Реферат Тақырыбы: Жасөспірімдердің агрессивті мінез-құлқы


Жасөспірімдердің агрессиялық мінез-құлық мәселелері



бет3/16
Дата27.11.2023
өлшемі259.8 Kb.
#484547
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
ЖБЛ-212 Тәрбие

1.2.Жасөспірімдердің агрессиялық мінез-құлық мәселелері

Қоғамдағы әлеуметтік-психологиялық өзгерістер, белсенді тұлғаны қалыптастыруға деген талаптардың жоғарлауы іс-әрекет пен мінез-құлықтың нақты субьектісіне қатысты агрессия мәселесін маңызды әлеуметтік қажеттілік ретінде зерттеуді қажет етеді.


Жасөспірімдердің агрессивті дамуын түсіндіруді бірінші әрекеттері психоаналитикалық бағытта қабылданған. А.Фрейд сексуалды және агрессивті инстинктердің қарсы тұру, өз әкесінің көзқарастарына қосылып, либидті фазаларға сәйкес агрессивті дамудағы бірнеше фазаларды көрсетеді: дөрекі агрессивтілік, садизм және т.б. Жасөспірімдер психоанализімен шұғылданған А.Фрейд, агрессияны «Мен» инстанциясының қорғау механизмдерінің бірі ретінде қарастырады. Осыған сәйкес ол агрессия «Мен» өтіп кеткен шамаланған оқиғаларда басынан өткізген үрей мен қорқыныштың көрінуі. Агрессия балаға деген нақты және минималды қауіп-қатер көрінгенде пайда болады. Агрессияға жүгінген бала үрей барысында өзін-өзі ұстауға тырысады. А.Фрейд пікірі бойынша, мұндай мінез-құлық механизмі болып «агрессормен теңестіру» көрінеді, бала оның атрибуттарын қабылдай, кімді қорқытатынын кім қорқатын түрге ене алады. Баланың агрессивті ұмтылуы үрей объектісіне қатысты алдын ала қимылдайтын мінез-құлықта болады.
Жасөспірімдер агрессиясының негізінде үрей жатады деген ойды көптеген психоаналитиктер бөліседі. К.Бютнер жасөспірімдер жасындағы агрессияның едәуір жиі кездесетін екі себебін атайды: «Біріншіден, бұл -зақымдану, өкпелеу, қорқыныш, шабуылға тап болу. Екіншіден, бұл - бастан өткізілген зәбір, зақым немесе өзіне шабуыл».
Әлеуметтік үйрету теориясында агрессия жасөспірімдік шақта әлеуметтік ескертілген мінез-құлық жетістігі болып табылады деп көрсетілген. Скиннер мінез-құлық детерменделген, алдын ала болжалған және қоршаған ортамен бақыланады деп бекіткен. Үйрету теориясы аумағындағы жетістік себептік талдау фокусын ішкі гипотезалық іс қоршаған орта әсеріне ауыстырды.
Агрессияны қалыптастыру механизмдері:

  1. Агрессивті мінез-құлықты басқа адамдар жағынан нығайту;

  2. Бақылау арқылы үйрету;

  3. Өзін қуаттау.

Агрессивті мінез-құлық үлгілері ретінде ата-аналар, басқа адамдар, құрбылармен қатар ақпарат құралдары (теледидар, жарнама т.б.) ұсынған символдық үлгілер бола алады.
«Гуманистік психология» термині 1960 жылдардың басында А.Маслоу жетекшілігімен психоанализ және бихевиоризм деп аталатын психологиядағы екі едәуір маңызды интеллектуалды ағымдарға өмірге икемді альтернатива тудыру мақсатында бірікті. Гуманистік бағыттың едәуір белгілі жолын ұстаушылар Э.Фромм, К.Роджерс, Р.Мэй т.б. болып табылады. А.Маслоу және т.б. адамның барлық қажеттіліктері туа біткен немесе инстинктивті деп жобалады:

  1. Физиологиялық қажеттіліктер;

  2. Қауіпсіздік және қорғаныш қажеттіліктері;

  3. Бұйым және махаббат қажеттіліктері;

  4. Өзін-өзі сыйлау қажеттіліктері;

  5. Өзін актуализациялау қажеттіліктері.

Жасөспірімдер агрессиясына келетін болсақ, жасөспірімдердегі физиологиялық қауіпсіздік, қорғану қажеттіліктері мен махаббат қажеттіліктерін қанағаттандыруды талап етуден және пайда болудан бұрын қанағаттандырылуы керек. Егер бұл іске асырылса, жасөспірімдердің агрессивті мінез-құлық түрінде қорғану реакциясы өнделеді және осыдан жасөспірім өзінің қажеттіліктерінің бір бөлігін іске асыра алады, мысалы, көңіл бөлуде, махаббат және т.б.
Жасөспірімдік шақ жаста невроздардың дамуын зерттеуге арналған жұмыстарда агрессия қиын жағдайларда әсер етудің адекватты емес тәсілі қарастырылады.
Жасөспірімдер агрессивтілігі проблемасын жасөспірімдер психиатриясы және патопсихология мамандар қарайды. Психикалық бұзылулар барысында агрессивтіліктің дамуы тұлғаның конституционалды ерекшеліктерімен ғана анықталмайды, сонымен қатар әлеуметтік-психологиялық факторлармен де анықталады. Жасөспірімдік шақта агрессивтіліктің қалыптасуы көптеген факторларға негізделген. Жасөспірім жасындағы агрессивтілікке мыналар әсерін тигізеді: жанұяда қарым-қатынастардың ерекшелігі, отбасылық тәрбиелеу стилі, сонымен қатар үлкендер, құрбылар көрсететін агрессивті мінез-құлықтың үлгілері.
Сонымен қатар, қазіргі заман балаларының көпшілігі агрессивті мазмұны бар компьютерлік ойындармен әуестенетіндігін атап кеткен жөн. Фильмдерге қарағанда ойындар процеске қатысушы мүмкіндігін береді. Онда жасөспірімдер өзін-өзі іске асыра алады, «суррогат» бейнесімен өзін танытады. Тіршіліктің әртүрлі шарттарын есепке алып, жасөспірім агрессивтілігінің дамуына әсер ететінін анықтайтын фактор сапасында көріне алмайды. Теледидарды балалардың және жасөспірімдердің агрессивтілігінің өсуіне ықпалын тигізеді деп кінәлау - бұл бала өмірін ұйымдастыруға жауапкершілігін арту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет