сынып бойынша:
тезистік жоспар құру, мақала, аннотация, тезис (құрастырып жазу, графиктік мәтіндердегі деректердің маңызды тұстарын анықтап жазу);
аргументативті эссе жазу,
бұқаралық ақпарат құралдары материалдары негізінде стильдік ауытқуларды, орынсыз қолданылған сөз оралымдарын талдап, стильдік түзетулер жасау, редакциялау.
Оқу мақсаттары:
8.3.1.1 тақырып бойынша материал жинақтап, тезистік жоспар құру;
8.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, аннотация, тезис, мақала құрастырып жазу;
8.3.3.1 мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректердің маңызды тұстарын анықтап жазу;
8.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе);
8.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу;
8.3.6.1 БАҚ материалдары негізінде стильдік ауытқуларды, орынсыз қолданылған сөз оралымдарын талдап, стильдік түзетулер жасау, редакциялау.
Аннотация – кітаптың, мақаланың, қолжазбаның мазмұнын, саяси- идеялық бағытын, құндылығын түсіндіретін қысқаша сипаттама.
Кітапқа берілетін аннотация:
көлемі 1 сөйлем, я болмаса 1 бет;
библиографиялық деректер жазылады;
автор туралы мәліметтерді қамтиды;
туындының жанры немесе нысаны кіріктіріледі;
тақырыптың қысқаша мазмұны сипатталады;
кітаптың басылымға берілуі немесе қайта басылу себептері көрсетіледі;
аудиторияны сипаттайды.
Мақалаға берілетін аннотация:
көлемі 500 әріп немесе 7-8 сөйлем;
ғылыми мақаланың аңдатпасы 3 тілде жазылады;
құрамындағы баяндауыштар етістіктің келер шағында, ырықсыз етіс және пассив формада жазылады;
мазмұны тақырыптың қысқаша сипаттамасын қамтиды.
Жазу барысында қолданылатын тілдік оралымдар:
Бұл кітапта немесе мақалада ........ (мынадай-мынадай) тақырып сөз етілген.
Бұл кітапта немесе мақалада .......... (мынадай-мынадай) мәселе көтерілген.
Бұл кітап немесе мақала .... (мынадай-мынадай) зерттеулерге негізделген.
Автордың ерекше назар аударған мәселесі –
Сөз етіліп отырған мәселенің зерттелуі мынадай
Бұл кітапта немесе мақалада ....... (мынадай-мынадай) детальді зерттеу жүргізілген.
Тезис – кітап пен мақалада жазылған негізгі тұжырымдар, идеялар, қорытындылар.
Тезистің белгілері:
Көлемді шығармалардың маңызды деген тұстарына қысқаша шолу.
Логикалық жағынан байланысқан 5-6 сөйлемнен тұрады немесе нақты ойды беру үшін белгілі адамдардың цитаталары қолданылады.
Ғылыми жұмыстарда, көлемді жазба жұмысын орындағанда, көпшілік алдында сөйлегенде қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |