Сабаќ жоспары



бет36/93
Дата28.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#479003
түріСабақ
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   93
8-сынып қазақ тілі 1,2,3,4 тоқсан

ІV .Жаңа сабақты бекіту:
1. Оқулықпен жұмыс
63-жаттығу
Төмендегі өлеңде бірыңғай сөйлем мүшелерінің тыныс белгілері қойылмаған, қойып шығып, ондағы сөйлем мүшелерін анықтаңдар.


Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ,
Қой мойынды қоян жақ бөкен қабақ.
Ауыз омыртқа шығыңқы майда жолды
Ой желке, үңірейген болса сағақ.
Теке мұрын салпы ерін ұзын тісті
Қабырғалы, жотасы болса күшті,
Ойынды еті бөп-бөлек омыраулы,
Тояттаған бүркіттей салқы төсті.
Жуан тақыр бақайлы жұмыр тұяқ,
Шынтағы қабырғадан тұрса аулақ,
Жер соғарлы сіңірлі аяғы тік,
Жауырыны етсіз біткен тақтайдай-ақ.
(Абай.)


V . Үй тапсырмасын беру.
1. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
2. 62-жаттығу
VІ. Оқушылардың жауаптарын бағалау.
VІІ. Сабақтың аяқталуы:
Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Қазақ тілі.

  2. Сыныбы: 8

  3. Күні, айы, жылы:

  4. Тоқсан: ІІ

Сабақтың тақырыбы: Жаттығулармен жұмыс
Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға сөйлемнің бірыңғай мүшелері, тыныс белгілерінің қойылу себебі бойынша алған лингвистикалық білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.

  2. Тәрбиелік: оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

  3. Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, синтаксистік талдау жасау дағдыларын дамыту

Сабақтың типі: бекіту сабағы
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет