Сабаќ жоспары



бет32/93
Дата28.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#479003
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   93
8-сынып қазақ тілі 1,2,3,4 тоқсан

ІV .Жаңа сабақты бекіту:

  1. Оқулықпен жұмыс

49-жаттығу
Мәтінді түсініп оқыңдар.
Мәтіндегі қарамен жазылған анықтауышты сұрақтарын қойыңдар.
Олар бастауышты анықтап тұр ма, дәлелдеңдер.

Еуропаға темекіні ХVI ғасырдың әйгілі теңізшісі Х.Колумб әкелді деген болжам бар.


Еуропадағы алғашқы темекіні өсіруші дәрігер Жан Нико болған. Сол Никоның аты-жөнімен темекінің негізгі әсер етуші улы заты – никотин аталып кеткен. Жан қинаған көк жөтел, ерін, тіл, тамақ, өкпе аурулары тарай бастады. Темекіні жаңалап тартқан сайын түтінмен ішке баратын уытты заттар молайып, өмірлік маңызды мүшелерді үсті-үстіне уландыра береді. Сондай-ақ басқа да уытты заттардың қосындылары қан арқылы бүкіл өне бойды улап өтеді. Созылмалы бронхит, трахеит, демікпе, өкпе, ерін, тіл, жұтқыншақ рагы сияқты ауруларды туғызады. Сілекей арқылы кеңірдек пен асқазанға түскен никотин жүректі айнытып, құстырады, соның салдарынан асқазан мен тоқ ішектің қабырғаларында ойық жаралар пайда болады. Әрбір жарты сағат сайын тартылған темекі салдарынан қан тамырлары үнемі әлсіз жұмыс істейді де, оттектің адам организміне таралуы баяулап, жүрек шаншулары пайда болып, инфарктіге ұрындырады. Зерттеулерге қарағанда, темекі тартатындар миокард инфарктісіне бес есе, миға қан құйылып кету ауруына 3-4 есе көп ұшырайды екен. Тіпті ауру аяқты кесуге тура келетін кездер де болады.

50-жаттығу.


1. Даналық сөздерді оқып шығыңдар.
2. Анықтауыш қызметін атқарып тұрған сөз таптарын ажыратыңдар.
3. Асқа, ас ішу әдебіне қатысты нақыл сөздер мен мақал – мәтелдерді тауып, толықтырыңдар.

Жомарт адамның берген тамағы шипа да, сараң адамның берген тамағы ауру шақырғыш. Ұлы адамдардың барлығы тамақты тарта ішетін болған. Егер адамдар қарны әбден ашқанда ғана тамақ ішіп, таза да кенеулі әрі жеңіл асты қорек етсе, онда олар ауру дегенді атымен білмей өтер еді, жаны мен тәнін ырқына көндірер еді. Артық жеген ас-тамақ айналады кеселге, Шалдықтырар ауруға былапыт ас жесең де. Егер сенің алдыңда тәуір тамақ тұрса, басқалардың алдында ондай тамақ болмаса, әлгі тәуір тамақтан басқаларға да бер. Тамақ ішкенде қабағыңды түйіп отырма, тамақтың ұнамағанын айтып, аспазға кейіме: «Мына тағамың тәуір, ана тағамың нашар», - деме, өйткені тамақ ішіп отырып, олай деу жақсы емес.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет