ҚҰран кәрім хикаялары



Pdf көрінісі
бет56/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   102
Хикаялар

ОН АЛТЫНШЫ ХИКАЯ 
МҰСА (АЛӘЙҺИС-СӘЛӘМ) ХИКАЯЛАРЫНАН 
 
Сиыр қиссасы 
Аса Рақымды, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын.
Мұса өз қауымына: «Аллаһ сендерге бір сиыр бауыздауды 
бұйырды», – деп (айтқанын естеріңе алыңдар). Олар: «Сен бізді мазақтап 
тұрсың ба?» – деді. Мұса: «Мен (біреуді мазақ қылатын) надандар 
қатарынан болуымнан Аллаһтан пана сұраймын», – деді. (Мұсаның 
қауымы): «Біз үшін Раббыңа дұға қыл, бізге оның қандай сиыр екенін 
түсіндірсін» – деді. (Мұса): «Аллаһ: «Ол сиыр кәрі де емес, жас та емес, 
орта жастағы сиыр (болсын)», – деді. Ендеше, өздеріңе әмір етілгенді 
орындаңдар», – деді. Олар: «Біз үшін Раббыңа дұға қыл, бізге оның 
түсін білдірсін», – деді. (Мұса): «Аллаһ: «Ол сиыр ашық сары түсті, 
қарағандарды қуандырады», – деді», – деп айтты. Олар: «Біз үшін 
Раббыңа дұға қыл, бізге оның қандай екенін түсіндірсін. Өйткені 
сиырлар бізге күңгірт болып кетті (яғни бірнеше сиырдың қайсысын 
союды айыра алмай қалдық). Аллаһ қаласа, тура жолды табамыз», – деді. 
(Мұса): «Аллаһ: «Ол сиыр жер жыртып, қорлық көрмеген, егін суаруға 
үйретілмеген, мінсіз (яғни дені сау) әрі меңсіз (болсын)», – деді», – деп 
айтты. (Қауымы): «Міне, енді шындықты келтірдің», – деп, (сипаттары 
көрсетілген сиырды тауып,) бауыздады және осыны жасай алмауларына 
сәл-ақ қалған еді. (Ей, Исраил ұрпақтары!) Кезінде бір кісіні өлтіріп, (оны 
кім өлтіргендігі жөнінде) тартысқандарыңды (еске алыңдар). Аллаһ – 
жасырғандарыңды Әшкерелеуші. Біз сендерге (өлтірілген кісінің денесін 
әлгі сиырдың) бір бөлшегімен ұрыңдар!» – деп айттық. Осылай Аллаһ 
өлгендерді тірілтіп, ойланарсыңдар деп сендерге Өзінің ғаламаттарын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет