ҚҰран кәрім хикаялары


Сүлеймен мен әйел патша Билқис



Pdf көрінісі
бет67/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   102
Хикаялар

Сүлеймен мен әйел патша Билқис 
Сүлеймен бірде барлық әскері мен жан-жануарды жинап, сұхбат құрмақ 
болады. Сүлеймен жиналғандарды көзiмен бiр шолып өтiп, адамдар мен 
құстардың кейбiреулерiнiң жоқ екенiн байқады. Құстардан Һудһуд (көкек) 
есiмдi бiр құс жоқ болып, оның қайда екенiн ешкiм бiлмедi. Сүлеймен: «Мен 
оның жазасын беремiн. Мүмкiн ол жоқ болуының себебiн айтатын шығар», 
– дедi. Бiраз уақыттан кейiн Һудһуд патшасы Сүлейменнің қасына келiп: 
«Мен сiзге жасырын болған жаңа хабар алып келдiм», – дедi. Сүлеймен: «Ол 
қандай хабар екен?» – дедi. Һудһуд: «Анау жақта бiр қауым бар екен. Оларға 
бiр әйел патшалық етеді. Ол қауымның патшасы да, өздерi де күнге сәжде 
жасап, табынады. Аллаһ оларға мол күш-қуат, көптеген жақсылық берiптi. 
Бiрақ олар бұл нығметтерге шүкiрлiк етпей, Аллаһқа кәпiр болып, Оған 
сиынудың орнына, күнге сиынады. Мен олардың iстерiне таңғалдым. Бiздi 
жаратып, ризық берген, ұлы Аршының Раббысы Аллаһ тағала ғана 
ғибадатқа, бас иiп сәжде жасауға лайық емес пе деп, бұл Аллаһқа сәжде 
жасамай өмір сүріп жатқан қауым турасында сiздi хабардар етуге асығып 


86 
жеттім», – дедi. Сүлеймен құстың сөзiн естiп, тынышталып, бiраз ойланып 
қалды да: «Қазiр сенiң сөзiңнiң шын әлде өтiрiк екендiгiн анықтаймыз. 
Мынау хатты олардың патшасына жеткiзесің. Және олардан менiң хатыма 
жауап алып кел», – деп хатты бердi. Һудһуд Сүлейменнің бұйрығын 
орындап, хатты алып, ол елдiң Билқис есiмдi әйел патшасына жеткізді. 
Билқис хатты оқып, ондағы сөздер патшалардың, пайғамбарлардың 
сөздерiндей жазылғандығын бiлдi. Хатта: «Бұл хат Сүлейменнен. Аса 
Мейiрiмдi, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен бастаймын. Маған ұлықтық 
қылмай, бағынып келiңдер», – делiнген. Билқис патша бұл хаттың мәні 
жайлы ақылдасу үшiн елiндегi басшылар мен ұлы кiсiлерiн жинап: 
«Сүлейменнiң талабына не дейсiңдер?» – деп олардың ойларын сұрады. 
Олар: «Iс сiзге байланысты. Бiз – сiздiң адамдарыңызбыз. Сөзiңiздi тыңдап, 
бағынамыз. Егер бұйырсаңыз, соғысуға да дайынбыз», – дестi. Бiрақ соғыс 
туралы пiкiр Билқисқа ұнамай, мәселенi келiсiммен шешудi қалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет