Республикасы Оқу-ағарту министрлігі



бет42/86
Дата16.04.2024
өлшемі0.79 Mb.
#498787
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   86
32 Сыныптар бойынша жазба жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар

    Бұл бет үшін навигация:
  • Эссе
Ресми құттықтаулар жазу ресми іс қағаздарға жатады. Ресми стильдің бұл түрі қатынас құралы ретінде қызмет ететін күнделікті өмір қажеттілігінен туған жүйелер жиынтығы іспетті. Бұл іс қағаздар қалыптасқан белгілі бір форма бойынша жазылады. Ресми құттықтаулар мен үндеулерде экспрессивті- эмоционалдық сөз тіркестері жиі қолданылады.
Ресми ұйымдар мен мекемелерді және лауазымды адамдарды құттықтаған жағдайларда арнаулы ресми құттықтау (адресат) түрінде жазылып, жолданады. Содан кейін құттықтау себебі жазылады. Сосын құттықтаушы қуаныш иесінің жетістіктері туралы хабардар екенін білдіруі қажет. Құттықтау хат құрметті, қадірлі, аса қадірлі, қымбатты деген сөздермен басталады. Осыдан кейін ізгі тілектер жазылады. Соңында құттықтаушының аты-жөні шын жүректен, ізгі тілекпен, шынайы көңілден деген сөздермен аяқталады.
Ресми іс қағаздардың жазылу талаптары:



ҮЛГІ:


Әріптеске арналған ресми тілек.
Құрметті
Сізді адам өмірінің айтулы белесі 60 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сізді өмірден тоқығаны мол, кең ойлап, қамқор қолын ұсынып жүретін аяулы азамат, аға ретінде жақсы білеміз. Өзіңіз еңбегіңізді арнаған саланы дамытуға сіңірген белсенді қызметіңізді, тың ғылыми-техникалық жаңалықтарды енгізуде озық ойлайтын кемел қабілетіңізді құрметтейміз. Еліміздің өсіп, өркендеуі мен дамыту жолында тартулы табыстарға жете беруіңізге тілектеспіз.
Тілек білдіруші ұжымның атауы


Эссе - эсседе сіз пікіріңізді аргументтер мен мысалдар арқылы дәлелдеуіңіз керек. Демек тәртіпті болу дұрыс деп ойласаңыз, неге осы позицияны қолдайтыныңызды түсіндіріңіз.
Мұндағы аргументтер:

  • Деректер мен дәйектер.

  • Өмірден алынған жағдайлар, өмірлік шынайы тәжірибелер.

  • Ғылыми зерттеулер.

  • Ғалымдардың пікірлеріне сілтеме.

Тақырып ашылуы үшін бір эсседе кем дегенде екі нақты мысал болғаны дұрыс.
Қорытынды жазу.
Міндетті түрде ойыңызды қорытындылаңыз. Соңында белгілі бір мәселе жөнінде пікіріңіз бен көзқарастарыңызды айтып келіп, оны қайткенде жүзеге асыруға болады немесе нәтижесі мен түйінін айтып өту қажет. Эсседе эмоцияналдылыққа рұқсат етіледі, көркем әдеби стильде жазылады. Алайда, жаргон, қысқарған сөздерді қолдану және ауызекі сөздерді пайдалануға тыйым салынады. Әдетте эссенің көлемі 200-250 сөзді құрайды.
Эссе жазу талаптары:

  • Жеке көзқарастық көрініс басым болу керек;

  • Фактілер, дәлелдер (аргументтер) келтірілуі керек;

  • Теориялық негіздеме болу;

  • Терминдерді орынды қолдану керек;

  • Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;

  • Логикалық заңдылықтың сақталынуы;

  • Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;

  • Сауаттылық (пунктуация, орфография).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет