ҚҰран кәрім хикаялары



Pdf көрінісі
бет60/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   102
Хикаялар

Аллаһтың ізгі құлы 
Мұса мен Йушағ өздеріне таныс жартасқа жақындағанда, бір ізгі адамды 
көздері шалды. Ол адамның көзінің нұрлы, жүзінің иманды екені байқалып 
тұрды. Олар қорқа басып, әлгі кісіге жақындап, танысты. Ол Аллаһ 
тағаланың білім мен сана дарытқан Қыдыр есімді ізгі бір құлы еді. 
Мұса Аллаһтың осы бір ізгі құлынан өзіне беймәлім ілім үйренуге, 
өзіндегі білімді тереңдете түсуге құлшынды. Мұсаның бұл өтінішіне 
Қыдыр: «Ей, Мұса! Ілім үйрену мақсатында менімен бірге болуың үшін 
асқан сабырлылық пен шыдамдылық қажет. Үлкен тәжірибе мен асқан 
дарынды талап ететін ілімге жетуге шамаң келе ме?! Сондай-ақ сен адам 
баласының ойы тереңдемейтін амал-әрекеттерді көресің. Әдетте адамзат кез 
келген ашықты ғана көруге бейім, ал жасырынды әшкерелеуге адамзаттың 
ой-санасы жетпейді. Адамдардың әрқашан асығыстық істейтінін білесің. 
Ендеше, төзімің жете ме?!» – деп жауап берді. 
Сонда Мұса: «Аллаһ қаласа, мен қашан да, қайда да сабырлы боламын 
және сенің ешбір тапсырмаңнан бас тартпаймын», – деді. Жолсерігі 
Йушағты еліне қайтарып, ол сабырлы болу үшін бойындағы барлық күш-
жігерін жинап, Аллаһтың ізгі пендесінен ілім үйренуге дайындала бастады. 
Сосын ол дәрістің қаншалықты ауыр және түсініксіздігіне қарамастан, өз 
ұстазынан ешқашан бас тартпайтындығына уәде берді. Мұсаға пайымдай 
қараған Қыдыр оның жүзінен пиғылының адалдығы мен шешімінің 
батылдығын көрді. Сөйтіп, ол Мұсаға тағы да шарт ретінде: «Ей, Мұса! 
Саған түсініксіз болған істердің барлығын уақыты келгенде өзім 
түсіндіремін. Оған дейін маған орынсыз сұрақтар қоя бермеймін деп уәде 
ет», – деді. Мұса бұл шартқа келісіп, уәде берді. 


77 
Ілімдер жасырылған мұхитқа саяхат 
Қыдыр мен Мұса жағалаудағы жартаста тұрғанда қастарына орташа 
көлемдегі бір кеме жүзіп келді. Қыдыр кеме капитанына белгі берді де, кеме 
жағадағы адамдардың не қалайтынын сұрау үшін бұларға жақындады. 
Қыдыр оған қарсы жағаға жету керектігін түсіндірді. Кеме капитаны оларды 
қуана қарсы алды және олардан жолақысын да сұрамады. 
Желкені көтерілгенде, кеме жайлап теңіз қойнауына еніп, жүзіп кетті. 
Мұса мен Қыдыр қайықта әңгімелесіп отырғанда бір кішкентай құс ұшып 
келіп, су бетінен шөкімдей су ұрттап, кеменің жақтауына келіп қонды. 
Қыдыр: «Ей, Мұса! Шындығында, сенің және менің меңгерген біліміміз 
Аллаһ тағаланың білетіндеріне қарағанда осы кішкентай құстың теңізден 
ұрттап алған бір жұтым суындай ғана», – деді. Осылайша Қыдыр Мұсаға 
оның әлсіздігін, білімінің аздығын және өзін ғұлама ретінде санамау 
керектігін түсіндірді. Ол Мұсаға «Ей, Мұса! Өз қауымыңа адамдардың ең 
білімдісімін деп айту арқылы қалайша қателескенсің? Сен өз санаңның 
құпиялар мен шытырмандардың қасында ештеңеге татымайтынын көресің. 
Нағыз ғұлама, білімі жоғары адам ешқашан өзін Аллаһтан жоғарыға 
қоймайды. Ол әрқашан қарапайым болып, ешкімнің алдында өркөкіректік 
танытпайды» деп тұрғандай әсер қалдырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет