Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім: Тарихи шындық пен көркемдік шешім



бет5/50
Дата16.11.2023
өлшемі488.67 Kb.
#483473
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
9-с ҚМЖ ӘДЕБИЕТ 2-ТОҚСАН

Үзінді

Көркемдегіш құрал түрі

Қолданылу мақсаты



















Топтар «Карусель» әдісімен өз жұмыстарын алмастырады, бірін-бірінің жұмыстарымен танысады, бірін-бірі түзетеді. Соңында бірін-бірінің жұмыстарына комментарий жазады. Жазғандарын «Галереяға» іледі. «Галереяны шарлау» арқылы қоржындарына сөздік қор жинайды.
Дескриптор:
-

ЖЖ. «Төрт сөйлем» формуласы арқылы автор стиліне баға береді.


«Төрт сөйлем» формуласы
1-сөйлем: (көзқарас)«Менің ойымша, ...»

2-сөйлем: (негіз)«Мен оны былай түсінемін...»


3-сөйлем: (мысал) «Оны мына деректермен,


мысалдармен дәлелдей аламын...»
4-сөйлем: (пікір)«Осыған байланысты иен мынадай
қорытынды шешімге келдім...»
Топтық бағалау.

«Қазақ әдебиеті» оқулығы, хрестоматиясы, 9-сынып
«Арман-ПВ» баспасы 2019ж



Сабақтың соңы
5 минут



Кері байланыс: «Кенесары, Наурызбай» жыры туралы


2 ақпарат –
1 пікір –
Үйге тапсырма: «РАФТ» стратегиясы
Оқушылар шығарманың өздеріне ұнаған бөліктерін таңдап алып, қайта өңдеп, өзі қалаған кейіпкер атынан монолог жазады.
Рөл – кез келген рөлге ену
Аудитория – тыңдарман, оқырман, қауым
Форма – монолог
Тақырып – «Кенесары – Наурызбай» дастаны
Дескриптор:
-кейіпкер атынан монолог жазады;
-сөз саны 50-100



А4 парағы

Қосымша ақпарат




Саралау – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Қауіпсіздік ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Қолдауды көп қажет ететін оқушыларға сұрақтарға жауап беруге, өзіндік пікірін айта алуына қолдау жасаймын.
Қолдауды аз қажет ететін оқушыларға
талдау жасатамын.
Қабілетті оқушыларға мысал келтіре алу, шынайы өмірмен байланыстырып шығармашылық ойтолғау жазу тапсырмаларын ұсынамын.

Мұғалім оқушылардың іс-әрекетін бақылап, топтарды аралап жүреді. Сабақ соңында кері байланыс алады.

Кабинетте оқушылардың сынып ішінде еркін қозғалуына және бір-бірімен жақын қарым-қатынас жасауына жағдай жасалған.
Мұғалім сабақта оқушылардың бір-бірінің пікіріне сыйластықпен қарауын қадағалайды, уақытты тиімді қолдануға үйретеді. Тапсырмалар орындау барысында уақытты қадағалап отырады
Сергіту сәті «Санды бейнеле»

Ойлану
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?



«Қазақ әдебиеті» пәні. Қысқа мерзімді сабақ жоспары





Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
2-бөлім: Тарихи шындық пен көркемдік шешім

Мектебі: М.Маметова атындығы шағын жинақты негізгі орта мектебі

Күні: 14 .11.2019 жыл

Мұғалімнің аты-жөні: Сулейменова Аян Бекболатқызы

Сынып: 9

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

5. «Кенесары Наурызбай» дастанына менің көзқарасым

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Б/С1.Тарихи және көркемдік құндылығы



Сабақтың мақсаттары

9.3.2.1 шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру

Бағалау критерийлері

шығармадағы ұрпақтар сабақтастығының көрінісін заманауи тұрғыда салыстырады, шығарманың жаңашылдығына баға береді;

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминалогия: шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісі, шығарманың жаңашылдығы, зерттеу
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестері: ұрпақтар сабақтастығының көрінісі байқалады, заманауи тұрғыда салыстырар болсақ, жырдың жаңашылдығын байқай аламыз, т.б.

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Өмір бойы оқу: білуге құштарлық, шығармашылық және оқылатын материалға сыни қарау арқылы оқуға құштарлыққа баулу, ақылын, денесін, қарым-қатынас пен мінезді ұдайы дамыту. Өзіне оқушылардың өз бетімен оқуына ықпал ететін икемділік мен дағдыларды дамытуды қамтиды.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы

АКТ қолдану дағдылары

Бейнежазба

Осыған дейін меңгерілген білім

Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты, мәтін стилін анықтаған болатын

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы
5 мин

1.Ұйымдастыру
Ынтымақтастыру атмосферасын қалыптастыру. (Психологиялық тренинг)
«Оқиғаны жалғастыр» тренингі
Оқиғасын бастап айтқан оқушының ойын келесі оқушы жалғастырады
Топқа бөлу.
1-топ. «Алғырлар» тобы
2-топ. «Тапқырлар» тобы
Cабақтың тақырыбымен,оқу мақсаттарымен,бағалау критерийлерімен таныстыру




Сабақтың ортасы
30 минут



ЖЖ. «Күш алаңдарын талдау» әдісі
Шығарманың сол замандағы тарихи құндылығына баға беру үшін «қозғаушы күштер» мен «тежеуші күштер» бағанын толтырады:
«Қозғаушы күштер» бағанына дастандағы отаршылдыққа қарсы тұра білген батырлар, соңынан ерген жанашырлар бойындағы құндылықтарды жазады;
«Тежеуші күштер» бағанына бас кейіпкерлердің жеңіліске ұшырауына себеп болған оқиғаларды жазады.

2-ТАПСЫРМА


Жұпқа бөлу
Мұғалім сынып оқушыларын «Балмұздақ таяқшалары» әдісі арқылы жұптастырады.

Әр жұп берілген қосымша мәліметпен танысады.


Қосымша мәлімет
Бұл дастанды Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық кетерілісіне бастан-аяқ қатысып, барлық оқиғаларды өзі көрген Нысанбай жырау Жаманқұлұлы шығарған. Нысанбай көлемді, тарихи-реалистік сипаттағы жырда Кенесары мен Наурызбайдың бейнесін батырлық эпос үлгісімен жырлап, ұлт-азаттық көтерілісінің соңғы кезін терең танып, үлкен ақындық шеберлікпен суреттеген. Ұлттық батырлар Кенесары мен Наурызбайдың психологиялық жағынан ең бір айқын айшықталған бейнесі жасалынған. Бұл жырды тарихшы ғалымдар да, жазушылар да өздерінің зерттеу жұмыстарында, шығармашылық қызметтерінде дерек көзі ретінде пайдаланған. Ұлт-азаттық көтерілісінің ішінде жүріп, оның жалынды жыршысына айналған Нысанбайдың аузынан тараған жыр тарихи жәдігер ретінде де, көркемдік ескерткіш ретінде де ете құнды дүние.
Жыр Кенесары-Наурызбай көтерілісінің шырқау биікке жетіп, әлсіреген кезін, көтеріліс басшысы хан Кененің мұздай каруланған патша әскерінің екпініне тойтарыс беруге шамасы жетпей, атамекенінен еріксіз кетіп, торға түскен жаралы жолбарыс күйін кешкен күйзелісін бейнелейді. Нысанбай жыраудың халық атынан қос батырын жоқтаған мұң-шерге толы зарлы жоқтау жырында көтерілістің, өзекті арнасын үлкен ауқымда қамтып, Кенесары, Наурызбай ерліктерін бұрынғы батырлар жыры дәстүрінде бейнелейді, эпикалық оқиғаға лирикалық сипат беріп, заман шындығын тебірене жырлайды.
Қазақтардың жеңілген себебі - Кенесары қолында алауыздық туады, барымтаны олжалауға таласады. Ақын мұны да жасырмай жырлаған. Бұл Нысанбайдың өзге акындардан ерекшелігін, сыншыл жыршы екенін көрсетеді. Жыр керкемдік қуатымен ғана емес, тарихи деректі сипатымен де кұнды.

ЖЖ

«Кенесары-Наурызбай» жыры мен батырлар жырындағы ұрпақтар сабақтастығын салыстырыңыз. Жырдың жаңашылдығын анықтаңыз, бағалаңыз.

«Кенесары-Наурызбай» жыры

Батырлар жыры (Нақты бір жырды алуға да болады)

Авторы





Тақырыбы





Идеясы





Басты кейіпкерлері, батырлар





Батырлар мұраты, ұрпақтар сабақтастығы







Өзіндік ерекшеліктері мен айырмашылығы





«Кенесары-Наурызбай» жырының жаңашылдығы неде? Бағалаңыз.


Дескриптор:


- шығарманы батырлар жырымен салыстырып, айырмашылығын анықтайды;
- шығармадағы ұрпақтар сабақтастығының көрінісін талдайды;
- шығарманың жаңашылдығына баға береді.

Өзін-өзі бағалау


Өзге 2 жұптың жұмысымен танысыңыз, өз жұмысыңызбен салыстырып, айырмашылығын анықтаңыз
3-тапсырма
Төменде берілген ғалымдардың пікірлерінің бірін негізге ала отырып, шығарманың тарихи және көркемдік құндылығы жайында тұжырымды ой айтыңыз.
Нысанбай жырында оқушының көз алдында ағып отырған қандай қызулы, жанды шындық бар. Барлық сөзінде сол жорықтың қуанышы мен қайғысы кеше ғана көз алдынан өткізген, көзі көргеннің жаңалығы бар. Көп қолмен бірге кешегі тарыққан қайғы, мұң, арманы бар. Өзі – сол оқиғаның адамы.
Мұхтар Әуезов «Әдебиет тарихы», 1927 жыл

....Менің пікірімше, кез келген ұлттық қозғалыс егер ол жер үшін жүрсе, прогресшіл қозғалыс. Ал Кенесары жер үшін күресті.


Есмағамбет Ысмайылов,
филология ғылымдарының докторы
Жыраудың түсінігінде Кенесары сияқты мемлекетшіл тұлға – ел қорғаны, ал оның қызметі – ұлттық мемлекеттілікке ұмтылыстың көрінісі. Кене хан халыққа ие билеушілер қатарында, сондықтан да қамқоршы болар ханы жоқ елді жырау «шегірткеге таланған қырғауылға» немесе «жапалақтан сескенген жалғыз қазға» теңейді. Басқаша айтқанда, «Кенесары-Наурызбай» жыры бұл мемлекетшіл ұстанымдағы жыраудың шығармашылығынан туған жыр.
Мәмбет Қойгелдиев,
т.ғ.д., профессор
Кенесарының қайғы-өкінішімен біткен жорығы қазақ баласының барлығына да қадірлі, қасиетті әңгімедей болып көп жайылған. Бұл жырдың көп жайылуына екінші бір себеп болған нәрсе – Кенесары ісінің өзге батырлардың ісінен әлдеқайда ірі, әлдеқайда көлемді оқиға болғандықтан туады.
Мұхтар Әуезов «Әдебиет тарихы», 1927 жыл
Жұптық бағалау.

«Қазақ әдебиеті» оқулығы, хрестоматиясы, 9-сынып
«Арман-ПВ» баспасы 2019ж



Сабақтың соңы
5 минут



Кері байланыс


Жырда ұрпақтар сабақтастығы қалай байқалды?
Тапсырманы орындауда сіз неден қиналдыңыз?
Сізге нені қайталау керек?






Қосымша ақпарат




Саралау – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Қауіпсіздік ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Қолдауды көп қажет ететін оқушыларға сұрақтарға жауап беруге, өзіндік пікірін айта алуына қолдау жасаймын.
Қолдауды аз қажет ететін оқушыларға
талдау жасатамын.
Қабілетті оқушыларға мысал келтіре алу, шынайы өмірмен байланыстырып шығармашылық ойтолғау жазу тапсырмаларын ұсынамын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет