ҚҰран кәрім хикаялары


Мұғжизалар және Мұсаның сиқыршылармен сайысы



Pdf көрінісі
бет48/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   102
Хикаялар

Мұғжизалар және Мұсаның сиқыршылармен сайысы 
Мұса Перғауынның бұл қорқытқанынан саспады. Ол Перғауынға 
сабырмен ғана: «Саған айқын дәлел көрсетсем, қалай болар екен?! Ей, 
Перғауын! Мен Аллаһ тағаланың елшiсi екенiмдi көз алдыңда айқын 
мұғжиза көрсетіп, дәлелдеп берсем де, менi қамайсың ба?» – деді. Перғауын 
ашу-ызаға булығып: «Егер шындықты айтушы болсаң, көрсет», – дедi. Мұса 
таяғын тастады. Ол ғажап бiр жыланға айналды. Перғауын таңғалды. Бiрақ 
таңғалғанын сездiргiсi келмей: «Ей, Мұса! Тағы да басқасы бар ма?» – дедi. 
Сонда Мұса қолын қойнына тығып, қайта шығарып едi, ол өзiнен нұр 
таратып тұрған аппақ болып шықты. 
Расында, Перғауын Мұсаның бұл екi мұғжизасын көргенмен, 
таңданысын ішінен шығармай сызданды. Ол «Қауымым Мұса мен 
Һарунның жаңа дiн алып келіп, мұғжизалар көрсетiп тұрғанын көрiп тұр. 
Ендi қайтсем екен?» деп іштей ойланды. Сосын Мұсаға және қауымына 
қарап: «Мұса мен Һарун – сиқыршылар. Сендердi сиқырлап, елдерiңнен 
шығарып жiбермекшi. Не дейсiңдер?» – дедi.
Осылайша Перғауын бұрын-соңды істемегенін істеп, қауымынан ақыл 
сұрады. Қауымынан ақыл, жәрдем сұрайтын адам қалайша тәңiр болмақ?! 
Сонда уәзір-нөкерлері Перғауынға: «Ол екеуiн жеңуiң үшiн елдегi барша 
сиқыршыларды жина. Олардан жеңілгеннен кейін Мұса мен бауырын қама», 
– деп кеңес бердi. 
Әскерлер бүкiл елге жар салып, мейрам күнi патша сарайының алдында 
үлкен жиын, үлкен сайыс болатындығын хабарлап, сиқыршыларды жинай 
бастады. Атағы жер жарған сиқыршылардың барлығы түгел жиналды. 
Қауымның барлық адамдары да ақиқатты әрi жеңiс иесін бiлу үшiн сайысты 
көрiп, тамашалауға жиналды. 
Жиналғандардың барлығы да ақиқатты білуге ынтық. Кiм жеңiске жетер 
екен? Мұса мен Һарун ба? Әлде сиқыршылар ма? Сиқыршылар: «Ей, 
Перғауын! Егер бiз сиқырымызды қолданып, Мұсаны жеңсек, бiзге сыйлық 
бар ма?» – деп сұрады. Перғауын: «Иә, әлбетте, егер сендер менiң 


63 
адамдарды құлдыққа салып, билiк жүргiзуiме көмектессеңдер және бұл 
жолда кедергі-тосқауыл жасамақ болғандарды жеңсеңдер, маған ең жақын 
адамдар боласыңдар», – дедi. 
Мұса өзiне қарсы жан-жақтан жиналып, өзіндегі мұғжизалардан бейхабар 
сиқыршыларды көрді де, олардың қастарына барып: «Егер Аллаһ тағалаға 
жала жапсаңдар, сендерге азап бар! Сендердегі өнер мендегi Аллаһ 
тағаланың берген мұғжизасымен теңесе алмайтын сиқыр ғана. Қазiр 
жарыстың соңында менiң шындық пен ақиқатқа шақырып тұрғандығыма 
көз жеткiзесіңдер. Сондықтан Аллаһқа өтiрiк айтпаңдар! Егер өтiрiк 
айтсаңдар, Аллаһ тағала сендердi қатты азапқа ұшыратады. Өтiрiктен 
абайлаңдар. Өтiрiк айтушы ешқашан табысқа жетпейдi әрі Аллаһ тағаланың 
қаһарынан құтыла алмайды», – деп ескертті. 
Үлкен жиын басталды. Адамдар патшалары Перғауынмен бiрге қайсы 
топтың хақ екенiн көрмекке қарап тұрды. Жүздеген сиқыршы таяқтары мен 
арқандарын дайындап, Мұсаға: «Сен бiрiншi таяғыңды тастап, бастайсың 
ба? Әлде бiз бастайық па?» – дестi. Мұса: «Сендер бастаңдар», – дедi. 
Сиқыршылар бастады. Мұса олардың таяқтары мен арқандарының 
әрекеттенiп, жылан сияқты болып жатқанын көрдi. Бұл сиқыр, адамдарды 
арбау ғана болатын. Бiрақ адамдар шындықты қашан бiлмек? Міне, 
шындықтың уақыты да келiп жеттi. Мұса жиналғандардың сиқырмен 
әсерленiп, көздерінің байлануларынан күдіктенді.
Мұсаға әлемдердiң Раббысы Аллаһ тағаладан: «Қорықпа! Әрқашан сен 
жоғарыда боласың. Оң қолыңдағы таяғыңды таста. Олардың жасағандарын 
жұтып жiбередi. Олардың жасағандары – сиқыршының айласы. Сиқыршы 
ешқашан жеңiске жетпейдi» – деген әмiр келдi.
Аллаһ тағала бұл әмiрiмен таяғын тастауды бұйырып, оны жеңiске 
жететiндiгiмен сүйiншiлеп, көңілін орнықтырды. Ол: «Ей, Мұса! 
Пайғамбарлар қорықпайды. Сенде сиқырды жоятын мұғжиза бар. 
Сиқыршылар Аллаһ тағаланың құдiретi әрі қалауымен жеңiледi. Қане, ей, 
Мұса! Таяғыңды таста да, жеңiске жет және артын күт», – деді. Сөйтiп, 
мұғжизалар арқылы Аллаһтан қолдау тапқан пайғамбардың кезегi келдi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет