Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет43/128
Дата01.03.2024
өлшемі1.64 Mb.
#493649
түріБағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   128
Сөз құдіреті

жалтылдаған кісе... (14). 
Тағы құландармен бірге аранға түсіп кетіп, шала есті боп 
тұрған Итжемеске қою түн қараңғысындағы отты қоршаған 
қарулы нөкерлердің сырт нобайы осылай көрінеді, олардың 
жай адамдар емес, үрейлі жандар екендігін үстеріндегі отқа 
шағылысып жарқылдап көрінетін металл сауыт-сайманды 
суреттеу арқылы береді. Жалтылдаған сөзінің дулыға, сау-
ыт, кісе деген сөздер сайын қайталануы «Итжеместей олпы-
солпы» кішкентай адамның темір киімділерден сескенгенін, 
қаймыққанын ұзақ сөзбен баяндамай, бір сөздің қайталануымен 
танытып тұр.
Қайталама құбылысына ілінетін жалпы синтаксистік, 
морфологиялық бірліктер де әр алуан. Жоғарыда есімшеден 
жасалған анықтауыш қайталанып тұрса, мына жерде ешбір де-
18
Орыс тіл білімі мен әдебиет теориясында «повтор» деп аталатын құбылысты 
бізде көбінесе «қайталау» деп алып жүр. Сірә, қайталау (по вторение) – қимыл есімінің 
атауы, ал қайталама – абстракт есім атауы – термин болмақ.


101
ген есімдік әрбір бірыңғай мүше сайын қайталанып, аталған 
әр ұлыстың «қателігі» бір-бірінен кем емес екенін ав тор 
түсіндірме көп сөзбен емес, қайталама бір сөзбен білдірген:
Алайда істің бүйтіп айрандай бұзылуына осы біздердің де 
қатысымыз жоқ па екен деген күмән ешбір торғауыт, ешбір 
күрлеуіт, ешбір дүрбіт, ешбір шорос, ешбір қошауыттың ойына 
кіріп шықса не дерсің! (69).
Бұл сөйлемде ешбір сөзін қайталап келтіру арқылы жазушы 
оқырманға жоңғар ұлыстарын түстеп-түгендеп беріп тұр.
Бір сөйлем ішінде ғана емес, қатар келген әр сөйлем сайын 
белгілі бір сөздерді (сөйлем мүшесін, оқшау сөздерді) не тіпті 
бір сөйлемді қайталап отыру арқылы да сол жерде айтылмақ 
ойдың мағыналық қазығын қағады. Мысалы, Әбілқайырға да 
керегі – осы еді.Әйтеуір, Жәнібек еліне айдарынан жел есіп, 
риза боп барса болды. Әйтеуір, қалың арғын мұны да тегін кісі 
емес деп таныса болды, әйтеуір, бұдан былай Жәнібек бұның 
аты аталғанда елеңдеп тұрса болды (117).
Үш сөйлемнің үшеуі де әйтеуір сөзінен басталып, Әбіл- 
қайырдың діттеген ойының өзге емес, осы айтылғандар екеніне 
оқырман назарын аудартады.
«Қазақтың қазақ екенін білгің келсе, халық екенін білгің 
келсе, мамыр өте Мәртөбеге кел дейтін сөз де содан қалған-
ды» деп баяндаған автор әрі қарай бір бетке жуық 9 абзац-
ты Мамыр өте Мәртөбеге келсең деп бастайды. Осының 
алдындағы Сайрамдағы жиын тұсында дегенді де әрқайсысы 
2-3 сөйлемнен тұратын 3 абзацтың басына шығарып, осы 
қайталама арқылы Сайрамдағы жиынның қазақ қауымы үшін 
моральдық мәні қандай болғанын баса көрсетеді (57).
Парцелляцияланған (сөйлемнен бөліп шығарылған, «оңа- 
ша отау етіп қондырылған») сөздер де қайталама әдісінің 
объектісі болып кетеді. Мысалы, мына жерде сықыр-сықыр 
сөзі парцелляцияланып берілген:
Қимылдаса болды – аяғындағы құрым етігі [сықыр-сықыр] 
сарнап қоя береді. Сықыр-сықыр, сықыр-сықыр. Қойбағардың 
құлағына сол бір жексұрын үн майдай жаға ма... қойқаң-қойқаң 
етіп, байыз тауып отыра алмағаны. Сықыр-сықыр... Қойбағар 
ырғала басып сыртқа шықты. Сықыр- сықыр... Қойбағар хан 
ордадан ұзап барады. Сықыр-сықыр... (31).


102
Мұнда автор қайталама сөзге екі-үш жүкті бір-ақ артқан: 
ол сөйлем ішінен бөлініп жеке шығуымен (парцелляцияла-
нуымен) ой қазығын терең қадай түседі, ал ой қазығы жалпы 
етіктің сықырын білдіру емес, Әбілқайырдың орыс патшасы-
на жіберген өтінішін қабылдамай, саба қарын, сары ала иық 
шонжарлардың (орыс билеушілерінің) мұның есек дәмесін 
мазақ еткен сылқ-сылқ күлкісі болып естілген беймаза көңіл 
күйін көрсетеді.
Кайталама элементтер «Үркердің» тексінде «тұнып тұр» 
деуге болады, жеке сөздерді, жеке сөйлемдерді ғана емес, шы-
лауларды да, жалғауларды да бірыңғай мүше сайын қайталап 
келтіру – жазушының жиі қолданған стильдік амалдарының 
бірі деуге болады. Әдетте бірыңғай мүшелерді санамалап 
келіп, тиісті септік жалғауын ең соңғысына жалғау – жалпы 
синтаксистік норма, ал әрқайсысы сайын жалғап айту (жазу) – 
қайталаманың бір түрі:
...Ұрыс даласында ұланына, тайшысына, зайсанына, нояны-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет