V. Оқушылардың жауаптарын бағалау.
VІ. Сабақтың аяқталуы:
Сабақ жоспары
Пән аты: Қазақ тілі.
Сыныбы: 8
Күні, айы, жылы:
Тоқсан: ІІ
Сабақтың тақырыбы: Сынақ хат
Қараша күз белгісі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың сауатты жазу дағдыларын дамыту және тексеру
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу.
Дамытушылық: оқушылардың грамматикалық талдау дағдыларын дамыту
Сабақтың типі: бақылау жұмысы
Сабақтың түрі: сынақ хат
Сабақтың әдіс -тәсілі: жазба жұмысы, грамматикалық талдау.
Сабақтың көрнекілігі: диктанттар жинағы
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Сынақ хат мәтінімен таныстыру
Қараша күз белгісі
Қараша күз келді. Солтүстіктен ызғырық жел соғып тұр. Айдын беті қиқулаған құс. Көпті көрген сары тіс аңшы айдындағы құстар тобына аңыра қарап, дүниенің басқа бір қызығын тамашалап кетіп еді. Өзі құс, ату саятына көп шықпаса да, қаз үйрекке қаршыға, ителгі салғанды, бөдене мен шүрегейге қырғи мен күкентай салғанды талай-талай тамашалаған. Ол ғана емес, құстар дүниесі, олардың өмірі, әсіресе, ұзақ-ұзақ сапарлары, жолдары Қамбарбек жанының құпиялы ғашығы, ынтазары еді. Міне, бүгін де күн шықпай, шығыстан сәуле көтерілген сайын құстардан тыныштық кете бастады. Олар тағы да ұзақ сапарға тартпақ. Ең алдымен көл бетіндегі аққулар тобы, сапарға шыққан ұшақтардың моторын қыздырғаны сияқты, қанаттарымен көл толқындарын сабалап, бірін-бірі қуып, қанат-топшысын қыздыра бастады. Аққулардың ұшуға әзірлігін сезгендей, қаздар мен үйректер де қиқу сап, ұрандасып, өз тобын жинап жатты. Әсіресе, күздің ең суығын ала келетін қараша қаздар да сапарға әзірленіп, қым-қиғаш қиқу мен қаңқылға басты.
(С.Бақбергенов, 142 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |