87
Билқис патшаның Аллаһқа бойсұнуы
Сүлеймен олардың келе жатқанын естiп, жындарға: «Қайсыларың Билқис
мұнда келiп жеткенге дейiн оның тағын алып келе аласың?» – дедi. Ифрит
есiмдi жын: «Мен оны сiз орныңыздан қозғалмай
тұрып-ақ алып келе
аламын. Бұйрық берсеңіз болғаны, қазiр-ақ жеткiземiн», – дедi. Сонда
жындар арасында Аллаһтан бiлiм берілген бiреуi бар едi. Ол Ифриттiң
сөздерiнен кейін Сүлейменге: «Мен оны көзiңiздi ашып-жұмғанша алып
келе аламын», – дедi. Шындығында да, Аллаһ тағаланың құдiретiмен лезде-
ақ Билқистың тағы Сүлейменнің қасында тұрды. Сүлеймен тақтың
соншалық тез жеткiзiлгенiне қуанып: «Бұл –
маған Раббымның берген
қасиетi. Уа, Раббым! Бұл нығметiң үшiн сансыз шүкiршілік болсын», – дедi.
Сосын Билқис патша өз тағын көргенде не дейтiнiн бiлулерi үшiн оны бiраз
өзгертiп қоюларын бұйырды. Билқис қауымымен бiрге бұл елге де келiп
жеттi. Сүлеймен оған бiраз өзгертiлген тақты нұсқап: «Тағыңыз осы ма едi?»
– деп сұрады. Ол таңғалып: «Осы сияқты», – дедi өз көздерiне өзi сенбей,
таққа қадала қарап. Сосын Сүлеймен оған шыныдан жасалған сарайға кiруiн
ұсынды. Билқис патша сарайдың мөлдірлігін көріп, оны су екен деп ойлап,
су тимесiн дегендей етегiн көтерiп алды. Сосын ол шындыққа көз жеткiзiп,
өзiнiң сарайдың әсемдiгiмен, құрылысымен алданғанын бiлiп: «Уа, Раббым!
Мен өзiме зұлымдық жасаған екенмiн. Ендi ұзақ уақыт сиынып келген күндi
қойып, Өзіңе бойсұнушы болып, Саған келiп тұрмын. Уа, Раббым! Менi
мейiрiмiңе алып, күнәларымды кеше гөр. Сен – мейiрiмдiлердiң
мейiрiмдiсiсiң», – дедi. Осылайша Билқис патша Сүлейменнен
қорыққанынан емес, Аллаһ тағаланы
мойындағанынан мұсылман болып,
тәубеге келді.
Аллаһ тағаланың пендесi және пайғамбары Сүлейменге берген сансыз
нығметтерi осындай. Оның пайғамбарлығымен қатар, әдiл патша болғаны да
Аллаһтан берілген нәсіп еді. Патшалар мен әкiмдердiң Аллаһ тағалаға
сенген мүміндер болып, халқына және өздерi сияқты патшалар мен
әкiмдерге ақиқат дінін насихаттауы қандай ғанибет?! Әрi әрбiр адамның
патшадан, әкiмнен қорыққанынан емес, жақсылықты қалағанынан, ақиқатқа
қанағаттанғанынан Аллаһ
тағалаға бағынып, иманға келгендiгi қандай
жақсы?! Аллаһ тағаладан барлық пендесіне мұсылмандықты нәсіп етуін
сұраймыз.