ҚҰран кәрім хикаялары


Елшілерге жәрдем беруші мүмін



Pdf көрінісі
бет88/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   102
Хикаялар

Елшілерге жәрдем беруші мүмін 
Күн артынан күндер өтті. Ауыл иелерi әлi де күпiрлiгiнен айнымай, 
шындыққа үгіттеуші елшiлердi жек көрiп, ақиқат пен имандылыққа қарсы 
берiк ұстанымда болды. Пайғамбарлар да мiндеттерiнен жалықпады. Бiр 
күні пайғамбарларға үгiт-насихат жүргiзу iстерiнде көмекшi болатын бiр кiсi 
келдi. Өзі – өте қарапайым адам. Оны ешкім танымайтын. Бұл кiсi ел 
шетiнен пайғамбарлардың хақ жолға шақыруларын естiп, оларға жәрдем 
беру мақсатында келіпті. 
Ол ауыл иелерiн тәубеге келiп, қарсыласудан тыйылуға үгiттеп: «Ей, 
қауым! Пайғамбарларға ерiңдер. Өздеріңнен ақы талап етпейтiн 
жолбасшыларға ерiңдер», – дедi. Оның айтқандары мына мағынаны 
білдірді: Ей, қауым! Иманға келуде кешiкпеңдер. Күпiрлiктiң сендерге 
мүлде пайдасы жоқ. Бұл елшiлер міндеттерін атқарып, үгіт айтуда 
сендерден ешбір ақы сұрап тұрған жоқ. Олар – iзгi, мүмін адамдар. Тек қана 
сендерден иманға келулерiңдi ғана қалайды. Олардың сөзiне құлақ салып
хақ дiнге бет бұрыңдар. Асығыңдар. Кешiгулерiң – өздерiңе қастандық 
жасағандарың. Қанеки, қауым! Аллаһ тағала сендерге жолбасшы етiп 
жiберген пайғамбарларға iлесiңдер. 
Ауылға асыға жеткен адам ауыл иелерiне Аллаһ тағаланың азабы 
келместен бұрын иманға келулерiн ескертті. Сондай-ақ бүкiл мақұлықтарды 
жаратқан Аллаһқа сиыну бiрнеше жасанды құдайға сиынғаннан абзал 
екенiн, Аллаһ тағаланың пайда яки зиян келтіруге күшi жететiнiн, ал тас 


111 
құдайлардың жай ғана тас екендігін баяндады. Бұл кiсi тоқтаусыз насихат 
айтқаннан кейiн, өзiнiң иманды екенiн адамдар алдында ашық жариялап: 
«Расында, мен Раббыларыңа – Аллаһқа сенемін. Менi тыңдаңдар…», – дедi. 
Сөйтіп, қауым алдында ол адам шәһид болды. Оның алдынан жаннат 
есiктерi ашылды. Сонда ол армандап: «Қауымым Аллаһтың менi жарылқап, 
маған мейiрiм-шапағат етiп, қаншалықты сый-сияпат бергенiн көрсе, олар да 
мен секiлдi Аллаһ тағалаға иман келтiрер еді», – дедi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет