Сабақ жоспары. Тексерілді


Бисер тақырыбы бойынша сұрақ беру



бет124/147
Дата09.02.2023
өлшемі4.62 Mb.
#469309
түріСабақ
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   147
9 сынып кыздар қмж

Бисер тақырыбы бойынша сұрақ беру.
1..Бисер дегеніміз не?
2. Бисерді ең көп шығаратын жерлерді ата?
3. Бисермен кестелеуге қандай талаптар қойылады?
4. Бисердің отаны?
5. «Бисер» сөзі қандай мағына береді?
6. Бисердің түрлері?
7. Бисерді қандай бұйымдарға қолдануға болады?
Сұрақтарының жауаптары:
1. Бисер — ол кішкентай ортасында тесігі бар шариктер. Түстері әртүрлі. Құрамына қарай бисер шыныдан және металдан жасалған болып бөлінеді.
2. Бисерді ең көп шығаратын жер, Жапония.
3. Бисермен кестелеу ұзақ уақытты, шыдамдылықты талап етеді.
4. Бисердің отаны Ежелгі Египет, бұл жерде түрлі түсті шыныдан үлкен моншақтарда жасаған.
5. «Бисер» сөзі арабтың «буера» сөзінен шыққан. Ол «ортасы тесік моншақ» деген мағына береді.
6. Бисердің түрлері: қарапайым жай бисер, стеклярус, рубка, богем бисері, Шорлот деп бөледі.
7. Әйелдердің, қыз — келіншектердің киімдерінің алдын, өңірін кестелеуге, киімдерге, әртүрлі бұйымдар жасауға қолданады.

Өз ойын дәләлдеп берді

2-деңгей (қолдану, талдау деңгейіндегі тапсырма )

Бүгін, біз «Теңге ағашын» дайындап үйренеміз. «Теңге ағашы» яғни біздің өмірімізде кедергілер болмай, еңбек ете отырып, табыс көзін таба білуге, үнемі ақшадан тарлық көрмей, бай болайық деген мақсатта осы жұмысты жасауды жөн көрдім. Әр отбасында осы жасалған жұмыстарыңыз үйдің сәнін келтірері сөзсіз. Жалпы халықта осындай бұйымдарға байланысты түрлі ырымдар бар. Мысалыға «Теңге ағашы» ақша шақырады. Біздің теңге ағашымыз, сіздерге қолдау көрсетеді деп ойлаймын.




3-деңгей (жинақтау, бағалау д/гі шығарм/қа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырма )

 Сарамандық жұмыс.
Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.
Жұмысқа кірісер алдында бисерді қораптарға салып қойған жөн
1.Жұмыс киімін кию.
2.Баяу музыка әуені қосылады.
3.Қажетті құрал- жабдықтарды үстел үстіне дайындау.
Жұмысты жасау үшін ұсақ бисерлер 1-5 теңгелік тиындар, сым, қондырғы, қайшы, қылқалам, желім (ПВА), мата, гипс, ыдыс қажет (қалауларыңыз бойынша).
Арнайы теңгеліктердің шетін тесіп алу керек, ұсақ бисерлер, сым, лейкопластр немесе изолент, қондырғы.
Слайд арқылы жұмысқа кіріседі.
Теңге ағашын дайындау үшін сымға бір теңгелікті өткіземіз, арасына әдемі көріну үшін бисер теру керек. 10 немесе 15 бұтақ жасаймыз, әр бұтақтың сымдарын біріктіріп орап, қосып, лейкопластрмен ораймыз. Қондырғыға бұтақтарды жинаймыз. Бұтақтарды ыдыстың ішіне орналастырып, гипспен ПВА клейін араластырып, бұтақтарына жағамыз. Ыдысқа бұтақтардың жақсы орналасуы үшін гипсті суға араластырып құйып қатырамыз. Бұтақтарды сұр түспен бояп, әсемдейміз. Бұл «Теңге ағашын» сыйға тартуға болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   147




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет