ҚҰран кәрім хикаялары



Pdf көрінісі
бет58/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   102
Хикаялар

Күмән мен азғырулар 
Мұсаның заманындағы Исраил ұрпақтары көкіректерін ашып, Аллаһтың 
аянына құлақ салғанда, бұл істі өздеріне жеңілдетіп, ақиқатқа қол жеткізер 


74 
еді. Алайда олардың жүрегі күмәнға толы және олар азғындық пен 
екіжүзділікке бейім болды. Көңілдерін күдік пен күмән билеген олар 
Мұсаға: «Раббыңнан сұра, бізге әлгі сиырдың қандай екенін түсіндіріп 
берсін», – деді. Мұса: «Аллаһ тағала айтады: «Ол сиыр жас та емес, кәрі де 
емес, орта жастағы бір сиыр», – деді де, осы айтқандар жеткілікті болар деп: 
«Ендеше, өздеріңе берілген бұйрықты орындаңдар», – деп Аллаһтың 
қалауын жеткізді. Алайда олар өздеріндегі күмәнға беріліп: «Раббыңнан 
сұра, бізге сиырдың түсін түсіндіріп берсін», – деді. Мұса бұған да көніп: 
«Аллаһ: «Ол түсі ашық сары сиыр. Өзіне қарағандарды қуанышқа бөлейді», 
– деп айтады», – деді. Адамдар бұған да қанағаттанбады. Олар: «Біз үшін 
Раббыңнан сұра, бізге сиырдың қандай екенін нақтылап түсіндірсін. 
Сиырлар бір-біріне өте ұқсас. Аллаһ қаласа, біз тура жолда боламыз», – деді. 
Адамдар қандай надан! Осыншама сипаттамалардан соң қалайша «сиырлар 
бір-біріне ұқсас» деп айта алады? Ең қызығы, олардың: «Аллаһ қаласа, біз 
тура жолда боламыз» деп айтулары еді. Егер олар алғашқы сәттен бастап 
Аллаһтың бұйрығына бойсұнғанда, тура жолмен жүрушілердің алғашқысы 
болар еді.
Адамдар Мұсадан шығып, көрсетілген сипаттарға ие сиырды іздеуге 
кірісті. Олар бірнеше топқа бөлініп, қорасында малы бар үйлердің есігін 
қаға бастады. Көптеген үйді аралап, малын көріп, талап етілген сиырды 
табады. Сиыр иесі жалғыз сиырынан басқа малы жоқ кедей адам еді. Ол 
сиырды беруден үзілді-кесілді бас тартады. Ұзақ саудаласқаннан кейін 
сиырдың бағасы көтеріліп кетеді. Сиырдың иесі сиырын амалсыздан сатуға 
келісті. Бұл оқиғалардан кейін адамдардың көңілдеріндегі күдіктері мен 
күмәні арта түсті. Сиырды бауыздайтын уақыт келгенде, оларды қорқыныш 
билеп, қолдары қалтырай бастады және көздері бұлдырап, жүректері 
қысылды. Бұл жайлы аятта: «Олар бауыздаса да, осыны жасай алмауларына 
сәл-ақ қалған еді», – делінген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет