75
Ең дана адам
Мұса пайғамбар Исраил
ұрпақтарын дінге берік болуға, Аллаһқа
бағынуға және Аллаһтың заңымен жүруге үндейтін. Аллаһ тағала оған
өзінің уағыз-насихаттары арқылы адамдардың сана-сезіміне әсер ету
қабілетін дарытты. Ол
өзін тыңдатып, адамдарды таңғалдыра алатын еді.
Бірде айтқан уағызынан кейін оның сөздеріне таңданған бір кісі: «Ей, Мұса!
Ең білімді адам кім?» – деп сұрады. Мұса еш ойланбастан: «Мен», – деп
жауап берді. Бұл «мен» деген сөз Мұсаны Аллаһтың қаһарына ұшыратты.
Өйткені ол: «Барлық істі толық білуші – Аллаһ, Ол – әрбір істен Хабардар
және барлық амалдар Оның қалауымен жүзеге асады», – деп айтуы керек
еді. Адамдардағы білімнің аздығы мен шектелгендігін білдіру үшін Аллаһ
тағала оның көкейіне Өзінің бір құлымен кездесіп, одан хикмет үйренуді
салды. Ол кездесу екі теңіздің қосылған жерінде өтетіні меңзелді. Мұса
еліне өзінің қателескені және ол үшін өкінетіні жайлы хабарлады. Мұса
Аллаһтың бұйрығымен жасаған күнәсі үшін
кешірім сұрап, ал әлгі кісіден
пайдалы білім алу мақсатында онымен кездесуді ниет етті.
Мұса мен бала
Аллаһтың игі пендесінің қай жерде екенін білу үшін Мұса Аллаһқа дұға
жасап, өзіне әлгі кісіге тән сипаттар мен жол табудың белгілері жайлы аян
етуін өтінді. Мұсаға өзімен бірге пальма жапырақтарынан тоқылған себетке
ірі балықты салып алып жүру бұйрық етілді. Балық қай жерде жоғалса,
белгіленген жер сол деп есептелетін болды.
Мұса бұл айтылғандарды орындады. Ол
себетке бір ірі балық салып
алып, жолға шықты және өзімен бірге бір жолдас алды. Өзімен бірге ертіп
алған жолдасы өзін өте жақсы көретін Йушағ ибн Нун есімді бала болатын.
Олардың беталысы Сина шөлінің оңтүстік-батыс жағында орналасқан «қос
теңіздің тоғысқан жері» еді. Жол өте ауыр соқты. Аяқтары құмға батып, күн
денелерін күйдірді, ал алдарында әлі ұзақ сапар бар. Йушағ қатты
шаршағандықтан, Мұсаға ілесе алмай қалды. Ол Мұсаға кері қайтып,
адамды қажытатын сапарды тоқтатуды ұсынды.
Бірақ Мұса алған бетінен
қайтпауға бекінді. Ол қалай да сапарды жалғастыруды қажет деп білетін.
Өйткені онда күнәдан арылу және Аллаһ тағаланың жолын ұстану бар еді.
Ол балаға шаршау мен жолдың ауыртпалығы, тіптен қаншама жылдар өтсе
де, оны «қос теңіздің қосылған жеріне» жетуден бас тартқызбайтынын
айтты.
Олар қос теңіздің тоғысқан жеріне жақындап қалғанда дамылдап алу
үшін бір жартастың басына отырды.
Мұсаның қабағы ауырлап, қалғи
бастады да, бір кезде ұйықтап кетті. Оянғаннан соң бойында жаңа күштің
пайда болғанын сезінді. Ол Йушағқа сапарды жалғастыруға дайындалуды
76
бұйырды. Олар басына аялдаған жартастың қасынан біраз жер жүргенде, көз
қызықтырарлық саясы бар үлкен мәуелі ағашты байқады.
Мұса бұл жерде
демалып, жүрек жалғап алуды ойлады. Ол жолсерігіне: «Түскі тамағымызды
даярлашы. Мына сапардан біраз машақат көрдік», – деді.
Сол кезде Йушағ Мұсаға: «Жартастың жанында демалып отырғанымызда
балықты ұмытып кетіппін. Маған ол балықты есіме түсірмейтіндей етіп
ұмыттырған тек шайтан ғана», – деді. Сонда Мұса: «Аллаһ сені кешірсін.
Ендеше, шартты мекен осы екен ғой. Бұл – сапарымыздың негізгі мақсаты.
Бізге алдын ала ескертілген хабар дәл сол жерде орындалды. Біз тез арада
кері қайтуымыз керек», – деді. Кері бұрылған Мұса мен жолсерігінің
алдында жаңа ғана жүріп өткен өздерінің іздері сайрап жатты. Сөйтіп, олар
әлгі жартасқа еш қиналмастан қайтып оралды.
Достарыңызбен бөлісу: