62
барлығының Раббысы. Ол – сенiң де Раббың. Ол – аспан мен жердегi және
олардың ортасында болған әрбiр жаратылған заттың Жаратушысы…» –
дедi. Перғауын Мұсаның сөздерiн жоққа шығарып, келемеждеп: «Ей,
қауымым! Оның маған айтып тұрған жауабын естiңдершi. Ол ойланбай
сөйлеп тұр», – дедi. Сосын өз әрекетін
қорғап дәлелдеуге дәрменсiз
болғанына ашуланып: «Ей, Мұса! Егер менен басқа құдай бар деп сенетiн
болсаң, сөзсiз сенi қамаймын», – деп қорқытты.
Мiнеки, Перғауын Мұсаны ақылмен жеңе алмағаннан кейiн күш
қолдануға кiрiстi. Адамдарды құлдыққа салған әрбiр залым патшаның халi
осындай болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: