ҚҰран кәрім хикаялары



Pdf көрінісі
бет64/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   102
Хикаялар

Ұрыс алаңында 
Талут патша мен оның қолбасшылығындағы азғана мүмін әскерлер саны 
жағынан да, қаруы жағынан да өздерiнен едәуiр қуатты дұшпан шеруі 
тұрған жерге жеттi. Кәпiрлердiң басшысы Жәлут қалың қолдың алдында 
қасқайып тұрды. Осы кезде азғана мүмін әскерлердің арасында тағы да 
бүлiнушiлiк шықты. Өйткенi олардың көпшiлiгi дұшпан жасағының көп әрі 
қуатты екенiн көрiп-ақ: «Бiз Жәлут пен оның әскерлерiне қарсы шыға 
алмаймыз. Бiздiң оған шамамыз келмейдi», – деп қорқып, кері шегінді. 
Әскер саны тағы да кемiді. Сандары өте аз қалған мүміндер тобы 
сабырлылық сақтауда ерлік танытып, өздерiнiң соғысқа дайын екендiктерiн 
бiлдiрiп: «Қаншама аз әскерлі топ көп санды топты Аллаһ тағаланың 
қалауымен жеңiп шыққан. Аллаһ – сабырлылармен бiрге», – дестi. 
Мүміндер Аллаһ тағаладан жәрдем сұрап: «Уа, Раббымыз! Бiзге сабыр 
берiп, қадамдарымызды нық ет. Кәпiрлер қауымынан үстем болуымызға 
қолдау көрсет», – деп дұға етті. Екi жақтың әскерлерi бетпе-бет жүздестi. 
Кәпiрлердің басшысы Жәлут ортаға шығып, бар даусымен: «Ей, Талуттың 
әскерлерi! Кiм менiмен жекпе-жекте ұрысуға шығады. Қанеки, кiм? Кiм?» – 
деп жар салды. Бұл гүрiлдеген дауыс алдында айнала төңiректi тым-тырыс 
тыныштық билеп алды. Барлығы оған қарап тұрды. Жәлутпен жекпе-жекте 
ұрысуға кiм шығады?! Батыр, ержүрек жігіт, жүрегінің түгі бар азамат кім 
екен?! 
Мүміндер арасында Дәуіт есiмдi жас, батыр тұлғалы жiгiт бар еді. Дәуіт 
патшасы Талутқа келiп: «Маған кәпiр Жәлутпен жекпе-жекте соғысуға 
рұқсат бер. Мен оның ірі денелi, қуатты екенiнен қорықпаймын. Аллаһ 
тағала маған жәрдем бередi. Уа, патшам! Менiң онымен бетпе-бет кездесіп, 
айқасуыма келісіміңді бер», – деп өтiндi. Патша: «Ол ірі тұлғалы, мықты 
қаруланған, сауыт киiп алған ғой», – дедi. Дәуіт бір сәт ойланып, тағы да: 
«Аллаһ маған жәрдем бередi. Менi алаңсыз жiбере бер. Оны мынау 
қолымдағы тасатқышпен өлтiремiн. Оған қарсы бiр тас атамын, сонда ол 


83 
өлетiн болады. Уа, патшам! Маған рұқсат ет», – дедi. Талут патша бұл жас 
батыр жiгiттiң Жәлутпен жекпе-жекке шығуына ризалығын бердi. Бұл 
мүмін, батыр жiгiт iрi денелi кәпiрдiң қасына барғанда, Жәлут: «Қару-
жарағың қайда? Қылышың қайда? Сенi кiм жiбердi? Қане, берi жақындашы. 
Сен менiң бiр шерткенiмнен қалмайсың ғой, өлім тілеп келдің бе?» – деп 
жас жiгiттi мазақ ете бастады. Сонда Дәуіт: «Жоқ, бәлкiм, мен сенi Аллаһ 
тағаланың қалауымен мына тасатқышпен өлтiрермін. Сенiң күш-қуатың 
саған пайда бермейді. Ей, күшiне сенген өркөкірек! Аллаһ тағала сенен де 
күштi. Сенiң адасқан қауымың қазiр кiмнiң жеңiске жететiндiгiне көз 
жеткiзеді. Сен де менiң мынау кiшкентай құралыммен не iстейтiнiмдi 
көресiң де, Аллаһтың құдiреттiлігін мойындайсың», – дедi. 
Ұлы жеңіс 
Дәуіт қалтасынан бiр тасты шығарып, тасатқышпен өзін мазақтап, күлiп 
тұрған Жәлутке қарай туралап атты. Сол сәтте Жәлут кәпiрдiң тас тиген 
басынан қан аға бастады. Дәуіттiң атқан тастары бiрiнен кейiн бiрi Жәлуттiң 
басына тиiп, тас тиген жерлерiнен қан бұрқылдап аға берді. Сөйтiп, 
Жәлуттің жансыз денесі жерге сұлық құлады. Дәуіт Жәлуттi жеңдi. 
Кәпiрлердің басшысы көз жұмды. Басшылары өлгеннен кейiн, әскерлердің 
құты қашып, берекелері кетті. Мүміндер кәпiрлердi орналасқан жерлерінен 
қуып шығып, олардың орындарына, Палестинадағы киелi жерге өздерi 
орналасты. Осылайша Аллаһ тағаланың қолдауымен Дәуіт пен Талут 
Жәлуттiң әскерін жеңіп шықты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет