Pb 2+ катионын ашу. Центрифугаттың 3-5 тамшысына сондай мөлшерде калий иодиді ерітіндісін қосады, қорғасын иодидінің PbІ2 сары тұнбасы түзіледі, ол қыздырғанда ериді, ал салқындатқан кезде қайтадан жылтыр сары кристалдар түседі.
[Hg2]2+ катионын ашу. Пробиркада түзілген тұнбаға 5-7 тамшы аммиак ерітіндісін құйып, араластырады. Егер [Hg] 2+ катионы бар болса, онда тұнба қараяды. Күміс хлориді аммиак ерітіндісі әсерінен комплексті тұз түрінде ерітіндіге өтеді,ал [АgNН2]СІ тұзы және сынап тұнбада қалады. Тұнбаны бөліп алу керек.
Ag+ катионын ашу. Центрифугатты екіге бөліп, оның біріншісіне калий иодиді ерітіндісін, ал екіншісіне азот қышқылын құяды. Бірінші пробиркада Ag+ катионы болса, күміс иодидінің AgІ сары тұнбасы, ал екіншісінде күміс хлоридінің AgСІ ақ тұнбасы түседі.
Тұз қышқылы топшасы катиондар қоспаларының
жүйелік талдау жолы
Зерттелетін ерітіндіні 2н НСІ тұз қышқылымен әрекеттестіріп, центрифугатталады.
Центрифугатты (І) пайдаланбайды.
Алынған тұнбадағы (І) AgCI, Hg2CI2, PbCI2 ыссы сумен жуады, центрифугаттайды (ІІ)
Центрифугаттан (ІІ) Pb2+ катионын КІ немесе К2СrО4 СН3СООН ерітіндідегі арқылы анықтайды.
Тұнбаны (AgCI, Hg2CI2) 2н NH3 ерітіндісімен әрекеттестіреді.
Центрифугат (ІІІ)-тен [Ag(NH3)2] Ag+ ионын КІ мен НNО3 пен анықтайды.
Центрифугат (ІІІ)-те [HgNН2]CI + Hg қара түсті тұнба түзіледі.
№2 зертханалық жұмыс бойынша есеп беру түрі:
Зертханалық тәжірибелер нәтижелерін кесте түрінде өрнектеңіз:
Катион
|
Реактив
|
Реакция теңдеуі
|
Қорытынды
|
Ag+
|
КВr
|
КВr+ AgNO3 →AgВr↓ + КNO3
|
AgВr солғын сары тұнбасы түзіледі.
|
Т.б.
|
|
|
|
Жұмысты орындады: Жұмысты тапсырды:
-------------------------- ---------------------
студент қолы оқытушының қолы,
тобы, мерзімі мерзімі
Достарыңызбен бөлісу: |