Сызудан қосымша практикалық сабақ жоспарлары
І. Сабақтың тақырыбы: Көріністерді сызбаларда салу.
Сабақтың мақсаты:
а) дамытушылық: өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру,
ой қорытып, нақты шешім жасауға үйретіп, ойлау
қабілетін дамыту.
ә) білімділік: детальдың күрделілігіне қарай сызбаларын сызу,
қажетті өлшемдерін түсіруге үйрету.
б) тәрбиелілік: сызбаларды салауатты сызып, топпен жұмыс
жасап, бір-бірін тыңдай білуге үйрету, мәдениетті
болуға тәрбиелеу.
в) Сабақтың түрі: жаңа сабақ, меңгеру сабағы.
г) Сабақтың әдіс- тәсілі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың көрнекілігі: сызба үлгілері, деталь модельдері, проекция
жазықтықтарының модельдері т.б.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа
Даярлау.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
3. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақ: Бір деталь сызбасын тақтаға сызып, өлшемдерін қалай қою керек екендігін оқушыларға түсіндіру.
Жаңа сабақты бекіту: І-деңгей
Бір көрінісімен анықталатын заттың сызбаларын орындау, өлшемдерін түсіру. 1-тапсырма: Қалыңдығы 2 мм, ұзындығы 50 мм, ені 25 мм болатын тік бұрыштық сызбасын сызу, қажетті өлшемдерін түсіру.
2-тапсырма: қалыңдығы 3 мм, диаметрі 30 мм болатын детальдың сызбасын сызу. Өлшемдерін түсіру.
Қорытынды: Оқушылардың білімін бағалау. Оқушылардың білімін бағалай отырып сабақты қорытындылаймыз.
Үйге тапсырма: Көріністерді сызбада салу, тақырыбын оқу. Сабақта аяқталмаған сызбаларды үйде аяқтау. А форматқа қайталап орындау.
ІІ. Сабақтың тақырыбы: Сызу және техника.
Сабақтың мақсаты:
а) дамытушылық: оқушылардың жалпы сызу жөнінде сана-сезімін
дамыту.
ә) білімділік: сызу және техника жөнінде оқушыларға қысқаша
мәлімет түсіндіру.
б) тәрбиелілік: оқушыларды жалпы ұйымшыл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, сызғыш құралдары, конструктор,
плакаттар т.б.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Оқушыларды жалпы сабаққа дайындау.
3. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақ: Адам әр түрлі приборлармен мониторларды мектептерде, үйлерінде көреді. Бұларды игеру үшін жұмысшы геотехнизаторды бөлу үшін шығара білуі керек. Егер адам сызуды оқи білетін болса, талапты қандай болса да, ел сызуды ұғынады. Проекциялау процесінен шыққан фигураны нәрсе проекциясы деп атайды. Проекциялау тәсілі кеңістікте кез келген А нүктесін және қандай болмасын 4 жазықтығының қайсыбір А нүктесінде қиып өтетін етіп А нүктесі арқылы түзу жүргізеді. Сонда кіші А нүктесі үлкен А нүктесінің проекциясы болады. Нәрсенің проекциясы түсетін проекциялау маңызы деп аталады.
Қорытынды: Бүгінгі өткен сабақты қорыта келе оқушыларға бүгінгі өткен сабақ бойынша сұрақ қойылады. Сабаққа жақсы жауап беріп, белесенді қатысып отырған оқушыға жақсы баға қойылады.
Үйге тапсырма: Сызу және техника дегеніміз не? Сол сұраққа жауап беріңдер.
Сабақты бағалау, оқушылардың үй жұмысын тексеру.
Сабақты қорытындылау.
ІІІ. Сабақтың тақырыбы: Нәрсенің негізгі екі көрінісі бойынша оның үшінші негізгі көрінісін салу.
Сабақтың мақсаты:
а) дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру,
оқушы санасына терең сіңіру.
ә) білімділік: Оқушыларға сызу құралдарын қолдану амал тәсілін
үйрету, жаңа мағлұмат беру және т.б.
б) тәрбиелілік: Сызу арқылы оларды тазалыққа, ұқыптылыққа
үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Қарындаштар, ақ қағаз, шеңберсызар, сызғыш, 9-сынып оқулығы және т.б.
Сабақтың барысы:
Нәрсенің берілген негізгі екі көрінісі бойынша оның үшінші негізгі көрінісін салу – сызу пәнінің басты есептерінің бірі. Осындйа есептер оқушылардың кеңістікті елестету қабілетін дамытуға әсерін тигізеді. Сондықтан бұл есепті оқушы шығара алуы тиіс. Берілген екі көрініс бойынша үшінші көріністі тұрғызу үшін нәрсенің кеңістіктегі пішінін көз алдымызға елестетіп, түсініп алуымыз керек. Басқаша айтқанда , сызбаны оқи білу керек. Сызбаны оқудың екі әдісі бар. Бұлардың біреуі талдау әдісі, екінші толықтыру әдісі. Бұл әдістердің екеуі де гоеметрилық қарапайым денелердің проекцияларын қалай кескінделетінін білуге негізделген.
Талдау әдісі, Бұл әдісті қолданғанда берілген күрделі нәрсені өзімізге белгілі қарапайым геометриялық денелерге ажыратамыз. Қарапайым геометриялық денелерге призманы, пирамиданы, конусты, цилиндрді және шарды жатқызамыз.
Толықтыру әдісі. Бұл әдісті қолданғанда берілген нәрсеніің пішінін түсіну үшін оны бұрыннан белгілі қарапайым денеге дейін толықтырады. Одан кейін алынған қарапайым геометриялық денені жазықтықтармен немесе басқа бететрмен қия отырып, бірнеше бөлікке ажыратамыз.
Сабақты бағалау, оқушылардың үй жұмысын тексеру.
Сабақты қорытындылау.
VІ. Сабақтың тақырыбы: Қималар және тіліктер. Қималар.
Сабақтың мақсаты:
а) дамытушылық: оқушылардың таным қабілетін, педагогикалық
ойлау қабілетін дамыту.
ә) білімділік: оқушылардың білімдерін тексеру, сызу
сызу заңдылықтарын меңгеру.
б) тәрбиелілік: оқушыларды талғампаздыққа, әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Қарындаштар, ақ қағаз, шеңберсызар, сызғыш, 9-сынып оқулығы және т.б.
Сабақтың барысы:
Сызбаны орындағанда көріністер саны ең аз болуы, бірақ нәрсенің пішінін осы сызба бойынша анықтауға жеткілікті болуы керек дегенбіз. Бір көрініс жеткіліксіз болса, нәрсенің екінші көрінісін салады. Бұл да жеткіліксіз болса, нәрсенің үшінші көрінісін салуға болады. Алайда іс жүзінде пішіні сызбадағы көоіністер көмегімен ғана анықталмайтын тетікбөлшектерді кездестіруге болады. Қима – сызбаны оқуды жеңілдету үшін пайдаланылатын шартты кескін. Қима деп нәрсні жазықтықпен ойша қиғаннан шыққан фигураның
кескінін айтады. Қимада нәрсе ойша кесіледі де, оның қиюшы жазықтықта орналасқан бөлігі ғана кескінделеді. Нәрсенің қиюшы жазықтықтың арғы және бергі жағында орналасқан бөліктері қимада сызылмайды.
Сызбада қима фигурасын сызықтап көрсетеді. Сызықтау тұтас жіңішке сызықпен орындалады. Оның жуандығы шамамен s/3-ке тең. Сызықтау 45º-қа тең бұрышпен көлбейтін және арақашықтықтары 2 – 2,5 мм болатын сызықтармен жүргізіледі. Қиюшы жазықтықтың сызбадағы орны үзік сызықпен көрсетіледі. Бұл жуан сызық қима сызығына перпендикуляр етіп екі жіңішке тұтас сызық қима сызығы деп аталады. Ол негізгі контурды қиып өтпеуге тиіс. Қима сызығына перпендикуляр етіп екі жіңішке тұтас сызық жүргізіледі.
Сабақты бағалау, оқушылардың үй жұмысын тексеру.
Сабақты қорытындылау.
V. Сабақтың тақырыбы: Тіліктер туралы жалпы түсінік.
Сабақтың мақсаты:
а) дамытушылық: өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру,
ой қорытып, нақты шешім жасауға үйрету.
ә) білімділік: детальдың күрделілігіне қарай сызбаларын сызу,
қажетті өлшемдерін түсіруге үйрету.
б) тәрбиелілік: Сызбаларды салауатты сызып, топпен жұмыс жасап
бір-бірін тыңдай білуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Қарындаштар, ақ қағаз, шеңберсызар, сызғыш, 9-сынып оқулығы және т.б.
Сабақтың барысы:
Нәрсенің ішкі көрінбейтін беттерінің нұсқаларын сызбада үзілме сызықпен жүргізіп көрсетуге болады. Бірақ мұндай үзілме сызықтар сызбаны оқуды
қиындатып жібереді. Көқрінбейтін сызықтардың проекциялары көрінетін сызықтардың проекцияларымен бірігіп түсуі мүмкін. Ішкі құрылысы күрделі тетікбөлшек көріністеріне қарап, оның пішінін түсінуге болмайды. Оның үстіне көрінбейтін сызықтарға өлшемдерді және басқа да түрліше шартты белгілерді түсіруге болмайды.
Сондықтан қимамен қатар тілік деп аталатын тағы да бір шартты кескін қолданылады. Тілік нәрсенің ішкі құрылысынсызбада анық және түсінікті етіп көрсетуге мүмкіндік береді. Бір немесе бірнеше жазықтықпенойша қиылған тетікбөлшектің кескінін тілік деп атайды. Тілікте нәрсенің қиюшы жазықтықтың өзінде (қима фигурасы) және оның ар жағында жатқан бөліктері кескінделіп көрсетіледі. Тілік пен қиманы шатастырмау керек. Олардың арасындағы айырмашылықты жақсы түсініп алған дұрыс. Қиманы салғанда тек қиюшы жазықтықтың тікелей өзінде жатқан фигура ғана көрсетіледі. Ал тілікті салғанда қима фигурасына қиюшы жазықтықтың ар жағында жатқандарды да қосу керек.
Сабақты бағалау, оқушылардың үй жұмысын тексеру.
Сабақты қорытындылау.
VІ. Сабақтың тақырыбы: Қарапайым тіліктер.
Сабақтың мақсаты:
а) дамытушылық: оқушылардың жалпы, сызу жөнінде сана-сезімін
дамыту.
ә) білімділік: сызу және техника жөнінде оқушыларға қысқаша
мәлімет түсіндіру.
б) тәрбиелілік: оқушыларды жалпы ұйымшыл болуға тәрбиелеу,
үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Қарындаштар, ақ қағаз, шеңберсызар, сызғыш, 9-сынып оқулығы және т.б.
Сабақтың барысы:
Қиюшы жазықтықтың санына қарай тілік қарапайым және күрделі болып екі топқа бөлінеді. Тек бір қиюшы жазықтықтың көмегімен алынған тілікті қарапайым тілік деп атайды. Қарапайым тіліктер қиюшы жазықтықтың горизонталь проекциялар жазықтығымен салыстырғандағы орнынана қарай горизонталь, вертикаль және көлбеу болып үш түрге бөлінеді. Нәрсені тесіктің осі арқылы өтетін вертикаль жазықтықпен ойша қиып, екіге бөлеміз.
Егер қиюшы жазықтық горизонталь проекциялар жазықтығына қандай да болмасын (тік емес) бұрыш жасай орналасса, ондай тілік көлбеу тілік деп аталады. Егер тетікбөлшек симметриялы фигураларға проекцияланатын болса, сызбада көріністің жартысын тіліктің жартысымен біріктіріп салу керек. Көріністің жартысында көрінбейтін сызықтар (үзілме сызықтар) болмайды. Оларды жүргізудің қажеті жоқ, өйткенде тілікте көрінетін ішкі контурдың тұрпатын қайта сызып шығар едік. Егер сызбада тетікбөлшектің симметрия осі мен контур сызығының проекциясы дәл келсе, яғни симметрия осі бір сызықтың проекциясымен беттесетін болса, онда көріністің жартысы мен оған сәйкес келетін тіліктің жартысын қосып біріктіруге болмайды. Бұл жағдайда көрініс пен тілік ирек сызықпен бөлінеді.
Сабақты бағалау, оқушылардың үй жұмысын тексеру.
Сабақты қорытындылау.
VIІ. Сабақтың тақырыбы: Күрделі тіліктер.
Сабақтың мақсаты:
а) дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру,
оқушы санасына терең сіңіру.
ә) білімділік: Оқушыларға сызу құралдарын қолдану амал тәсілін
үйрету, жаңа мағлұмат беру және т.б.
б) тәрбиелілік: Сызу арқылы оларды тазалыққа, ұқыптылыққа
үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Қарындаштар, ақ қағаз, шеңберсызар, сызғыш, 9-сынып оқулығы және т.б.
Сабақтың барысы:
Ішкі құрылысы тек бір қиюшы жазықтықты пайдаланатын тіліктерде анықталмайтын тетікбөлшектер жиі кезедеседі. Мұндай жағдайларда бірнеше қиюшы жазықтықтардың көмегімен алынған тіліктер қолданылады.Екі немесе одан да көп қиюшы жазықтықтардың көмегімен алынған тіліктер күрделі тіліктер деп аталады. Күрделі тілікте қиюшы жазықтықтың саны екеуден кем болмайды. Осы қиюшы жазықтықтардың
өзара орналасуларына қарай, күрделі тілік сатылы тілік және сынық тілік болып екіге бөлінеді. Сатылы тілікте қиюшы жазықтықтар өзара параллель болады, ал сынық тілікте олар доғал бұрыш жасап қиылысады. Сатылы тілік жүргізілген қиюшы жазықтықтардың проекциялар жазықтықтарына қарағандағы орындарына байланысты горизонталь, фронталь және профиль сатылы тіліктер болуы мүмкін. Тілік алу үшін берілген тетікбөлшекті ойша екі фронталь жазықтықпен қию керек. Бұл екі параллель жазақтықтың біреуі цилиндр тәрізді тесіктің осі арқылы өтеді, ал екіншісі осьтері ортақ цилиндр тәрізді ойық пен тесіктің осі арқылы өтіп, бірінші жазықтыққа параллель орналасқан. Қиюшы жазықтықтардың орны, қарапайым тіліктегідей үзік сызық және оған тірелген нұсқамалардың көмегімен көрсетіледі. Нұсқамалардың бағыты тілікке қарау бағытын көрсетеді. Қиюшы жазықтықтардың біреуінен екіншісіне өтетін жерлерге бұрылу белгілері қойылады. Бұрылу белгілері тік бұрыш жасап орналасқан, жуандығы үзік сызықтың жуандығындай сынық сызық түрінде орындалады. Тілікте қиюшы жазықтықтардың біреуінен екіншісіне өткенде пайда болатын қырлары көрсетілмейді; күрделі тілік қарапайым тілік сияқты орындалады. Сынық тілікте қиюшы жазықтықтар өзара доғал бұрыш жасап қиылысады. Осындай қиюшы жазықтықтардың біреуін олардың қиылысу сызығынан айналдырып, екіншісімен беттестіреді. Егер беттескен қиюшы жазықтықтар негізгі проекциялар жазықтықтарының біреуіне параллель болса, онда сынық тілік оған сәйкес көріністің орнына салынады.
Сабақты бағалау, оқушылардың үй жұмысын тексеру.
Сабақты қорытындылау.
VIIІ. Сабақтың тақырыбы: Тіліктерді аксонометриялық проекцияларда
қолдану
Сабақтың мақсаты:
а) дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру,
оқушы санасына терең сіңіру.
ә) білімділік: Оқушыларға сызу құралдарын қолдану амал тәсілін
үйрету, жаңа мағлұмат беру және т.б.
б) тәрбиелілік Сызу арқылы оларды тазалыққа, ұқыптылыққа
үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Қарындаштар, ақ қағаз, шеңберсызар, сызғыш, 9-сынып оқулығы және т.б.
Сабақтың барысы:
Кері есепті шешуге мүмкіндік беретін кескіндерді қайтымды, ал кері есепті шешуге болмайтын кескіндерді қайтымсыз деп атайды. Техникада қайтымсыз кескіндердің керегі жоқ. Бір проекциядан тұратын кескін қайтымсыз болғандықтан, оны толықтырып қайтымды кескінге айналдыру керек. Қайтымды кескін алудың бірнеше жолы бар. Сызуда қайтымды кескіннің екі түрі – аксонометрия мен Монж эпюрі қарастырылады.
Сабақты бағалау, оқушылардың үй жұмысын тексеру.
Сабақты қорытындылау.
ІX. Сабақтың тақырыбы: Тіліктер мен қималарды салуға арналған
жаттығу сабақтары.
Сабақтың мақсаты:
а) дамытушылық: өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру,
ой қорытып, нақты шешім жасауға үйрету.
ә) білімділік: детальдың күрделілігіне қарай сызбаларын сызу,
қажетті өлшемдерін түсіруге үйрету.
б) тәрбиелілік: Сызбаларды салауатты сызып, топпен жұмыс жасап
бір-бірін тыңдай білуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Қарындаштар, ақ қағаз, шеңберсызар, сызғыш, 9-сынып оқулығы және т.б.
Сабақтың барысы:
Нәрсенің ішкі көрінбейтін беттерінің нұсқаларын сызбада үзілме сызықпен жүргізіп көрсетуге болады. Бірақ мұндай үзілме сызықтар сызбаны оқуды
қиындатып жібереді. Көқрінбейтін сызықтардың проекциялары көрінетін сызықтардың проекцияларымен бірігіп түсуі мүмкін. Ішкі құрылысы күрделі тетікбөлшек көріністеріне қарап, оның пішінін түсінуге болмайды. Оның үстіне көрінбейтін сызықтарға өлшемдерді және басқа да түрліше шартты белгілерді түсіруге болмайды. Сондықтан қимамен қатар тілік деп аталатын тағы да бір шартты кескін қолданылады. Тілік нәрсенің ішкі құрылысынсызбада анық және түсінікті етіп көрсетуге мүмкіндік береді. Бір немесе бірнеше жазықтықпенойша қиылған тетікбөлшектің кескінін тілік деп атайды. Тілікте нәрсенің қиюшы жазықтықтың өзінде (қима фигурасы) және оның ар жағында жатқан бөліктері кескінделіп көрсетіледі. Тілік пен қиманы шатастырмау керек. Олардың арасындағы айырмашылықты жақсы түсініп алған дұрыс. Қиманы салғанда тек қиюшы жазықтықтың тікелей өзінде жатқан фигура ғана көрсетіледі. Ал тілікті салғанда қима фигурасына қиюшы жазықтықтың ар жағында жатқандарды да қосу керек.
Сабақты бағалау, оқушылардың үй жұмысын тексеру.
Сабақты қорытындылау.
Достарыңызбен бөлісу: |