Сабаќ жоспары



бет73/93
Дата28.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#479003
түріСабақ
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   93
8-сынып қазақ тілі 1,2,3,4 тоқсан

IV. Жаңа сабақты бекіту.
1.Оқулықпен жұмыс
110-жаттығу
Түсіндірмелі салаластың жасалу жолдарын түсіндіріңдер. Тыныс белгісінің қойылу себебін айтыңдар.
Опасыз адам жел сияқты: алдыңда құдық барда артыңнан итереді. (Құтып). Келіннің үш күйеуі болады: алғашқы күйеуі – алтын елі, екінші күйеуі – ар-намысы, соңғы күйеуі – алған жары. («Монғолдың құпия шежіресі».) Оның қорыққандығы сондай – не айтып, не қойғанын білген жоқ. (Ә.Ә.) Өтірік сөз жарақат сияқты: жазылса да орны қалады. (С.Сарай). Өзі сақ кісінің, ісі де сақ: жарамас іске жуымас. (Ж.Баласағұни.) Үш нәрсе тұрақтамайды: бірі - саудаға түспеген мал, екіншісі – таласқа түспеген ғылым, үшіншісі – саясаты жоқ патша. (С.Сарай.)
111-жаттығу
Қос нүкте қойылған сөйлемдердің қайсысы түсіндірмелі, қайсысы себеп-салдар салалас екенін анықтаңдар.
Құлыңды көп жәбірлеме: қожа бұғауланып, құл бостандық алатын да күн туады. (С.Сарай.)
Өзіңе қарай дос таңда: тең теңімен жарасады.
Адамды екі нәрсе қартайтпайды: бірі – жақсы мінез, екіншісі – жақсы сөз.
Ақ болсаң, қараға жуыма: аққа қара тез жұғады.
Әйелдің жалғыз жетістігі бар: ол – дақ түспеген ары. (Ж.Баласағұни.)
«Тегім асыл» деп біреулер мақтанар,
Мен айтайын тура жауап сақтанар:
Бұл халықтың ата-анасы, тегі бір,
Арасында айырма жоқ сақталар. (А.Йүгінеки.)
Бізден бұрынғылар айтыпты:
Бір қынға екі қылыш сыймайды,
Бір төрге екі төре сыймайды. (Әбілғазы.)
Үш нәрсемен қоңсы қонба: күйдірер отпен, ағызар сумен, атақты әкіммен. (Ж.Баласа)
IV. Үйге тапсырма беру:
1. Түсіндірмелі салалас 2. 112-жаттығу
V. Оқушылардың жауаптарын бағалау.
VI. Сабақтың аяқталуы.
Сабақ жоспары
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 8
3.Күні, айы, жылы:
4.Тоқсан: ІІІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет