономиясы­ның­ ба­тыс­ бөлі­гін­ бас­қару жө­нін­дегі бө­лім­ше құрылады.

Соны­мен­ бір­ге мәжі­ліс­те А­лаш­ аума­ғын­да (яғ­ни боль­ше­вик­тер­ден­ а­зат­ етіл­ген ау­дан­дарда) жер­гі­лік­ті бас­қару і­сін­ ұйым­дас­тыру, Түр­кі­стан құра­мын­да қа­лып­ қой­ып тұр­ған қа­зақ­ ө­ңір­лері туралы мәселе­лер­ тал­қыланады.

Мұ­нан­ кейін М. Шо­қай­, Ә. Бө­кей­ха­нов­, М. Ты­ныш­паев және А.-З. Валиди Мәс­кеу­ден­ Уфаға кел­ген Н. Ақшора­мен­ кез­де­сіп­, “Оң­түс­тік-шығыс­ мұ­сыл­мандары об­лыс­тары­ның­ федерация­сын­” құру жө­нін­де кеңеседі. Кейін (1929 ж. 27 ма­мыр­да) Мәс­кеуде ГПУ тер­геушілеріне бер­ген жауа­бын­да “А.-З. Валиди­мен­ соң­ғы рет­ Уфа мем­ле­кет­тік кеңе­сін­де кез­дес­тім­, онда жаулары­мыз­ға, о­лар­дың і­шін­де, әрине, Ке­ңес­ өкіметі бола­тын­, бір­лесе күресу жө­нін­де уағда­лас­тық” [35] деп­ Ә. Бө­кей­ха­нов­ осы жиынды еске алады.

О­рыс­ де­мок­раттары­ның­ автономия мәселесі бой­ынша ұ­с­­­­таным­­дары­ның­ сол­қыл­дақ­тығына қара­ма­стан М. Шо­қай­ және бас­қа да қа­зақ­ зиялылары бұрынғыша Бү­кіл­ре­сей­лік­ Құ­рыл­тай жиналысына иек артады. Уфада Мемлекет­тік Ке­ңес­ ө­тіп­ жат­қан кез­де М. Дула­тов­ “Қа­зақ­” газе­тін­де “А­лаш­ Орда” де­ген­ мақала жария­лап­, онда Ә. Бө­кей­ха­нов­тан “11 сен­тябрьде Құ­рыл­тай мүшелері­нің­ комитеті А­лаш­ автономия­сын­ та­ниды” де­ген­ қуа­ныш­ты ха­бар­ алын­ға­нын­ жет­кізеді. Осы­ған­ бай­ла­ныс­ты М. Шо­қай­ о­рыс­ де­мок­ратиясы жетек­шілері­нің­ саяси көз­қа­рас­тары эволюция­сын­ қадаға­лап­, өз іс-әре­кет­те­рін­де еске­ріп­ отырады. 1921 жыл­дың көк­те­мін­де Па­риж­ге кел­ген бой­да ол мұн­дағы о­рыс­ ұйымдары­мен­ және о­лар­дың бас­қа ор­ган­дары­мен­ танысады. Әсіресе, Мұс­тафа социал-революцио­нер­лер, конс­титуция­лық­ де­мок­рат­тар­ және т. б. пар­тия­лар­дың автономия мәселесі жө­нін­дегі ше­тел­де а­лын­ған ше­шім­деріне жіті на­зар­ аударады. Со­ның­ бір­ дәлелі – о­ның­ жеке мұра­ғат­ қо­рын­да 1921 жылдың 8–21 қаң­та­рын­да Па­риж­ қала­сын­да өт­кен­ “Құ­рыл­тай жиналысы мүшелері кеңесі­нің­” елу бір­ бет­тік хат­тамасы кө­шір­месі­нің­ сақ­талуы. Бұ­л құжат­ты М. Шо­қай­ Түр­кия­дан­ кел­генде ө­зін­ қар­сы­лап­ ал­ған­ досы Фуад Тоқтаров­тан ал­ған­ болуы ке­рек­.

Мұс­тафа хат­таманы зер­ са­лып­ о­қып­ шығады, себебі о­ның­ әр бе­тін­де Мұстафа­ның­ ор­фог­рафия­лық­, сти­лис­тика­лық­ қате­лер­ді өз қолы­мен­ тү­зет­кен жаз­балары ұшырасады.

Ке­ңес­ке сол­ ке­зең­де Ре­сей­ден­ тыс­ жүр­ген Құ­рыл­тай жиналысы­ның­ елу алты мүшесі­нің­ о­тыз­ үші қатысады.

Ке­ңес­ Па­риж­дегі э­миг­рант­тық­ топ­тар­дың­ (А. Ф. Керен­с­кий­, В. М. Зензинов­, О. С. Ми­нор­) бас­тамасы­мен­ шақырылады. О­лар­дың бар­лығы дер­лік бұ­рын­ Уфа мем­ле­кет­тік кеңесіне қа­тыс­қан және М. Шо­қай­ға таны­мал­ бола­тын­. Тү­рік­-та­тар­ қауымы­нан­ Г. Г. Исха­ков­, С. Н. Мақсу­дов­, Ф. Ф. Тоқ­та­ров­ қатысады.

Мұс­тафа­ның­ бұ­л ке­ңес­ке бара алмауы Кав­каз­дан Ф­ран­цияға жол­ға шығудың­ қиындығына бай­ла­ныс­ты еді.

М. Шо­қай­ се­кіл­ді ірі тұл­ға­ның­ бол­мауына қара­ма­стан, мұ­сыл­ман халықтары­ның­ ө­кіл­дері ке­ңес­ жұмысына бел­сене атсалысады. Ф. Тоқ­та­ров­ пен­ С. Мақ­су­дов­ онда құ­рыл­ған үш ко­мис­сия­ның­ да құрамына енеді. Соны­мен­ бірге Фуад ке­ңес­тің хат­шысы бо­лып­ сай­ланады.

Ке­ңес­тің е­кін­ші отыры­сын­да саяси топ­тар өз саяси п­лат­формалары жөнін­де мә­лім­деме­лер­ жа­сай­ды. Социал-революцио­нерлер­ тобы­ның­ же­тек­шісі В. М. Зен­зи­нов­ өздері­нің­ саяси ұстанымы­ның­ бұл­жы­майт­ын­ төр­т п­рин­ципке не­гіз­делеті­нін­ айт­ады. О­лар­: 1) 1918 жылы 5 қаң­тарда жария е­тіл­ген­дей­, Ре­сей­ бола­шақ­та федера­тив­тік де­мок­ратия­лық­ рес­публика болуы тиістілігі, Ре­сей­ді ме­кен­дейт­ін­ және рес­публика құрамына ене­тін­ бар­лық ха­лық­тарға ө­зін­дік бірегей­лі­гін­ сақ­тауға және мәде­ни-саяси ер­кін­дігіне тиісті жағ­дай­дың­ туғызылуы;

2) материал­дық­ құн­ды­лық­тарды жасаушы жұ­мыс­шы табының шаруашылық­ ө­мір­ге ық­пал­ етуіне заң­дық не­гіз­ қалау қа­жет­тігі;

3) бар­лық жер­ оны өң­дейт­ін­ ха­лық­қа берілуі;

4) тек­ Бү­кіл­ре­сей­лік­ Құ­рыл­тай жиналысы ғана өкі­мет­тің қай­нар­ көзі болуы [36].

Ка­дет­тер пар­тиясы­ның­ дек­ларация­сын­ оқы­ған­ П. Н. Милю­ков­ та Ре­сей­ құра­мын­дағы ха­лық­тарға мәде­ни-ұлт­тық­ ө­зін­-өзі билеу құ­қығын­ беруді қолдайды.

Ха­лық­шыл социа­лис­тер дек­ларация­сын­да (Н. В. Чай­ковс­кий­): “Ре­сей­ аума­ғын­да пай­да бол­ған мем­ле­кет­тік құры­лым­дар­дың­ дер­бес ө­мір­ сүруін та­ни оты­рып­, о­лар­дың Ре­сей­ де­мок­ратия­лық­ рес­публикасы құра­мын­да қалуына қол­ жет­кізілу­дің­ ке­рек­тігіне” на­зар­ аударылады.

Соны­мен­ э­миг­рациядағы о­рыс­ саяси пар­тиялары қа­зақ­, өз­бек­, та­тар­ т. б. мұ­сыл­ман ха­лық­тары­ның­ ө­зін­-өзі билеу құ­қығын­ ұлт­тық­-мәде­ни автономия­мен­ шек­теуге ұмтылады.

М. Шо­қай­ды әсіресе бұ­л мәселеге сан­ ға­сыр­лар бой­ы Ре­сей­ бодандығында бо­лып­ кел­ген ха­лық­тар ө­кіл­дері­нің­ көз­қа­рас­тары қы­зық­тырады.

Ішкі Ре­сей­ та­тар­-мұ­сыл­мандары­ның­ мә­лім­деме­сін­ жария ет­кен­ С. Мақсудов­ о­лар­дың мәде­ни-ұлт­тық­ автономия ү­шін­ күре­сіп­ келе жат­қандығына тоқ­та­лып­, “қасі­рет­ ше­гіп­ о­тыр­ған Ре­сей­ ха­лық­тары­ның­ осы көзқарас­та е­кен­дігіне, яғ­ни боль­ше­вик­терге лағы­нет айт­а оты­рып­, өт­кен­ ө­мір­ге де қайт­а о­рал­ғылары кел­мейт­ін­дігіне біз­дер әб­ден­ сене­міз­. Ре­сей­ ха­лық­тары ескі ре­жим­ мен­ бү­гін­гі тира­ния аралы­ғын­да әді­лет­ті­лік­ке не­гіз­дел­ген­ мемлекеттік құры­лыс­тың ү­шін­ші фор­масы­ның­ бар­лығына кү­мән­ кел­тір­мей­ді” [37] дей­ді.

Сөзі­нің­ со­ңын­да С. Мақ­су­дов­ ке­ңес­ке жи­нал­ған социал-революцио­нер­лер мен­ ка­дет­тер­ден­ Ре­сей­дің­ бар­лық ха­лық­тары мен­ топ­та­рын­ тол­ғанды­рып­ отырған аг­рар­лық, саяси-экономика­лық­, ұлт­тық­ бо­стан­дық­ т. б. мәселе­лер­ бойынша өз ұ­станым­да­рын­ жұм­бақта­май­, а­шып­ айт­уды та­лап­ етеді.

С. Мақ­су­дов­тың бұ­л сөз­дері­нің­ Зен­зи­нов­, Милю­ков­тер­дің­ бағдарламалары­ның­ күл­білтелігіне қара­тып­ айт­ыл­ғаны бел­гілі.

Г. Исха­ков­, Ф. Тоқ­та­ров­, С. Мақ­су­дов­ бірі­нен­ кейін бірі сөз­ а­лып­, Ре­сей­ аумағын ме­кен­де­ген­, не о­ның­ шет­кері ай­мақ­та­рын­дағы ха­лық­тар­дың­ ұлт­тық­ тәуел­сіз­дігі Ре­сей­дің­ ішкі ісі е­мес­, халықара­лық­ мәселе е­кен­ді­гін­ не­гіз­деуге тырысады. Ал, социал-революцио­нер­лер мен­ ка­дет­тер ұлт­тық­ мәселені Ресейдің­ ішкі ісі ре­тін­де си­пат­тауға, сол­ се­беп­ті о­ған­ шет­ мем­ле­кет­тер­дің­ араласуын халықара­лық­ құ­қық­ты бұзушы­лық­ деп бағалауға ұмтылады. Сондық­тан С. Мақ­су­дов­ ұлт­тық­ мәселе төңіре­гін­де топ­тас­қан­ та­тар­-мұсылмандар­дың э­сер­лер мен­ ка­дет­тер­дің­ о­рыс­ е­мес­ ұлт­тар­дың тәуел­сіз­дігі туралы көз­қа­рас­тары­мен­ келісе ал­майт­ын­ды­ғын­ біл­діреді [38].

Ф. Тоқ­та­ров­ Ре­сей­дің­ ұлт мәселе­сін­ шешу арқылы ғана аяғына тұратынды­ғын­ ес­кер­теді [39].

Мәде­ни-ұлт­тық­ автономия­ның­ маз­мұны жө­нін­де де пі­кір­ алысылады. Ұзақ­ пі­кір­та­ла­стан кейін ке­ңес­ құр­ған В. В. Руд­нев­тің ко­мис­сиясы мен­ тү­рік­-та­тар­ ха­лық­тары аты­нан­ С. Мақ­су­дов­ ұ­сын­ған екі жоба тал­қыға түседі.

С. Мақ­су­дов­тың жоба­сын­да, В. В. Руд­нев­ ұ­сын­ған қа­рар­ға қара­ған­да, автономияға көбі­рек­ құзы­рет­ беріледі. Ол э­сер­лер мен­ ка­дет­тер жоба­сын­да қарас­ты­рыл­ған мәселе­лер­ге қоса, ұлт­тар­ға мына құ­қық­тар­дың­ тап­сырылуын талап­ етеді:1) ұлт­тар­ды құ­қық­ суб­ъектісі ре­тін­де тану; 2) жеке ұлт­тық­ мекемелер­ге е­мес­, бар­лық ұлт­тық­ мекеме­лер­ге бас­шы­лық­ жүр­гізу және оны ұлт­тық­ бас­қару қарама­ғын­да шо­ғыр­ландыру; 3) мем­ле­кет­тік би­лік­тің тіл­ге, ұлттық­ мәде­ниетке, дін­ге, руха­ни және қайы­рым­ды­лық­ мекеме­лер­ге қа­тыс­ты ұлт­тық­ іс­тер­ге араласуы­ның­ қан­дай түріне де жол­ бер­меу; 4) ұлт­тың­ сай­лаулы өкілі арқылы жо­ғар­ғы үкі­мет­тік би­лік­ке қатысуы; 5) рес­публика­ның­ әскери күш­те­рін­ ұйым­дас­тыруда ұлт­тық­ мүд­де­лер­ мен­ тұр­мыс е­рек­ше­лік­те­рін­ ескеру [40].

С. Мақ­су­дов­ бұ­л жоба та­тар­лар­дың­ ғана е­мес­, Ре­сей­дегі е­зіл­ген халықтар­дың­ бар­лығы­ның­ да мүд­деле­рін­ қор­ғауға ба­ғыт­тал­ған­ дей­ді.

Ұлт­тық­-мәде­ни автономия­ның­ шең­бері мен­ маз­мұны бой­ынша екі түр­лі пі­кір­дің болуына бай­ла­ныс­ты де­ген­ желеу­мен­ екі жоба да дауысқа са­лын­бай, аяқ­сыз­ қалады. Мұ­ның­ өзі о­рыс­ де­мок­ратиясы­ның­ көр­некті тұл­ғалары П.Н.Милю­ков­тың, А. Ф. Керенс­кий­дің,­ жиынға төраға­лық­ ет­кен­ Н. Д. Авксентьев­тің­ және о­лар­дың соңы­нан­ ер­ген­ ө­кіл­дері­нің­ тү­рік­ халықтарының­ са­яси дер­бес­тік­ке ұмтылы­сын­ құйры­қ-жалы кү­зел­ген автономия беру арқылы “шешуге” бейім та­ныт­қанды­ғын­ көр­сетеді. О­лар­дың саяси көрсоқыр­лығы жө­нін­де Ф. Тоқ­та­ров­: “Қа­лай­ бол­ғанда да мен­ П. Н. Милю­ков­ты тү­сін­бе­дім­. Бұ­л жө­нін­де мен­ мынаны айт­қым келеді. ХХ ға­сыр­да Ре­сей­ді И­ван­ Г­роз­ный­дың­ тәсілі­мен­ жинауға бол­майды... Де­ген­мен Милю­ков­ та, Керенс­кий­ де біз­ге, Қа­зан­ның қа­быр­ғала­рын­ атқылауға зең­бі­рек­тері­мен­ келе қой­мас­ деп­ сене­мін­” [41] дей­ді.

М. Шо­қай­ға досы­ның­ осы бір­ сөз­дері аса ұна­ған­ болуы ке­рек­, о­лар­ды қарын­даш­пен­ сы­зып­ бө­ліп­ қояды.

Ке­ңес­ жұмысы­ның­ аяқталары ал­дын­да Ф. Тоқ­та­ров­ мына­дай­ мә­лім­деме жа­сай­ды: “Ре­сей­дің­ қайт­а құрылуына де­мок­ратия арқылы және ұлт­тар­дың арман­-тілегі мен­ та­лап­та­рын­ то­лық­ қана­ғат­тандыру жолы­мен­ қол­ жет­кізуге болады. Біз­дер­, та­тар­ хал­қы­ның­ ө­кіл­дері, осы көз­қа­рас­ пен­ се­нім­ді ұстана отырып­, ке­ңес­тің тал­қылауына Ре­сей­ ұлт­тық­ мәселе­сін­ то­лық­ ау­қым­ды көрсете­тін­ ұсы­ныс­ жаса­ған­быз, бі­рақ­ оны қа­был­дауды ке­ңес­ мүм­кін деп­ таппады да, о­ның­ орнына екіұштылау қа­рар­мен шек­телді. Бұ­л фак­ті­ден­ біз­дер ке­ңес­тің және біз­дің ұлт­тық­ мәселеге көз­қа­рас­тары­мыз­дың ал­шақ­тығы редакция­лық­ е­мес­, п­рин­ципті си­пат­та е­кен­ді­гін­ көре­міз­” [42].

Ф. Тоқ­та­ров­тың ұлт мәселесі жө­нін­дегі ұстанымы М. Шо­қай­дың­ көз­қарас­тарына то­лық­ сәй­кес­ келеді. Мұс­тафа Құ­рыл­тай жиналысы мүшелері­нің­ Па­риж­ кеңесі хат­тамалары арқылы өзі­нің­ саяси қыз­метіне қа­жет­ті мағ­лұ­мат­тар алады, соны­мен­ бір­ге о­рыс­ де­мок­ратиясы­ның­ ұлы дер­жава­лық­ шови­низм­нің­ негізі бо­лып­ кел­ген Ре­сей­дің­ бір­тұ­тас­тығы идеясына бұра бас­тағанына куә болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет