Тапсырма: Т/Ж.
1-кезең: Анықтау
Өлең қандай стильде жазылған? Автордың негізгі идеясы қандай?
2-кезең: Дәлелдеу
Өлеңнен автор стилін танытатын кемінде 3 белгіні анықтаңыз. Мысал келтіріңіз.
3-кезең:Талдау
Автордың идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөлін талдаңыз.
4-кезең: Автор үлесін бағалау
А втордың мәселеге қатысты ойын, идеясын, үлесін бағалаңыз.
«Автор орындығы»
Мұғалімнің не өз қалауымен бір оқушы автор болып, «Автор орындығына» отырады, қалғандары авторға сұрақтар қояды. Автор да оларға сұрақтар қоя алады.
алған
«1 тезис, 3 дәлел» кестесі
Өлеңнен алған әсерлеріңізді «1 тезис, 3 дәлел»
кестесімен білдіріңіздер.
Тезис
|
Дәлелдер
|
1-дәлел
|
1-дәлел
|
1-дәлел
|
|
|
|
|
|
|
Топтық бағалау.
«6 НЕЛІКТЕН» стратегиясы
Әр топтан 1 оқушы ортаға шығады, жабулы тұрған сұрақтардың біреуін суырып, сұраққа жауап береді. Жауап бере алса келесі «неліктен» сұрағын таңдайды, жауап бере алмаса кезек келесі топқа беріледі. Отырған оқушылар да шығарма сюжеті бойынша таңдаған оқушыға сұрақ қояды.
1. Неліктен Махамбет өлеңін Баймағамбет сұлтанға арнады?
2. Неліктен Махамбет «онымыз атқа мінгенде, жер қайысқан қол едік» деді ?
3. Неліктен Махамбет Исатайды жоқтап сөйлейді?
4. Неліктен Махамбет ханның Ақ ордасын бұзуды ойлады ?
5. Неліктен Махамбет өзін «шамдансам жығар асаумын» деп сипаттайды?
6. Неліктен Махамбет Баймағамбетті ата дұшпан деп атайды?
Достарыңызбен бөлісу: |