8.4.1.1 мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, интервью, пікір, шағын мақала жазу;
8.4.2.1 эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсыну;
8.4.3.1 жазба жұмыстарында символ мен кейіптеу түрлерін қолданып
жазу
8.4.4.1 тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, эссе жазуда тиімді
қолдану
8.4.5.1 тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс жазу (жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздер), сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану
Шағын мақала - маңызды мәселені көтеретін, шағын көлемдегі, коғамдық-әлеуметтік мәселелер туралы жазылған публицистикалық туынды.
Мақала 4 түрге бөлінеді:
Бас мақала заманымыздың негізгі бағытын, үкіметтің алға қойған саяси, шаруашылық, мәдени міндеттерді түсіндіріп, іске бағыт береді;
Проблемалық мақала шешуді, тексеруді, зерттеуді қажет ететін теориялық және практикалық мәселелерді көтереді;
Насихаттық мақала ғылым, техника, өнер жаңалықтары заман талабына сай бүгінгі өмірдің практикалық міндеттерімен байланыстырылып отырады;
Публицистикалық мақала қоғамдық-әлеуметтік және саяси маңызы зор оқиғалар мен құбылыстарды, дәуір тынысын көтеріңкі үнмен, көркем тілмен баяндайды.
Сонымен бірге, мақала – бұл, жазу жағынан ең кең тараған және қиын жанр болып табылады. Мақала мақсаты — оқырманға белгілі бір фактілерді, ережелерді, ойларды немесе олар туралы басқа біреудің пікірін жеткізу.
«Кіріспе» бөлімінде зерттелетін мәселенің жағдайы мен оның өзектілігі жазылады. Зерттеу мақсаты көрсетіледі. «Материал және әдістер» бөлімінде қолданылған әдістерді, құрылғыларды (аталуы мен өндіруші фирманың мекенжайын көрсету арқылы) және шараларды басқа зерттеушілер алынған нәтижені қолдана алуы үшін қаншалықты қажет болса, соншалықты толық көрсету қажет.
«Нәтижелер» бөлімінде мәтін, кесте және иллюстрация түрінде логикалық жүйелілік көрсетілуі қажет. Бірінші ретте аса маңызды нәтижелерді көрсету қажет. «Нәтижелер» бөлімінде мәліметтерді жинақтау кезінде сандық ақпаратты туынды түрінде (мысалы, пайыздар) ғана емес, сондай-ақ негізінде туынды есептелген абсолюттік мағына түрінде көрсету қажет.
«Талқылау» бөлімі: зерттеудің жаңа және маңызды аспектілеріне және оның нәтижесіне ерекше назар аударылуы қажет.
Мақала талдамалы жанрға жатады.
Мақаланың өзіне тән ерекшеліктері:
тақырып айқын болуы керек;
мәселемен оқырман жақсы танысу керек;
дәйектер көкейге қонымды болуы керек;
сауатты және ғылыми стилде жазылуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |