Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім: Тарихи шындық пен көркемдік шешім



бет6/50
Дата16.11.2023
өлшемі488.67 Kb.
#483473
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
9-с ҚМЖ ӘДЕБИЕТ 2-ТОҚСАН

Мұғалім оқушылардың іс-әрекетін бақылап, топтарды аралап жүреді. Сабақ соңында кері байланыс алады.

Кабинетте оқушылардың сынып ішінде еркін қозғалуына және бір-бірімен жақын қарым-қатынас жасауына жағдай жасалған.
Мұғалім сабақта оқушылардың бір-бірінің пікіріне сыйластықпен қарауын қадағалайды, уақытты тиімді қолдануға үйретеді. Тапсырмалар орындау барысында уақытты қадағалап отырады
Сергіту сәті «Санды бейнеле»

Ойлану
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?



«Қазақ әдебиеті» пәні. Қысқа мерзімді сабақ жоспары



Пән: Қазақ әдебиеті

Мектебі: М.Маметова атындағы ШЖНО мектебі







Күні: 15.11.2019ж

Мұғалімнің аты-жөні: Сулейменова А







Сынып: 9

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Бөлім тақырыбы

Тарихи шындық пен көркемдік шешім
Махамбет Өтемісұлы «Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны»

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

9.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау;

Сабақтың мақсаттары

шығарманы композициялық құрылымына талдау

Бағалау критерийлері

әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасайды

Тілдік мақсаттар

Басталуы, байланысуы, шиеленісі, шарықтау шегі, шешімі, шумақ, тармақ, ұйқас, бунақ

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану, тарих

Мектеп құндылығы

Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет: әлеуметтік бейімдеушілікті және салауатты өмір салтын ұстануды білдіреді. Өз мәдениеті мен тіліне құрмет сияқты, басқа да мәдениеттер мен тілдерге, құқықтарға, адамгершілік пен пікірлердің әртүрлілігіне құрметті қамтиды.

Осыған дейін меңгерілген білім




Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

Оқушылармен амандасу.
Сабаққа дайындықтарын тексеру.
Оқу мақсатын таныстыру.

Сынып 3 топта жұмыс жасайды.


Т
Махамбет Өтемісұлының «Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны» өлеңінен топтарға қиындылар беріледі, оқушылар мағынасына, ұйқасына қарап өлеңді құрастырады.

Өздерінің құрастырғаны бойынша кімнің өлеңі, не туралы екендігіне болжам жасайды.


Тақтадан дұрыс нұсқасы көрсетіледі, топтар өздерін тексеріп, қателескен тұстарын табады.

Әр топ өздеріне берілген үзіндіні құрылысына талдайды, мағынасын түсіндіреді.


Өзара бағалау. Топтар бір-бірінің жұмысын алмастырып, кері байланыс береді.






Сабақтың ортасы

Қазақ халқының XIX ғасырдағы ең көрнекті ақындарының бірі Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысының Орда ауданына қарайтын Бекетай құмы деген жерде туып, 1846 жылы қазан айының ішінде жалынды ақын жау қолынан қапыда қаза табады.
Өтемістің он баласы болып, Махамбет Бекмағамбеттен кейінгі екінші бала болады. Жас кезінде хан ордасында тәрбиеленген ақын кейін бөлектеніп кетеді. Халықты, қарашаны қолдаған Махамбет 1829 жылы түрмеге қамалады.
1836 жылы 14 көкекте Исатай мен Жәңгір кездеседі. Ханның қайын атасы Қарауылқожаның ауылын шауып алады.
1837 жылы 2 қарашада хан ордасына қайта атттанады. 1838 жылы 12 шілдеде орыс әскерімен шайқаста, Исатай қаза табады. Ары қарай Махамбет ақынның азапты күндері туады. Орынбор түрмесіне қамалады.
1846 жылы өз үйінде қастандықпен қаза табады. Бейіті Атырау облысы, Махамбет ауданы, Қараой деген жерде.
Ақынның өлеңдері ерлікке, өрлікке арналады. Не үшін соғысып жүргенін айтады. Ел қандай болу керек деген сауалдарға жауап іздейді.
Исатай жолдасын мақтап нағыз ер бейнесін жасайды. Ақынның әр өлеңінде ел үшін, жұрт бақыты үшін қан төккен, сол мақсатқа бел буған ерлер бейнесі жасалса, Исатай ─ сол ерлерді бастаушы, халық үшін жанын қиған батыр, әрі соғыстағы ерліктің, жүректілік пен өрліктің символы да. «Исатай деген ағам бар», «Мұнар күн», «Тайманның ұлы Исатай», «Мінкен ер», «Тарланым», «Исатайдың сөзі», «Мінгені Исатайдың Ақтабаны ─ ай» өлеңдерінде тұтастай ел бастаған ер бейнесі сомдалады.
Исатайдан, жерінен айрылып өкінеді, өксиді. Сол күндерін сағынады. Қызғыш құсқа зар айтады. Құсқа мұңданады.
1845 ж. ақпанда Махамбет баласы Нұрсұлтанды оқуға орналастырмақ ниетпен Орынборға келді. Шекарадан өтуіне байланысты генерал-губернатор істі қайта қозғады, Кіші жүздің батыс бөлігінің әкімі Б.Айшуақов та Махамбетті қудалауын қоймады. Ол ақынның басына 1000 сом тігіп, оны ұстау үшін арнайы адамдар дай (құрамында хорунжий Ықылас Төлейұлы, беріш руының биі Жанберген Боздақұлы, Табын Төрежан Тұрымұлы, беріш руының қазақтары Мұса Нұралыұлы, Жүсіп Өтеуліұлы бар) құралған қарулы жасақ жіберді. Махамбет хорунжий Тұрымұлының қолынан қаза тапты.
Мағынаны тану
Реализм – көркем шығармада болмысты объективті түрде бейнелеу.
Риторикалық сұрау – ойды әсерлі жеткізу үшін өзінен-өзі айқын нәрсенні леппен, сұрау түрінде айту. Риторикалық сұрау жауапты қажет етпейді.
Романтизм – көркем шығармада өмірді, болмысты не тым құлдыратып, не мүлде өсіріп,әсірелеп, қиял дүниесіне бой алдыратын көркем әдіс түрі.
Арнау – белгілі бір адамның бейнесін, мінез-сипатын суреттеу мақсатымен жазылған дербес поэзиялық туынды.
Әдеби кейіпкер – ақын, жазушының идеясын, ұстанымын жүзеге асырушы.
Идея – жазушының өзі көтерген әлеуметтік мәселелер, адамдар тағдыры арқылы айтпақ ойы, танытпақ шындығы.
Мінездеме – көркем әдебиетте кейіпкердің айналасына деген ниетін, көзқарасын, мінезін суреттеу.
ЖЖ/Т/Ж. «Ара ұясы» техникасы
Мұғалім жұптағы оқушыларға Махамбет Өтемісұлы жайлы не білетіндігі туралы пікір алмасуды және екі сұрақтан дайындауын тапсырады. Содан кейін әрбір жұп кезектесіп өзге жұпқа сұрақ қояды, ол сұраққа жауапты басқа оқушылар береді. Соңынан бәрі білгендерін ортаға салады.
bilimland.kz cайтынан оқушылар ақынның қысқаша өмірбаяны, оның 1936-37 жылдары Исатай Тайманов бастаған халық көтерілісінің бастаушысы әрі көсемі, елінің қамын жеп күресіп өткені; еркіндік, елдік аңсаған көтерілістің жыршысы екені жайлы ақпаратты 3.12 минутқа дейін тыңдайды.
ЖЖ. «Пирамидалық талқылау» стратегиясы
(шарты: оқиғадағы әрекеттерді пирамида түрінде жазып шығу керек).
Қадамдары:
1. Негізгі кейіпкер кім, көтерілген мәселе қандай? Бір сөз не сөз тіркесі
2. Тақырыпты ашу (кейіпкердің жасы, мінезі, сапасы, сырт тұлғасы). Екі сөз не сөз тіркесі.
3. Оқиға орны (қоғамдық ортасы, оқиғалар қайда өтеді?)
4. Мәселе тарихы (араздық, жоқшылық, кездейсоқтық)
5. Бірінші оқиға (көтерілген мәселелер)
6. Екінші оқиға (қоршаған ортаның кейіпкерге ықпалы)
7. Үшінші оқиға (мәселені шешу үшін жасалған әрекеттер)
8. Шешімі. Cегіз сөз не сөз тіркесі
Дескриптор:
-көтерілген мәселені анықтайды;
- өлеңнің шығу тарихын айтады;
-кейіпкерді сипаттап айтады
ҚБ: «Екі жұлдыз , бір тілек» (топтар бір-біріне дескрипторға сәйкес кері байланыс береді).

Слайд
Қиынды қағаздар

http://bilim-all.kz/olen/1624-Mahambettin-Baimagambet-sultanga-aitqany





Сабақтың соңы



Кері байланыс
Жырда ұрпақтар сабақтастығы қалай байқалды?
Тапсырманы орындауда сіз неден қиналдыңыз?
Сізге нені қайталау керек?







Қосымша ақпарат




Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет