ҚҰран кәрім хикаялары



Pdf көрінісі
бет93/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   102
Хикаялар

ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ ХИКАЯ 
МӘРИЯМ (АЛӘЙҺӘС-СӘЛӘМ) 
Бұл хикаяда иманды, тақуа қыз Мәриям туралы және ол дүниеге келген 
отбасы жайлы баяндалады. Мәриям – Иса пайғамбардың (аләйһис-сәләм) 
анасы. 
Мәриям Аллаһ тағалаға құлшылық жасаумен көркемделген, сенiмi 
мықты отбасында дүниеге келді. Отбасының үлкен-кiшi әрбiр мүшесi Аллаһ 
тағалаға сенiп, Оны жақсы көретiн. Аллаһ тағала бұл отбасын бүкiл адамзат 
атаулының отбасылары iшiнен ең абзалы етiп таңдады. Бұл отбасы Құран 
Кәрiмде «Имранның отбасы» («Әлі Имран» сүресі) деп аталған. Аллаһ бұл 
отбасының ерекшелiгi жайында Құран Кәрiмде осы есiммен аталған «Әлі 
Имран» сүресiнiң 33-34-аяттарында: «Расында, Аллаһ Адамды, Нұхты, 
Ибраһимді және Имран отбасын бүкiл әлемде ардақты етiп таңдап 
алды. Олар – бiр-бiрiнен тараған ұрпақ. Аллаһ – әр нәрсенi Естушi, 
Бiлушi», – делінген. 
Мәриямның анасы 
Мәриямның анасы алғашқыда перзент көтермей, ұзақ уақыт өмiр сүрдi. 
Әрбiр адам баласының бұл дүниеде перзент сүйіп, оларды жақсы көрiп, 
мейiрiмдiлiкпен тәрбиелеудi армандайтыны даусыз. Имранның әйелi де 
өзінің бір перзентінің болуын, оны Аллаһ тағаланы жақсы көрiп, Оған 
бойсұнушы етiп тәрбиелеудi және қартайған шағында өзіне көмек беруін 
қалап, Аллаһ тағаладан бiр нәресте беруiн сұрап дұға жасады. Қолдарын 
көкке көтерiп, аспан мен жердiң Раббысына жалбарынып, бұл арманының 
iске асуын өтіне отырып: «Егер Аллаһ тағала маған бiр ұл перзент беретiн 
болса, мен оны Мақдис қаласындағы ғибадатханада қызмет етуге 
арнаймын», – деп ниет еттi. 
Әйелдің бұл ниеті оның ықыласының, иманының беріктігінің көрінісі еді. 
Ол Аллаһ тағаладан тек бұл дүниеде ғана қуанатын бала сұрамады. 
Керісінше, өзi бұл фәниден өтiп кеткеннен кейiн де, перзентiнiң Аллаһ 
тағалаға бойсұнып, өмiр бойы ғибадатханада құлшылығын жасап әрi 
ғибадатхананың қызметiн атқарып өтетiн iзгi перзент болуын сұрады. 
Бірнеше күн өткен соң Аллаһ тағаладан соншалық ықыласпен, шын 
жүрекпен дұға жасаған Имранның ізгі әйелiнiң дұғасының қабыл болғаны 
жайлы оны шаттыққа кенелтiп, қуанышқа бөлейтін хабар жетті. Бір жұмсақ, 
әдемі үнмен әйелге: «Ей, мүмін әйел, қуан! Аллаһ тағала сенiң дұғаңды 
қабыл еттi. Таяуда саған армандаған перзент берiледi», – деген дауыс 
естілді. Мүмін ананың бұл қуанышты хабарға қаншалықты қуанғанын 
елестету мүмкін емес еді. 


117 
Бүкiл дүние оның көз алдында жарқырап, нұрланып кеткендей болды. 
Оның қуанышы қойнына сыймай: «Уа, Раббым! Саған сансыз шүкiр 
айтамын! Ей, үлкендердiң де, кiшiлердiң де Раббысы! Саған мадақ болсын!» 
– деп қайталай берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет