Презентация түрінде ұсыну- (лат. praesento — ұсыну) – бір нәрсені (ұйым, жоба, өнім және т.б) таныстыруға арналған құжат немесе құжаттар жиынтығы.
Презентацияның мақсаты – аудиторияға ақпаратты ыңғайлы нысанда жеткізу.
Презентация дайындауға қойылатын талаптар:
Ақпараттық блоктарды дұрыс орналастыру
Ұзақ сөйлем болмау керек.
Қарапайым түстерді қолдану керек.
Қаріпті дұрыс қолдану (шамадан тыс сәндеу керек емес)
Ұсынып отырған презентация елді жалықтырып алмау керек.
Мәтіні дұрыс, нақты әрі қысқа құрылуы керек.
Тақырыптар қысқа болып, аудиторияның назарын бірден аударатындай болуы керек.
Шылау, үстеу, сын есімдерді аз қолданған жөн.
Кесте көрсеткен кезде бағандар мен жолдарды аз қолдану керек.
Барлық ақпарат орфографиялық, грамматикалық, стилистикалық тұрғыдан қатесіз болуы тиіс.
Оқу материалын берген кезде кезеңділік сақталып, ақпарат бір слайдтың бірнеше жерінде көрініс табуы мүмкін немесе келесі слайдта жалғасы ретінде берілуі мүмкін.
Презентация баяндамада айтылатын ойды көрнекілік ретінде толықтырып тұруы керек. Баяндама жасалған кезде басты бөлігі болмауы тиіс, алайда материалды толық қайталамауы қажет.
сынып бойынша:
шағын мақала, пікір, интервью жазу (мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап);
эссе (құрылымы мен дамуын сақтап, берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсыну, жазба жұмыстарында символ мен кейіптеу түрлерін қолданып жазу, тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, эссе жазуда тиімді қолдану, тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс жазу (жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздер), сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану).
Достарыңызбен бөлісу: |