«қоқи, қағылайын» деген қырғыз сөздері шықса, орыс фото-
граф: «Мен ойлаған сеники бала», «Сеники бай екеу түскен су-
рет бар!», «Сен өзиндики сурет әкел» (130,131) деп қазақша
сөйлейді. Мұның барлығын жазушы бір ғана мақсатты көздеп
келтірген, ол – көркем шығармада шындық картинасының
нышанын беру. Көркем туынды – фотосурет емес, сондықтан
онда өмірдегі барша жүріс-тұрысты, сөз-лебізді бұлжытпай,
сол күйінде беру – шарт емес. Осы себептер жазушының ауыл
адамдарының, ал жинақтағы кейінгі әңгімелердің біразы осы
күнгі қазақ зиялыларының сөйлесу үрдісін штрихпен көрсету
– шеберлік деп табамыз.
Әңгімелердің синтаксистік құрылымынакел сек, жоғарыда
айттық, сөйлемдер көбінесе жай немесе екі компоненті (сөй-
лемді) құрмалас түрінде берілген. Бірнеше жолға кететін аса
күрделі түзілістер бұларда жоқ. Құрмалас сөйлем компонент-
терін жалғастырып тұратын шылауларды түсіріп қолдану –
новеллашы Шерхан қолтаңбасының бір белгісі. Бұл белгі біз
талдап отырған әңгімелерінде де орын алған:
Хадиша Мақсұтты қолынан ұстап төрге алып шықпақ
болып, ілгері аттайын деп еді, – орнынан қозғала алмады
(6). Мұнда сызықша тұрған жерде бірақ деген шылау келуі
керек еді, жазушы оны керек етпеген. Келесі мысал: «Қолы-
ма көшіп кел, жалғыздан-жалғыз қайтып отырасың» деп
80
мың айтып жалынды, – бармадым. Мақсұттың үйінің түтіні
өшпесін, –- отырамын осында, – дедім (6). Сөйлем ортасында
тұрған алғашқы сызықша бірақ, сонда да деген шы ларлардың,
келесісі сондықтан деген шылаудың орнын көрсетіп тұр.
Бұл да – сөйлеу тілінің көрінісі. Жалғаулық дегендер – жазба
тілдің, «тәртіпке түскен» текстің үлесі, ал сөйлеу тілі неғұрлым
үнемді, ықшам болуды көздейді, сондықтан түсіріледі.
Сөйлеу тілінде осыған қарама-қарсы көрініс те бола ды.
Мысалы, бір сөзді қайталай беру – айтпақ ойына назар ау-
дартуды, ол ойдың әрбір бөлігінің өзінше мәні зор екенін
көрсетіп, нақпа-нақтау мақсатын көздейді. Мыса лы, Хадиша
түсінде бұдан 30 жыл бұрын соғыста қаза тапқан жолдасына
тіл қатқанда, Шалабай қайнысы туралы шағынады.
– Әй, шырақ, – дедім Шалабайға, – әруақ атып кетпесін, –
дедім. – Егер Мақсұт болса, мен кіммін? Хади ша болар едім,
алдымнан көлденең жүрмес едің, сен шірік, – дедім. Мақсұт
жоқ болған соң, мен сияқты жетім кемпірді елемейсің, – дедім.
– Аруақ атқыр болмасаң, анау Ақшай кім, мен кім? – дедім. –
Жөн білмейтін қандай көргенсіз едің, – дедім (7).
Бұл жердегі 6 рет қайталаған дедім сөзі – Хадиша айтқан әр
ойының мәнін айқындап тұрған суайрық (әлде жолайрық па!)
әрі сол әрбір ойды салмақтап тұрған «кірдің тасы». Дедім сөзі
әңгіменің аяғына дейін осы қызметте тағы талай келеді.
Әңгімелердің композициялық құрылымында пәлендей көз-
ге ұрып тұрған ерекшеліктер жоқ. Олардың көбі – 5-10 бет-
тік қысқа-қысқа әңгімелер, тіпті көбі новеллалар. Бірақ соның
өзінде сюжеттік бөліктерге бөлінген. Мысалы, «41 жылғы
келіншек» әңгімесінің алғашқы төрт беті – Хадишаның түсі,
келесі жарты бет – автордың баяндауы. «Бір нәзік сәуле» –
он-ақ беттік әңгіме, соған қарамастан үш «тарауға», яғни
сюжеттік бөлікке бөлінген: алғашқысында Хадиша пойызға
мінген соң жолсерік қызбен танысады, екіншісінде қыздың
жай-жапсарын: детдомда өскенін, шешесін жоғалтқанын, бірақ
дамылсыз іздеп жүргенін біледі, үшіншісінде «Өжетке» келіп
қызы жоғалған Зуайда кемпірге Валя қызды көрістіріп, ана-
сы мен қызын табыстырмақ әрекеті суреттеледі. Әр бөлімнің
сюжеттік желісі толық, оқиғаның басталуы, дамуы, аяқталуы
дегендей. Әрине, бұл бөліктерге ат қойылмайды, тіпті циф-
рмен де ажыратылмайды.
81
Әр бөлімі цифрмен көрсетілген ұзақтау әңгімесі – «Ақсай
мен Көксай». Мұнда әр бөліктің өз оқиғасы бар, бір қарағанда
таза оқиғаларға құрылған күнделікті қу тіршіліктің бір суретін
көз алдымызға жайып салған шағын әңгіме болып көрінген-
мен, оқи келе, автордың айтпағы – кейіпкерлерінің іс-қарекет-
терін баяндау емес, бастарына қиын-қыстау шақ түскенде
бір-біріне деген қарым-қатысын көрсету екенін байқаймыз.
Адамдар арасындағы ізгі көңіл мен арам ниеттерді (Бадырақ
көздің қылығы), жақсы мен жаман іс-қарекеттерді жа зушы
үш бөлікте бас-аяғы бүгін әңгіме етіп ұсынады. Баян дау стилі
әдеттегідей: әсіреқызыл сөзсіз, артық авторлық пайымдаулар-
сыз, қып-қысқа, мағыналары мейлінше түсінікті сөйлемдермен
келеді. Әкесіз, тіреусіз өсіп келе жатқан Барысханның «Ме-
детхан бауырын» көргісі келетіні де, сол Медетханнан үлкен
адамгершілік, тіпті жас жігітке қажет батылдық, батырлық
іздейтінін де жазушы әңгіме соңындағы «осы Медетхан
емес пе екен?» деген де ой келді» деген сөйлеммен аяқтауы
арқылы білдіреді. Бұдан осы туындының оқиғалы шығарма
емес, философиялық-психологиялық ой-түйінмен келген, адам
жанының сұранысын баяндаған әңгіме екенін көреміз. Тіл
мен стилі өзінің қарапайымдылығымен, анықтығымен, шын-
шылдығымен мазмұн мен түрдің сәйкес келуін жүзеге асырып
тұр.
Әңгімелердің сөздік-фразеологиялық саласында да жал-
пы ұлттық әдеби тіл мен көркем әдебиет тілі нормаларынан
ауытқитын немесе ерекшеленетін қолданыстар жоқ. Әңгіме-
лер белгілі бір өңір тұрғындарының көбі соғыс жылдарында-
ғы, үш-төртеуі кейінгі кезеңдердегі ауыл-қала адамдарының
өмірінен жазылғанымен, оларды «өздерінше» сөйлеткенімен,
жазушы жергілікті тіл ерекшеліктерін қоса көрсетіп отыру-
ды өзіне міндет етпеген, керісінше, сөйлеу тілінің барлық
өңірге де тән элементтерін келтіруден қашпаған. Қыз байға
қашып кеткен, қызы төркініне түсе келіпті, алжыған басым,
Ақшай кемпірдің бүгінде мұрнына есекқұрт түседі, Шалабай
шіркін, Шалабайы түскір, Зуайда байғұс, қызталақ (Аталық
шалдың үйреншікті сөзі) тәрізді көбі қарапайым сөз болып
келген қолданыстардың біразын табамыз. Кейіпкерлердің
диалогтерінен тіпті ауыл адамдарының тіліне енді араласа
82
бастаған пастой, ровнай он шақырым, біригат-ау тәрізді орыс
сөздері де көркем әдебиет стилінің нормасын бұзып тұрған
жоқ.
Ал жоғарыда «Қызыл жебеде» кездескен дуайбат (кей жер-
де дуайпат түрінде де жазылған), пісігі өтіп кеткен, бұғат
сияқты 4-5 сөз әңгімелер текстерінде де бар.
Бейнелі фразеологизмдер де аса көп емес. Әңгіме бо-
лып отырған кезге, ситуацияға қарай жасалған «бір аяғың –
немісте, бір аяғың – кебісте» (бір аяғынан соғыста айырылып
келген адамға қарата айтылған) сияқты ауыл адамдарының
тапқыр сөзі, қазақтың кәнігі образынан алынған «түр әлпеті
алшы асықтың сақа тиіп құлағанындай» (Ақшай кемпірдің
сөз таласында жеңіліп қалғанын суреттегенінде), «аш қасқыр
жеп кеткен есектің қабырғасындай ырсиып-ырсиып жайрап
жатты» (ағашы қырқылған орман тура лы), «көдедей көп әйел»,
«кішігірім самаурындай қызылша» тәрізді бейнелі теңеулерді
әңгіме текстеріндегі «әдемі сөздердің» қатарына қосуға болар.
Бұлардың ішінде тіпті аяғыңа аш ішегің, тобығыңа тоқ ішегің
оралсын!», «тумай жатып әкесін жалмаған үш жалмауыз»,
«кітапта басың қалғыр!» сияқты «жаңа қарғыстар» да бар.
Бұлардың қай-қайсысы да шығарма текстерінің тігісіне жатық
түсіп, кейіпкерлер сөзіне шынайы сипат беріп тұр.
Міне, Шерхан Мұртазаның көркем әдебиеттің «әңгімелер»
деп аталатын жанрындағы тілі мен стилі жайында айтылмақ
көп әңгіменің бір үзігі – осындай.
Біздің бұл жұмыста көздегеніміз – көркем шығармалардың
тіліне лингвистикалық стилистика талаптары бойынша тал-
дау жасау болғандықтан, рецензияларға тән кемшіліктерін
көрсетуді діттемедік. Әрине, тілдік-стильдік талап тұрғысынан
алғанда, нормадан ауытқушылықтар көрініп тұрса, оны айтқан
болар едік, ал жеке сөздерге, сөйлемдерге қатысты байқалған
«азын-аулақ» кемшіндерді теріп көрсетуді міндетіміз деп
санамадық.
Әңгімеші новеллашы және романшы-эпик жазушы – Шер-
хан Мұртазаның белгілі бір шығармалары тілінде көрінген «ав-
тор бейнесі», яғни тілдік-стильдік, көркемдік көрінісі – осын-
дай.
|