Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім: Тарихи шындық пен көркемдік шешім



бет2/50
Дата16.11.2023
өлшемі488.67 Kb.
#483473
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
9-с ҚМЖ ӘДЕБИЕТ 2-ТОҚСАН

Мұғалім оқушылардың іс-әрекетін бақылап, топтарды аралап жүреді. Сабақ соңында кері байланыс алады.

Кабинетте оқушылардың сынып ішінде еркін қозғалуына және бір-бірімен жақын қарым-қатынас жасауына жағдай жасалған.
Мұғалім сабақта оқушылардың бір-бірінің пікіріне сыйластықпен қарауын қадағалайды, уақытты тиімді қолдануға үйретеді. Тапсырмалар орындау барысында уақытты қадағалап отырады
Сергіту сәті «Санды бейнеле»

Ойлану
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?



«Қазақ әдебиеті» пәні. Қысқа мерзімді сабақ жоспары





Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
2-бөлім: Тарихи шындық пен көркемдік шешім

Мектебі: М.Маметова атындығы шағын жинақты негізгі орта мектебі

Күні: 07.11.2019 жыл

Мұғалімнің аты-жөні: Сулейменова Аян Бекболатқызы

Сынып: 9

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

2. «Кенесары Наурызбай» дастанындағы көркемдік шындық

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т/Ж2.
Әдеби шығарманың тұжырымдамасы



Сабақтың мақсаттары

9.1.2.1 әдеби шығармадағы психологизмді анықтау



Бағалау критерийлері

Шығарманы мазмұндас өнер туындыларымен салыстырып, тарихи-көркемдік құндылығын бағалайды

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминалогия:
Шығармадағы психологизм, әдебиеттегі психологизм, автор ойы, мінез толқынысы
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестері:
кейіпкерінің ішкі жан әлемін ашуда автор әр түрлі көркемдік тәсілдерге жүгіне отырып...
көркем туындыға тән шындық...
әр кейіпкерінің ішкі әлемі мен ішкі ойын шебер бере алған автор...
адам табиғаты жан-жақты танылып, оның ішкі жан дүниесіне тереңдей ену мүмкін емес, бірақ...

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Өмір бойы оқу: білуге құштарлық, шығармашылық және оқылатын материалға сыни қарау арқылы оқуға құштарлыққа баулу, ақылын, денесін, қарым-қатынас пен мінезді ұдайы дамыту. Өзіне оқушылардың өз бетімен оқуына ықпал ететін икемділік мен дағдыларды дамытуды қамтиды.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы

АКТ қолдану дағдылары

Бейнежазба

Осыған дейін меңгерілген білім

Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты, мәтін стилін анықтаған болатын

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы
5 мин

Сынып оқушылры 3 топқа бөлінеді.
Слайд арқылы Нысанбай, Кенесары, Наурызбай есімдері беріледі. Оқушылар есімдерге қатысты оқиғаларды, әрекеттерді атайды.
Шығарма оқиғасын кімдердің қаншалықты түсініп оқығаны анықталады.
Оқу мақсаты таныстырылады.Cабақтың тақырыбымен,оқу мақсаттарымен,бағалау критерийлерімен таныстыру

А4 форматы



Сабақтың ортасы
30 минут



Мағынаны тану
Көркем әдебиеттегі психологизм–көркем шығармада адамның жан дүниесін, ішкі сезімін терең ашып көрсетуге айрықша мән беру. Психологизмнің негізгі қызметі - өмірлік шындық пен көркем шындықтың жанды тамырластығын сақтау. Бұл ретте осы құбылыстың ішкі салалары есебінде даралау мен жинақтау, ұлттық, жалпыхалықтық, дерек пен қиялдап қосу, автор бейнесі, шығарманың заттық құрылымы іспетті түрлі мәселелердің өзара ықпал, әсері мен табиғи синтезін атау керек
Әдебиеттің негізгі предметі адам болғандықтан, оның рухани әлемін, ой-сезімін, дүниетанымын, ішкі қайшылықтарын ашып көрсету – суреткердің негізгі міндеттерінің бірі.
Ж/ЖЖ/Т.
«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сұрақтары» (Б.Блум бойынша)
1. Білу. Оқылған шығарма жанры мен мазмұнын еске түсіру: дастанның ерекшелігі неде? Дастанда қандай оқиғалар сөз болады? Шығарма оқиғасын қазақ тарихындағы қандай тарихи кезеңмен байланыстырар едіңіз?
2. Түсіну: сіздердің ойларыңызша, шығарманың ең өкінішті жері қайсы және оған дастаннан қандай дәлелдер келтіре аласыз?
3. Қолдану: сол заманда Кенесары не Наурызбай екеуінің бірінің орнында болсаңыз, халық тағдыры тұйыққа тірелген сын сағатта қандай қайрат қылар едіңіз?
4. Талдау: С. Мұқанов «Кенесары, Наурызбай туралы» еңбегінде «Поэмада оқушының жан жүйесін босататын, ойын тербететін лирикалық мотивтер көп. Бұл поэмамен Нысанбай XIX ғасырдағы қазақ ақындарының арасында төрден орын алады» деп баға берген. Өмір шындығы мен дастандағы «оқушының жан жүйесін босататын, ойын тербететін лирикалық мотивтер» бейнеленген көркемдік шындықты тауып, жанды тамырластығына талдау жасаңыз.
5. Жинақтау: оқиғаға себеп болған жайттар мен оның салдары бойынша түйінді ой жинақтаңыздар.
6. Бағалау: дастанның бүгінгі таңдағы маңыздылығына қандай баға берер едіңіздер?
Дескриптор:
- талдау жасайды
ҚБ: «Бір мадақ, бір сын»
Т. Оқушыларға шығарма үзіндісі беріледі, топтар «Ривин кестесімен» жұмыс жүргізеді.
Ривин кестесі

Наурызбайдың іс-әрекетін санамалап жаз

Автордың Наурызбайға берген портреттік мінездемесі

Ағыбайдың іс-әрекетін санамалап жаз

Автордың Ағыбайға берген портреттік мінездемесі













Әр топ өзінің кестесі бойынша сөйлейді;


Ф. Келесі бір топ ауызша бағалайды.
Кері байланыс

Сағат дос


ЖЖ
Оқушылар кездесу уақытын, өзі кездесетін адамды белгілейді.
Шығармадағы кейіпкерлердің жан дүниесін, ішкі сезімін терең ашып көрсетуге бағытталған
1 сұрақ дайындайды.

Кездесу кезінде жұптар өз сұрақтарына жауап алады.


Берілген тіркестерді қолданады:
кейіпкерінің ішкі жан әлемін ашуда автор әр түрлі көркемдік тәсілдерге жүгіне отырып...
көркем туындыға тән шындық...
әр кейіпкерінің ішкі әлемі мен ішкі ойын шебер бере алған автор...
адам табиғаты жан-жақты танылып, оның ішкі жан дүниесіне тереңдей ену мүмкін емес, бірақ... 
Кері байланыс
Кездесуден кейін қандай ой түйдіңіз?
Қай сағаттағы кездесу маңыздырақ болды? Неліктен?

«Қазақ әдебиеті» оқулығы, хрестоматиясы, 9-сынып
«Арман-ПВ» баспасы 2019ж



Сабақтың соңы
5 минут



Кері байланыс: «Кенесары, Наурызбай» жыры туралы


2 ақпарат –
1 пікір –
Үйге тапсырма: «РАФТ» стратегиясы
Оқушылар шығарманың өздеріне ұнаған бөліктерін таңдап алып, қайта өңдеп, өзі қалаған кейіпкер атынан монолог жазады.
Рөл – кез келген рөлге ену
Аудитория – тыңдарман, оқырман, қауым
Форма – монолог
Тақырып – «Кенесары – Наурызбай» дастаны
Дескриптор:
-кейіпкер атынан монолог жазады;
-сөз саны 50-100



А4 парағы

Қосымша ақпарат




Саралау – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Қауіпсіздік ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Қолдауды көп қажет ететін оқушыларға сұрақтарға жауап беруге, өзіндік пікірін айта алуына қолдау жасаймын.
Қолдауды аз қажет ететін оқушыларға
талдау жасатамын.
Қабілетті оқушыларға мысал келтіре алу, шынайы өмірмен байланыстырып шығармашылық ойтолғау жазу тапсырмаларын ұсынамын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет