Республикасы Оқу-ағарту министрлігі



бет45/86
Дата16.04.2024
өлшемі0.79 Mb.
#498787
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   86
32 Сыныптар бойынша жазба жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар

    Бұл бет үшін навигация:
  • ҮЛГІ

ҮЛГІ:


«Баламалы энергия» мақала
Баламалы энергия деп қоршаған ортаға зиянын тигізбейтін табиғи таза энергия өндіру көздерін айтамыз. Мұндай энергия көздері экологияға еш зиянын тигізбейді, мұнай мен көмір тәрізді пайдалы қазбаларды игерудің қажеттілігі тумайды.
Мәселен, қазіргі күннің өзінде Ирландия мемлекеті жердің геологиялық мүмкіндіктерін, яғни гейзерлерді пайдалану негізінде геотермальды энергия бағытын дамытуда. Ғалымдар геотермальды энергия көздерінің небәрі 1%-ы игерілсе, адамзаттың энергияға деген тәуелділігі мүлдем жойылады дейді. Ал Испания мен Италия, Нидерланды мемлекеттері территориясы кең
аймақтарға күн энергиясын өндіретін алып аппараттарды орналастырып жатыр. Сол тәрізді АҚШ елі Флорида штаты мен Маями қаласының маңынан өтетін мұхиттағы ең үлкен Гольфистрим ағысынан энергия өндіруді жоспарлап отыр. Негізінде, ХХ ғасырдың басында-ақ океонограф- ғалымдардың өзі мұхит кеңістігі энергия көзі ретінде игерілсе, адамзаттың миллиондаған жылына жетер энергияны өндіруге болатындығын айтқан.


Пікір қоғамдағы кез келген тұлғаның ойы. Ол әртүрлі жағдайда туындайтын алуан ойлар желісі. Пікірдің тілдік формасы сөйлем болады. Пікір- публицистиканың жанры, сонымен қатар ғылыми және көркем сын. Пікір басқа адамның жасаған жұмысын бағалауға құқық береді.
Пікір жаңа жұмыс туралы хабарлайды, оның қысқаша талдауы мен бағасын қамтиды. Латын тілінен аударғанда «recensio» «бір нәрсе туралы қарау, хабарлама, рейтинг, шолу» дегенді білдіреді. Пікір - бұл көркем, ғылыми және публицистикалық шығарма туралы шолуға негізделген жанр (ең алдымен сыни).
Пікірдің ерекше түрі – ғылыми шолу немесе ғылыми еңбекке шолу. Шолу тақырыбы – ақпараттық құбылыстар: кітаптар, брошюралар, қойылымдар, фильмдер, телешоулар, ойындар.


ҮЛГІ:


ҚАЖЫҒҰМАР ШАБДАНҰЛЫНЫҢ «ҚЫЛМЫС» РОМАНЫНА ПІКІР

Иә, дұрыс айтасыз, менің жарық дүниеге келіп, жер басып жүргенімнің өзі қылмыс, деп, басталатын қаламгер Қажығұмар Шабданұлының «Қылмыс» романын Алматыдан ауылға барғанда, әжемнің аузынан естідім…


Содан бері осы кітапты оқып шығу алдымдағы үлкен бір мақсатқа айналды. Ақыры, осыдан аттай алты айдай бұрын мамыражай мамыр айында оқып шығу нәсіп болды. «Құланның қасуына мылтықтың басуы» дегендей, сол мамыр айымен басталған мейрамдар тізбегі еш кедергісіз алты томдық
«Қылмыс» романын, айналасы 10 күннің ішінде оқып шығуыма себеп болды. Романның арқауы – Қазақ даласына Кеңес өкіметінің орнауынан басталып, 1930-1940 жж. Шығыс Түркістандағы ұлттық азшылықтардың азаттық қозғалысына дейін тарихи және күнделікті оқиғалар баяндалады. Шығарманың тілі уытты саяси әжуа мен мысқылға толы. Жанры жағынан бұл шығарманы мемуар, яғни ғұмырнамалық роман деуге болады.
Алайда жазушы тек өз өмір жолы жайында айтып қана қоймай, сол кезеңдегі аз ұлттардың алып империялар – айдаһар Қытай мен қызыл империя Кеңес одағының арасындағы қиын да, қилы өмірін суреттейді.
Өз басым, бұл шығарманы оқу барысында ерекше бір ынтамен, ықыласпен оқыдым. Шығармадағы басты кейіпкер – Биғабілдің (прототипі Қажығұмар Шабданұлының өзі) басынан кешкендерін, өз басымнан өткен оқиғалармен және де бүгінгі қоғаммен салыстыра отырып, тарихтың тереңінен қанып сусындадым десем де болады. Басты кейіпкер Биғабілдің
басынан қандай нәубет келсе де сабыр етіп, қаймықпай қарсы тұрып, өзінің ертеңі, болашақ ұрпағының қамы үшін Тарымның тозағына тоғытылса да азаматтық ұстанымынан ауытқымауы ерекше әсер етті. Туған елі, жері, азаматтық ұстанымы үшін қасық қаны қалғанша күресе білуі, ертеңінен үміт үзбей қазақи рухты сақтауы, атамекенге деген сағыныш сезімі барлығы осы кітаптың кейіпкері, Биғабілдің бойынан табылады. Биғабілдің басынан кешкен қилы тағдыры сол замандағы ата-бабаларымыздың өмірінен хабар беріп тұр. Алып империяларға күні қараған кіріптар, бодан халықтың өз елін сүйген абзал ұлдарының маңдайына жазған тағдырдың еншісінің осы екендігіне тарих парақтарын ақтарып отырып көз жеткіздім…
Әрине, ағыспен жүзетін ептілер мен жансауға жағымпаздар болмаса, қуғын-сүргін, абақты, айдау, тағдырдың талқысы деген нәрселер – қайраткер азаматтың маңдайына жазылған сыбаға емес пе?!
Қорыта айтқанда, «Қылмыс» романы қазақ әдебиеті тарихындағы алғашқы алты томдық шығарма. Бұл туындыны «Абай жолы» романы мен
«Көшпенділер» трилогиясымен қатар қоюға лайық қазақ тарихынан сыр шертетін бірден-бір, әрі бірегей туынды.


Интервью көсемсөз жанры, журналистің бір не бірнеше адаммен қандай да бір өзекті мәселе төңірегінде сұхбат жүргізуі. Интервью барысында белгілі бір оқиғаның, құбылыстың мән-мазмұны маман әңгімелесушінің түсіндіруі, айтуы бойынша терең ашылады. Интервью жанры, негізінен, хабарламалы интервью және түсіңдірмелі интервью болып екіге бөлінеді. Олардың өзі іштей жіктеледі:
Хабарламалы интервью түріне – тілші мен әңгімелесуші екеуінің сұрақ- жауап түріндегі диалог интервью тілшінің бір ғана сұрау беріп, оған әңгімелесушінің ұзақтау жауабы монолог интервью, әңгімелесуші айтқанының мазмұны ғана түйіліп берілетін мазмұндама интервью жатады. Бұларда түсіндіру талдау болмайды, сұхбаттың есебі ретінде ғана танылады.
Түсіндірмелі интервью түрлеріне – интервью суреттеме, баспасөз маслихаттық дөңгелек үстел басыңдағы әңгіме, брифинг, анкета жатады. Бұларда дерек, оқиға, құбылыс хабарланып қана қоймайды, олардың қыр-сыры кеңірек түсіндіріліп, күрделі жайттарға түсіндірме беріледі.
Брифинг сұхбат берушілердің ұсынымымен, жұртқа қажетті нәрсені түсіндіріп қою ниетімен өткізіледі. Баспасөз мәслихатында көптеген бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) өкілдері қатысуымен бір сала немесе әлденеше маманмен қатар сұхбат жүргізіледі. Журналистер кезекпен сұрау қойып, сұхбаттасушылар оған жауап береді. Дөңгелек үстел басындағы әңгімеде нақты бір проблемамен айналысатын мамандар шақырылып, оларға қатар сұрақтар қойылады да, жауаптары тыңдалады.


ҮЛГІ
Димаш Құдайбергенмен сұхбат
Қытайда Singer халықаралық ән байқауына қатысып жатқан отандасымыз Димаш Құдайбергеннің Жэньминь жибао (Халық газеті) газетіне берген сұхбаты.

  • Өнерлі отбасында туылыпсың, қаршадайыңнан әнші болуды армандадың ба?

  • Өнерлі отбасында туылғаныма, осындай ата-анам болғанына өзімді ерекше бақытты сезінемін. Ата-анам өнер адамдары болмағанда, қанша құлшынғаныммен, әнші болуым екіталай еді.

  • Сеніңше қалай жақсы әнші болуға болады?

  • Меніңше, музыкалық жағынан табысқа жету үшін кәсіби қабілет басым болу керек. Ең маңыздысы, әнді жүрекпен айта білуің керек. Мен Майкл Джексонның, Джеки Чанның, Лучано Павароттидің жанкүйерімін. Олардың барлығы табанды, маңдай тердің арқасында табысқа жеткен. Бәрінен де маңыздысы, олардың бәрі әлемдік деңгейдегі жұлдыздар болса да, ерекше кішіпейіл, бауырмал жандар. Сондықтан мен оларды үлгі тұтамын.

  • Өнер жолыңда саған ерекше ықпал еткен адам болды ма, сол туралы айтып берсең?

  • Маған ерекше әсер еткен адам, әрине, менің ата-анам. Сол кісілердің арқасында осы күнге жеттім. Ұстаздарыма да ерекше алғыс айтамын. Олар әрқашанда маған қол ұшын беріп, мені қолдап келеді. Әрі менің кәсіби деңгейімнің өсуіне маған мол білім берді.

  • Қазақ, орыс, итальян, француз тілдерінде, тіпті қытай тілінде ән айтып әлемді таңғалдырдың. Осы тілдерді қалай үйрендің?

  • Мен көп ізденемін. Опералық бағытта ән айтатын болғандықтан, әлемнің әртүрлі тілдерінде әйгілі операларды орындап көрдім. Әрине, құлшына үйрену керек. Алдымен осы елдердің музыкасы мен әуенін ұнату керек. Сосын ән мәтінін үйренесің. Осы әндерді тіпті толық түсіне аласың. Ұстаздарымның көмегімен осы тілдерді үйренуге тырысып, шетелдік операларды нақышына келтіріп орындадым. Сол арқылы неміс, украин, француз, итальян, ағылшын, түрік тілдерін үйрендім. Қазір қытай тілін үйреніп жүрмін.

  • Қытайда өтіп жатқан Singer ән байқауына қалай келдің? Басқа халықаралық байқауларға қарағанда қандай ерекшелігін байқадың?

  • Байқаудың бас режиссері, тәлімгер Хун Тао бұрынғы менің халықаралық байқауларда өнер көрсеткенімді байқап, мені осында шақырды. Singer байқауы - нағыз әншілер бақ сынайтын өнер додасы. Уақыты мен айналымы да ерекше ұзақ. Ол сенің сахнадағы сәтіңді ғана емес, әншінің байқауға дайындалу барысын, сондай-ақ, сахнадан тыс тұрмыс-тіршілігін де көрсетеді. Көрермендерге әншінің өнерімен бірге өмірін де толық таныстырады. Мен бұрынғы қатысқан байқаулардан Singer жобасының ең үлкен ерекшелігі - бұнда менен жасы үлкен, атағы әйгілі, табысқа жеткен әншілермен бірге бақ сынауға тура келді.

  • Singer байқауында өзіңнен қандай натиже күтесің?

  • Бұл сұрақ мен үшін ауыр. Байқаудың нәтижесінен бұрын, ең бастысы, көрермендердің қолдауына ие болсам деймін. Барынша жақсы өнер көрсетіп, бұдан да биік белестерге ұмтылып, жанкүйерлерімнің көңілінен шығамын деп ойлаймын. Сахнадағы әрекетіме кейде өзім де тәнті болатын кезім болады.

  • Сенің өнеріңнен Қазақстан мен Қытайдың музыкалық үндестігін байқағандай болдық. Мұның сыры неде деп ойлайсың?

  • Екі ел музыкасының кейбір тұстары сабақтасып жатады. Өзіндік ерекшеліктері де аз емес. Қазақстан мен Қытайдың әншілік өнері жоғары деңгейде дамыған деп айтуға болады. Қытайлық көрермендердің ыстық ықыласын көргенде бейне туған жердегі достарымның ыстық құшағына бөленгендей сезіндім. Қытайлық әншілердің Қазақстанға келіп, өнер көрсетуін қолдаймын. Біздің елімізде оларды ерекше қызу қарсы алады деп сенемін.

  • Қытайлық әншілерден кімді ұнатасың? Оның өнерін қалай бағалайсың?

  • Менің жақсы көретін әншілерім көп. Қытайлық әншілермен көп кездесулерде болдым. Барлығы өте қарапайым, ашық-жарқын, инабатты адамдар екен. Мен тәлімгер Хан Хунды, Лин Жышуан тәлімгерді өте жақсы көремін. Singer бағдарламасы арқылы Лин Жышуан тәлімгермен таныстым. Алғаш кезіккенімізде ол кісі маған сондай жақын сезілді. Өте кішіпейіл, жылы жүзді адам.

  • Қытай мен Қазақстан - достық қарым-қатынастағы көрші елдер. Биыл Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы. Қазақстанға барғысы келетін қытайлықтарға өз еліңді қалай таныстырар едің?

  • Биыл маусым айында Қазақстанда ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі басталады. ЭКСПО көрмесі тұңғыш рет Орталық Азия елінде өткізіледі. Барлықтарыңызды Қазақстанға келіп, ЭКСПО көрмесін тамашалауға, қазақтың әсем табиғатын көруге, дәмді тағамдарынан ауыз тиюге шақырамын. Бәрі сәтімен болса, мен аталмыш көрмеде ән айтатын боламын.

  • Сөз соңында жанкүйерлеріңе қандай тілек жолдайсың?

  • Армандарыңыздың орындалуын, өмір жолдарыңыздағы көздеген мақсаттарыңызға қол жеткізулеріңізді тілеймін. Арманның барлығы орындалады. Өйткені, сіздер менің арманымның орындалуына қолдау көрсеттіңіздер. Сіздердің әр күніңіз көңілді, тату-тәтті, мейірімді де сыйластыққа толу болуын тілеймін.



Эссеге қойылатын талаптар. Мәселені қамтитын және оқырманның ойлануына ықпал ететін белгілі бір қысқа тақырыптың болуы.

  1. Субъективті авторлық ұстаным. Эссені ерекшелейтін нәрсе – онда қандай да бір мәселеге тоқталған автордың көзқарасы, оның әлемге деген қатынасы, сөйлеуі мен ойы болады.

  2. Сөйлеу стилінде жазылады. Эсседе күрделі тұжырымдар мен тым ұзақ сөйлемдер болмауы керек. Оқырманмен байланыс орнату үшін еркін стильді ұстану маңызды. Сонымен қатар, эссені іші сленгке толған сапасыз мәтінге айналдырып, артық кетудің қажеті жоқ. Мәтінге – әртүрлі интонация

қолданылған қысқа, қарапайым және түсінікті сөйлемдер жақсы эмоционалдық өң береді.

  1. Мәселеге толық талданым жасау. Жеке көзқарасты нақты деректерге сүйене отырып көрсетіп, дәлел келтіру керек.

  2. Салыстырмалы түрде қысқа болғаны жөн. Қанша бет болатынына қатысты ешқандай шектеулер жоқ, бірақ эссе шағындығымен ерекшеленеді.

  3. Құрылысы еркін болады. Эссе – қандай да бір нақты шеңбердің аясында жазылмайды. Мәтіннің құрылысы мәселеге әртүрлі жағынан қарауға тырысатын автордың логикасына бағынады.

  4. Көзқарасты жеткізу логикасы. Еркін құрылысқа қарамастан, эсседе ішкі тұтастық, пікірін білдіретін авторлық мәлімдемелердің дәйектілігі болуы керек.

Осылайша, эссе баяндаудың ерекше стилімен ерекшеленеді, оның мақсаты оқырманның ойлануына түрткі болу. Эсседе автор өзінің көзқарасына көндірмейді, ол өз ойы арқылы оқырманды ойландырып, мәселені талқылауға шақырады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет