Сабаќ жоспары



бет39/93
Дата28.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#479003
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   93
8-сынып қазақ тілі 1,2,3,4 тоқсан

ІІІ. Талдау жұмысы.
І нұсқа
1. Фонетикалық талдау
ұ – дауысты, жуан, еріндік, қысаң
з – дауыссыз, ұяң
а – дауысты, жуан, езулік, ашық
қ – дауыссыз, қатаң.
ұ –ашық буын, зақ-бітеу буын.


2. Грамматикалық талдау.
Олар тағы да ұзақ сапарға тартпақ . (жай, хабарлы сөйлем)


3. Сөз тіркесіне талдау
1) Сапарға тартпақ – ет. сөз тіркесі, пыс қат, меңгеру қосымша тәсілі.
2) ұзақ сапар – ес тіркес, анық қат, қабысу орын т-тәсілі.
3) тағы тартпақ – ет тіркес, пысық қат, жанасу, орын т. тәсілі.


ІІ нұсқа
1. Фонетикалық талдау
с - дауыссыз, қатаң
о – дауысты, жуан, ашық, еріндік
ғ – дауыссыз, ұяң
ы – дауысты, жуан, қысаң, езулік
п – дауыссыз қатаң.
5 дыбыс, 5әріп 2 буын


2. Грамматикалық талдау.


Солтүстіктен ызғырық жел соғып тұр.(жай, хабарлы сөйлем)
3. Сөз тіркесіне талдау
1) Солтүстіктен соғып тұр – қ.т, меңгеру пысық. қат.
2) Ызғырық жел – орын тәрт, қабысу, анықт қат, ес.


ІV. Сабақтың аяқталуы:
Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Қазақ тілі.

  2. Сыныбы: 8

  3. Күні, айы, жылы: 5.12.2011

  4. Тоқсан: ІІ

Сабақтың тақырыбы: Оқшау сөздер. Қаратпа сөздер
Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушыларға оқшау сөздер және оның түрлері туралы лингвистикалық білім беру, қаратпа сөздердің тыныс белгілерін жаттығу жұмыстары арқылы бекіту

  2. Тәрбиелік: оқушыларды сабақта қолданылған материалдар арқылы адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

  3. Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, салыстыру, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен
мақсаты туралы хабарлау
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
2. 65-жаттығу
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
1. Тақтаға жазылған сөйлемдер арқылы түсіндіру.
1) Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел.
Жүрегім, нені сезесің?
2) Уа, қызғыш құс, қызғыш құс!
Қанатың қатты, мойның бос. (Махамбет)
3) Тыңда, дала, Жамбылды! (Ж)
2. Оқушыларға лингвистикалық білім беру.
Сөйлемнің құрамында өзге сөздермен байланысқа түспейтін, сондықтан сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайтын сөздер мен сөз тіркесі болады. Бұларды оқшау сөздер дейді.
Оқшау сөздер қызметіне қарай:

1. Қаратпа сөздер 2. Қыстырма сөздер 3. Одағай сөздер


Сөйлеуші тыңдаушының назарын өзіне аудару үшін қаратпа сөздерді қолданады.
Кейде қаратпа сөз жансыз заттар да болып келеді, бұл, көбінесе, көркем әдебиетте кездеседі.
Қаратпа сөз сөйлемнің басында, ортасында, соңында келе береді. Қаратпа сөз басқа сөйлем мүшелерінен үтір арқылы ажыратылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет