ҚҰрманбаев с. К., Аділбеков м. Т. КӘсіпкерлік (оқулық)


ТАҚЫРЫП 13. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ



бет16/18
Дата09.06.2016
өлшемі1.77 Mb.
#124833
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

ТАҚЫРЫП 13. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ.


  1. Кәсіпкерлік қызметті талдаудың мәні және түрлері.

2. Кәсіпкерліктің маркетингілік мүмкіндіктері мен кәсіпкерді қоршайтың ортаны талдау.

3. Кәсіпорынның шаруашылық қызметін және қаржы жағдайын экономикалық талдау.

4. Кәсіпорынның өтімділігі және төлем қабілеттілігі.

5. Кәсіпорынның рентабельдігін талдау.

6. Кәсіпорынның әлеуетті күйреуінің негізі.
Талдау - бұл зерттелетің нысанды бөліктерге бөліп қарауды білдіреді, соның ішінде осы нысанның өзіне тән құрамын ғана қарастырады.

Талдау диалектикада синтез ұғымына қарама-қарсы бірлікте болады, ал соның ішінде зерттелетін нысанның ерте бөлінген элементтерін, бір-бірлікке қосуы синтез болып табылады.

Талдау экономика теориясында кең ұғымда қолданылады; ал кәсіпқой -экономикалық талдау қаржы шаруашылық іскерлігінде және оған сәйкес келетін салаларда: өндірісте, өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, саудада және тағы басқаларында.

Кәсіпкерлік қызметті талдау барысында, оның нәтижелерін зерттеу түсіндіріледі, соның ішінде бизнестің тиімді және болашақты даму жолындағы келеңсіз жағдайларды анықтау мақсатында да қолданылады.

Талдаудың басты мақсаты - кәсіпкерлік қызметтің тиімді-
лігі, ұйымда, инвестицияда, технологияда және әр түрлі қыз-
меттің аспектілеріндегі болашақтың дамуын қамтамасыз етуге тигізетін септігі болып табылады.

Кәсіпкерлік қызметті талдаудың келесі түрлері кездеседі:

 оперативті және жылдық (стратегиялық);

 кешендік және тақырыптық;

 жалпы және таңдамалы.

Оперативтік талдаудың жылдықтан айырмашылығы, ол қысқа кезеңдерге бөлінеді (ай, тоқсан, жарты жыл).

Оның бағыты - кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтарын анықтау, сәттіліктер мен қатердің туу мүмкіндігін айқындауға негізделеді.



Жылдық талдаудың бағыты - кәсіпорын қызметі нәтижесінің бағасына негізделеді, басқару ресурстарының тиімді құралдарына қызмет етеді, сонымен бірге өнімнің сапасын қамтамасыз етеді.

Кешендік талдау барысында кәсіпкерлік қызметтің барлық жақтары зерттелінеді, тақырыптық талдауда – оның жекелеген жақтары ғана алынады.

Жалпы талдауда- талдаудың нысананың тәжірибелік мате-
риалдары пайдаланылады, ал тандамалы да - белгіленген белгінің факті түріндегі материалы пайдаланылады.

Талдаудың мақсатына қатысты әр түрлі әдістер қолданылады: салыстыру; теңдеу; топтастыру; алып тастау немесе байланысқан койылым; құрамдық көрсеткіштерді ажырату; экономика-математикалық.

Әр түрлі кезеңдердің көрсеткіштерін салыстырғанда олардың құрамындағы элементтердің жалғастыруына қол жеткізу керек, соның ішінде экономикадағы құнсыздану процесінде, бағалау әдістерінде т.б.

Көрсеткіштерді салыстыру арқылы жүргізу үшін мынадай амалдар қолданылады: абсолюттік көрсеткіштерді қатынастыларға ауыстыру, салыстырмалы бағаларды қолдану және т.б.



Теңдеу - бұл ең қарапайым әдіс. Мұндай жағдайда қаржылық көрсеткіштер есеп беру кезеңінде жоспарлықпен салыстырылады және алдыңғы немесе соңғылардың көрсеткіштерінің динамикалық дамуына талдау жүргізіледі.

Топтастыру - егер көрсеткіштер топталса және кесте-
ге кіргізілсе, сонда қолданылады. Мұндай әдіс аналитикалық есептесу жүргізуге мүмкіндік береді, сонымен бірге жеке көріністерде тенденциялық дамуды айқындайды, олардың өзара байланыстарын және көрсеткіштердің өзгеруіне себепкер факторларын анықтайды.

Алып тастау әдісі базистік есеп беру көрсеткішінің жеке түрдегі ауысуын бекітуде пайдаланылады. Мұндай жағдайда қалған көрсеткіштер өзгеріссіз күйде қалады. Бұл әдіс жекелеген факторлардың қаржылық көрсеткіштің жиынтығына тигізген әсерін анықтау мүмкіндігін береді.

Құрамдық көрсеткіштерді ажырату әдісі өндірістегі өнімдердің шығыны бойынша кеткен шығынның жеке түрлері өзгеруінің себептерін зерттейді.

Экономика - математикалық әдісі күрделі экономикалық көріністерді зерттеуде, келісілген түрдегі көптеген факторларды зерттейді. Мұнда әр түрлі мақсаттар бойынша жетістікке жету үшін әр түрлі жолдармен жүруге тура келеді. Сондықтан экономика-математикалық әдістер ең тиімді және оңтайлы нұсқа түріндегі ресурстарды пайдалануды ұсынады.

Талдау жүргізудің тәртібі кәсіпкерлік қызметтің ерекшілігіне қатысты, соның ішінде қойылған мақсатқа және сарапталған нақты материалға қатысты жүргізіледі.


2. Кәсіпкерліктің маркетингілік мүмкіндіктері мен кәсіпкерді қоршайтың ортаны талдау.

Маркетингілік зерттеу - бұл әр түрлі зерттеулерді жүргізуге жүйелі дайындық және берілгендерден алынған талдау, нәтижелер ұсынысы мен қорытынды түрдегі талдау. Бұл кәсіпорынның алдына қойған нақты маркетингілік міндеттемеге сәйкес келеді.

Бірде бір кәсіпорын бос кеңістікте қызмет жасамайды. Олар үнемі сыртқы қоршауда болады және сыртқы қоршаудың факторлары стратегиялық түрде қарастырылады, сонымен қатар, кәсіпорынның тиімді стратегиясын тандауды талап етеді.

Ең көп түрде тараған бизнес қоршауының ұсынысы келесі факторлардың жиынтығынан көрінеді: экономикалық, саяси- құқықтық, экологиялық, әлеуметтік - мәдени, демографиялық.

Экономикалық факторлар - бұл бағаның өзгеру тенденцияларын сипаттайды, соның ішінде жинақтарды, салымдарды, несие ресурстарының қолайлығын, жұмыссыздықты қарастырады.

Саяси - құқықтық факторлар - бұл саяси тенденцияларды анықтайды, бизнеске мүмкіндікті қарастырады, Кәсіпкерліктің құқықтық ортасында, монополияға қарсы заңдарда,салық саясатында көрінеді.

Экологиялық факторлар - табиѓи ресурстардың өндірісі үшін тиімділікті қарастырады, Кәсіпкерлік үшін экологиялық кедергілерді, кәсіпорын өнімдеріне экологиялық талапты қарастырады.

Әлеуметтік мәдени факторлар - бұл тұтынушылар қатына
сының өнімдерге өзгеруінде пайда болады, тұтынушылардың жекелеген санаттарының өмірлік қырларының өзгерістерінде көрінеді.

Демографиялық факторлар -бұл жеке тұлғалардың объек
тивті түрлерінен пайда болады, тұтынушының жасы, білімі, жынысы, отбасылық жағдайы бойынша сипаттау.

Бизнестің сыртқы қоршауын талдау әдісінің бірі болып РЕSТ-талдауы табылады. Соның ішінде факторлардың негізгі тобын саралауға мүмкіндік беретін: саяси-құқықтық, экономикалық, әлеуметтік – мәдени, технологиялық кіреді.

Қоршаудың кейбір факторлары сандық түрдегі баға алуы мүмкін (жұмыссыздық деңгейі, капиталға пайыз мөлшері, көпшілік кірісінің деңгейі және т.б.).

Кәсіпкерліктің қоршауын талдау әдісінің бірі болып, SWОТ- талдауы саналады, яғни кәсіпорынның әлсіз, әлді жақтары, мүмкіндіктері, қауіптері бағаланады.

Бәсекелестік орта талдауы толық және тура түрдегі бәсекелестердің ішкі мінез себептерін құрауға қызмет етеді.

Тәжірибеде көрсетілгендей, бәсекелестік белсенділігінің күштілігі, бәсекелес фирмалардың нарықтық үлес деңгейлерінің жақындығынан туады.

Саладағы талдау әдісінің бірі болып, «5 Р» тұжырымдамасы саналады (өнім, баға, өткізу арналары, нарықтағы қозғалыс, кадрлар).

Тауар мен қызмет көрсету бәсекелестік қабілеттілігі нарықтағы ең басты жетістіктерінің құрамы болып табылады.

Тауардың бәсекелестік қабілеттілігі бұл - коммерциялық жетістікті қамтамасыз ету мүмкіндігі, соның ішінде нарық шартына тауарлардың сәйкес келетіндігін білдіру, тұтынушылардың сапа, техникалық жағдайы, экономикалық, эстетикалық, мінез ерекшеліктері бойынша сұранымдарынан көрінеді. Сонымен қатар, таратудың әдістеріне қатысты болады ( сервис, баға, жарнама, мерзім).
3. Кәсіпорынның шаруашылық қызметін және қаржы жағдайын экономикалық талдау.

Кез келген нысанды басқару барысында ең алдымен оның алғашқы жағдайын білу қажет. Алдағы кезеңдегі нысанның қызметі жөніндегі толық, жеткілікті, нақты ақпаратты алып, болашақ кезеңге даму бағдарламасын жасауға және дұрыс басқару шешімін қорытындылауға, жоспар жасауға да болады.

Кешенді талдау әдетте төмендегідей бағытта жүргізіледі:

 қаржылық тұрақтылық пен кәсіпорынның төлем қабі-


леттілігі;

 капиталдың қарқынды қолданылуы;

 қаржыландырудың көздері;

 инвестицияны пайдаланудың жолдары мен тәсілдері.

Кәсіпорын қызметін дұрыс бағалау үшін, оның тиімділігінін жоғарылау резерві мен босатылған пайданың жалпы көрсеткіші анықталынады. Бұл әдіс тізбекті қойылым әдісі ретінде танымал.

Кәсіпорының шаруашылық қаражаты қызметінің талдауы есептеме негізінде жүргізіледі.



Есептеме – бұл шаруашылық қызметтің экономикалық нәтижесінің жазбасы. Кәсіпорынның экономикалық нәтижесі шаруашылық қызметіндегі қорытынды ретінде, белгіленген уақыт кезеңі үшін шығындар мен пайдалар бойынша есептеме көрінеді. Жоспар кезеңінің соңында (жыл) қорытынды есептеме құрылады, соның ішінде пайда мен шығын есебі бойынша баланс құрылады.

Баланс дегеніміз – бұл кәсіпорын мүліктерінің белгіленген ақшалай түрдегі және есептеме кезеңінің соңындағы оның қара-
жаттандыру көздерінің есебі.

Активтер – бұл кәсіпорынның шаруашылық қаражаты соның ішінде оның капиталдық сомасы.

Негізгі капитал – бұл активтер түрі – соның ішінде бір жылға жақын уақытта немесе ұзақ кезең уақыт ағымындағы түрде кәсіпорындарға пайдалануға есептелінген активтер.

Материалдық емес активтер – бұл инвестициядағы болмашы активтер, соның ішінде бірнеше жыл ағымы қатарында пайда түсіруге қабілетті активтер. Мысалы, ғылыми зерттеу жұмысытарына кеткен шығындар және тәжірибелік – құрамалық міндемелерге, соның ішінде жаңа өнімдер шығаруға арналған, шаруашылық қызмет ұйымдастыруға кеткен және патент сатып алуға кеткен шығындар және т.б. жатады.

Материалдық активтер – бұл жерге инвестиция, соның ішінде құрылысқа, мекемеге, көліктерге, жабдықтарға және т.б.

Қаражаттық активтер – бұл ұзақ мерзімді салым, соның ішінде бағалы қағаздар (акция, облигация).

Айналымдағы капитал – бұл кәсіпорын шаруашылық қызметіндегі қалыпты активтер, соның ішінде өзіне қатысты уақытта материалдық, мүліктік түрін өзгертіп отырады (бір жыл көлемінде). Тауарлық қорлар оларды сатқаннан кейін деби-
торлық берешекке ауысады.

Тауарлық қорлар – бұл сауда кәсіпорындарындағы тауарлар, соның ішінде баланс өткізу уақытына сатып алынған, бірақ әлі сатылмаған тауарлар.

Дебиторлық борышкерлігі – бұл несиелендірудің барлық түрлері, соның ішінде төлем алу мерзімі бір жылдан аспаған түрде жүргізілетін.

Мұндай борышкерліктің түрі тауарлар сату барысында оларды несие берген кезде туады, соның ішінде ақшалай несие беру кезінде дебитордан вексель алу кезіндегі түрлер де жатады.



Ақшалай қаражат – бұл кассалық қолма – қолды, соның ішінде, кәсіпорынның банкідегі және басқа есеп шоттағы қаражат
тары. Кәсіпорынның пассивтері деп оның қаржыландыру көздері аталады.

Жеке меншік капитал – бұл кәсіпорынның өзінің қожайы-
нының салымынан тұрады, сонымен бірге пайда үлесінің өзіндік жеке үлесінен (шыѓынынан), кәсіпорын қарамағында қалғандар да тұрады.

Ұзақ мерзімді міндеттемебұл кәсіпорынның міндеттемесі, бір жыл көлемінен ұзағынан туындайтын төлем мерзімі арқылы көрінеді. Ереже бойынша ұзақ мерзімді міндеттеме болып ссуданың әр түрлері табылады (несие).

Қысқа мерзімді міндеттеме – бұл кәсіпорынның міндеттемесі, төлем мерзімі тек бір жыл ағымында ғана болады (мысалы, салық бойынша қосылған бағаға борышкерлік, пайдаға салық, қаржы мекемелеріндегі қысқа несиелер).
4. Кәсіпорынның өтімділігі және төлем қабілеттілігі.

Кәсіпорынның өтімділігі дегеніміз – кәсіпорынның мін-
деттемесін соның ішінде төлем мерзімінің уақытына дғл орында-
луын атамыз (борышкерлігі бойынша).

Кәсіпорын кірісін сараптай келе кәсіпорынның толық сенімділігін, соның ішінде несие беруші алдындағы сенімділігін нақты бекітуге болмайды.

Жоғары өтімді активтерге – ақшалай түрдегі активтер жатады немес ондай күйге жақын арада ауысатындар жатады. Ереже бойынша, оларға барлық айналым капиталы, қатысты тауар қорын қоспағандағы.

Қысқа мерзімді борышкерлік кәсіпорынның қарызды міндеттемесін айтады.

Кәсіпорын әдетте өтімділік коэффициенті 0,9 – дан төмен болмаса, оның өтімділік көзқарасынан сенімді болып саналады.

Ағымдағы активтердің кез келген тапшылық маңыздылығы экономикалық шарттармен тығыз байланысты. Соның ішіде кәсіпорынның жұмыс істеуі, қимылы (құнсыздану ортасы немесе жоқ), сонымен қатар кәсіпорынның өзінің жұмысынан да байланысы бар.

Дебиторлық борышкерлік айналым кезеңін компанияның саяси несиелік қатынасы бойынша, соның ішнде өздерінің клиент
теріне қатынас жағдайын көрсетеді.
5. Кәсіпорынның рентабельдігін талдау.

Кәсіпорынның жылдық есептемесіндегі талдау, соның ішінде пайда және шығындар бойынша есептеме ең маңызды сұрақтарға жауап береді – кәсіпорын өзіндік пайданы жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ете алады ма?

Көрсеткіштер қатарына кәсіпорынның рентабельдігі жатады. Кәсіпорын рентабельдігі деп – оның салынған капиталды өсіруге деген қабілеттілігін айтамыз.

Рентабельді түрде жұмыс істейтін кәсіпорын жаңа өндірістің ұлғаю қабілеттілігіне ие болады. Кәсіпорын активтері меншіктік және қарыз есебінен негізгі түрде қаражаттандырылады.

Басты индикатор болып – салынған капиталдың ұлғаюын бейнелейтін жалпы рентабельділік деңгейі болып саналады.

Жалпы рентабельділік деңгейі = жалпы пайда активтер*100.

Айналым рентабельдігі барлық (кәсіпорынның) түсімдерінің және оның шығындарының арасындағы тәуелділікке қатысты:

Айналым рентабельдігі = жалпы пайда / барлық түсім * 100.

Айналым капиталының саны барлық түсімдерге қатынасы оның капиталының ұлғаюына байланысты.

Айналым капиталының саны = барлық түсім / активтер.

Жалпы рентабельдіктің деңгейі кәсіпорында айналым рента
бельдігінің жүргізілуіне тең болады және капитал айналымының санымен де бірдей болады.

Меншік капиталының рентабельдігінің деңгейі = жалпы пайда / меншік капитал х 100.

Өндірістердегі кәсіпорындарда ереже бойынша айналым рентабельдігі жеткілікті түрде жоғары болады.

Бұл капитал айналымының орташа санына да қатысты түрде болады. Көптеген сауда кәсіпорындарында жалпы рентабелдіктің қажетті деңгейі –төменгі рентабельдік айналым барысындағы капитал айналымының үлкен сан есебінен көтеріледі (азық-түлік және күнделікті сұраным бойынша сауда кәсіпорыны).

Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық бағалану бары-
сында маңызды көрсеткіш болып – кәсіпорынның кірісі саналады.

Кірістілік – ол жалпы түрде кәсіпорын кірістерінің оның шығындарға деген қатынастары. Аталған жағдайда мақсатқа лайықты туындаған барлық шығындар кәсіпорындарда тұрақты және өзгермелі шығын ретінде көрінеді.

Басты индикатор болып, кәсіпорын кірісінің дәрежесін баға
лайтын, орнын толтыру коэффициенті саналады.

Орнын толтыру коэффициенті шама қатынасы бойынша орын толтырудың пайыз түрінде валюталық түсімін айтады.


6. Кәсіпорынның әлеуеті күйреуінің негізі (банкрот болу мүмкіндігі).

Нарықтық шаруашылықтың бір категориясы болып банкроттық табылады (банкротқа ұшырау).

Бұл сот шешімімен анықталған немесе несие беруші мен жағдайы келмейтің борышкер арасыдағы мәміле бойынша және соттаң тыс тәртіпте арнайы хабарланса, онда оның тарауына осы жағдайлар негіз болып табылады.

ҚР «Банкрот туралы» Заңына сәйкес (07.04.95ж.№2173) к/о жағдайы келмеушілік дегенді «Несие берушушінің ақшалай міндеттемелері» бойынша борышкердің қабілетсіздігі, яғни кредитор талабын қанағаттандыра алмайтындығы түсіндіріледі. Соның ішінде еңбекақы төлемін талап етуді қосқанда, бюджетке міндетті төлемді қамтамасыз етуде кіреді және бюджеттен тыс қорлардың, оның мүмкіндік есебінен есептелінуі қоса қарастырылады.

Басқаша айтқанда шаруашылық субьектінің қызметті қаржыландыруға қабілетсіздігі танылады және өзінің мүліктері бойынша борышкердің міндеттемесін өсуімен байланысты, мерзімді міндеттемені орындай алмағандығы да жатады. Осыдан басқа борышкердің баланс құрылымын қанағаттандыра алмағандығында айтуға болады.

Баланс құрылымын қанағаттандыра алмау - бұл борышкер мүлік есебінен өз уақытында міндеттемені орындауды қамтамасыз ете алмауы және несие берушінің алдыңда борышкердің мүлкінің өтімділігі дәрежесінің жетіспеуіне де байланысты. Мұндай жағдайда мүліктің жалпы құны борышкер міндеттемесінің жалпы ақшасымен тең болуы немесе одан асуы қажет.

Борышкер төлемге қабілетсіз болып табылады, егер ол өзінің міндеттемесін мерзімнің келген уақытынан бастап үш ай көлемінде төлемеген жағдайда.

Банкротқа ұшырау жағдайы сот арқылы қарастырылады. Бұл жағдай егер несие берушіге жиыны 150 айлық есептік көрсеткішінде сома жиналса, онда несие беруші сотқа шағымдануға толық құқығы бар. Банкротқа ұшырау мүмкіндігі бағасын қаржылық талдау көмегімен шығаруға болады. Тек талдау кәсіпорынның банкротқа ұшырауын болжаудың негізгі құралы болып табылады және өз уақытында ойлануға мүмкіндік береді, әрі кәсіпорынның дағдарыстан шығу шараларын қарастырады.

Кәсіпорындардың жалпы банкротқа ұшырауы, әлеуметтік жайларға келеңсіз жағдай туызады. Сондықтан көптеген елдердің экономикалық нарығында кәсіпорынды толық құлаудан сақтайтын және ескертетің белгілі механизм жұмысы қалыптасқан.


Студенттердің өзін-өзі тексеру с±рақтары:
1.Кәсіпкерлік іс-әрекеттерді талдаудың маңыздылыѓы неді?

2.Талдаудың кµмегімен не істеуге болады?

3. Талдаудың түрлерін сипаттаныздар?

4. Қаржылық коэффициенттер нені білдіреді?

5. Маркетингтік ақпараттықжүйелердің қандай қызметтерін білесіздер?

6. Кәсіпорынның сыртқы микроорталарының факторларын айтыңыздар?

7. Кәсіпкерліктің микроэкономикалық факторларын айты-
њыздар?

8. Кәсіпорпынның бәсекелестік қабілеттілігі талдау концеп-


циясының маңыздылыѓы неді?

9. Талодаудың бәсекелестік қабілетін талдауѓа не кіреді?

10. Экономикалық талдаудың негізгі бағыттарын айтыңыз-
дар?

11. Бухгалтерлік баланстың берулерінде не көрсетіледі?

12. Экономикалық түсініктемелерге сипаттама беріњіздер: активтер, пассивтер, капитал, тауарлық запастар, міндеттемелер, қарыздар және т.б.

13. Кәсіпорынның µтімділігі дегеніміз не және ол қалай есептеледі?

14. Дебиторлық қарыздардың айналым коэффициенті нені білдіреді?

15. Несие төлеу қабілеттілігі коэффициенті дегеніміз не?

16. Төлем қабілеттілігі коэффициенті нені білдіреді?

17. Кәсіпорынның рентабельдігіне сипаттама беріњіз?

18. Тауарды жабу коэффициенті қалай есептеледі?

19. Пайдасыз айналым және сенімділік запасы деген не?

20. Кәсіпорынның шыѓынѓы ұшырауы деген не?

21. Шыѓынѓа ұшырау жағдайының пайда болуының негізгі себептері?

22. Банкроттықтан қорғау және алдын-алу механизмін сипаттаңыз?

23. Банкроттықтың белгілерін айқындау үшін қандай қаржылық көрсеткіштер қажет.

24. Э.Альтман моделінің мәні неде?

25. Банкроттықтың ықтималдық дәрежесіне сипаттама беріњіз?




ТАҚЫРЫП 14. КӘСІПКЕРДІҢ ЭТИКАСЫ ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК ҚАТЫНАСЫ.


  1. Кәсіпкердің этикасы.

2. Кәсіпкердің ұтқырлығы мен экономикалық тұрғыдан ойлауы.

3. Іскерлік қатынас элементтері.

4. Іскерлік жиылыстар мен келіссөздер өткізу.

5. Іскерлік әңгіме мен келіссөздер жүргізу.

6. Американдық және жапондық кәсіпкерлігінің психология ерекшіліктері.

Этика – бұл адамдардың мінез-қ±лқынДағы µнегеліктің нормаларының жүйесі, бір-біріне деген қарым – қатынастаѓы және жалпы қоѓамѓа деген міндеттері.

Негізінен этика корпаративтік, Кәсіпкерлік және т.б. бөлінеді. Соның ішінде Кәсіпкерлік этика – бұл іскерлік этика, ашықтыққа, адалдыққа, сөз беріктілігіне, заңды сыйлауѓа, бизнес жүргізу ыңғайлыѓына негізделген.

Фирманың, мінез-қ±лқынДағы этикалық нормалардың, ғсіресе мемлекетпен сатып алушының, жеткізушімен, жұмысшы-


мен қарым-қатынасқа т‰суі, араласуын корпаративтік этика зерттейді.

Кәсіпқой этика адамдардың бір-бірімен, қарым қатынас және жүріп тұру мінез-қ±лқының, сонымен қатар кәсіпқой іскерліктің арнайы келесілген өзіндік түрінен туындайды.

Кәсіптік этика- этикалық қаѓидаларды және адамдардың мінез-қ±лқын, жұмысіскерлігінде, белгілі бір түрде анықтайды.

Сондықтан этика әр түрге бөлінеді. Соның ішінде, м±ѓалімдік, дәрігрлік, әскерлік, басқармалық түрлері бар.

Жетістікке жетудің негізгі шарттары болып еңбек с‰йгіштік, кәсіпқой шеберлік, талант болып табылады.

Мұндай санауы, сапалы жақтарды белсенді іске асыру үшін µнегелі ыңғайлылық қажет және µнегелік құрылымның жоғары деңгейі де орын алады.

Кәсіпқой этикада ең маңызды мәселе адамдарѓа обьективтік және мейірімділік қатынас , олардың кәсіпқой шеберліктеріне сыйлаушылық, қызметін сыйлаушылық болып табылады.

Кәсіби тәртіптіліктің нақты айѓаѓы болып сөзбен жұмыстың бөлігі есептеледі.

Әрбір кәсіпкер өзінің бой тұлғасын сақтай білу керек яғни жүріс-тұрысы, оѓан жетістіктің жартысын ѓана әкелмейді, ж±мы-сына деген толық қанаѓаттандырушылықты білдіреді.

Қазақстанда қалыптасқан Кәсіпкерлік жағдайы кµқпшілікке ѓана деген ұғымда қалыптасты.

Ал, қазіргі уақытта құрылымында және экономикалық қаты-
нас жүйесінде жұмысістейтін адамдар қажет.

Егер Кәсіпкерлік туралы кәсіпқой іскерлік ретінде сөз қозѓа-


сақ, онда бұл іскерлікке тµмендегідей анықталѓан сапа түрлері ұсынылады:

 сапалы идея;

 өзіне сенімділік;

 қажетті команданы таңдай білу бейімділігі;

 байланысқа бейімділік сапасы.

Тµмендегідей нашар қасиетке ие адам жетістікке жете алмайды:

 романтикалық ойлауѓа икемсіз;

 өзіне -өзі сенімсіз;

 кісілерге к‰дікпен қарайтын және достыққа, сыйластыққа икемсіз;

 біреудің айтқанын кµтере алмайтын;

 ой жұмысына қиналғысы келмейтін (талдауѓа);

Тµмендегідей қасиеті бар кісілерге Кәсіпкерлікпен айналысуѓа болмайды:

 жалқау (жан-төнімен);

 өзін-өзі жек көретін;

 өзін сыйламайтын;

 басқа адамды жақтырмайтын және араласуды, жақын-


дасуды білмейтін;

 оқыѓысы келмейтін және өз білімін толықтырудан бас тартатын;

 жанын қинаѓысы келмейтін;

 өнер табысқа ниеті жоқ;

 ойлар мен жоспарлар қ±рѓысы келмейтін қасиеті барлар.

Мұндай адамдарѓа кәсіпкеолікпен айналысуѓа болмайды, себебі өзінің жеке көшіне с‰йенуге дәрменсіз, тек біреудің кµмегіне иек артуѓа үйренген адамдар.

Кәсіпкерлік – бұл ең алдымен өз бетімен жұмысістей алушы-
лық, жауапкершілік , сонымен қатар аздаѓан материалдық әрі қаражаттық ресурстарѓа иек артпаушылық (с‰йенбеушілік).

Кәсіпкердің бейнесі – бұл ең алдымен тартымды болуы қажет, сонымен қатар мінез-қ±лқында сыпайлық , ыңғайлылық және қоршаѓан ортада өзін-өзі ±стай білушілік, әрі қарапайым тұрмысқа қалыптаса білушілігі қажет.

Ғсіресе, әңгімелесу мғдениетін, сезім шегін сақтау, мейірімді-
лікті ±мытпауы керек. Нақты айтқанда өзінің ішкі сезімдерін толық басқара білуі қажет.

Сонымен кәсіпкерге ең қажеттілік өзінің жеке бет-бейнесін, тұлғасын сақтай білуі қажет. ¤йткені кәсіпкердің сыртқы тұлғасы оѓан жетістіктің жартысын ѓана емес, іскерліктен күнделікті қанаѓаттанарлық жағдайды туѓызады.

Бизнесте басты қарым-қатынасқа т‰сетін кісілер бір жаѓынан бизнесмендер, кәсіпкерлер, комерсанттар болса, екінші жаѓынан тұтынушылар.

Шаруашылықтың нарықтық жүйеге көшуімен бірге бізде, Кәсіпкерлік бизнес мғндері жалпы ақпараттық құралдар сияқты күнделікті өмірде қолданысқа енді.

Көптеген бизнесмендер арасында нарық базар түрінде яғни тек тауарларды сату, сатып алу ыңғайына қабылданады, ±ѓылады. Нақты айтқанда бұл өндірушілер мен тұтынушылар, бизнесмендер мен келушілер, кәсіпкерлердің өз аралаѓынДағы – философиялық, логикалық этикалық және психологиялық негізі бар к‰рделі жүйелік қатынас.

¤ркениетті нарықта көптеген жазылмаѓан заңдар мен тәсілдер және моральдық нормалар жұмысістейді. Осылардың қатарына µнегелілік қажеттілік соның ішінде бизнесменнің кәсіпкердің, комерсанттың мғдениеттілігі, тәртіптілігі, адалдыѓы, адамды сыйлаушылыѓы ерекшеленеді.

Осылардың барлыѓы – кәсіпкердің іскерлігінің өз үлесін қосады, септігін тигізеді.

¤кінішке орай Отандық комерсанттар өздерінің мғдениетті жақтарымен өздерін д±рыс көрсете алмай жүр. Осындай жетіспеу-


шілік, ғсіресе біздің РеспубликамызДағы Кәсіпкерлікте байқа-
лады, соның ішінде қоѓамДағы мғдениеті мен моралі жаѓынан ақсайтындыѓы шындық.. ¤йткені Мұндай жағдай біздің елімізде енді-енді қалыптаса бастады. Ал осындай жағдайѓа байланысты процесс ±заққа созылатыны да шындық.

Ол үшін белгілі бір дғстүрді қалыптастыру қажет. Сол дғстүр-


де кғдімгі Кәсіпкерлікке тән экономикалық құқықтық және рухани жағдай жасалу қажет.

Адалдық-бұл маңызды қажеттілік, ғсіресе іскер азаматтар үшін.

Кез келген қатарДағы кәсіпкер бизнесмен бәсекелестік күресте іскерлік қарым-қатынас сапасы алаяқтармен адамшылардың жарасына айналып кетуі мүмкін екендігін түсінеді.

М±ның басты себепкері- алааяқтық, алдаушылық.

Адалдық-бұл сенімді қатынастың негізі болып табылады және µркениетті елдердегі кәсіпкерлер арасына жоғары бағаланады.

Егер адам өзінің теріс қылықтарымен көзге т‰ссе, көп қаража-


тын жоѓалтуы және банкротқа т‰суі мүмкін. Әрі бизнестен шеттеліп қалады.

Кәсіпкерлік этика –б‰кіл адамзаттық ерекшелікке негізделеді. Бұл кәсіпкердің тек өзінің коммерциялық жұмыстаѓы еркіндігін сезініп қана қоймай, өзінің қарсыласының да еркіндігін сыйлауы қажет, демек оның істерінде де зиян келтірмеуі керек.

Таѓы бір қаѓидалардың бірі болып шыдамдылық саналады, бұл әріптестерінің немесе өзіне баѓынушылардың кемшіліктерін және ғлсіздікті жеңе білуге негізделеді.

Іскер қатынас әрқашанда әр тұрғыда ауысып отырады. Соның ішінде ±рыс-керіс, бір байламѓа келе алмауы, осындай жағдайлар шындылықты тәсіл қойлықты қажет етеді.

Тәсілқойлық ізгілікті, тектілікті, алдын-алушылықты ұсын-са, ал сыпайлық арқылы әдептілікті , әңгіме барысынДағы бай-қампаздықты, өз әріптесінің мінез ерекшелігін түсіне білушілікті ±ѓынамыз, білеміз.

Кәсіпкерлік жетістіктегі µркениетті ұғым алдымен мораль-


дық, этикалық жаѓынан содан кейін қаражаттық сғттер мен тығыз байланысады.

Б‰гінгі Кәсіпкерлік орта екі жеке сектордан тұрады:

Оның біреуі – қандай жолмен болсын кіріс кіргізу мақсатында ақша табуѓа құрылған, баѓдарлама бойынша іскерлікті жүргізе-
тіндер.

Бұл топқа кіретін кәсіпкерлер көп ақша табуды ойлаѓанмен кез келген мүмкіндік жағдайларѓа бара бермейді, керісінше нақты ойларын жүзеге асыру бағытында жұмысістейді.

Бұл кәсіпкерлерде нақты баѓдарламалардан басқа, кәсіпкер-
лік жолында бірінші өндіруші болу. Мұндай адалдық с‰юші кәсіпкерлер іскерлігінің µркениетті түрлерінде кездеседі.

Кәсіпкердің негізгі белгілері: белсенділік, алѓа қойѓан мақсат-


қа жету үшін кез келген жағдайѓа икемделу, білімге ұмтылу-
шылық, мақсат қоя білу икемділігі және жетістікке жетуге өзгелерді сендіре білу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет