С. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет11/23
Дата23.02.2016
өлшемі2.37 Mb.
#3710
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23

Негізгі ұғымдар:

  1. Құрмалас сөйлем туралы түсінік.

  2. Құрмаластың түрлері туралы айтыңыз.

  3. Сабақтас құрмалас қалай жасалады?

  4. Сабақтас құрмаластың бағыныңқы және басыңқы сыңары туралы.

  5. Қазақстандағы фармацевтика саласының дамуы.

  6. Медициналық өнім шығаратын кәсіпорындардың жұмысы қандай?




  1. Сабақты өткізу жоспары:

  1. Кіріспе бөлім ( ұйымдастыру кезеңі ) - 5 мин.

  2. Өткен сабақты пысықтау - 25 мин.

  3. Үйге берілген жаттығуларды тексеру - 20 мин

Үзіліс - 10 мин.

  1. Жаңа лексикалық тақырып бойынша жұмыс - 30 мин.

  2. Жаңа грамматикалық тақырып бойынша жұмыс - 20 мин.

Үзіліс - 10 мин.

  1. Лексикалық тақырып бойынша жаңа сөздермен жұмыс - 20 мин.

  2. Жаттығу жұмыстары, мәтінді аудару, тест - 20 мин.

  3. Қорытындылау, үй тапсырмасын беру, бағалау - 10 мин.

Аударма жұмысын жасату, сұрақ-жауап, арнайы тапсырмалармен жұмыс жасау, мазмұндау, қайталау сұрақтары.


6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:

Бақылау, баяндау, жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс, грамматикалық тапсырмалар, сұрақ-жауып, аударма жұмысы, тест тапсырмаларды жағдаяттық тапсырмалар, пікірталас.


7. Көрнекі құралдар: кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск, үлестірмелі карточкалар.
8.Тапсырмалар:

1-жаттығу. Тірек сөздерді қатыстыра отырып, құрмалас сөйлемдер ойлап жазыңыздар:

  1. Қолға алынуға тиісті нақты жобалар.

  2. Жетекші орын алатын компания.

  3. Қарашығанақ кен орнын игеру.

  4. Жобаларға қатысты пікір білдіру.

  5. Екі жаққа да тиімді жоба.

  6. Қатаң бақылауға алу.

  7. Құқық қорғау органдары тарапынан.

  8. Инвестициялар тарту /құю/.

  9. Жұмыс жағдайынан хабардар ету.


2-жаттығу. Төмендегі мәселелер бойынша өз пікіріңізді білдіріңіз.

  1. Қазақстандағы дәрі-дәрмек өндірісі қалай дамып келеді?

  2. «Салауатты Қазақстан» бағдарламасына сөздің көзқарасыңыз.

  3. Еліміздегі Ана мен бала денсаулығы жайлы жаңа бағдарлама керек пе?


3-жаттығу. Мына тірек сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрастырып, «Ата-ана» тақырыбына шағын шығарма жазыңыздар.

Менің ата-анам, өмір сыйлаған, бақытты болу, шыншыл бол, ата-ананың рұқсатынсыз, ақыл-кеңес, қадірлеу, ана жүрегі, еңбек сүйгіш, адал, қайырымды, еңбектегі табысы, оқу озаты, әдепті болу.


4-жаттығу. Мына тіркестерден құрмалас сөйлем жасаңыздар.

  1. Оспан келсе, ... . 2. Оспан келмесе, ... . 3. Сен айтсаң, ол ... . 4. Сен есікті жапсаң, ... . 5. Мен үйді жапсам, ... . 6. Самат берсе, ... . 7. Ернар бермесе, ... . 8. Дұрыс оқытсам, ... . 9. Сергей тұрса, ... . 10. Мен үйге кірсем, ... . 11. Ол күлсе, ... .


1-тапсырма. Сөздік арқылы орыс тіліне аударыңыз.

Дәрі жасау ісі, сарапшылардың бақылауы, медициналық өнімдерді тұтыну, баламалы құралдар, фармацевтикалық препараттар, дәрілерді зерттеу.


2-тапсырма. «Дәріханада» тақырыбына сұхбат құрыңыз.

3-тапсырма. Мәтін бойынша бір-біріңізге сұрақ қойып, пікірлесіңіздер
ҚАЗАҚСТАНДА ФАРМАЦЕВТИКАНЫҢ ДАМУЫ
2014 жылға дейінгі кезеңге арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде Үкімет алғашқы салалық бағдарламаны бекітті. Отандық фармация өндірісі одан әрі даму басымдығына ие болды.

Отандық кәсіпорындар фармацевтикалық саласын дамыту туралы нақты міндеттер белгілеген болатын. Бүгінгі таңда Қазақстандық фармацевтикалық кәсіпорындар өнім шығаратын шетелдік өндірісшілермен қатаң бәсекелестікке түсуге мәжбүр. Қазақстандағы медикаменттердің жиынтық рыногы шамамен 6 мың атауларды құрайды.

– Отандық фармацевтикалық рыноктың бүгінгі жай-күйі қандай?

– Қазақстандық фармацевтика өндірісі отандық денсаулық сақтау саласын 30 пайыз дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді. 2009 жылғы мәліметтер бойынша тегін медициналық жәрдемнің кепілдендірілген көлемі шеңберінде госпитальдық секторда бұл көрсеткіш 45 пайызды құрады. Сонымен бірге отандық өндірісшілер өнімдерінің негізгі бөлігі рентабельділігі төмен препараттардан тұрады. Олардың рыноктың жалпы көлеміндегі үлесі 85 пайызға жеткен, ал ерекше препараттар рыногы болса 15 пайыздан аспай отыр. Бұл өндірісшілердің жаңа ерекше дәрілік препараттарды зерттеу мен әзірлеуге өз табыстарынан қаржы бөлуге мүмкіндік бермей келеді.

Қазақстандық фармацевтикалық өнеркәсіп дамып келе жатқан сала бола отырып, жалпы саны 79 кәсіпорыннан тұрады. Олардың қатарында ірі де, ұсақ та медициналық өнімдерді шығаратын өндірістер бар. Сонымен бірге Қазақстанда шығарылатын дәрілердің 90 пайыздан астамы неғұрлым ір і 6 зауыттың үлесіне тиеді. Олардың қатарында “Химфарм” АҚ, “Глобал Фарм БК”, “Нобел АФФ” АҚ, “Ромат” фармацевтикалық компаниясы, “Нұр-Май Фарм” ЖШС, “Қарағанды фармацевтикалық кешені” тәрізді кәсіпорындар бар. Медициналық жабдықтар шығаратын өндірісі аяқталған циклдағы бірден-бір кәсіпорын – “Ақтөберентген” АҚ-ты да осы тұрғыда атап өтуге болады.

2008 жылдан 2012 жылға дейінгі кезеңде ішкі фармацевтикалық рынокта жоғары қарқынды өсу байқалды. Ол ел эконо микасының өсуіне, соған сәйкес халықтың әл-ауқатының артуына байланысты орын алды. 2008-2012 жылдары фармацевтикалық препараттарды ішкі рынокта сату көлемінің орташа жылдық өсімі 19 пайызды құрады.

Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық өнімдер өндірісі 84,7 миллион долларға жетті. Қазақстанның фармацевтикалық рыногы үлкендігі жағынан ТМД елдері бойынша Ресей мен Украина рынок­тарынан кейін үшінші болып табылады. “ІMS Health” халықаралық консалтингтік компанияның мәліметтері бойынша, ТМД елдерінің фармацевтикалық рыногындағы Қазақстанның үлесі 5 пайызды құрады. Орташа жан басына шаққанда фармацевтикалық өнімдерді тұтыну Қазақстанда орта есеп пен 73,33 доллар болып, ТМД бойынша көлемі жағынан екінші орында тұрды.

– Бастау алу мүмкіндіктері шынымен де тамаша-ақ. Сөйте тұра отандық фармация осы уақыттар бойына өзінің даму жолын таба алмай келді. Оны қалай түсіндіруге болады?

– Дәрі-дәрмек өндірісі қашанда мейлінше баяу дамиды. Он бес жыл ішінде дәрі-дәрмектер рыногындағы отандық өндірісшілердің үлесі ақшалай көріністе алғанда 3-тен 8 пайызға дейін ұлғайды. Дәрі-дәрмектіің құны тұрғысынан алғанда Қазақстанның фарма цевтикалық кәсіпорындары республикада қолданылатын медикаменттердің 10 пайыздан аспайтындай ғана көлемін шығарады.

Астанадағы “Химфарм” жаңа зауытының құрылысы да негізгі жобалардың қатарына кіреді. Ол жылына 1000 миллион дана таблеткалар, капсулалар және 30 миллион дана антибиотиктер шығаруға арналған. Сондай-ақ Шымкенттегі “Химфарм” АҚ-ты ұлғайту да жоспарда тұр. Мұнда жылына 4 миллион данаға дейін инфузионды ерітінділер мен 300 миллион данаға дейін ампулалар шығарылатын болады. “Нобел-Алматы” АҚ бойынша бұрынғы бар өндірістерді модернизациялау және жаңаларын салу жөніндегі жобалар да өз маңыздылығымен ерекшеленеді. “Глобал Нью Лайф” ЖШС Алматы облысында толық циклді фарма­цевтикалық зауыт құрылысының жобасын қолға алып отыр. Дәл осындай жұмыстар Семейдегі және Павлодардағы медициналық препараттар зауыттарында да жүзеге асырылатын болады.




  1. Үкіметтің фармацевтика саласындағы 2014 жылға дейінгі бағдарламасы қалай аталады?

  2. Бағдарламадағы нақты міндеттер қандай?

  3. Тегін медициналық жәрдем деген не?

  4. Қазақстанда қанша фармацевтикалық кәсіпорын бар?


9.Бақылау (сұрақтар, тестілер, тапсырмалар, т.б.):

Коммуникативті компетенция бойынша

1. Фармацевтикалық рынок деген не?

2. Дәрі-дәрмек өндірісі қалай дамуда?

3. Астанадағы химформ зауыты қандай өнім шығарады?

4. Еліміздің қай қалаларында дәрі-дәрмек зауыттары бар?

Операционалды дағды компетенциясы бойынша
4-тапсырма. Мәтінді тірек ете отырып, берілген сөйлемді толықтырыңыз.

Отандық кәсіпорындар ... дамыту туралы ... болатын.

Қазақстандағы медикаменттердің ... шамамен ... құрайды.

ТМД ... екінші орында ... .

Нобел – Алматы А.Қ. бойынша ...модернизациялау және ... өз маңыздылығымен ...
Когнитивті білім компетенциясы бойынша

Сіз Қазақстандағы ірі фармацевтикалық компанияның жетекшісіз. Осы компанияның қызметі, жоспарлары жөнінде БАҚ өкілдерімен баспасөз конференциясын өткізіңіз.



10. Негізгі әдебеттер:

1. Бектұров Ш. , Бектұрова А. Қазақ тілі Қазақ тілі для начинающих . Алматы .Рауан 1994, 68-71бет

2. Мусинов А.М. Қазақ тілі Алматы 2005ж. 36-38бет

3. Қошанов А. Экономикалық орысша-қазақша сөздік. Алматы. Дайк-Пресс 2008, 96-97бет

4. М. Мескон, М. Альберт, Ф. Хедоури Основы менеджмента Москва. Дело-1994, стр. 161-165

5. К.Ғ. Ахметов Менеджмент негіздері Алматы 2003 37-40 беттер


Қосымша әдебиеттер:

1.Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. Алматы, 2005 ж.

2. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989 ж.

3.Мұрзалина Б. Қазақ тілі. Алматы 2003 ж.




ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

28 тақырып: Менеджмент пен фармацияның байланысы.

Сабақтас құрмалас сөйлем, түрлері

2012 ж.

Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай





  1. Сабақтың тақырыбы: Менеджмент пен фармацияның байланысы.

Сабақтас құрмалас сөйлем, түрлері.


  1. Мақсаты:

  1. Сабақтастың бағыныңқы сыңары мен басыңқы сыңарының өзара интонация арқылы байланысы туралы мағлұмат беру.

  2. Лексикалық тақырып бойынша мамандыққа байланысты студенттердің сөздік қорын байыту.

  3. Жаңа сөз, сөз тіркесін үйрету. Оларды пайдалана отырып, сөйлем құру.

  4. Өз ойын қазақ тілінде жеткізе білуге дағдыландыру.




  1. Міндеті:

  1. Когнитивті біліктілік компетенциясы бойынша кәсіби сауатты жазуға, мамандықтарына сәйкес сөйлеу тілін үйретіп, ғылыми-танымдық және медициналық терминологияны меңгерту.

  2. Операционалды дағды компетенциясы бойынша лексикалық және грамматикалық ерекшеліктерді түсіну, терминдердің дұрыс жазылуын, сөйлем құрудағы принциптерді сақтау, біліктілікті қалыптастыру.

  3. Коммуникативті компетенция бойынша әдебиеттерді дұрыс таңдап пайдалану қазақ тілінде дұрыс сөйлеуге үйрету. Аудармада еркін шығармашылық қарым-қатынас орнату.

  4. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша әр түрлі бағытта жазу мәдениетін дамыту.




  1. Негізгі ұғымдар:

1) Сабақтас құрмаластың мағыналық түрлері туралы мәлімет.

2) Сабақтастың жасалу жолдары, сұрақтары.

3) Сабақтас құрмаластың тыныс белгісі.


  1. Қазақстандағы фармацевтика мәселесі қалай шешілуде?

  2. Импорттық фармацевтика өнімдері елімізде қандай сұранысқа ие?

  3. Алматыда дәрі шығаратын қандай зауыттарды білесіз?




  1. Сабақты өткізу жоспары:

  1. Кіріспе бөлім ( ұйымдастыру кезеңі ) - 5 мин.

  2. Өткен сабақты пысықтау - 25 мин.

  3. Үйге берілген жаттығуларды тексеру - 20 мин

Үзіліс - 10 мин.

  1. Жаңа лексикалық тақырып бойынша жұмыс - 30 мин.

  2. Жаңа грамматикалық тақырып бойынша жұмыс - 20 мин.

Үзіліс - 10 мин.

  1. Лексикалық тақырып бойынша жаңа сөздермен жұмыс - 20 мин.

  2. Жаттығу жұмыстары, мәтінді аудару, тест - 20 мин.

  3. Қорытындылау, үй тапсырмасын беру, бағалау - 10 мин.

Аударма жұмысын жасату, сұрақ-жауап, арнайы тапсырмалармен жұмыс жасау, мазмұндау, қайталау сұрақтары.

6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:

Бақылау, баяндау, жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс, грамматикалық тапсырмалар, сұрақ-жауып, аударма жұмысы, тест тапсырмаларды жағдаяттық тапсырмалар, пікірталас.


7. Көрнекі құралдар: кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск, үлестірмелі карточкалар.
8. Бақылау (сұрақтар, тестілер, тапсырмалар, т.б.):


  1. Тапсырмалар:

1-жаттығу. Құрмаластың қай түрі екенін ажыратып, көшіріп жазыңыздар.

  1. Егер менде мүмкіндік болса, кешке келемін. 2. Ол сабақты жақсы түсінбесе, біз көмектесеміз. 3. Біз бүгін билет алсақ, ертең ауылға қайтамыз. 4. Ертең мен ұмытпасам, саған телефон соғамын. 5. Сен кешікпесең, біз бірге барамыз. 6. Мен қателеспесем, бүгін оның туған күні. 7. Жексенбіде ауа райы жақсы болса, олар тауға барады. 8. Сіз дүкенге барсаңыз, маған сүт алыңызшы. 9. Егер сен оларды көрсең, бізден сәлем айт. 10. Егер сіздер мәтінді түсінсеңіздер, сұрақтарға жақсы жауап бересіздер.


2-жаттығу. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар, құрмаласты мағынасына қарай ажыратыңыздар.

  1. Если я открою окно, Вы не будете против? 2. Если ты меня не разбудишь, я опоздаю на уроки. 3. Если они встретят меня, я буду очень рад. 4. Если мы его увидим, то поговорим с ним. 5. Если ты не выучишь новые слова, ты не будешь их знать. 6. Если вы устали, отдохните немного. 7. Если мы купим билет, пойдем на концерт. 8. Если Вы не против, я провожу Вас домой. 9. Если ты узнаешь их новый адрес, скажи нам. 10. У меня сейчас нет времени, поэтому я не могу пойти с тобой в магазин. 12. Завтра в три часа у меня встреча, поэтому я не могу зайти к Вам. 13. У него болит голова, поэтому он не может помочь тебе сейчас. 14. Если ты будешь слушать хорошо его, сможешь ответить на вопросы. 15. Когда я перевел текст, я смог его понять. 16. Если ты хочешь кушать, можешь покушать в столовой. 17. Если ты пригласишь их в гости, они могут прийти.


3-жаттығу. Құрмалас сөйлемдердің жасалу жолын түсіндіріңіздер. Сөйлем мүшесіне қарай талдаңыздар.

  1. Әкенің қадірін балалы болғанда білерсің.

  2. Гүл өссе – жердің көркі, қыз өссе – елдің көркі.

  3. Сүйгеніңді іздесең, жел оңынан тұрады.

  4. Баста ми жоқ болса, екі аяққа күш түседі.

  5. Айтушы ақылды болса, тыңдаушы дана болады.

  6. Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.


4-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Когда Вы заняли свою должность? 2. Какие обязанности Вы исполняете с особым удовольствием? 3. Что Вы не любите в своей работе? 4. Удовлетворены ли Вы тем, как идут дела в Вашем отделе /институте/ организации?


5-жаттығу. Абайдың сөзін тақырыпқа алып, шағын эссе жазыңыз.

Адамның адамшылығы істі бастағанынан білінеді.

(Абай, отыз жетінші сөз).
1-тапсырма. Сұхбатты толықтырыңыз.


  • Әрине, таныстық. Менің ойымша, өте қажетті және дер кезінде шыққан Жарлық.

  • ................................. .

  • Иә, бағдарламада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің барлық аспектілері қамтылған сияқты, бірақ, меніңше, экономикалық аспект бойынша нақты шаралар көрсеткен дұрыс болар еді.

  • ................................. .

  • Арам ақшаны таза айналымға жібермеудің басты бір жолы – кез келген ұйымның, мекеменің, заңды тұлғаның, жеке тұлғаның өз табыстарын декларация арқылы ашық көрсетуі. Ал тиісті органдар банкке ақша салған кезде, кәсіпорын ашқан кезде осындай декларацияны талап етуі керек.

  • .................................. .


2-тапсырма. Берілген сөздерді оқытушының көмегімен аударып, естіріңізде сақтаңыздар.

Айналым қаржылары, шикізат, мәліметтер бойынша, отандық фарминдустрия, дәрі-дәрмек, тұтыні шығындары, баға өлшемдері, өнеркәсіпті дамыту, сұраныс, пайыздық көрсеткіш, қамтамасыз ету, өтемақы, төлеу, сауда орындару.


3-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқыңыздар. Мәтінге 6 сұрақ әзірлеңіздер.

Қазақстанның фармацевтика өнеркәсібі шикізат (субстанциялар), жабдықтар мен қаптаушы материалдар импортына өте тәуелді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, 2012 жылы импорттық медикаменттер рыноктың барлық құнының 90 пайызын құрады. Физикалық көлем тұрғысынан алғанда ахуал сәл жақсырақ – ІMS Health бағалауынша, импорт 70 пайыз деңгейін құрайды. Бірақ жалпы табыстылықта ұтыла отырса да, отандық фарминдустрия денсаулық сақтау саласын нақты көрсеткіште 30 пайыз дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді.

– “СК-Фармация” бірегей дистрибьюторы арқылы іс-қимыл жасай отырып мемлекет медикаменттер жеткізіп беруде барған сайын маңызды рөл атқаруда. Бірақ сонымен бірге бөлшек сектордағы ахуал мен тұтыну шығындарының деңгейі әлі де болса өсудің басты факторы болып қалып отыр.

– Отандық фармацевтика өнімдері рыногындағы жағдайды қалай бейнелеуге бола ды? Қазақстандықтар кімдердің дәрілерін жиірек сатып алады және баға өлшемдері қандай?

– Бағалық көріністе алғанда Қазақстанның рыногына импорттық фармацевтикалық өнімдерді негізгі жеткізушілер ЕО мен АҚШ ком паниялары болып табылады. 2008 жылы халықққа рецепт бойынша берілетін препараттар рынок құнының 65 пайызын құрады, ал рецепсіз берілетін дәрі-дәрмектер – 36 пайыз. 20 АҚШ долларынан жоғары тұратын өнімдер 2008 жылы 23 пайызға көтеріле отырып рыноктың айтарлықтай бөлігін құрады.

– Қазақстан Республикасында 2010-2014 жылдары фармацевтика өнеркәсібін дамыту жөніндегі бағдарламада протекционистік те, маркетингтік және бизнес шешімдер пакеті де қарастырылған. Осы орайда бағдарламада нақты индикативтік көрсеткіштердің белгі ленгендігін атап айту қажет. Біз 2014 жылға қарай республиканың нақты көріністе алғандағы сұранысының 50 пайыздық деңгейін отандық өндіріс есебінен қамтамасыз етуді ойластырып отырмыз. Оған еңбек өнімділігін арттыру, ассортиментті айтарлықтай кеңейту, қазіргі бар кәсіпорындарды модернизациялау және жаңаларын салу арқылы қол жеткізілмек. Сол сияқты отандық дәрі-дәрмектерді тегін медициналық көмектің мемлекеттік көлемі шең­берінде Бірегей дистрибьютор жүйесі бойынша жеткізіп беру жолдары да қарастырылуда.

Кәсіпорындардың шығындарына өтемақы төлеу жолымен қазақстандық фармацевтикалық өнімдер экспортының үлесін арттыру жоспарлануда. Бүгінде ол көрсеткіш 5 пайыздан аспайды. Сондай-ақ шетелдік өкілдіктерді, сауда орындарын, кеңселерді ұстау, өнімді шетелде тіркеу және серти­фикаттау, мамандандырылған көрме лерге қатысу шығындары субсидияланатын болады. Дегенмен, ең басты міндет – қазіргі барларын модернизациялап, жаңа өндірістер ашу.

– Отандық фармацевтика өнер кәсібінің алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бірқатар инвестициялық жобалар жүзеге асырылатын болады. Медициналық бұйымдар шығаратын Алматыдағы зауыт құрылысы, Алматы облысындағы инфузионды ерітінділер шығаратын зауыт құрылысы бар. Сол сияқты Алматыда жұмыс істеп тұрған көзге және құлаққа тамызатын тамшылар мен спрейлер (бүрікпе дәрілер) шығаратын өндірісті модернизациялап, оның өнімділігін жылына 15 миллион данаға дейін жеткізу жоспарланып отыр

.


  1. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі қандай?

  2. Бөлшек сектордың ахуалы қандай?

  3. Қазақстандағы дәрі-дәрмекті кім шығарады?

  4. 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама не туралы?

  5. Өтемақы төлеу қандай жолмен шешіледі?


Операционалды дағды компетенциясы бойынша

4-тапсырма. Өз ойыңызды айтыңыз.

  1. Товарищество «Арай» с ограниченной ответственностью было открыто два года назад. 2. Недавно в Республике Казахстан был принят Закон о коррупции. 3. Государство предпринимает все усилия, что бы развивать предпринимательскую деятельность. 4. Нами был сделан депутатский запрос в Парламент. 5. Что вы делаете с большим удовольствием – идете на работу или идете с работы?


Коммуникативтік компетенция бойынша

Сіз Қазақстандағы ірі фармацевтік компанияның жетекшісісіз. Осы компанияның қызметі мен жоспары туралы БАҚ өкілдері мен баспасөз конференциясын өткізіңіз.
10. Негізгі әдебеттер:

1. Бектұров Ш. , Бектұрова А. Қазақ тілі Қазақ тілі для начинающих . Алматы .Рауан 1994, 72-75бет

2. Мусинов А.М. Қазақ тілі Алматы 2005ж. 40-43бет

3. Қошанов А. Экономикалық орысша-қазақша сөздік. Алматы. Дайк-Пресс 2008, 98-100бет

4. М. Мескон, М. Альберт, Ф. Хедоури Основы менеджмента Москва. Дело-1994, стр. 165-168

5. К.Ғ. Ахметов Менеджмент негіздері Алматы 2003 45-49беттер


Қосымша әдебиеттер:

1.Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. Алматы, 2005 ж.

2. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989 ж.

3.Мұрзалина Б. Қазақ тілі. Алматы 2003 ж.



ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

29 тақырып: Ұтымды ұйымдастыру.

Сөздіктану. Терминтану.


2012 ж.

Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай



  1. Сабақтың тақырыбы: Ұтымды ұйымдастыру.

Сөздіктану. Терминтану.


  1. Мақсаты: Грамматикалық тақырып бойынша сөздіктердің түрлерімен таныстыру. Сөздіктерді пайдалана білудің жолдары.

Лексикалық тақырып бойынша студенттердің мамандықтарына байланысты сөздік қорын молайту.


  1. Міндеті:

  1. Когнитивті біліктілік компетенциясы бойынша дұрыс жұмыс істеу, алфавитті меңгерту, ғылыми-танымдық, медициналық терминдерді қалыптастыру.

  2. Операционалды дағды компетенциясы бойынша терминдердің дұрыс жазылуын қадағалап, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалыптастыру.

  3. Коммуникативті компетенция бойынша әдебиеттерді дұрыс таңдап пайдалану қазақ тілінде дұрыс сөйлеуге үйрету. Аудармада еркін шығармашылық қарым-қатынас орнату.

  4. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша әр түрлі бағытта жазу мәдениетін дамыту.




  1. Негізгі ұғымдар:

1) Лексикография туралы жалпы түсінік.

2) Салыстырмалы және түсіндірме сөздіктің көп тілдік сөздікке жақындығы?

3) Бір-біріне жақын, туыстас халықтардың сөздік құрамын қамтитын салыстармалы сөздік туралы түсінік.

4) Академиялық сөздіктің ерекшеліктері туралы мәлімет?



  1. Этимологиялық сөздіктің зерттелуі туралы не білесіз?

  2. Терминологиялық сөздіктің ғылым мен медицинадағы орны туралы мағлұмат беру.




  1. Сабақты өткізу жоспары:

  1. Кіріспе бөлім ( ұйымдастыру кезеңі ) - 5 мин.

  2. Өткен сабақты пысықтау - 25 мин.

  3. Үйге берілген жаттығуларды тексеру - 20 мин

Үзіліс - 10 мин.

  1. Жаңа лексикалық тақырып бойынша жұмыс - 30 мин.

  2. Жаңа грамматикалық тақырып бойынша жұмыс - 20 мин.

Үзіліс - 10 мин.

  1. Лексикалық тақырып бойынша жаңа сөздермен жұмыс - 20 мин.

  2. Жаттығу жұмыстары, мәтінді аудару, тест - 20 мин.

  3. Қорытындылау, үй тапсырмасын беру, бағалау - 10 мин.

Аударма жұмысын жасату, сұрақ-жауап, арнайы тапсырмалармен жұмыс жасау, мазмұндау, қайталау сұрақтары.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет