109
ЖИЫРМА ТӨРТІНШІ ХИКАЯ
АУЫЛ ИЕЛЕРІ ТУРАЛЫ
Аллаһтың күпірлік иелеріне берер мүмкіндігі
Бұл хикая «Ауыл иелері» деп аталып, онда көптеген құнды,
пайдалы
ғибрат аларлық оқиға баяндалады. Ауыл иелерi Аллаһ тағала бүкiл
жақсылық пен көптеген нығметті нәсіп еткен елде мекен ететін. Алайда олар
Аллаһ тағаладан алыстап, бұл жақсылықтардың қадiрiне жетпей, аспан мен
жердiң Раббысы – Аллаһ тағаладан өзге бiрнеше жалған құдайға табынған.
Олар Аллаһ тағаланың бiр Өзi ғана құлшылық жасауға,
сиынуға лайық
екендігiне қарамастан, күпiрлiкте, адасуда өмiр сүріп жатты.
Бұл қауым жайлы Аллаһ тағала Құран Кәрiмде әңгімелейді. «Ясин»
сүресiнiң 13-аятында:
«Оларға бiрнеше елшi келген ауыл иелерiн мысал
етiп айтып бер. Бiз оларға екi елшiнi жiбердiк. Қауым оларды өтiрiкке
шығарды…», – делiнген.
Хикая осылай басталады. Аллаһ тағала пенделеріне әрқашан тура жолды,
шындықты көрсететiн, Өзін дәріптеп,
хақ жолға шақыратын елшiлер
жiберетін. Бұл – Аллаһ тағаланың ұлы мейiрiмiнің көрінісі. Өйткенi Аллаһ
пенделерiне ешқандай зұлымдық жасамайды. Әрi пендесін кәпiр болған,
адасқан халде қалдырмайды. Олар иманға бет бұруды қаласа, Аллаһтың
елшiлері оларға көмектеседi. Егер иманға келуді қаламай, кәпiр күйлерiнде
қалуды
жөн санап, қасарысса, олар Аллаһ тағаланың қаһарына ұшырап,
азапталады.
Аллаһ тағала ауыл иелерінің зұлымдығына зұлымдық жасамай,
оларды
әдiлетсiздiктен әдiлдiкке жетелеп, тура жолға бастау үшiн екi елшi жiбердi.
Бiрақ олар екi елшiнi де жалғанға шығарып, Аллаһ тағалаға сенудiң орнына
күпiрлiк, адасушылықпен шайтанның жолына ерулерiн жалғастырды. Сонда
Аллаһ тағала оларға тура жолды насихаттау үшiн үшiншi елшiнi жiбередi.
Достарыңызбен бөлісу: