ҚҰран кәрім хикаялары



Pdf көрінісі
бет45/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   102
Хикаялар

ОН ҮШІНШІ ХИКАЯ 
МҰСА (АЛӘЙҺИС-СӘЛӘМ) ТУРАЛЫ (2) 
 
Бөгде елде басталған тірлік 
Мұса екi қызға жақындап: «Сендер неге шеттеп, ұзақта күтiп 
тұрсыңдар?» – деп сұрады. Қыздар: «Бiз адамдардың малын суарып 
болғанын күтiп тұрмыз. Ер кiсiлердiң арасына кіріп, олармен араласуды 
қаламаймыз. Бiз қойларымызды суару керек болғандықтан келуге 
мәжбүрміз. Өйткенi бiздiң әкемiз қарт әрi науқас. Бұл жерге келе алмайды. 
Сол себептi бiз өзіңіз көрiп тұрғаныңыздай, кезек күтiп тұрмыз», – деп 
жағдайын айтты. 
Мұса бұл екi қыздың сөздерiнен олардың қойларын суаруға жәрдемнің 
керектігін түсінді. Әлсiздерге көмек беру – мiндетті әрi қайырлы iс. Мұса 
қыздарға көмек берiп, қойларын суарып бердi. Қыздар оның бұл 
жақсылығына алғыстарын айтып, қуанышпен үйлерiне қайтты. Ал Мұса бiр 
ағаштың көлеңкесiнде отырып, Аллаһ тағалаға шүкiршілік айтты. Ол 
Тәңірінен жәрдем, мейiр-шапағат сұрап: «Уа, Раббым! Мен – шарасыз, 
мұқтаж пендеңмiн. Сенен жәрдем сұраймын. Менiң мұнда баспанам да, мал-
дүнием де жоқ. Баспанасыз, жұмыссыз тiршiлiк ете алмаймын», – дедi. 
Әлгi екi қыз үйiне әдеттегiден тым ерте оралды. Мұны көрген әкесi 
себебiн сұрады. Қыздар бiр ірі әрі қуатты бөгде кiсiнiң қойларын суарып 
бергенiн, ал өзi бұлақ басында қалғанын айтты. Аллаһ тағаланың 
қолдауымен қарттың көкейіне ол кiсiнi алып келуге бiр қызын жiберу жайлы 
ой келді. Қыз Мұсаға келiп, ұяңдықпен: «Қойларымызды суарып бергенiңiз 
үшiн әкеміз сiздi сыйламақшы болып шақырып жатыр», – деп әкесiнiң 
шақыруын жеткiздi. Мұса қуанып кеттi. Өйткенi ол Аллаһ тағала өзінің 
дұғасын қабыл еткенін білді. Мiне, несiбесi келiп тұр. Мұса ол қыздың 
биязы мiнездi, тәрбиелі екенін көрiп, онымен бiрге баратын болды. 
Қарт Мұсамен танысып, хал-жағдайын бiлгеннен кейiн, оның уайымын 
сейiлтiп: «Қорықпа, бiздiң қасымыздан мал-дүние де, баспана да, жұмыс та 
табасың», – дедi. Қыздарының бiрi әкесiне: «Ей, әкетай! Бұл кiсiнiң сенiмдi, 
жақсы мiнездi әрi күшті екенi көрiнiп тұр. Мен бұл кiсiге бiздiң қасымызда 
жұмыс iстеуiне ұсыныс жасар едiм. Осындай сенiмдi, қуатты, iстi 
ықыласпен атқаратын адал адамның бізбен бірге жұмыс iстегені жақсы 
болар едi», – деп өз пiкiрiн бiлдiрдi. Шынында, Аллаһ тағала Мұсаны шет 
қалдырмаған едi. Қарт Мұсаға: «Менiң қасымда сегiз жыл жұмыс iстеп 
қолғабыс етсең, қыздарымның бiрiн саған тұрмысқа берер едім», – деп ойын 
айтты. Мұса бұл шартты қуана қабылдап, қыздардың бiрiне үйлендi. 
Осылайша Мұса жайлы жұмыс жасап, тыныш баспанада тамаша тұрмыс 
кеше бастады. 


58 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет