ҚҰран кәрім хикаялары



Pdf көрінісі
бет50/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   102
Хикаялар

ОН БЕСІНШІ ХИКАЯ 
МҰСА (АЛӘЙҺИС-СӘЛӘМ) ТУРАЛЫ (4) 
 
Перғауынның иман келтіргендерге қауіп төндіруі 
Мұса жеңдi. Сиқыршылар Мұса мен Һарунның Раббысы Аллаһқа бас иiп, 
сәжде жасады. Перғауын қатты ашуланып, Мұса мен сиқыршыларға тісін 
қайрады. Ол сиқыршыларға: «Сендер қалайша бұл сиқыршыға сенiп, оны 
елшi дейсiңдер? Сендердің Мұсаға ерiп, Аллаһқа иман келтiрулеріңе мен 
рұқсат бермеймін. Сендер Мұсамен бірігіп, мені алдауға және өтiрiк айтып, 
сиқыр жасауға келiсiп алғансыңдар. Демек, Мұса – сендердiң ұстаздарың», – 
деп зекiдi. 
Перғауын сиқыршыларға зекуін жалғастырып: «Егер сендер менен өзге 
құдайға сенетiн болсаңдар, сендердi бұған дейін ешкiм естiмеген ауыр 
жазамен жазалаймын. Сендердiң бір қол, бір аяқтарыңды шауып, сыңар аяқ, 
сыңар қолдарыңнан ағашқа асып қоямын. Сонда сендер менiң жаңа 
Раббыларыңнан да күшті екенiме көз жеткiзетiн боласыңдар», – дедi. Бiрақ 
сиқыршылар имандарында берiк тұрды. Олар Перғауынның қорқытқанына 
мойымай: «Ей, Перғауын! Бiз бiрде-бiр пендені Аллаһтан артық көрмеймiз. 
Қалағаныңды жаса. Бiзге Аллаһ тағаланың қалағанынан өзге ештеңе 
болмайды. Бiз – мүмінбіз. Өз жанымызды бұл дүниеде құрбан етуге 
дайынбыз. Егер бiздi өлтiрудi қаласаң, өлтiре бер. Бұдан бiз ешқандай зиян 
шекпеймiз. Өйткенi бiз Раббымызға қателiктерiмiздi және iстеген 
сиқырларымызды кешiруi үшiн иман келтiрдiк. Аллаһ сенен жақсы әрi Ол 
мәңгi. Бiз Аллаһқа иман келтiрiп, Оның жолында құрбан болуымызға сенің 
рұқсатыңның қажеті жоқ», – деп жауап бердi. 
Иман келтiрген сиқыршылар таңғаларлық сөздерiн жалғастырып: «Ей, 
Перғауын! Қиямет күнi кәпiр, күнәкар болып өткен адамға тозақ оты 
бұйырылады. Ол нендей жаман орын! Ал мүмін болып, игi iстердi 
жасағандар үшiн жаннат нәсіп болады», – дедi. Перғауынның иман 
келтiргендерге деген кегі, ашу-ызасы артып, нөкерлерiне Мұса мен Һарунға 
ерген әрбiр адамды асып, азаптап өлтiруге бұйрық бердi. Нөкерлері 
мүміндерді азаптап, қуа бастады. Өйткенi мүміндер Аллаһ тағалаға сенiп
Перғауынды мойындамады, оның құдаймын деген өтiрiгiне сенбедi. 
Дегенмен Перғауын мен оның нөкерлерi мүміндердің бiр Аллаһқа иман 
келтiргеннен өзге ешқандай күнәлары жоқ екенiн бiлетін едi. 
Мүміндер бастарына төнген ауыр азапқа төзе алмай, Мұсаға келiп
Перғауын мен оның нөкерлерiне шектеу қоюын өтiндi. Мұсаның қолынан не 
келсін?! Әрбiр мүміннің Аллаһ тағала жолында азап пен қиындықтарға 
жолығары сөзсiз. Иман келтiргеннен кейiн сабыр керек. Сондықтан да Мұса 
оларды: «Аллаһтан жәрдем сұраңдар. Сабыр сақтаңдар», – деп 
қиындықтарға шыдамды болуға үндедi. Сонымен қатар оларды сүйіншілеп, 


66 
соңғы жеңiстің тақуалар үшiн болуы күмәнсіз екенiн, Аллаһ тағала оларға 
көмек беретiнiн, егер Перғауын оларды өлтiрсе де, ақырында баратын 
жерлері жаннат екенін айтты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет