Республикасы Оқу-ағарту министрлігі



бет34/86
Дата16.04.2024
өлшемі0.79 Mb.
#498787
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   86
32 Сыныптар бойынша жазба жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар

Мақала - қоғамдық-әлеуметтік мәселелер туралы жазылған публицистикалық жанрдағы шығарма.
Мақала құрылымы:
Кіріспе бөлім Кіріспе бөлімде ең маңызды мәселе айтылады. Сәтті шыққан кіріспе сөйлем 25-40 сөзден тұрады, ол мақаладағы негізгі оймен таныстырылып, оқырмандардың қызығушылығын тудыруға арналады.
Негізгі бөлім Дәлел, ой, ақпараттар мен мәтінде көтерілген мәселе туралы мәлімет беріледі.
Мәселе жан-жақты қарастырылады, оқырманның назарын аудару, ойландыру мақсатында риторикалық сөйлемдер немесе басқа да фактілер ұсынылады. Мәселенің нақты шешімін көрсетіп, оның дұрыс шешім екеніне көз жеткізеді, түрлі дәлелдер келтіреді. Талқылау тудыратын сұрақтар қойылып, сұрақтарға жауап қарастырылады.
Қорытынды бөлім көтеріп отырған мәселенің тұжырымын береді немесе оқырманға екіұшты ой қалдырады. Автор оқырманға ой тастай отырып, өз шешімін айтуы тиіс.
Мақалаға қойылатын талаптар:

  1. өзекті мәселені қозғау;

  2. жаңа ой, жаңа деректер келтіру;

  3. тақырып туралы мәліметтер жинақтау;

  4. ақпараттың шынайылығына назар аудару;

  5. жоспарға сай жазу.

Нұсқаулық дегеніміз – әлденені орындау, жүзеге асыру тәсілі мен тәртібін бекітетін тәртіптер жинағы. Онда белгілі бір міндетті әрекеттерді орындау реті жазылады.
Бұл белгілі бір іс-әрекетті немесе тапсырманы орындау үшін орындалатын қадамдарды ретке келтірілген және анық түрде сипаттайтын құрал. Басқаша айтқанда, нұсқаулық адамға белгілі бір мақсатты ойдағыдай орындауға көмектеседі.
Нұсқаулық жазуда қолданылатын тілдік құралдар:

  • салалық термин сөздер – белгілі бір ғылым саласына қатысты терминдер;

  • тура мағыналы сөздер – сөздің бастапқы негізгі мағынасы;

  • модаль сөздер – сөйлеушінің сөйлем мазмұнына көзқарасын білдіретін сөздер. Мысалы: керек, қажет, мүмкін, тиіс, т.б.

*етістіктері ауыспалы осы шақта тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет