Сабақ: № Сабақтың тақырыбы: Сызу аспаптары мен жабдықтары. Сабақтың мақсаты



бет9/13
Дата09.07.2016
өлшемі7.4 Mb.
#187695
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Үйге тапсырма беру: Шардың центріне дейінгі тіктөртбұрышты тесік цилиндрлік тесікпен жалғасып жатыр (95, в-сурет). Оның горизонталь және профиль проекцияларын салу керек.

Сабақ: №

Сабақтың тақырыбы:

Денені проекциялар жазықтығына перпендикуляр тузуден айналдыру.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Берілген сызбалар бойынша оқушылардың білімдерін



тексеру, қорытындылау, жалпылау, жинақтау, оқушылардың

білім машықтарын, дағдыларын қалыптастыру.

ә) Дамытушылық: Оқушыларды теориядан сарамандылық жұмысқа икемдеу,

оқушылардың ой-өрісін, білімін, шығармашылық қабілетін,

сабаққа деген қызығушылығын, шеберлігін дамыту.


б) Тәрбиелілік: Кеңістік ой өрісін кеңейту, оқушыларды сызба жұмыстарын

ұқыпты, таза салуға, шапшандыққа, шыдамдылыққа

тәрбилеу.

Сабақтың көрнекілігі: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және т.б.
Сабақтың өту барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Қозғалыс - күнделікті өмірде жиі кездесетін құбылыс. Денені қозғап бастапқы орнынан басқа орынға көшіргенде, оның сызбасы қалай өзгереді? Қозғалыстың түрі көп. Сол көп козғалыстың бірі - айналмалы қозғалыс. Төменде нәрсені айналу осі деп аталатын түзуден айналдырып, бастапқы жагдайдан екінші бір жағдайға көшіргеннен кейінгі оның проекцияларын салу қарастырылған (айналу осін сызбада көрсетудің қажеті жоқ). АВ кесіндісін і түзуінен айналдырсақ (96-сурет), А нүктесі центрі С нүктесі болатын және жазықтығында жататын а шеңберін сызады. А нүктесінен і түзуіне түсірілген перпендикулярдың табаны С нүктесін анықтайды, ал а жазықтығы А нүктесі арқылы і түзуіне перпендикуляр жүргізіледі. С нүктесін а жазықтығы мен айналу осінің қиылысу нүктесі ретінде де анықтауға болады. В нүктесі і түзуіне перпендикуляр орналасқан жазықтығында жататын b шеңберін сызады. Бұл шеңбердің центрі D айналу осі мен жазықтығының қиылысу нүктесі болады. а және жазықтықтары өзара параллель болады: ||. Егер А нүктесін сағат тілінің қозғалысы бағытында ° бұрышқа бұрсақ, онда В нүктесін де осы бағытта сондай бұрышқа бұру қажет. Айналдыру қозғалыс болып табылатындықтан нүктелердің арақашыктықтары өзгермейді. Осы айтылғандарға сүйеніп айналдырудың төменде келтірілген екі қасиетін тұжырымдауға болады.c:\documents and settings\user\мои документы\мои рисунки\3.jpg



1-қасиет. Айналу осі ретінде қабылданған түзуге перпендикуляр жазықтықтағы проекция өзінің пішінін және өлшемдерін өзгертпейді, тек жаңа орынға көшіріледі.

2-қасиет. Айналу осіне параллель жазықтықтағы проекцияның нүктелері проекциялар осіне параллель (айналу осінің сәйкес проекциясына перпендикуляр) бағытта жылжып орын ауыстырады.

Мысалдар қарастырайық.

97-суретте параллелепипед АВСDЕҒGН фронталь және горизонталь проекцияларымен берілген. Осы параллелепипедті фронталь проекциялар жазықтығына перпендикуляр түзуден сағат тілі қозғалысының бағытында шамамен 30°-қа бұрайық, ал одан кейін горизонталь проекциялар жазықтығына перпендикуляр түзуден сағат тілі қозғалысына қарсы бағытта тағы да шамамен 30°-қа бұрайық. Фронталь проекциялар жазықтығына перпендикуляр түзуден айналдырғанда фронталь проекция өзінің пішінін және өлшемдерін өзгертпейді, тек жаңа орынға сызылады (1-қасиет). Сондықтан параллелепипедтің фронталь проекциясына тең тіктөртбұрышты сәл көлбетіп саламыз. Сонда тіктөртбұрыштар A1B1F1E1 мен A1B1F1E1 (немесе D1C1G1H1 пен D1C1G1H1) тең болады. Фронталь проекциясы A1B1F1E1 (немесе D1C1G1H1) төртбұрышы болатын параллелепипедтің горизонталь проекциясын салу үшін 2-қасиетті пайдаланады. Мысалы, А нүктесінің жаңа горизонталь проекциясын - А2-ты табу үшін А2 нүктесі арқылы x-қа параллель түзу, ал А1 нүктесі арқылы х-ке перпендикуляр түзу жүргіземіз. Осы екі түзу А2 нүктесінде қиылысады. Осылайша параллелепипедтің қалған төбелерінің горизонталь проекциялары В2, С2, D2, Е2, Ғ2, G2 және Н2 нүктелері табылады. Табылған нүктелерді сәйкесінше кесінділермен косып, параллелепипедтің жаңа горизонталь проекциясын шығарып аламыз. Енді горизонталь проекциялар жазықтығына перпендикуляр түзуден айналдырайық. Айналу осінің проекциялары көрсетілмейді. Керек болса, оларды тауып алуға болады. 1-қасиет бойынша горизонталь проекцияның пішіні мен өлшемдері өзгермейді, тек ол қалауымызша алынған жаңа орынға А2, В2, С2, D2, Е2, F2, G2, Н2 сызылады (97-сурет). Бұл жағдайда қасиет бойынша нүктелердің фронталь проекциялары х осіне параллель түзудің бойымен орын ауыстырады. Мысалы, А нүктесінің жаңа фронталь проекциясын А1, нүктесі арқылы жүргізілген горизонталь түзудің бойынан іздейміз. Сонда А2 нүктесі арқылы жүргізілген вертикаль проекциялық байланыс сызығы осы түзумен А1 нүктесінде қиылысады. А1 нүктесі - А нүктесінің фронталь проекциясы. Осылайша параллелепипедтің басқа төбелерінің проекциялары В1, С1, D1, Е1, F1, G1 және Н1 табылып, олар сәйкесінше кесінділермен қосылған. c:\documents and settings\user\мои документы\мои рисунки\2.jpg

Екінші мысал ретінде профиль проекциялар жазықтығына перпендикуляр түзуден айналдыруды қарастырайық (98-сурет). Бастапқы жағдайда конустың табаны фронталь проекциялар жазықтығында жатыр. Сондықтан оның фронталь проекциясы дөңгелек, ал профиль проекциясы теңбүйірлі үшбұрыш болады. Конустың табанындағы шеңберді тең 8 бөлікке бөлейік және бөлу нүктелерін c:\documents and settings\user\мои документы\мои рисунки\1.jpg

A, B, C, D, E, F, G, H әріптерімен, ал төбесін S әрпімен белгілейік. Айналу осі профиль проекциялар жазықтығына перпендикуляр. Сондықтан профиль проекцияны пішінін және өлшемдерін өзгертпей қалауымызша таңдап алынған жаңа орынға сызамыз. S3С3G3=S3C3G3. Фронталь проекциялар жазықтығында нүктелер z осіне параллель бағытта орын ауыстырады. S1, A1, B1, ..., Н1 нүктелері арқылы жүргізілген вертикаль түзулер S3, A3, B3, ..., Н3 нүктелері арқылы жүргізілген горизонталь түзулермен сәйкесінше S1, A1, B1, ..., Н1 нүктелерінде қиылысады. A1, B1, ..., Н1 нүктелерін бастыра тұйықталған қисық сызық жүргізіледі. Ол қисықтың эллипс болатыны белгілі. S1 нүктесі арқылы эллипске жанама болатын екі түзудің кесінділерін салып, проекция тұрғызуды аяқтаймыз.

Үйге тапсырма беру: Денені проекциялар жазықтығына перпендикуляр түзуден айналдыруға бірнеше жаттығулар орындаймыз.

Сабақ: №

Сабақтың тақырыбы:

Негізгі көріністер.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Негізгі көріністер мен қосымша көріністер шығарып

алуға, сызбада көріністерді орналастыруға үйрету. Тетік

бөлшектің берілген негізгі екі көрінісі бойынша үшінші негізгі

көрінісін салуға, кеңістікте зерттеуге дағдыландыру.

ә) Дамытушылық: Оқушыларды теориядан сарамандылық жұмысқа икемдеу,

оқушылардың ой-өрісін, білімін, шығармашылық қабілетін,

сабаққа деген қызығушылығын, шеберлігін дамыту.


б) Тәрбиелілік: Кеңістік ой өрісін кеңейту, оқушыларды сызба жұмыстарын

ұқыпты, таза салуға, шапшандыққа, шыдамдылыққа



тәрбилеу.

Сабақтың көрнекілігі: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және т.б.
Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Сызбалардағы кескіндер нәрсені іші қуыс текшенің жақтарына тік бұрыштап проекциялау нәтижесінде алынады. Нәрсе текшенің ішінде орналасқан деп қарастырады. Сондықтан текшенің жақтары үлкен болуы керек. Текшенің алты жағы бар, оларды 99, а-суреттегідей етіп белгілейік. Нәрсе текшенің жағы мен бақылаушының аралығында орналасқан деп есептеледі. Текшенің 1 жағындағы нәрсенің тікбұрышты проекциясын оның алдынан қарағандағы көрінісі немесе алдыңғы көрінісі деп атайды. Текшенің 2 жағындағы нәрсенің тікбұрышты проекциясын оның үстінен қарағандағы көрінісі немесе үстіңгі көрінісі деп атайды. Сол сияқты, текшенің 3 жағындағы нәрсенің тікбұрышты проекциясы - сол жақ көрінісі, 4 жағындағы проекциясы - оң жақ көрінісі, 5 жағындағы проекциясы – астыңғы көрінісі және 6 жағындағы проекциясы - артқы көрінісі деп аталады. Сызба алу үшін текшенің жақтарын жайып, оларды бір жазықтықпен беттестіреді (99, ә-сурет). Сонда 1, 3, 4 және 6 жақтардағы көріністер бір деңгейде орналасады, олар өзара горизонталь байланыста болады. 1, 2 және 5 жақтарындағы көріністер вертикаль байланыста орналасады. Алдыңғы көрініс деп отырғанымыз жоғарыда қарастырылған фронталь проекция, үстіңгі көрініс - горизонталь проекция және сол жақ көрініс - профиль проекция екенін аңғару қиын емес. Сызбада проекция осьтерін (х, у және z) жүргізбейді, нүктелердің проекцияларын белгілемейді. Нәрсені оның алдыңғы көрінісі ол туралы мүмкіндігінше толық мағлұмат беретіндей етіп орналастыру керек. Осы айтылғанға байланысты алдыңғы көріністі бас көрініс деп атайды. Нәрсенің бас көрінісін анықтай білу керек. Жоғарыда қарастырылған геометриялық денелердің фронталь проекциялары олардың бас көріністері болатынын айта кетейік. Сызбадағы көріністер саны мүмкіндігінше аз болуы тиіс, бірақ олар нәрсенің барлық бөліктерінің геометриялық пішіні мен өлшемдерін толық айқындауға жеткілікті болулары керек. Сызбадағы көріністердің санын азайту үшін нәрсенің көрінбейтін бөліктерін көріністерде үзілме сызықтармен көрсетуге рұқсат етіледі.c:\documents and settings\user\мои документы\мои рисунки\4.jpg

100, ә-суретте аксонометриясы 100, а- суретте берілген нәрсенің алты көрінісі түгелдей кескінделген. Нәрсенің геометриялық пішінін анықтау үшін бұл көріністердің біразы артық. Бұл жағдайда бас көріністі және үстіңгі көріністі қалдыру жеткілікті (101-сурет). Алдыңғы, үстіңгі, сол жақ, оң жақ, астыңғы және артқы көріністерді негізгі көріністер деп атайды. Негізгі көріністерден басқа қосымша көрініс, жергілікті көрініс дейтіндер бар. Оларды келесі параграфта қарастырамыз. Сызбаның ортасына алдыңғы көрініс сызылады. Оның оң жағына сол жақ көрініс, сол жағына оң жақ көрініс, төменгі жағына үстіңгі көрініс, жоғарғы жағына астыңғы көрініс салынады. Артқы көрініс сол жак көрі- ністің деңгейінде оның оң жа- ғына сызылады. Негізгі көріністерді осылайша орналастыру келісілген. Көріністерді көрсетілген тәртіпте орналастыруды проекциялық байланыста орналастыру дейді. Мүмкіндігінше бұл келісімді бұзбау керек. Кейде негізгі көріністерді бұлайша орналастыру қолайлы болмауы мүмкін. Проекциялық байланысты бұзуға тура келген жағдайда нәрсеге қарау бағыты нұсқамамен көрсетіледі. Нұсқаманың үстіне үлкен әріптер жазылады: А , Б

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет