110
Қауым адамдары оларға сенбей: «Сендер де – бiз сияқты адамсыңдар.
Аллаһ сендерге еш нәрсе де түсiрген емес. Сендер – жалған
сөйлеушісіңдер», – дедi. Елшiлер: «Раббымыз
өздеріңе кімді елші етіп
жіберуді біледі. Бiздiң мiндетiмiз – тек қана ақиқатты жеткiзу», – дедi. Бiрақ
қауым адамдары бұл хақ, имандылық сөздерiн тыңдамай, елшiлерге үгiт-
насихаттарын
тоқтатып, өздерiн мазалауды қоймаса, қатты азапқа душар
болатындықтарын ескерттi. Демек, бұл
кәпiрлердiң сөздерi бойынша
елшiлер Аллаһ тағалаға деген шақыруларын тоқтатқандары абзалмыс.
Осылайша ауыл иелерi елшiлерге қарсы шығып, оларға күпірлік
сөздермен жауап қайтарып, адасушылықтарын жалғастыра түсті. Ал
елшiлер шаршамай, үмiт үзбей,
керiсiнше, имандары артып, кәпiрлердiң
көрсеткен қиындықтарына төзе бiлдi. Сондай-ақ
кәпiрлерден келген
қиындықтарға шыдап, қорқытқандарына қайсарлықпен жауап ретінде: «Ей,
қауым! Сендердiң ақиқаттан шаршап, Аллаһтан бет бұруларың өздеріңе
жақсылық әкелмейдi. Таяуда нағыз азаптың кiмге түсетiнiн көресіңдер. Сол
кезде елшiлердiң сөзiнiң растығын мойындайсыңдар. Ей, қауым! Аллаһ
тағаланың азабы қатты. Аллаһ тағала сендерге зұлымдық жасамады. Сендер
күпіршілікке ұрынып, өздерiңе зұлымдық жасаудасыңдар», – деді.
Достарыңызбен бөлісу: