Сабаќ жоспары



бет37/93
Дата28.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#479003
түріСабақ
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   93
8-сынып қазақ тілі 1,2,3,4 тоқсан

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен
мақсаты туралы хабарлау


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
2. 62-жаттығу


ІІІ. Бекіту сабағы.
1. Оқулықпен жұмыс
64-жаттығу
Мәтіндегі бірыңғай мүшелерді тауып, қандай сұрақтарға жауап беретінін, қай сөз таптарынан екенін және қандай тұлғада тұрғандарын талдаңдар.


Тәңірі түркілерді мемлекетке ие қылды. Заманымыздың хандарын түркілерден шығарып, дәуірдің, халықтың ақыл-ерік тізгінін солардың қолына ұстатты: оларды адамдарға бас қылды; шындық істерде соларды қолдады; олармен бірге күрескендерді құрметтеді әрі соларды барша тілектеріне жеткізіп, жамандардан, зұлымдардан қорғады.
Тәңірдің өзі оларға ат берген, жер жүзінің ең биік, ыңғайлы, ауасы ең таза, шұрайлы өлкелеріне орналастырған да, оларды «өз қосыным» деп санаған. Оның үстіне түркілер - көркемдік, сүйкімділік, жарқын жүзділік, әдептілік, жүректілік, үлкендерді, қарияларды құрметтеу, сөзінде тұру, мәрттік, кішіпейілділік, тағы сондай сансыз көп мақтаулы қасиеттерге ие.
Түркілердің оқтарынан сақтану үшін олардың жолын берік тұту әрбір ақыл иесіне лайықты да парызды іске айналды. Өз дертін айту үшін және түркілерге жақын болуы үшін оларға түркі тілінде сөйлесуден пайдалы жол қалмады. Кім дұшпандарынан безіп, түркілерге мұңайып келсе, түркілер оларды қанатының астына алып, қауіптен құтқарады, олармен бірге басқалар да қамқорлық, пана табады.
Пайғамбарымыздың өзі: «Түркі тілін үйреніңіздер, сонда олардың иелігі ұзақ, ғұмырлы болмақ!»-деген екен.
2. Үлестірме қағаздармен жұмыс


ІV .Үй тапсырмасын беру.


1. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
2. 65-жаттығу




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет