108
өлтiрудiң жолын үйретейiн. Бiрақ оны өте шеберлiкпен орындауыңыз
керек», – дедi. Сонда патша: «Ол қандай жол екен?» – деп сұрады. Бала:
«Адамдардың баршасын алаңға жинаңыз. Менi ағашқа байлаңыз да,
қынабымнан жебемді алып, маған оқтап, «Бұл баланың Раббысы Аллаһтың
атымен» деп айтыңыз.
Сонда жебе маған тиiп, мен өлемін. Егер менi
өлтiрудi шыныменен қалап тұрсаңыз, оның жолы осы ғана», – дедi. Мұны
естіген патша iстiң ақырын ойланып жатпастан-ақ дереу бұл тәсiлдi
қолданып көруге кiрiстi.
Патша адамдарды жинады. Баланы байлап, оның бiр жебесін алып, оған
бағыттап: «Баланың Раббысы Аллаһтың атымен», – деп, атты. Жебе балаға
қадалып, бала өлдi. Ол мүміндердің үшiншi шәһиді болды.
Адамдар
патшаның баланы «Баланың Раббысы Аллаһтың атымен» дегенiнен кейiн
ғана өлтiре алғандығын көрді. Бұдан соң жиналғандардың баршасы
ержүректiлiкпен дауыстарын жоғары көтерiп, ашық түрде: «Баланың
Раббысы Аллаһқа сендiк», – дестi. Мұны көрген кәпiр патшаның таңғалысы
арта түстi. Осылайша барша адам иманға келдi. Бала өз дінін, сенімін сақтап
қалу барысында құрбан болып құласа да, адамдарды иманға кiргiзуде зор
табысқа жеттi. Иманына берік жандар үшеу еді, енді олардың саны бірнеше
мыңдаған мүміндерге жетті.
Достарыңызбен бөлісу: