Республикасы Оқу-ағарту министрлігі



бет35/86
Дата16.04.2024
өлшемі0.79 Mb.
#498787
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   86
32 Сыныптар бойынша жазба жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар

Дискуссивті эссе – көтерілген мәселе бойынша ой қозғап, шындықты айқындайды немесе пікірді, ұстанымды өзгертіп, мәселені жан-жағынан көруге мүмкіндік береді. Яғни белгілі бір мәселені не жағдаятты талқылап жазады. Бұл эссе түрі 3-ке бөлінеді:
Жақтау және даттау, артықшылығы мен кемшілігін талқылау, әр пікірге дәлелдер мен мысалдар ұсыну;
Өз пікірін білдіру. Автор белгілі бір мәселеге өз пікірін білдіріп, нақты мысалдармен дәйектейді және осы мәселеге қатысты өзге де қайшы пікірді көрсетіп, оның әлсіз екенін, яғни өз ұстанымының дұрыс екенін дәлелдейді.
Белгілі бір жағдаятқа не мәселеге қатысты шешу жолдарын ұсыну. Эсседе алдымен шешу жолдары көрсетіліп, оның мүмкін болатын нәтижесі мен салдары аталады.
Эссе құрылымы:
Кіріспе бөлім

  • Тақырыпқа қатысты түсінік беру сөйлемі, ой үзігі

  • Тезис

Негізгі бөлім

  • Тезиске қатысты пікір

  • Пікірді талқылау, ойды дәйектеу, дәлелдеу, жинақтау аргументтері Қорытынды бөлім

  • Абзацта айтылған ойлар түйіні

  • Эссені қорытындылайтын ой тұжырымы

Эссе құрылымындағы ескерілетін ұғымдардың түсініктері:
Тезис – негізгі идея, тақырыпқа қатысты қысқа да нұсқа түйінді ой, көзқарас (сөйлем).
Тезиске қатысты пікір – жазып отырған адамның тақырыпқа байланысты ақпаратты «ой сүзгісінен өткізуін», мәлімет пен деректерге негіздеуін қажет ететін, соған арқау болатын жеке пікірі (сөйлем, ой).
Пікірге қатысты аргумент – тезиске, айтылған пікірге түсінік беріп, көтерілген мәселені әр қырынан қарастыру (сыни талдау, жинақтау, дәйектеу, дәлелдеу және т.б.).
Ой тұжырымы – көтерілген мәселе, берілген сұрақ немесе тақырыпқа байланысты тезисті (түйінделген ой, көзқарас, ұстанымды) қорытындылау: жалпы қорытынды шешім немесе өзіндік ұсыныс, өзіндік тың пікір (жазба иесінің ойлау ерекшелігіне орай, ой қозғайтын сұрақ, көпшіліктің ойын қозғауды көздеген екіұшты пікір болуы да мүмкін).
Дискуссивті эссе жазу талаптары:

  1. берілген тақырыппен танысу;

  2. ойды жүйелеп алу;

  3. нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін әрекет, әдіс-тәсілдерді қолдану;

  4. жазылу құрылымы талаптарына сай бөлімдерді анықтап алу;

  5. өз жұмысын тексеру.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет