114
бала көтеретiн
шағы өтiп кеткен болса, қалайша дүниеге перзент келмек?
Уа, Раббым! Сенiң құдiретiң неткен ұлы?! Сонда бiз қартайған шағымызда
перзенттi болмақпыз ба?» – дедi.
Аллаһ тағала Зәкәрияның бұл таңдануына перiштелер арқылы әдемi
жауап берiп, көңiлiн тыныштандырды. «Ей, Зәкәрия! Ей, Аллаһтың елшiсi!
Таңданба. Аллаһ тағаланың мұғжизаларды жасауға шамасы жетедi. Егер
сендер
қартайып қалған болсаңдар, Раббың үшiн бұл жеңiл. Адамзатты
алғаш жоқтан бар етiп жаратқан Аллаһтың,
сендердің кәріліктеріңе
қарамастан, перзент беруге де шамасы жететiндiгiн бiл», – деген үндер
Зәкәрияның жүрегіне жазылып жатты.
Зәкәрия бұл жауапты естiп, қанағаттанды.
Дегенмен оның нәресте
Яхияның қашан дүниеге келетiнiн бiлгiсi келдi. Ол екiншi рет қолдарын
аспанға көтерiп: «Уа, Раббым! Маған нәрестенiң дүниеге
келер сәтiн бiлiп
алатын белгi бер», – деп сұрады. Сонда Аллаһ тағала тарапынан оған: «Ей,
Зәкәрия! Бұл уақыт жақындағанда сен үш күн сөйлей алмай қаласың. Қанша
тырыссаң да, шамаң келмейдi. Үш күн iшiнде қолыңмен ғана нұсқап
көрсетуге мәжбүр боласың. Бұл – белгi әрi мұғжиза», – деген аян келдi.
Достарыңызбен бөлісу: