78
алмады. Көз алдында қылмыс істеліп, кісі өлтіріліп жатқанда,
қалайша
үндеместен тұра бермек?! Ызаға булыққан Мұса: «Сен қалайша күнәсіз
сәбиді өлтіре саласың?! Ол ешқандай жазалы іс істеген жоқ қой», – деп
айғай салды. Қыдыр Мұсаға күліп әрі ренжіп: «Мен саған алғашқыда-ақ
ескерткенмін. Сен менің қылықтарыма төзе алмайсың. Солай емес пе?» –
деді.
Амалы таусылған Мұса: «Енді менен бір сұрақ естісең,
жолда тастап
кетуіңе келісемін. Кешірім өтінемін», – деді.
Олар келесі ауылға бет алды. Екеуі аштықтан әбден қалжырады. Қыдыр
ауыл адамдарынан тамақ сұрап еді, барлығы да бас тартты. Олар
амалсыздан алға қарай жүрді. Ауыл шетіне келгенде алдарынан бір бақша
қақпасының құлап жатқанын көрді. Қыдыр кенет жеңін түріп, қақпаның
құлап жатқан тастарын жинауға кірісті.
Бұл іс Мұсаны таңғалдырмай қоймады.
Қыдырдан тек теріс қылықтар
көрген Мұса өзін тоқтата алмаған күйде одан: «Қаласаң, бақша иесінен
істеген ісіңе сай сый алар едің», – деді.
Қыдыр Мұсаның уәдесін есіне салып: «Ей, Мұса! Бұл – біздің бірге
болған сапарымыздың соңғы сәті. Енді әркім өз жолымен кетеді.
Бірақ
кетеріңде саған өзіңді таңғалдырған істер жайлы, адамзатқа тән ілімнің
қаншалықты төмендігі мен адасқандығы жайлы айтып берейін», – деді.
Достарыңызбен бөлісу: