Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім: Тарихи шындық пен көркемдік шешім



бет4/50
Дата16.11.2023
өлшемі488.67 Kb.
#483473
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
9-с ҚМЖ ӘДЕБИЕТ 2-ТОҚСАН

Мұғалім оқушылардың іс-әрекетін бақылап, топтарды аралап жүреді. Сабақ соңында кері байланыс алады.

Кабинетте оқушылардың сынып ішінде еркін қозғалуына және бір-бірімен жақын қарым-қатынас жасауына жағдай жасалған.
Мұғалім сабақта оқушылардың бір-бірінің пікіріне сыйластықпен қарауын қадағалайды, уақытты тиімді қолдануға үйретеді. Тапсырмалар орындау барысында уақытты қадағалап отырады
Сергіту сәті «Санды бейнеле»

Ойлану
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?



«Қазақ әдебиеті» пәні. Қысқа мерзімді сабақ жоспары





Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
2-бөлім: Тарихи шындық пен көркемдік шешім

Мектебі: М.Маметова атындығы шағын жинақты негізгі орта мектебі

Күні: 13 .11.2019 жыл

Мұғалімнің аты-жөні: Сулейменова Аян Бекболатқызы

Сынып: 9

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

4. «Кенесары Наурызбай» дастанының тілі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

А/И3. Көркем шығарманың тілі



Сабақтың мақсаттары

9.2.3.1 шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру

Бағалау критерийлері

Шығарманы мазмұндас өнер туындыларымен салыстырып, тарихи-көркемдік құндылығын бағалайды

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминалогия:
Шығармадағы психологизм, әдебиеттегі психологизм, автор ойы, мінез толқынысы
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестері:
кейіпкерінің ішкі жан әлемін ашуда автор әр түрлі көркемдік тәсілдерге жүгіне отырып...
көркем туындыға тән шындық...
әр кейіпкерінің ішкі әлемі мен ішкі ойын шебер бере алған автор...
адам табиғаты жан-жақты танылып, оның ішкі жан дүниесіне тереңдей ену мүмкін емес, бірақ...

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Өмір бойы оқу: білуге құштарлық, шығармашылық және оқылатын материалға сыни қарау арқылы оқуға құштарлыққа баулу, ақылын, денесін, қарым-қатынас пен мінезді ұдайы дамыту. Өзіне оқушылардың өз бетімен оқуына ықпал ететін икемділік мен дағдыларды дамытуды қамтиды.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы

АКТ қолдану дағдылары

Бейнежазба

Осыған дейін меңгерілген білім

Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты, мәтін стилін анықтаған болатын

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы
5 мин

1.Ұйымдастыру
Ынтымақтастыру атмосферасын қалыптастыру. (Психологиялық тренинг)
«Оқиғаны жалғастыр» тренингі
Оқиғасын бастап айтқан оқушының ойын келесі оқушы жалғастырады
Топқа бөлу.
1-топ. «Алғырлар» тобы
2-топ. «Тапқырлар» тобы
Cабақтың тақырыбымен,оқу мақсаттарымен,бағалау критерийлерімен таныстыру

А4 форматы



Сабақтың ортасы
30 минут



Ж. Әр оқушы белгіленген мерзім ішінде жырдан құбылту мен айшықтау түрлерін тауып, тұсына белгі қояды.
«Бинго 101» әдісі ТЖ.
Мұғалім оқушыларға бинго карточкаларын береді немесе оқушылар өздері әзірлейді. Топ спикері шығармадағы сөздерді немесе сөйлемдерді тақтаға жазады (сөз саны бинго карточкасындағы торлардың санына сәйкес болуы шарт), ал оқушылар сол сөздерді бинго карточкасының торларындағы көркемдегіш құралдарға (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) ретпен орналастырады. Спикер тақтаның алдында тұрып жазылған сөздердің сұрақтарын немесе анықтамаларын оқиды. Оқушылар оқылған сұрақ/анықтаманың дұрыс жауабын сызып отырады. Кімде көлденеңінен немесе тігінен сәйкес тізбек шықса, сол оқушы «бинго» деп айқайлайды. Мұғалім сол оқушыға ынталандыру сыйлығын береді.
Т/Ж. Оқушылар мұғалім ұсынған үзінді бойынша көркемдегіш құрал түрлерін тауып, қандай мағынада қолданылып тұрғанын анықтап жазып, сызба толтырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет