С. Симбаева белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер әдістемелік қҰрал



Pdf көрінісі
бет10/83
Дата12.04.2023
өлшемі6.43 Mb.
#472086
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   83
Сембинова-1

Соdоs)циоdоs)грамма
Социограмма (лат. societas - қоғам және грек. gr» - өзара, «act» - әрекет) – үнемі біреуменa
mma – сызық, жазбаша таңба, шек) - социометрикалық сауал нәтижесін
өңдеудің тәсілдері мен амалдары. Оның нәтижесінде социоматрица құруға
болады, ал ол назарды шоғырландыруға мүмкіндік беретін көрнекі құрал рөлін
атқарады. Соның нәтижесінде неге көңіл аудару қажеттілігі анықталады,
жетістіктер де нақты көрінеді.
Міне, осы социограмма тәсілін негізге ала отырып, сабақ басында мынадай
жаттығу ұйымдастыруға болады:
☺тақырып немесе қарастырылатын мәселені хабарлау;
☺дәрісхананың бір қабырғасын «ноль пайыз» параметріне, оған параллель
қабырғасын «жүз пайызға» сәйкес шартты түрде белгілеу;
☺қатысушылардан тақырып бойынша қай деңгейде тұрғанын, неше пайыз
білетінін анықтау үшін 0-100 арасынан бір деңгейді таңдауын өтіну;
☺қатысушылар сызық бойынан өз деңгейлерін танытатын жерді таңдап,
соған барып тұрады;
☺0-50% дейінгі жерді таңдағандарды орындарына отырғызу;
☺60-100% аралығын таңдағандардан сол тақырыпты топ мүшелеріне
түсіндіріп беруін сұрау;
☺тақырып бойынша оқытушы өз толықтыруларын жасайды.
Бұл да - тақырыпқа енгізудің ерекше бір амалы және миға шабуыл
жасалады. Қысқа уақыт аралығында білетіндерін ой елегінен өткізіп, рефлексия
жасап үлгереді.
19


3. МӘТІНМЕН ЖҰМЫСҚА АРНАЛҒАН ӘДІС-
ТӘСІЛДЕР
Мәтін – өте күрделі тілдік құрылым. Осы құрылымды
айқындайтын басты белгілері-жүйелілік және
тұтастық. Тұтастық категориясы сол мәтінді ұғынып,
мәнін түсінгенде ғана пайда болатын, оның логикалық
жағымен тығыз байланыста болса, ал оның жүйелілігі күрделі бірліктерді
құрайтын тілдік құралдардың белгілі әдіс-тәсілдер арқылы ұйымдасуынан
көрінеді. 
Мәтін мазмұнын түсіну, оның ішіндегі негізгі және жанама ойдың бөліну
заңдылығын айыра білумен айқындалады. Мәтінді толық және дәл ұғыну оның
ішіндегі сөздердің мән-мағынасын түсініп, білуге де байланысты 
Мәтін - бұл жалпы белгілі бір тақырып төңірігіндегі біріккен,
сабақтастық пен тұтастыққа ие, ақпаратты жеткізетін мазмұнды сөйлемдердің
тізбегі.
Мәтінді ұғыну үшін оны қабылдауға арналған арнайы тапсырмаларды
орындау қажет. Іштей немесе дауыстап оқылған мәтінді тыңдап отырған адам
қандай дәрежеде ұққанын тексеру немесе кездескен түрлі қиындықтарды
еңсеруге көмектесетін түрлі сан-алуан тапсырмалар қызмет етеді. Мәтінді
меңгерту
барысында
түрлі
әдістер
іске
қосылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет