ҚҰран кәрім хикаялары


Бұл оқиғаның Құранда келуі



Pdf көрінісі
бет92/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   102
Хикаялар

Бұл оқиғаның Құранда келуі 
Зәкәрияның Раббысына қалай ғибадат ететiнi, Раббысынан өзiне мұрагер 
болуы үшiн перзент сұрағаны туралы хикаялар Құран Кәрiмде «Әлі Имран» 
сүресiнiң 38-41-аяттарында келген. Осы аяттардың мағынасы төмендегідей 
өрбиді: 
Аса Мейiрiмдi, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен бастаймын. 
«Сол уақытта Зәкәрия Раббысына жалбарынып: «Уа, Раббым! 
Маған Өз қасыңнан игi ұрпақ бер. Әлбетте, Сен – дұға-тiлектi қабыл 
Етушiсiң», – дедi. Ол ғибадатханада намаз оқып тұрғанда, перiштелер 
оған: «(Зәкәрия!) Аллаһ сенi Аллаһтың сөзiн растайтын, қауымына 
басшы болатын, (бұзықтықтардан нәпсiсiн) тыятын және игi 
пайғамбарлардан болатын Яхия есiмдi перзентпен қуандырады», – дедi. 
(Зәкәрия): «Уа, Раббым! Маған кәрiлiк жеткен, әйелiм бедеу болса
қалайша менен перзент болмақ?» – дедi. Аллаһ: «Осылайша Аллаһ 
қалағанын iстейдi», – дедi. (Зәкәрия): «Уа, Раббым! Мен үшiн бiр белгi 
берсең», – дедi. Аллаһ: «Белгiң – үш күн адамдармен ымдап қана 
сөйлесе аласың. Раббыңды көп еске алып, ертелi-кеш дәрiпте», – дедi»
Яхия пайғамбар 
Нәрестенiң дүниеге келер сәтi жақындап, Аллаһ тағала уәде еткен белгi 
келiп, Зәкәрия үш күн сөйлей алмай қалды. Ол қолымен нұсқап, ымдап 
көрсететін едi. Аллаһ тағаланың уәде еткен белгiсiнiң мерзiмi соңына жетiп, 


115 
бұрын перзент көрмеген, қартайған шал-кемпiрге уәде етiлген Яхия есiмдi 
жас нәресте дүние есiгiн ашты. Қартайған әке-шешенiң дүниеге келген 
нәрестеге қандай қуанғанын білсең ғой! Iзгi ата-ана үшiн iзгi перзенттің 
туылғаны қандай ғанибет! 
Уа, Аллаһ! Жүрегiмiздi тазартып, жақсы ұрпақ нәсiп ет! 
Осылайша Аллаһ тағала Зәкәрияға берген уәдесiн iске асырды. Аллаһтың 
қалауымен дүниеге келген нәресте Яхияның сипаттары мынадай: Ол Аллаһ 
тағаланың сөзiн растаушы; Аллаһ оны қорғауды уәде еткен; Оған 
пайғамбарлықты нәсіп еткен; ол күнi-түнi Аллаһ тағаланы дәрiптейтiн, Оған 
нағыз құлшылық жасайтын iзгi пенделерден болды.
Яхия үлкейiп, ержеттi. Ержеткен соң, Аллаһ тағала оған пайғамбарлықты 
берiп, әкесi Зәкәрияның жолын жалғастырушы еттi. Ол басқа пайғамбарлар 
секiлдi жасы үлкен болмаса да, Аллаһқа дұрыс ғибадат жасаудың тәсiлдерiн 
меңгерді. Ол жас кезiнен ғибадат жасауды жақсы көретiн. Аллаһ тағалаға 
құлшылық етіп, ғибадат жасауда еш шаршамайтын және Мұсаға түсiрiлген 
Тәурат кiтабын адамдар iшiндегі ең жетiк меңгергенi болды. Яхия Тәуратта 
көрсетiлген iстердi кәпiрлердiң зорлығынан, азаптауынан қорықпай, 
ержүректiлiкпен орындайтын.
Яхияны бәну исраил қауымының кәпiрлері жек көрiп, аңди бастады. Қай 
қауымда да кәпірлер әрқашан Аллаһ тағаланың пайғамбарларына қас 
дұшпан келеді. Олар Яхияның жер бетiнде жаңадан Аллаһ тағаланың дiнiн 
жайып, әдiлет орнатпақшы болғанын бiлдi. Әлбетте, бұл олардың iстеп 
жүрген арам iстерiне тосқауыл қоятынын сезді. Олар бұл жас пайғамбардың 
көзiн жойып, жаңа тамыр жая бастаған хақ діннің түбіне балта шапқанда 
ғана жайбарақат өмiр сүре алатындарын түсінді. Сөйтіп, кәпiрлер жас 
пайғамбарға қастандық ұйымдастырып, жоспарларын жүзеге асыруға 
дайындала бастады. Ақырында олар Яхияның үйiне баса-көктеп кiрiп, жас 
пайғамбарды жауыздықпен өлтірді. Осылайша Яхия Аллаһ жолында шәһид 
болды. Ал бәну исраил қауымының күнәсіна күнә қосылып, қылмысы 
артты. Сондықтан өздері тағы да азапқа, жазаға лайық бола түсті. Олар 
қулық жасағандары, пайғамбарларды өлтiргендерi, күнәкар болып, шектен 
шыққандары себептi Аллаһ тағаланың лағынетiне ұшыраған. Аллаһ оларды 
қор етiп қойды. Ал жас пайғамбар Яхия өлтiрiлсе де, мүміндердің жүрегiнде 
әрдайым тiрi қалпында қалды. 


116 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет