ҚҰран кәрім хикаялары


Сандық – Перғауын сарайында



Pdf көрінісі
бет43/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   102
Хикаялар

Сандық – Перғауын сарайында 
Бұл дүниеге келген нәресте Мұса, ал амалы құрып, дағдарған әйел 
Мұсаның анасы болатын. Аллаһ тағала баланы бауыздалуынан сақтап, анаға 
баланы Перғауынға жiберуді бұйырды және Перғауынның оны ешқашан 
өлтiре алмайтындығын айтып, жол көрсеттi. Аллаһ тағала бұл тәсілмен 
баланы қалай құтқармақ? Иә, әрбір амалды бiлушi Аллаһ уәдесiн 
орындайды. Ана көңілі қимаса да, Аллаһ тағаланың қалауымен баланы 
сандыққа салып, өзенге тастады. Сосын қызына сандықтың соңынан 
бақылап баруды тапсырды. Қызы жағалауға барып, қарап тұрды. Сандықты 
көп әйел iшiнен бiр әйел алды. Ол Перғауынның әйелi еді.
Перғауынның әйелi нәрестенi көрісімен ұнатып қалды да, күйеуiнен 
баланы тiрi қалдырып, оны өздерiне бала етiп алуларын өтінді. Әйелінің 
сөзін жерге тастамайтын кәпiр Перғауын баланы асырап алуға келісті. Осы 
кезде баланың қарны ашып, шырылдап жылай бастады. Бiрақ оны кiм 
емiзедi? Оған сүттi қайдан алып бередi? Бала барлық емiзушiнiң бiреуiн де 
ембедi. Мұсаның әпкесi осының барлығын көріп, бақылап тұрған-ды. Сол 
сәтте ол: «Мен бұл баланы емiзуге бiр әйелдi көрсетейiн бе? Баланы 
берiңдер, сол әйелге алып барайын», – дедi. Перғауын ол әйелдiң баланың 
туған анасы екенiнен бейхабар болғандықтан, баланы емiзіп беруіне келiстi. 
Қызы баланы анасына алып келдi. Осылайша Аллаһ баланы анасына 
қайтарып берiп, «Бала Перғауынның қолынан өлмейдi» деген уәдесiн 
орындады.
Ғажайып! Бұл кездесудегi ананың қалай қуанғанын білсеңіздер ғой! Ана 
баласымен қоштасып, оны сандыққа салып, өзенге тастаған еді. Жас нәресте 
өзен ағысымен балалардың көзiн жоюшы зұлым Перғауынға қарай кеткен-
дi. Бiрақ ол Аллаһ тағаланың қалауымен тірі қалды және ерекше 
қамқорлыққа алынып, қайтып келдi. Шынында да, Аллаһ тағала бұл 
бейшара ананы жылатып, қайғыртып қоймады. Оның көңiлiне тыныштық 
ұялатып, қуанышқа кенелттi. Өйткенi болашақта жеңiс осы баланың 
қолында болады. Демек, Аллаһ тағала бұл баланы Өз панасына алады.


55 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет